Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу орта коркем әдеб+.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.27 Кб
Скачать

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Мақсаты:а)Өлең мәтінін түсініп, жатқа айтуға үйрету;

ә)Ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу;

б)Ой-өрісін дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, ойыншықтар, «Көркем әдебиет» әдістемелік кітап.

Билингвальді компонент: игрушки - ойыншықтар

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Кел,балалар,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі өмір ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Қимыл арқылы жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

Оқу іс-әрекеті жұмбақ жасырудан басталады.

Шіркіннің өзіне обал-ақ,

Жүреді аяқта домалап.

  • Балалар доп қуыршақты бір сөзбен не дейміз?

  • Ендеше ақынның Н. Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңін танысып жаттаймыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ойыншықтар

Сергіту сәті

Биік болып өсеміз

Жапырақтай жайқалып

Шетімізден шеберміз

Біз тынығып аламыз

Әсем сурет саламыз.

Сұрақ-жауап

-Балалар,өлең сендерге ұнады ма?

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Ойыншықтар неден жасалады?

Жұмбақтың шешуін табады.

Доп.

Ойыншықтар.

Өлең жолдарын мұқият зейін қойып тыңдайды.

Жаттығу жасайды.

Ұнады.

Ойыншықтар

Әр түрлі заттардан

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

Сюжетті-желілі ойын:

«Ойыншықтар әлеміне саяхат» жасау.

Мақтау,мадақтау,жұлдызшалар беру.

Балалар қызықтап ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта біледі.

Түсінеді: ойыншықтар туралы тақпақ, жұмбақ, суретке қарап әңгіме құрауды.

Қолданады: ойыншықтардың түрлерін ажыратуды.

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жапырақтар» Т.Молдағалиев

Мақсаты:а)Күзгі табиғат жөніндегі түсініктерін қалыптастыру

ә)Табиғат әсемдігін көре білуге,әңгімелеуге баулу;

б)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер, хрестоматия «Көркем әдебиет» әдістемелік кітап

Билингвальді компонент: жапырақтар-листья

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойына тұрғызады.

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақтар

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап,

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

Шеңбер болып тұрады.Қимылдар

жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір дылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

Жұмбақ жасырылады.

Қызыл,сары немелер

су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

ырғалады,толқиды.

Т.Молдағалиевтің «Жапырақтар» деген өлеңіментанысамыз.Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Жапырақтар

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Желмен қонып үлгермей.

Сұрақ- жауап арқылы әңгімелесу

-өлеңде не туралы айтылған?

-Жапырақтар жылдың қай мезгілінде сарғайып жерге түседі?

Дидактикалық ойын:«Ненің жапырағы?»

Төрт.

Күз.

Күн суытты жаңбыр жиі жауады, жапырақтар сарғаяды.

Жұмбақты шешеді.

Шешуі:жапырақ

Күз

Күзде

Рефлексиялық-түзетушілік

Тірек сызба арқылы тақпақ айтқызып,оқу іс-әрекетінаяқтау.

Жапырақтар сарғаяды,

күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады,

құстар жылы жаққа ұшады.

Айтыңдаршы,балалар,

бұл қай кезде болады?

Күзде

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: күзде табиғатты және оның әсемдігін.

Түсінеді:сұрақ-жауап арқылы түсініктері кеңейеді.

Қолданады: күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.