- •Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Атасының ақылы» С.Сейтенов
Мақсаты: а) Әңгімені тыңдай білуге үйрету, үлкен адамның айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлуге баулу; ә) Қазақтың мақал-мәтелдеріндегі ұлағатты сөздерді меңгерту; б) Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Әңгіме мазмұнына сәйкес суреттер,хрестоматия
Билингвальді компонент: ата – дедушка, ақыл-совет
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Орнымыздан тұрайық, қолды белге қояйық. Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір. Бәр,екі,үш,деміміздіалайық. |
Шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталап,қимыл жасайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінде С.Сейтеновтің«Атасының ақылы»атты әңгімесімен танысамыз. Әңгімені оқып беру. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу: -Әңгімеде не жайлы айтылған? -«Дос»дегенді қалай түсінесің? -Дос қандай болуы керек? -Еркін мен Төкен достықты қалай түсінді? Сергіту сәті Кім үлкенді тыңдаса, кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде сыйлы болмақ өзі де. |
Балалардың жауаптары.
Өлеңге сәйкес қимылдар жасайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Қортындылау. -Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әңгімемен таныстық? -Авторы кім? |
«Атасының ақылы» С.Сейтенов |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әңгіменің мазмұнын дұрыс түсіне біледі.
Түсінеді: суретке қарап әңгіме құрауды,сұрақтарға жауап беруді.
Қолданады: жақсы қасиеттерді меңгереді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:03.12.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қазақстан-Республикам менің»
Мақсаты: а)Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу; ә)Балалардың ой-өрісін дамыту; б)Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздердің суреттері, хрестоматия, мазмұнды суреттер
Билингвальді компонент: отан-родина
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Балаларды бір қатарға тұрғызып,қолдарын жүрек тұсына қойғызып Қазақстан Республикасының Гимнін Туға қарап тұрып орындату. |
Балалар үлкен сезіммен орындайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
-Балалар, біз қай республикада тұрамыз? -Рәміздерге не жатады? -Бас қаламыз қай қалада? Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қазақстан-Республикам менің» -Отан деген не? Отан деген-біздің еліміз, жеріміз, әке-шеше, бауырымыз, туған жеріміз. Қазір мен сендерге Б.Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып беремін. Өлең мәнерлеп оқылады. Отан Отан сенің - ата-анаң Отан – досың, бауырың Отан – өлкең, Астанаң Отан – аудан, аулың Отан – тарих, отан тіл, Жасаған елің, өз халқың. Сергіту сәті Көтеріліп шаңырақ, уықтары шаншылар, Керегелері керіліп, өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып киіз үй боп керілер. |
Қазақстан Республикасында Ту, герб, гимн Астана
Балалардың жауабы
Өлең жолдарын қайталап айтады.
Қимылдар жасайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Қортындылау.Оқу іс-әрекетін «Күншуақ»ойыны арқылы қорыту. Ойын шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады.Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.Балалардың жауаптарына ризашылық білдіріп,мақтау,мадақтау. |
Жауап бере отырып күнді күлімдетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Қазақстан Республикасының рәміздерін.
Түсінеді: өлең арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.
Қолданады: ойын арқылы сұрақтарға жауап беру барысында, берілген тапсырманы меңгереді.