Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоба -Отбасы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
927 Кб
Скачать
☆

6. Ұйымдасқан сурет.

Ана мен  бала  ұйымдасып сурет салады.

7. «Мейірімділік алаңы» .

Арнайы  жапсырылған  ватманға оқушылар  гүлді,  аналар  сабағын,  мұғалім күнді  тілек  айту  арқылы  жапсырады.

 

Мұғалім: «Әрбір баланың мінез – құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп, Павлов айтпақшы баланың мінез- құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт » деген орыс мақалы бар. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы, сондықтан ата-аналар мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр:

1.     «Бақытты балаңнан ізде» деген сөзді қалай түсінесіздер?

2. Балаға ақылды қалай айту керек?

3. Балалардың қатігез болып қалыптасуына не ықпал етеді?

4. Баланы мейірімді, қайырымды етіп тәрбиелеудің жолдары қандай деп білесіз?

5 . Балаға қалай ақыл – кеңес айтар едіңіздер? 6. Осындай балалардан болашақта қандай азамат шығады деп ойлайсыздар? 7. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па әлде қатаң ба?

  Видео-ролик:

- Оқушылар мен сендерге бір жұмбақ айтайын сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса,одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, құрыққа күл сепсе, сол адамға не істер едіңдер?

 Болжау:Топтар ойларын ортаға салады.

 (Ол мені жаратушы,жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – деді)

8. «Бір ауыз жылы сөз»

Ата-аналар бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты тілектерін білдіріп, балалар ата-аналарына тілектерін жүрекшелерге жазып оқып, мойындарына іліп береді. Содан соң бәрі қосылып «Ана - әке» атты әнін орындайды.

1) Жанашырым - ана, дара шыңым- ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың- әке, шырағымсың.

Қайырмасы:

Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

2) Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.

Қайырмасы:

Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

Қайырмасы:

Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап «Қайтсем де баламды адам етем деген» ата-ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды. Өз жанұяларыңды құрметтеңдер, сыйлаңдар,мақтан етіңдер.Үлкен жолға  аттаңғалы  отырсыңдар. Ата- ананың  қадірін біліңдер.  Отанын, елін, жерін сүйетін, ата-анасын, жора жолдасын құрметтейтін, еліміздің тұтқасын ұстар азамат болып өсуіне сіз бен біз бірігіп көмек берейік.

Бәріміз бірге