- •Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
- •Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз
- •Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
- •Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз
- •Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
- •Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз
- •9. Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз
- •10, Темпераменттің рөлі мен мәнін, оның психофизиологиялық негізін анықтаңыз.
- •Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз.
- •Cезіну қасиеттерін көрсетіңіз, мысалдар келтіріңіз
- •Мінездің қалыптасуына қандай заңдылықтар әсер ететіндігін дәлелдеңіз
- •Ойлаудың қасиеттері мен ерекшеліктерінің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Гиппократ бойынша темперамент типтерінің әртүрлілігін салыстырыңыз.
- •Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.
Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).
Ерекшеліктері.
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы . Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау. Кеңістікті және уақытты қабылдау. Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады. Уақытша қабылдау. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады. Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді.
Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі.
Естің поцестері. Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.
Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады.
Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады.
Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді.
Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген.
Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген.
Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді.
Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз.
Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану - бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде кӛрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы көргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады.
Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Ұмыту бірнеше себептерге байланысты.
1. Ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады.
2.Қабылданған материал онша ашық, анық эмоциялы болмаса тез ұмытылады.
3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу.
4. Қайталау мен жаттығудың болмауынан және кеш ұйымдастырылуынан болады.
5. Материалдың керексіз болуы.
6. Адамның миына зақым келсе оңың ойлау қабілеті бұзылып, тез ұмытады. Ұмыту нерв қызметінің күйіне байланысты. Нерв жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық күшті болады. Нерв жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі.
