- •«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Қош келдің , Жаңа жыл!
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесә туралы әңгімелеуді үйрету. Жаңа жыл қонақтары мен ертегі кейіпкерлері туралы түсініктерін бекіту. Бақылау жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу жұмыстарын жүргізу іскерліктерін жетілдіру. Мерекені өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мерекелік фотосуреттер, қардан, пенопластан жасалған аққала мүсіндері.
Қажетті құрал-жабдықтар: Жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсәлдері: Сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билигвальді компонент: Новый год-Жаңа жыл, Дед Мороз- Аяз ата, Снегурочка –Ақшақар, елка-шырша
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагоктің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңберіне тұрғызу. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
Қоңыраудың дыбысы алыстан естіледі де жақындай түседі. Қонаққа Сайқымазақ келеді. Сайқымазақ балалармен амандасып болғаннан кейін өзінің мерекеге кетіп бара жатқандығын айтады. Педагог Сайқымазақтан қандай мерекеге бара жатқандығын сұрайды. Сайқымазақ әрі ойланып, бері ойланып таба алмайды. Балалардан өзінің қандай мерекеге бара жатқандығын сұрайды. - Балалар, Сайқымазаққа көмектесейік. Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап беруге тырысыңдар, мүмкін сонда Сайқымазақтың есіне түсер. - Ол мереке жылдың қай мезгілінде болды? - Жарайсыңдар, балалар, өазір мен сендерге жұмбаө жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар. (Шешуі: Аязата). -Педагог балалардан Аязата мен Ақшақардың не себепті қыс мезгілінде ғана келетінін сұрайды. Сайқымазақ қуанып, өзінің бара жатқан мерекесі Жаңа жыл екендігін айтып, жүгіріп шығып кетеді. - Балалар, биылғы Жаңа жыл мерекесіне Сайқымазақ та келетін сияқты. Қалай ойлайсыңдар, тағы да қонаққа кімдер келеді екен? - Балалар, Жаңа жылды көптеген елде қарсы алады және сендер сияқты көптеген балалар оны асыға күтеді. Не үшін бұл мерекені балалар ерекше жақсы көреді? - Жаңа жылға қалай дайындалады?
-Жаңа жылды не себепті отбасылық мереке деп атайды? - Ал сендер уйде Жаңа жылды қалай қарсы аласыңдар?
- Балабақшада қалай қарсы алады:
- Үйдегі мереке мен балабақшадағы мерекеде айырмашылық бар ма?
- Сендер Жаңа жылда шыршаны қандай ойыншықтармен безендіресіңдер? - Тыңдап тұрсам, шыршаны неше түрлі ойыншықтармен безендіреді екенсіңдер. Ал шыршада ілініп тұрған аққаланы көргендерің бар ма? Педагог қардан жасалған бірнеше аққаланы алып келеді де балаларға береді.
- Балалар, аққала неден жасалған?
- Аққала неге қыстыгүні ғана болады?
- Аққаланы кез келген қардан жасауға бола ма? - Дұрыс айтасыңдар, аққаланы кез келген қардан мүсіндей алмайды екенбіз. Мысалы, алғашқы жауған қардан аққала мүсінделмейді екен. Себебі: алғашқы жауған қар бір-біріне жабыспайды. - Мына қардан жасалған аққаланы шыршаға ілсек болама? - Неге іле алмаймыз? Педагог аққала туралы айтып жатқанда Аққалалар ери бастайды. Осы кезде балалардың назарын еріп жатқан Аққала мүсініне аударып, неліктен еріп жатқандығын сұрайды. - Кәне, балалар, ойланып көрейікші, шырша ойыншықтарын неден жасауға болады? - Олай болса біз де аққаланы пенопласт пен мақтадан жасайық. Балаларды өздерінің таңдауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға аққаланы пенопластан, екінші орталықтағы балаларға мақтадан жасайтындықтарын айтып түсіндіреді.
Сергіту сәтін өткізу.
Педагог дәптерде берәлген тапсырманы түсіндіреді.
|
Балалар білмейтіндіктерін айтады.
Балалар келісетіндіктерін білдіреді.
- Қыс мезгілінде. - Аязата мен Ақшақар суықты жақсы көреді. Себебі: олар қардан, аяздан жасалған, сондықтан да аязата, Ақшақар деп аталады.
- Жақында келеді. - Мен тақпақтарымды жаттап болғаннан кейін келеді. - Жаңа жыл. -Өйткені Аязата келіп, сыйлықтар таратады. - Шыршаға ойыншықтар іледі. Үлкендер түрлі салаттар жасап. дәмді тамақтар пісіреді. - Өйткені, адамдар өз үйлерінде отбасымен тойлайды.
- Біз Жаңа жыл мерекесіне қарсы шыршаны ойыншықтармен безендіреміз.
- Мен Аязатаға хат жолдаймын. Өзім жаза алмайтын болғандықтан, хатты ағам жазады.
- Біз Жаңа жылға көп дайындаламыз. Анам тәтті тағамдар дайындайды. Түн болғанда мерекелік салюттар атамыз. -Қардан жасалған.
- Өйткені олар суықты жақсы көреді. - Аққала жабысқақ қардан ғана жасалады.
- Жоқ , іле алмаймыз.
- Өйткені ол еріп кетеді.
Балалар бөлменің іші жылы болғандықтан еріп жатқандығын айтады.
- Қағаздан, резеңкеден, матадан.
Балалар ойланып қалады.
Екі орталықтағы балалар да үш бөліктен тұратын аққаланы жасайды. Жасаған ойыншықтарымен топтағы шыршаны безендіреді. Қуанып, көңіл күйлері көтеріледі.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- Түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, Жаңа жылға қандай дайындық жасағандарын сұрайды. |
Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: отбасылық мерекелер туралы әңгімелеуді , оны өткізуге дайындық жасау керектігін.
түсінеді: Жаңа жыл мерекесінің отбасылық мерекеге жататындығын; жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеуді, жаңа жыл мерекесін өткізуге дайындық жасау керектігін.
қолданады: аққала туралы, оны әртүрлі материалдардан жасауға болатындығын, бақылау жасау, зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізуді.
