Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу қорш орта+.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.38 Кб
Скачать

«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Кім болам?

Мақсаты:тәрбиеші, дәрігер, сатушы, аспаз мамандық иелерімен және олардың еңбегімен таныстыру.Олардың қызметтері мен міндеттерін және бір-бірімен байланысы туралы түсініктерін кеңейте, оларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:әр түрлі мамандық иелерінің суреттері.

Қажетті құрал- жабдықтар:жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар,ермексаз

Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік , ойын, практикалық

Билингвальді компонент:

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың-іс әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қорғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу. Балалар мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Кәне барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, өлеңімізді айталық

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

Қуан ,шаттан ,алақай!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар біз бүгін мамандық иелері туралы әңгімелесеміз.

-Балабақшаға келгенде сендерді ең бірінші кім қарсы алады?

-Апайды басқа сөзбен қалай айтуға болады?

-Енді балалар, тәрбиеші туралы айтып беріңдерші. Тәрбиешілер балабақшада қандай жұмыспен айналысады.

-Жарайсыңдар балалар, сендер тәрбиеші туралы біледі екенсіңдер. Қалай ойлайсыңдар, балабақшада сендерге тамақты кім пісіреді?

Мамандық иелері: аспаз, дәрігер т.б туралы әңгімелеу.

«Егер де ... » ойыны

-Егер де дәрігер болмас,...

-Егер де сатушы болмаса,...

-Егер де аспаз болмаса,...

- Жарайсыңдар балалар, тағы бір ойын ойнаймыз. Ол ойын «Қай маман иесі екенін тап!» аталады.

Ойын шарты бойынша бала карточканы алып, онда бейнеленген мамандық иесін (дәрігер, ұшқыш, аспаз, сатушы) табады және қандай белгілері арқылы тапқандығы жайлы айтады.Басқа да жетелеуші сұрақтар қоя отырып, мамандық иелері туралы ақпаратты толықтыра отырып, кез келген мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі бар екендігін және оларға құрметпен қарау керектігін түсіндіру.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, «Дәрігер», «Дүкен» ойынын ұйымдастырады

Дәптермен жұмыс

-Апай

-Тәрбиеші

-Тәрбиеші бізбен бірге ойнайды, бізге әңгіме оқып береді, өлең, тақпақтар жаттатады, жаттығу жасатады, серуенге шығарады, саяхатқа

-Аспаз пісіреді

Ойларын айтады.

-Сырқат адамдар көбейеді.

-Дүкендер жабылып қалады.

Мынау- дәрігер. Мен дәрігер екендігін оның киімінен білдім.Себебі мен осындай киім киген дәрігерді емханадан көргенмін. Олар үнемі ақ халат киіп жүреді.

Балалар сюжетті-рөлді ойындарды өзара рөлдерге бөліп алып ойнайды.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды.

Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.

Күтілетін нәтеже:

жасайды: мамандық иелерінің еңбегі мен қызметтері туралы кез келген мамандық алу үшін арнайы оқу орнын бітіру керектігін.

Түсінеді: тәрбиеші,аспаз, дәрігер, сатушының еңбегі мен қызметтері туралы

Қолданады: мамандық иелерінің дайындықтан өтетіндігін,олардың арнайы киімдерінің болатындығын, олардың қызметтері мен міндеттерін және бір-бірімен байланысын