- •Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
- •Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз
- •Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
- •Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз
- •Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
- •Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз
- •9. Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз
- •10, Темпераменттің рөлі мен мәнін, оның психофизиологиялық негізін анықтаңыз.
- •Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз.
- •Cезіну қасиеттерін көрсетіңіз, мысалдар келтіріңіз
- •Мінездің қалыптасуына қандай заңдылықтар әсер ететіндігін дәлелдеңіз
- •Ойлаудың қасиеттері мен ерекшеліктерінің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Гиппократ бойынша темперамент типтерінің әртүрлілігін салыстырыңыз.
- •Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
10, Темпераменттің рөлі мен мәнін, оның психофизиологиялық негізін анықтаңыз.
Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темпераменттің рөлі оның ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Темпераментіне қарай адамдар белгіл бір нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан оқу-тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді. (Р.М.Грановская) Мысалы, тәжірибелі ұшқыштың , боксердің, жүргізушінің әрекет шапшаңдығы тума берілген қасиет емес, жаттығу мен үйренудің нәтижесі. Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемеленбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер болу кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерешеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады. Адам іс-әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тілдесу қажеттігі көп жерде, бір өмір қалпынан екіншісіне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер әрекетке сылбыр, енжар көрінгенімен, жай , бірқалыпты, тұрақты бір тәртіппен орындалатын қызметтерде өте тиімді келеді. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым істерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап шалдықпайды. Ал қызмет бабы мен әдістері шектелген, еркін қимылға мүмкіндік жоқ жерде – сангвиник пен холерик тіпті де шыдамайды.
Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз.
Жоғарғы деңгейдегі сезімнің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық деген түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік) сезім адамның таным әрекеттерімен байланысты. Сезімнің бұл түрі – балалардың білім алуына, ересектердің өз қызметіне, щығармашылық пен өнерге деген қатынасын көрсетеді.Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі таңдаудан басталады. Таңдау кісіні әр нәрсенің, құбылыстың мәнін танып, оларды түсінуге жетелейді.
Эстетикалық сезім – адамның объективтік шындықты бейнелей отырып, оның әсемдігі мен сұлулығына сенімділігін қабылдаумен әсерленген көңіл-күй. Әсемдікті тану, оған рахаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмірінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Эстетикалық сезім – мазмұны мән-мағынасы, түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен қоғамдағы әсемдіктің адам санасына енумен, оған әсер ететін құбылыс ретінде баяндалады.
Адамгершілік моральдық сезімдер – адамның қоғам талабына сай, өз мінезінің лайық не лайық еместігін сездіретін көңіл-күйді білдіреді. Адамгершілік сезім қоғам дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси идеялық бағдары, ондағы топтардың әлеуметтік жағдайы – мұның бәрі адамгершілік сезімнен байқалады. Бұл сезімнің ұлттық сипаты да болады.
Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізі – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияда қалыптасып отыратын мінез-құлық формалары. Адамгершілік сезім адамның өмір тәжірибесіне, мақсатына, мұратына және дүниетанымдық көзқарасына байланысты.
Адамның жоғары деңгейдегі сезімдердің қалыптасып, дамуы ең алдымен өз жеке басына деген жауапкершілікті сезінумен байланысты, сонымен бірге олар отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.
