- •Қазақстан тас дәуірінің кезеңдерінде Палеолит
- •Ерте палеолит
- •Орта палеолит
- •Кейінгі палеолит
- •Мезолит
- •Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
- •14) 1917-1920-Шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар.
- •23) Орта Азия мен Қазақстан
- •33. Хх ғ 20-30 жж. Казақстан әдебиеті мен мәдениеті.
- •36. Майдандағы қазақстандықтар.
- •40) Хрущев жылымығы
- •51. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
- •56) Қр конфессиялық саясаты және қарым-қатынас
- •59. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік реформалары мен әлеуметтік дамуы.
56) Қр конфессиялық саясаты және қарым-қатынас
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы - 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және келісімде өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.Қазақстан тарихи тұрғыдан Шығыс пен Батыстың түрлі дін, мәдениет және өркениеттер кездесуі мен келіссөзінің қиылысқан жері болды.Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың жақсы негізі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православиеліктер, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәрі 670 болатын.Ислам бірлестіктерінің саны 46-дан 2441-ге дейін өсті. Орыс Православие Шіркеуінің саны бес есе артты (62-ден 293-ке дейін). Рим-Католик Шіркеуінің бірлестіктер саны (42-ден 86-ға дейін, Евангелиелік христиан - баптистер қоғамдастықтары (168-ден 362-ге дейін), Жетінші күн адвентистері (36-дан 66-ға дейін) екі есе өсті. Иегова Куәлары бірлестіктерінің саны 27-ден 78-ге дейін, ал жаңа бағыттағы протестанттық бірлестіктер 13-тен 540-қа жетті.Діни бірлестіктер өз иеліктерінде 3129 табыну құрылымына ие, олардың 2229-ы мұсылман мешіттері, 258 - православие және 93 - католик шіркеулері, 6 - синагога және бес жүзден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері.Қазіргі уақытта Республикада 384 миссионер жұмыс істейді, олардың 20-нан астамы шет елдерден, ал 1990 жылы олардың саны 12 адам болатын.Діни бірлестіктермен 38 кезеңдік баспа басылымдары шығарылады.Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы және 2006 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екі съезі өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің тиімділігінің куәсі болды.Конфессиялар арасында өзара қарым қатынасты нығайтудағы келесі бір қадам және Қазақстанның өркениеттердің жаһандық келіссөзіне үлесі 2009 жылы Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің үшінші съезі болады.Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынас үлгісі діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңгеріміне,серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. Бұл Елбасы Н. Назарбаевтың мақсатты саясатының қорытындысы.Діндарлар құқығы саласында міндеттемелер тұрғысынан Қазақстан ОБСЕ - нің Демократтық институттар мен адам құқығы бюросымен (БДИПЧ) тиімді өзара әрекет етеді.Алматы қаласындағы ОБСЕ Орталығымен тығыз ынтымақтастық елде барлық азаматтардың діни және этникалық тиістілікке қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндік теңдігіне бағытталған нормативтік - құқықтық азаны құруға көмектесті.Діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1992 жылы қабылданды және діни сала мен мемлекеттік - конфессионалдық қатынастарда туындайтын түрлі проблемаларға қарамастан елеулі өзгерістерге түсе қойған жоқ.Қазіргі уақытта Парламентте бірқатар депутаттармен осы жылғы көктемде бастама алған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау аяқталды. Заң жобасы 2008 жылғы 26 қарашада Елбасына қол қоюға жіберілді.
Осы заң жобасының адам құқығын қорғаудың халықаралық стандарты шегінде және әлемдік тәжірибені есепке алып діни салаларды реттеу мәселелерін ретке келтіруге бағытталғандығы заңды.
57. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі: мақсаты, әдістері, нәтижесі. Қазақстанда шаруашылықтың әкімшілік командалық жүйелерінен нарықтық жүйеге өтуді іске асыруда.Өтпелі кезеңнің 3 кезеңі бөліп көрсетіледі.1кезең . Дағдарыстың даму кезеңі, өндірісітің жалпы құлдырауы, жоғары инфляция,инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен сипатталады.2кезең.макро-экономикалық тұрақтандыру. Жалпы құлдырау құрылымдық дағдарыстан өтеді. 3кезең.Экономикалық өсудің жандану кезеңі ,төмен инфляция іскерлік белсенділіктің артуы.Материалдық өндіріс көрсеткішінің өсуі ,дамуымен сипатталады.Тәуелсіздік жылдарындағы Қ.Р.-дағы жүиелік-экономикалық өзгерістерді бірнеше кезеңдерге біріктіруге болады. 1.1992-1993 жылдағы қарашасына дейінгі өз валютасын жоқ жағдайындағы экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту басталған кезеңді қамтиды.Осы кезеңде республика экономикасы көп жағдайда Ресейде қабылданған шешімдерге тәуелді болып , Қазақстан макро экономикалық саясатқа әсер ету тетігі болмады. 2.1993 қараша ұлттық валютаны енгізу,макро-экономикалық саясатын қалыптастырумен байланысты.Ол салық салу облысында бюджеттік ,банктік сферадағы қатынастарды, соның ішінде шетелдік капиталды тарту,кеден ісін құрумен 2 кезеңнің басты нәтижесі жаңа экономикалық жағдай болды.3. 1997-2000.негізгі макро –экономикалық көрсеткіштің жағымды динамикасының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.Село –таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады. Қазақстан-өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел.Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді. Қазақс-ң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
58. Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағыжұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдікнарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
