- •Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:06.05.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Адал дос»
Мақсаты: а) Адал дос туралы түсінік беру; ә) Адал достық қасиеттерін дамыту;
б) Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, сөздік қорын байыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия
Билингвальді компонент: Дос – друг,адал дос-верный друг
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Дос болайық бәріміз Әрқашан дос біргеміз. Ажырамас іргеміз Ілгері жүріңдер Достық жырын біліңдер Ту ғып ұстап бірлікті Еңбекті сүйіңдер Дос болайық бәріміз Жарасып тұр әніміз Тыныштықты сақтаймыз Атсын күліп таңымыз. |
Шеңбер бойына тұрып орындайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
-Бұл өлеңде не туралы айтылған? -Ендеше,бүгін біз оқу іс-әрекетімізде М.Төрежановтың «Адал дос» әңгімесімен танысамыз. Сұрақ-жауап -Екі баланың достығын неге шынайы,адал деп айтамыз? -Сендер достарыңа достық көмекті қалай көрсетесіңдер? -Әңгіме қалай аталады? «Менің досым»ойыны Ойынның мақсаты:достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Ойынның шарты:педагог балаға допты лақтырып, «Сенің досың қандай?»-деп сұрайды, ал бала досының қандай екенін айтады. |
Достық туралы
Балалардың жауабы
«Адал дос»
Ойын ойнайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Қортындылау. -Балалар,бүгін біз адал достық жайлы әңгімелестік.Достар әрқашан бір-біріне қолдау жасап,қамқорлық жасайды. Балдырған баламыз, Досты көп табамыз. Қашан да,қайда да Достар бір-біріне Сенімді боламыз! |
Қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:шығарманың мазмұнын.
Түсінеді:бір-біріне деген адалдық сезімін.
Қолданады: достық қарым-қатынас жасасуды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:20.05.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жайлауда» Н.Жанаев
Мақсаты: а) Өлеңді жатқа айтуға үйрету; ә) Өлең желісі бойынша сұрақтарға жауап беруге баулу;
б) Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, мазмұнды суреттер
Билингвальдік компонент: дала-степ, табиғат-природа
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Кірпігімізді төмен түсірсек Көзіміз жұмылады Енді еркін демалайық Ғажап қана ұйықтасақ Көз алдымызға жайлауды елестетеміз. Таудың етегі, айналаның бәрі жап – жасыл, ауасы керемет. Таза ауада тамаша тыныстаймыз. Құлағымызға судың сыбдыры, қозы-лақтардың жамыраған даусы естіледі. Ғажап қана ұйықтадық, Оянатын сәт келді. Қолымызды жоғары көтеріп, Керілеміз,күлеміз. |
Көздері жұмулы болса да, қимл арқылы келтіріп отырады, тыныс алады, дыбыс естіледі. . |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
-Балалар,қандай күйде болдыңдар? -Өздеріңді қалай сезіндіңдер? -Олай болса бүгін біз ақын Н.Жанаевтың «Жайлауда»өлеңімен танысамыз. Жайлауда Сұрақ-жауап -Балалар өлең шумағында не туралы айтылған? -Сендер жайлауды қалай түсінесіңдер? -Жайлауда болдыңдар ма? Өлеңді мәнерлеп оқу. Сергіту сәті «Табиғатпен сырласу» ойын-жаттығуы.Балалар шеңберге бірінің артынан бірі тұрып,қимылдарды қайталайды. Өзеннен өту, Тауға өрмелеп шығу, Шалшық судан секіру Қалың ағаштың арасынан өту Ашық алаңға жетіп,қуанып демалады. |
Әсерлі Жақсы
Жайлау Онда қой, қозы, лақ, ешкі, бұзау-бәрі бар
Айтылған өлең жолдарына байланысты жаттығулар жасайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Қортындылау. Жаз мезгіліне байланысты тірек-сызба арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау. Күндер келді шуақты, балалар жүр шомылып. Көбелек қуып ойнайты, қай мезгіл деп ойлайсың. |
Балалар өлең шумағын қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:өлең мазмұнын.
Түсінеді:жаз мезгілінің ерекшелігін.
Қолданады: сұрақ-жауап арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті.