Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу орта коркем әдеб+.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.27 Кб
Скачать

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Суретші бол»

Мақсаты: а)Берілген тапсырмадағы суретті бояй білуге үйрету;

ә) Түстерді ажырата білуге баулу;

б) Әдемілікке, ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Әр түрлі жанрдағы суреттер, «Көркем әдебиет» әдістемелік кітап

Билингвальді компонент: сурет рисунок

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Қолға қалам аламыз,

әуеде сурет саламыз.

Ән айтамыз,би билеп,

күн сәулесін саламыз.

Қимыл арқылы жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар, біз бүгін «Суретті бояу» деген тақырыпта тапсырма орындаймыз.Суретті бояғанда өте тиянақты, әдемі, бояудың түсін ажырата білуге дағдыландыру. Мысалы, тақырыпта «Күзгі жемістер»деп берілсе, «Алманың түсі-қызыл,шиенің түсі-қызылкүрең», т.б. сол сияқты әрбір суретті бояр алдында түстерге мұқият зейін қою керек.

Сергіту сәті

Табиғат неткен көрікті,

жапырақтай жайқалып,

гүлдей жайнап өсеміз,

бір отырып, бір тұрып

Билеп-билеп аламыз.

Балалар берілген тапсырмадағы суреттердің түстерін өздері ажырата біледі.

Сурет не жайында екенін түсінеді.

Қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

Жасаған жұмыстарын өздеріне бағалату,мақтап,мадақтау арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: суреттерді бояуда түстердің ерекшеліктерін ажырата біледі.

Түсінеді: күз мезгілінің беретін сыйы туралы.

Қолданады: берілген тапсырманы таза, ұқыпты, әдемі етіп орындауды.

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін»

Мақсаты:а)Әңгіменің мазмұнын түсіну; ә) Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білу; б)Жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, құмырсқа мен көгершіннің суреті, «Көркем әдебиет» әдістемелік кітап

Билингвальді компонент:құмырсқа-муровей; көгершін-голуб;

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Біз балдырған тең басқан,

дос құшагын елге ашқан.

Тілейміз тыныштық,

ашық болсын көк аспан

Мықты болсын іргеміз,

бәріміз де біргеміз.

Өлең шумақтарындағы қимылды айта отырып жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар бүгін біз Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» деген әңгімесімен танысамыз. Әңгімені

мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.

Сұрақ-жауап

-Әңгіме қалай аталады?

-Құмырсқа мен көгершін бір-біріне қандай көмек көрсетті?

-Құмырсқа қандай жәндік?

Көгершін қандай құс?

Сергіту сәті

Құстар сайрап,

бақтар жайнап,

Дала гүлге толады

құстай ұшып

Аунап-қунап алады

Жыландаршаиіріліп,

жорғалап бәрі қалады

Әңгімені тыңдайды.

Құмырсқа мен көгершін

Еңбекқор

Бейбішілік құсы

Іс-қимыл әрекетін жасайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Қортындылау

Балалардың жауаптарына бағаберіп,мақтап,мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: әңгіменің мазмұнын біледі.

Түсінеді: өз ойларын еркін айта білуді.

Қолданады: көмектесу арқылы бір-біріне жақсылық жасай алатынын.