Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу қорш орта+.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.38 Кб
Скачать

«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Наурыз-көктем мерекесі.

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.Шығыс халықтарының жаңа жылы екендігін түсіндіру.Наурызкөже,ұлтық ойын түрлері,т.б туралы айту.Ұлттық мерекеге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Қазақтың салт- дәстүрі бейнеленген және ұлттық тағам түрлерінің суреті.

Қажетті құрал- жабдықтар:жұмыс дәптері,түрлі - түсті қарындаштар,желім,ватман.

Алдын- ала жасалатын жұмыс:Наурыз мерекесі туралы фильмдер көрсету,суреттер қарау,қосымша әңгіме жүргізу.Шаттық шеңберге байланысты өлең жаттау.

Әдіс -тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.

Билингвальді компонент: Көктем –весна, ұлттық ойын- национальные игры, ұлттық тағамдар- национальные блюдо.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың-іс әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қорғаушылық

1.Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

2.Көктем мезгілі,көктем мерекесінде болатын мерекелер туралы сұрақтар қояды.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалардан Наурыз мерекесі,оның басқа мерекеден ерекшелігі,Наурыз мерекесінде өтетін ұлттық ойын түрлері мен ұлттық тағамдар,наурыз көже,мереке қонақтары,дәстүрі( ағаш отырғызу) туралы сұрақтар қоя отырып,мағұлмат береді.

Теледидардан «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін көрсету.Ертегі желісі бойынша 2-3сұрақ қояды.

Педагог балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға әртүрлі тағамдардың суреттерін ақ ватманға жасырып,әңгімелеп беруді (ұжымдық жұмыс),екінші орталықтағы балаларға мазмұнды суретке(тақырыпқа байланысты) қарап әңгіме құрастыру тапсырылады.

Сергіту сәтін өткізу.

Педагог сергіту сәтін ұйымдастырады да балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп,балалардың орталықтағы жұмысын,әрекетін қадағалайды.

Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.

Дәптермен жұмыс.

Балалар өткен жылғы Наурыз мерекесін еске түсіріп,өз тәжірибелеріне, Наурыз мерекесі туралы көрген бейнетаспалар мен суреттерге сүйене отырып жауап береді.

Ертегі желісі бойынша қойылған сұрақтар арқылы жыл басын анықтайды.

Бірінші орталықтағы балалар ұлттық тағамдардың суретін іріктеп алып,дастарқан бейнесі салынған ақ ватманға жапсырады және әңгімелеп береді.Екінші орталықтағы балалар суретке қарап, әңгіме құрастырады.

Сергіту сәтінің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.

Балалар орындарын ауыстырып, бірінші орталықтағы балалар екінші орталыққа,екінші орталықтағы балалар бірінші орталыққа ауысып педагог түсіндірген тапсырма бойынша әрекет етеді.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл-күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтеже:

жасайды: Наурыз – шығыс халықтарының Жаңа жылы,наурыз достық,еңбек,бейбітшілік мерекесі;наурызкөжепісірілетіндігін,бұлақтар тазартылып,ағаштар отырғызукеректігін,ұлттық ойын түрлерін.

Түсінеді: дастарқанның басты асы наурызкөже,Наурызмерекесіндегі ақсақалдардың батасы және оның ерекшелігі;наурыз айтысы;Ұлыстың ұлы күні адамдардың жақсылық тілегі,ұлттық көкпар,күрес,қыз қуу ойындарын.

Қолданады :Наурыз мерекесіне қалай дайындалу керектігін,ұлттық тағамдар,наурызкөже.