- •Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
- •Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз
- •Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
- •Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз
- •Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
- •Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз
- •9. Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз
- •10, Темпераменттің рөлі мен мәнін, оның психофизиологиялық негізін анықтаңыз.
- •Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз.
- •Cезіну қасиеттерін көрсетіңіз, мысалдар келтіріңіз
- •Мінездің қалыптасуына қандай заңдылықтар әсер ететіндігін дәлелдеңіз
- •Ойлаудың қасиеттері мен ерекшеліктерінің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Гиппократ бойынша темперамент типтерінің әртүрлілігін салыстырыңыз.
- •Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
Психология дегенімміз – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді.
Психологияның негізгі мақсаты — психиканы цубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым
Психология міндетіне психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді.
Пәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; 2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.
Психология ғылымында негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі дегеніміз – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.
Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екіншіталап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.::
Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады
Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді: 1. Психология жан туралы ғылым; 2. Психология сана туралы ғылым. 3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым. 4. Психология психика туралы ғылым.
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы
Екінші кезең — Сана туралы ғылым бұл кезен Декартын сана ұғымен байланысты. ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа есiгiн ашты. Ол адамны өн iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б.
Үшінші кезен жұрыс-тұрысты зерттейді ХIХ ғ бірінші жартсында психология жұрыс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады. ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. Интроспекттiк психология аймағындағы теориялардың бiр-бipiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны жəне белсендiлк дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi.
Төртінші кезен психология психика туралы ғылым осы кезенде, 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердін өтуiн бақылап отырды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi адам өзiнiң iшкi жан-күйiн, сезiмiн, ой толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектк аталған əдiс қолданылды. ХХ ғ. екiншi он жылдығында психологияның жəне бiр бағыты пайда болды. Бұл бағыт «бихевиоризм» (ағылш. behaviour-қылық) аталып, психология пəнi жөнiндегi түсiнiктер дамуының негізін қалады. Бихевиоризмн iрге тасын қалаушы Дж. Уотсон психологияның мiндетті қоршаған ортаға бейiмделу тiршiлiк иесы қылық-əрекетiн зерттеу деп бiлдiрді. Тек бiр онжылдықтың өзiнде-ақ бихевиоризм бүкіл дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының бiрiне айналды. 4-ші кезеңде психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
