- •«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білімберу саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Балабақша бөлмесі.
Мақсаты:балабақша ішінде орналасқан бөлмелер мен кабинеттерді салыстыруға үйрету.Балабақша бөлмесінде,аулада еркін бағыт-бағдар жасау,топ бөлмесінде және тұрмыста заттарда дұрыс қолдану іскерліктерін жетілдіру .Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:балабақшаның ауласы және бөлмелері бейнеленген суреттер немесе фотосуреттер.
Қажетті құрал – жабдықтар:жұмыс дәптері,түрлі-түсті карандаштар, әр балаға арналған мазмұнды суреттер, құрастыруға арналған бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындылары(пеш, музыкалық аспап,дәрігер халаты т.б.).
Алдын ала жасалатын жұмыс:балабақша бөлмелері бейнеленген
суреттерді қарау.Суреттерді боя
Әдіс – тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: балабақша –детский сад, бөлме-комната, ас бөлмесі –кухня, жатын бөлмесі –спальная комната
Іс – әрекет Кезеңдері |
Педагогтің іс – әрекеті
|
Балалардың іс - әрекеті
|
Мотивациялық –қозғаушылық |
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Бір шаңырақ астында, Тату тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз.
|
Балалар шаттық шеңберін құрып,өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
Балалардан балабақша бөлмелері туралы білетіндерін сұрайды. –Сендер таңертең қайдан келдіңдер? –Қайда келдіңдер? -Сендердің топтарың қалай аталады? –Сендердің топтарыңда қандай-қандай бөлмелер бар? -Балабақша ішіне саяхат жасағыларың келе ме?Саяхатқа пойызбен барамыз. «Пойыз» ойыны. –Біздің пойызымыз қандай ұзын! Пойызымызға көп вагондар тіркеліпті. Кәне,пойыздың дөңгелектері қалай айналады,көрсетіңдерші. Балаларды ас дайындайтын бөлмеге, музыка залына,медбике кабинеті мен кір жуатын бөлмеге алып келеді де ондағы заттармен таныстырады. –Балалар,біз медбике кабинетіне келдік. –Қалай ойлайсыңдар,неліктен медбике кабинеті деп аталады? -Кәне,балалар,медбике бөлмесін қарап, қандай заттар мен құралдар бар екендігін көріп алыңдар.Бірақ та қолдарыңмен ұстамаңдар. –Медбике кабинетінде не бар екен? Кабинеттегі медбике құралдары мен олардың орналасуы,сақталуы, қауіпсіздік ережесі туралы айтады. –Кәне,саяхатымызды жалғастырайық . Ас дайындайтын бөлмеге алып келеді. –Қайда келдік деп ойлайсыңдар? -Бұнда кімдер бар екен? -Аспазшылар мен ыдыс жуатын апайлар бар екен.Аспазшылар бұл жерде не істейді? Балаларға асхана ішін тек көзбен шолып шығуды ұсынды. –Балалар, медбике кабинеті мен ас даярлайтын бөлме бір-біріне ұқсайды ма? Балаларға әр бөлменің айырмашылықтарын айтқызды. Қандай ұқсастық табуғу болады? Осылайша сұрақтар қоя отырып ас даярлайтын бөлмедегі заттармен таныстырады. Олардың неден жасалғанын айтып түсіндіреді. Үйдегі ас даярлауға арналған пеш пен асханадағы пешті естеріне түсіру арқылы салыстырады. Ас даярлайтын бөлмедегі пештің неге үлкен екенін сұрайды. Пойызға отырып музыка залына, кір жуатын бөлмеге барып ондағы заттармен,апайлармен таныстырып, олардың(музыка жетекшісі мен кір жуушы) қызметі жайлы әңгіме жүргізеді.Педагог үнемі қауіпсіздікті сақтаудың ережесін балалардың естеріне түсіріп отырады.Музыка залы,ас даярлайтын бөлме мен кір жуатын бөлме туралы айтып берулерін сұрайды. Педагог балабақша бөлмелерін аралатып болған соң топқа келеді. Педагог балаларды өз қалаулары бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға медбике, аспаз, музыка жетешісі,кір жуып жатқан адамдардың т.б. іс-әрекеттері бейнеленген суреттерге қарап әңгімелеп беруге,екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген қиындылардан заттарды құрастыруды тапсырады. Сергіту сәті.Балалардың өздеріне таныс сергіту сәтін ұйымдастырады. Дәптермен жұмыс.Педагог дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. Балаларға таныс сергіту сәтін орындатады.Дәптерде берілген тапсырманы орындатады. |
Үйден келдік. –Балабашаға келдік. –Шұғыла тобы деп
- аталады. –Біздің топта тамақ ішетін,ойнайтын,сабақ өтетін,ұйықтайтын,киім ілетін бөлмелер бар. –Келеді. Балалар пойыздан түскен сияқты сыңай танытады. –Себебі:онда медбике отырады. Балалар заттарды қарайды. –Дәрілер,балаларды тыңдайтын құрал,укол, шприц,көп дәптерлер, кітаптар т.б. Балалар пойызға отырып, ас дайындайтын бөлмеге немесе асханаға келеді. Асты кімдер,қалай әзірлейтінін көреді.Ас үйдегі ыдыстар жайлы біледі
. -Медбике де, азпазшылар да ақ халат киген. Сонысымен ұқсайды. Бөлме ішіндегі заттарды осыған дейін көрген бөлмелердегі заттармен салыстырады. Үйдегі газ пештері мен ас даярлайтын бөлмедегі пештерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын айтады. Гу-гу,гу-гу,гуілде, Қалып қойма бәрің де. Піш-піш,піш-піш,біз кеттік Жүрісті тым үдеттік. –Асхананың іші кең,жарық,ыстық. –Музыка залы үлкен әрі кең,жарық,ауасы таза,іші салқын.Музыка залында домбыра,сылдырмақ,баян бар. –Кір жуатын бөлменің іші тар,онда кір жуатын машиналар,киім үтңктеуге арналған үтік пен басқа да заттар бар.
Балалар пойызға отырып топқа қайтады. Бірінші орталықтағы балалар суретке қарап әңгімелеп береді.Өздерінің олармен қарым-қатынасын айтады. Екінші орталықтағы балалар бірнеше бөлікке бөлінген қиындыларды (пеш,халат,кір жуатын машина,музыкалық аспаптар т.б.) құрастырады |
Рефлекциялық –түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға бейнелейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды:балабақша ішінде орналасқан бөлмелер мен кабинеттер,ондағы қызметкерлердің жұмысы,құрал-саймандары туралы. түсінеді:асхана,жатын бөлме,кір жуатын бөлме,медбике кабинеті мен онда жұмыс істейтін адамдардың қызметі,құрал-саймандары туралы білімді.
қолданады: балабақша бөлмесінде,аулада еркін бағыт-бағдар жасауды;топ бөлмесінде және тұрмыста заттарды дұрыс қолдануды.
