- •«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
Күні: 28.09.2016ж.
Тәрбиеші: Алиева А.Т.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным». Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Өзім туралы білгім келеді
Мақсаты: Өзі және өзінің жағдайы , көңіл күйі туралы түсініктерін кеңейту.Өзінің дене мүшелері олардың атқаратын қызметі туралы түсініп айтып беруге үйрету.Өзіне деген сенімділігін нығайтып,құрметі мен дербестігін аттыру.Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.Өзіне -өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Менің көңіл күйім тақырыбына түсірілген бейнефильм немесе суретті слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,құрастыруға арналған қағаздан қиылған дене мүшелерінің бөліктері,сырты матамен қапталып,әртүрлі көлемде түймелер тігілген жолақшалар,қарағай бүрі т.б. әр балаға ішіне су құйылған және құм,күріш,бұршақ,ұн,тары т.б. дәнді дақылдар салынған үрленбеген шарлар.
Әдіс тәсілдері: сөздік ,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент:девочка-қыз, ұл-мальчик , дене мүшелері- части тело и.т.
Іс әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық |
Балалардың шеңбер бойына тұрғызып,жетекші сұрақтар арқылы төменгі үлгідей әңгіме жүргізу: -Балалар,біз бүгін өзіміз туралы әңгімелесеміз. -Әйгерім,сенің қасында тұрған кім? -Қалай ойлайсын,Ұлан ұл бала ма, әлде қыз бала ма? -Дастан,сен кімнің қасында отырсың? -Балжан,ұл бала ма,қыз бала ма? Осылайша қыздар мен ұлдардың қандай ойыншықтармен ойнайтындығын,нені жақсы көретіндігін,немен айналысқанды ұнататындықтарын,қандай киім киетіндерін сұрайды. Осыдан кейін балаларға өздеріне таныс өлең жолдарын айтып,сергіту жаттығуын жасауды ұсынады. Ұл,қыз болып бір жолда, Иықтасып жүреміз. Қиындықта қол ұшын Береріне сенеміз.
|
Балалар педагогтың сұрақтарына төмендегі үлгідей жауап береді: -Ұлан. -Ұлан- ұл бала.
Балжанның қасында отырмын. -Балжан қыз бала. Балалар өлең жолдырын айтып,өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Балалар,ұл қыз бала туралы біледі екенсіңдер.Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?Педагог балаларға адамның дене мүшелері бас, мойын,қол, аяқтары туралы сұрақтар қояды. -Балалар,сендердің үйлеріңе үлкен айна барма? -Сендер сол айнаға қарап тұрмын деп елестетіңдерші,не байқадыңдар? -Жарайсыңдар,балалар,енді алдарыңда тұрған суреттерге назар аударыңдаршы.Бұл қағаздан қиылған қуршақтың дене бөліктері.Қазір сол бөліктерді құрстырамыз.Ол үшін бастарыңды алдыға,артқа,оңға,солға қозғалтып көтеріңдерші,қозғала ма? -Демек, басты не қозғалып тұр? -Яғни,біздің басымыз мойында орналасқан екен.Олай болса басты мойынға орналастырамыз. -Енді,мен қазір допты лақтырамын,сендер қағып алуға тырысыңдар(педагог допты жоғарыға лақтырғандай қимыл жасайды,бірақ лақтырмайды). Сендер допты қағып алу үшін не істедіңдер? Яғни қол бізге не үшін керек екен?
-Енді қолдарыңды созып,жинап көріңдерші,не байқадыңдар?
-Енді үстелдің үстінде тұрған дәптерді алыңдар. -Дәптерді ұстап тұрау үшін не қажет екен? -Саусақ қайда орналасқан? -Ал қолымыз қайда орналасқан? -Олай болса сопақша пішінге қолды орналастырыңдар. -Енді нені орналастырамыз? -Аяқ адамға не үшін керек? -Міне,балалар біз қуыршақтың дене мүшелерін құрастырдық.Бір бірлеріңнің құрастырған бейнелеріне қараңдаршы,айырмашылық бар ма? -Жарайсыңдар,балалар қалай ойлайсыңдар қуыршақты толық құрастырып болдық па? -Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін тауып, сол жұмбақтың шешуіне байланысты сурет саласыңдар.Педагог ауыз,мұрын,құлақ туралы жұмбақтар жасырады.Мысалы Көреді бәрін өзгенің , Көре алмайды өздерін.Ол не? |
-Білеміз.Балалар өздерінің дене мүшелеріне байланысты қойған сұрақтарына жауап береді. -Бар -Өзімізді көрдік.
-Мойын қозғалтады.Балалар бастарын қозғалтып, қозғалатындығын айтады. Балалар қолдарын жоғары созып,допты қағып алатындай қимыл жасайды. -Қолымызды жоғарыға создық. <<Еңбек ету үшін>>,<<бір затты алу үшін>>,<<затты бір жерге қою үшін>>,<<бетімізді жуу үшін>>керек. -Қолымыз иіледі және жазылады(созылады). Балалар дәптерді алып,ұстап тұрады. -Саусақтар қажет. -Қолымызда.
-Денемізде. Балалар мойынның төменгі жағына сопақша пішінді қойып,екі қолды орналастырады. -Аяқтарды орналастырымыз. -Аяқ жүру үшін,жүгіру үшін,отырып тұру үшін керек.
-Көз
Жұмбақтың жауабына қарай өздері құрастырған қуыршақтың бейнесіне көз,мұрын,ауыз,құлақтың суретін салады. |
|
-Міне балалар сендер қуыршақтың бейнесін құрастырып та болдыңдар.Қурыршақты құрастыру үшін денесіне қандай жансыз бөлшектерді орналастырдыңыздар? -Бас,қол,аяқтыбір сөзбен қалай айтуға болады екен? Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін көңіл күйлерің,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.Өздеріне дене мүшелері не үшін қажет екендігін сұрап қорытындылайды.Педагог дене мүшелері туралы қосымша ақпараттар бере отырып зерттеу жүргізетіндігін айтады. -Кәне,көздеріңді қолдарыңмен жабыңдар. Мен не істеп жатырмын? -Ал енді көздеріңді ашыңдар да,үстелдің үстінде жатқан заттарды атап беріңдерші? -Оны қалай білдіңдер? -Демек,көз,балалар,кқру үшін керек екен. -Енді құлақтарыңды жауып,маған қараңдар.Мен сендерге шағын ғана өлең оқып беремін.Сендер өлеңнің мазмұнын маған айтып бересіңдер. -Не себепті естімей қалдыңдар? -Демек,құлақтың қызметі қандай екен? -Жарайсыңдар, балалар тағы да бір зерттеу жұмысымыз қалды.Бұл зерттеуді жүргізу үшін сендер алдарыңда тұрған заттарды пайдаланасындар (әр балаға бір бірден сырты матамен қапталып әртүрлі көлемде түймелер тігілген жолақшалар,қарағай жаңғағы т.б. сипап сезуге арналған заттар беріледі ). "Сыңарын тап"ойыны. Ойын шарты бойынша әр балаға ішіне су құйылған және құм,күріш,бұршақ,ұн,тары т.б. дәнді дақылдар салынған үрленбеген шарлар беріледі.Мысалы,екі көк түсті шар берілсе біреуінің ішіне су құйылалды.Дәл сондай шарлар келесі үстелдің үстінде бірнеше шарлардың ішінде орналасады.Ішіне құм салынған шарды алған бала дәл сондай ішіне құм салынған көк түсті шарды алу тиіс.Сергіту сәті.Педагог ауа,жер,ағаш,гүл,қоян,барабан,қораз маймыл т.б. сөздерді айтады. Дәптермен жұмыс.Педагог дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.Тапсырманы орындап болғаннан кейін педагог балалардың назарын өзіне аударып,қуанып,ашуланып,ренжіп тұрған балалардың әрекеті туралы түсіндірілген бейнефильм немесе суретті слайд көрсетіп балалардың көңіл күйіне байланысты сұрақтар қояды. -Аружан не істеп тұр? -Не үшін қуанып тұр?
-Әйгерімнің көңіл күйі қандай? -Әйгерім не себепті ашуланды? -Әйгерімнің көңіл күйін көтеру үшін не істер едіңдер?
Педагог балаларға адамдардың әртүрлі көңіл күйде болатындығы ,не үшін ашуланып,қуанатындығы, ренжитіні туралы қосымша түсіндіреді.
|
-Бас,мойын,екі өол және екі аяқты қойып құрастырдық.
-Адамның дене мүшелері.Балалар көдерін жұмады немесе алақандарымен басып тұрып ештеңе көрмей тұрғандығын айтады.Балалар үстелдің үстінде тұрған заттарды атап береді. -Өйткені,үстелдің үстіндегі заттарды көріп тұрмыз. Балалар құлақтарын жауып,педагогке қарайды.
Балалар педагогтың оқыған өлеңін естіп және сөздеріне байланысты қимылдар ойластырып жасайды.Дәптерде берілген тапсырманы орындайды. -Аружан қуанып тұр. -Өйткені Аружанның туған күніне әпкесі қуыршақ сыйлады. -Әйгерім ашуланып тұр?
-Айдос Әйгерімнің добын тартып алады.Сол себепті Әйгерім ашуланды.Балалар өздерінің пікірлерін айтады.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін көңіл күйлерін немен айналысқандарын ,не үйренгендерін сұрайды. |
Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып,дәптердегі таңбаларға белгілейді.Дене мүшелерінің қажеттілігі қызметі туралы айтады. |
