Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ualieva_P_gos.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.47 Кб
Скачать

14.Өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын бактериялық препараттардың түрлері. Өсімдіктерді қорғаудағы бактериалдық препараттар.

Ауылшаруашылық тәжірибиеге өсімдіктерді микробиологиялық қорғау шарасы қарқынды енгізілуде.Ауылшаруашылығында қолдануға негізделген биопрепарат ассортименті соңғы 10 жылда 3 есе және қазіргі кезбен қосқанда препаративті түрлермен 15 атау:құрғақ ұнтақ,дфмқылдандырушы ұнтақ,дустар,сұйық препараттар.

Микроорганизмдерге тәуелділігі бойынша бөлініп алатын биопрепарттарды бактериялық,вирусты,саңырауқұлақты,антибиотиктер деп бөледі.Соңғысын антибиотик продуценті бар қоректік орталарда өсіреді. Үй жанандағы учаскелер зиянкестерімен күресуде бактериялық және саңырауқұлақтық препараттарды пайдаланады, ауру тудырушыларға- антибиотик негізіндегі препарттар.Тышқан тектес кеміргіштерге бактериялық препарат-бактероденцид пайдаланылады.

Бактериялық препараттардың ерекшелігі,олардың ішекке әсері мен және олардың тиімділігіжәндіктердің 13С жоғары температурада белсенді қоректенуінде жүзеге асады.Осыған сай, өсімдік жапырағының екі жағын препаратпен өңдеу қажет.Ескеретін жағдай,жұлдызқұрттардың бактериялық препараттарға сезімталдығы уақыт өте келе бәсеңдейді,жасы кіші жұлдызқұрттарға қолданған жөн,ал тиімдісі-пайда болып келе жатқан зиянкестерге қарсы қолдану.

Бактериалдық препараттар өңделетін өсімдіктерге иісімен,дәмімен токсикалық әсер етпейді, оларды өсімдіктердің вегетациясының кез-келген уақытында және өнімді жинап алудың алдында қолдануға болады.Өзінің биологиялық шығу тегіне байланысты олар табиғи ортада тез таралады және топырақта тез инактивирленеді.

Күн радиациясы мен жапырақ фитонциді препараттардың активтілігін бәсеңдетеді, сондықтан ауа-райына байланысты 22 күн ішінде белсенді болып,24 сағат ішінде оны жоғалтуы мүмкін.Олардың әсері баяу екенін және жәндіктердің пайдалануынан соң ,өлім 2-5 тәуліктен кейін пайда болатынын ескерген абзал.Алайда онымен қоректенген жәндіктер келесіде қоректенбейді, олардың өсімдіктерге әсері өңдеудің бірнеше сағатынан кейін бәсеңдейді.

Бактериялық препараттар адамға зияны жоқ,бірақ аллергиялық және қоздырушы әсері бар,сонымен қатар жылықанда жануарларға аз токсикалық әсер етуі мүмкін, ал адамдарға шартты-патогенді болады.Сондықтанда жұмыс барысында тыныс алу жолдарын сақтауда(шаңға қарсы респираторлар) пайдаланған жөн.

Бактоспеин-бактериялардың споралы-криссталдық кешені негізіндегі микробты инсектицидті препарат.

Белсенділігі 16 000ХББ*/мг дымқылдандырғыш ұнтақ,жоғары температура мен ылғалдылықтан қоғаныш қабаты бар, жарамдылық мерзімі 2-3 жыл болатын түрде шығарылады.

Шалқан мен орамжапыраққтың кішкентай жұлдызқұрттар ына қарсы пайдаланылады,орамжапырақтың қан көбелегіне орта шығынмен 0,4кг/га.Әрбір ұрпаққа 1-2 өңдеуден 7-8 күн аралығында жасалынады.

Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді.

БИК(бактериялық инсектицидті препарат)-бактериялардың споралы –кристаллды кешенінен пай болған.

Құрғақ ұнтақ ретінде, 1г препартта 30 млрд тірі жасушалары бар титр негізінде шығарылады.Сақтау мерзімі-35-тен-30С-та атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған жерде 1 жыл аралығында сақтаған жөн.Титрі 1 г препаратқа 20млрд спорасы бар паста ретінде де дайындалуы мүмкін. Шалқан мен орамжапыраққтың кішкентай жұлдызқұрттар ына қарсы пайдаланылады,орамжапырақтың қан көбелегіне орта шығынмен 2-3кг/га, I-III жастағы жұлдызқұрттармен жемісті ағаштарға 2,5-5кг/га. Әрбір ұрпаққа қарсы 1-2 өңдеу 7-8 күнде жүргізіледі. Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді.

Битоксибациллин-бактериялардың экзотоксині және споралы-криссталды кешені негізіндегі микробты инсектицидті препарат.

Титрі 1 г препаратқа 45млрд тірі жасушалар мен 0,6-0,8% экзотоксин бар құрғақ ұнтақ ретінде шығарылады. Сақтау мерзімі-30С температурада атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған жерде 1 жылға дейін.

Күресуде қолданады:

- I-III жастағы орамжапырақтық қалақ пен көкөністтік дақылдарға орта шығынмен 2кг/га, 1-3 өңдеуден 7-8 күнде жүргізіледі;

-жас колорадалық қоңызға қарсы алқа тұқымдастарына(картоп,қызанақ,баклажан) орта шығынмен;

ХББ(халықаралық белсенділік бірлігі) 2кг/га, барлық зиянкес дараларына қарсы 1-2 өңдеуден 7-8 күнде;

-жемісті дақылдар зиянкестеріне ,I-III жастағы жұлдызқұрттарға қарсы 3-5кг/га, басқа жапырақ кеміргіштерге 2-3кг/га 1-2 өңдеуден 7-8 күн.

Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді.

Боверин-ақ мюскардина саңырауқұлағы негізіндегі инсектицидті препарат. Титрі 1 г препаратта 2млрдтірі жасушалары бар құрғақ ұнтақ түрінде шығарылады.Ішектік жіне байланыстық әсері бар.Споралар жәндіктің ішегінде немесе денесінің үстінде өседі.Өлген жәндік денесі қаттыланып, ақ конидиялармен қапталады. I-III жастағы колорадалық қоңызбен күресуде қолданады, орта шығынмен 2кг/га 0,4кг/га 80% хлорофос қосып немесе дфмқылдандырғыш ұнтақ және 2 реттен әрбір ұрпаққа қарсы өңдеу: біріншісі- I-III жастағы дернәсіл пайда болғанда, екіншісі-біріншісінен кейін 12-14 күннен соң.

15.Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және ауруларымен күресу үшін микроорганизмдерді және микробтық препараттарды пайдалану. Өндірістік жағдайда микробтық патогендерден кең таралғандары бактериальды препараттар болып саналады. Олардың ерекше қасиеті: зиянкес-жәндіктерге қарсы жоғары вируленттілігі, қоршаған ортаға соның ішінде флора мен фаунаға қауіпсіздігі, зиянкестерге қарсы әсерінің қарқындылығы болып табылады. Қазіргі кезде жәндіктерге қарсы 160-тан астам препараттар шығарылады.Барлық энтомопатогенді бактериялар ішінен кең ауқымда зерттелінгені грам оң бактериялар Бациллус турингиенсис болып саналады.Ол ішке енгеннен кейін жәндікті жою мен қатар, бірқатар токсикалық өнімдер шығарады.

Бациллус турингиенсис бактериялары 130 түрлі жәндіктерге антагонистті болады. Ең жоғарғы тиімділігі жапырақ кеміргіш зиянкестерге қарсы осы топтағы препаратты қолдану кезінде байқалады. Әртүрлі вариациядағы Бациллус турингиенсис негізіндегі ең кең таралған препараттар:энтобактерин,инсектин,алестин,экзотоксин,токсобактерин,дендробациллин,битоксибациллин.

Препарат бау-бақшаны зиянкестермен күресуде пайдаланылады. 60 түрлі зиянкестерге қарсы тиімді. Зиянкестің белсенді өсуі кезінде өсімдікке сулы эмульсияны себу арқылы қолданады.Зиянкестердің негізгі массасы 2-10 күнде жойылады. 1 га шығындайды: көкөністік дақылдарға-1-3кг;бақтарға-3-5кг. Бактериялық препараттардың ерекшелігі,олардың ішекке әсері мен және олардың тиімділігі жәндіктердің 13С жоғары температурада белсенді қоректенуінде жүзеге асады.Осыған сай, өсімдік жапырағының екі жағын препаратпен өңдеу қажет.Ескеретін жағдай,жұлдызқұрттардың бактериялық препараттарға сезімталдығы уақыт өте келе бәсеңдейді,жасы кіші жұлдызқұрттарға қолданған жөн,ал тиімдісі-пайда болып келе жатқан зиянкестерге қарсы қолдану.

жемісті дақылдар зиянкестеріне ,I-III жастағы жұлдызқұрттарға қарсы 3-5кг/га, басқа жапырақ кеміргіштерге 2-3кг/га 1-2 өңдеуден 7-8 күн.

Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді. Титрі 1 г препаратта 60млрд спора бар дымқылдандырғыш дендробациллин препараты титрі препаратта 30млрд тірі жасушалар бар құрғақ ұнтақпен бірлесіп 2 рет қолданып зиянкестерге қарсы әсер етеді. Лепидоцид- бактериялардың споралы-криссталды кешені негізіндегі микробты инсектицидті препарат.

Титрі 100млрд спора/г болатын концентрленген құрғаұ формалы препарат.Сақтау мерзімі30-40С құрғақ, атмосфералық жауын-шашын жоқ жерде 1,5 жыл.

Препарат күресуде қолданылады: орамжапырақ зиянкестеріне қарсы:орамжапырақ пен шалқан жұлдызқұрттарына қарсы орта шығынмен 0,5-1кг/га,1-2 өңдеуден 7-8 күн аралығында;

-қабыршаққанатты жемісті дақылдар зиянкестеріне қарсы(I-III жастағы жұлдызқұрттар); қан көбелектеріне орта есеппен 0,5-1кг/га;американдық ақ көбелекке-1кг/га 1-2 өңдеуден 7-8 күн.

Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге,араларға,энтомофагтарға қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді.

Энтобактерин- бактериялардың споралы-криссталды кешені негізіндегі микробты инсектицидті препарат.

Екі түрде шығарылады:титрі 30млрд.спора/г құрғақ ұнтақ және титрі 20млрд.спора/г паста.Құрғақ препаратты сақтау мерзімі-30С-та 1 жыл, пастаны-30-20С атмосфералықжауын-шашыннан қорғаулы жерде 1,5 жыл.

Препараттың екі түрі қолдануға негізделген:

-орамжапырақ зиянкестеріне қарсы:орамжапырақ пен шалқан жұлдызқұрттарына(I-III жастағы қарсы орта шығынмен 1-3кг/га,1-2 өңдеуден 7-8 күн аралығында барлық зиянкес ұрпақтары үшін;

-жеміс дақылдарындағы жұлдызқұрттармен күресте(I-III жастан кіші), қабыршаққанатты жәндіктерге,американдық ақ көбелекке қарсы орта шығынмен 3-5кг/га,1-2 өңдеуден 7-8 күн өңдеубарлық ұрпақтарына қарсы;

Сүтқоректілерге,адамдарға,құстар,балық,қалыпты көлемдегі пайдалы жәндіктерге,араларға,энтомофагтарға қауіпсіз. Емен және тұт жұлдызқұрттарына токсинді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]