- •1 Жұмыс ауданының географо- экономикалық сипаттамасы
- •1.1.2 Жер бедері (рельф)
- •1.1.3 Гидрожүйе
- •1.2.2 Экономикалық дамуы
- •2.2 Стратиграфия
- •2.3 Тектоника
- •2.6 Кен орнының гидрогеологиялық жағдайы
- •3 Жобаланған жұмыс көлемі және барлау әдістері
- •4.14 Керн шығымын жоғарлату шаралары
- •4.17 Ұңғыманы жою
- •5 Еңбекті қорғау шаралары мен техникалық қауіпсіздік ережелері
- •4.8 Станоктың қозғалтқышының қуатын тексеріп есептеу
- •4.11 Діңгекті тексеріп есептеу
- •7 Керекті құрал жабдық, құралдарға, материалдарға тапсырыс жасау
3 Жобаланған жұмыс көлемі және барлау әдістері
Қамқор кен орны 1:100 000 маштабты түсірілім нәтижесінде анықталған. Түсірілім нәтижесінде кен орны мен кенді дене қоры анықталады.Зерттеу нәтижесінде 1:2000 карта жасалынады.Геохимиялық түсірілім нәтижесінде мыс кенді денесінің таралу ареалы анықталады.Бағалау-барлау жұмысы кезінде кенді дене аумағында колонкалық тәсілмен бұрғылаңған ұңғымалар кенді денені ашты.Одан басқа геофизикалық жұмыстар комплексі жасалында. Ығыстырғыш жыныстарды анықтау мақсатында ауданда 7 канава қазылды, көлемі 425 м куб тереңдігі 1-1,5 метр.Канавалар 100 метр сайын қазылып отрды.8 ұңғыма бұрғыланды,тереңдігі 230 метр болды.
4.13 Дірілге қарсы шаралар
Дірілдің төмендеуі және ескерту әдістері 2-ге бөлінеді:
1)Пассивті; 2) активті. Пассивті әдіс дірілдің техникалық және технологиялық себептеріне негізделген. Сонымен бірге дұрысталған бұрғылау агрегаттарын пайдаланған жөн. Бұрғылау қондырғысын (станогын) монтаждағанда ережені қатаң түрде сақтау керек. Және бұрғылау кезінде бүрғылау колоннасы колонкалы жиынтықтық диаметріне сәйкес келу керек, ұңғымаға да байланысты. Бұрғылау құбырлары қисық болмауы керек, оның жағдайы бұрғылау кезінде бақыланып отыруы керек. Оның негізгі ұзындығында діріл пайда болатынын ескеру керек, соңында.Колонкалы құбырдың, яғни колонкалы жиынтықты қосу үшін өзгерткіштер қолданады. Бұрғылау колоннасының төменгі бөлігінде діріл пайда болуы мүмкін. Бұларға. центраторлар, өзгерткіштер (стабилизирующие), УБТ (АБҚ), оқпан амортизаторлары.Активті әдіс дірілдің болуын ескертетін әдіс болып табылады.
4.14 Керн шығымын жоғарлату шаралары
Кен орындарын барлағанда пайдалы қазындының қандай тереңдікте жатқанын, оның қалындығын, сапасын, үстінде және астында жатқан жыныстарды, ұңғымадан шыққан керн арқылы анықтайды. Сондықтан колонкалы бұрғылаудың алдына қойылатын ең негізгі мақсат-ұңғымадан толық мағлұмат беретін жарамды керн көтеру. Тұтас жыныстарды бұрғылағанда керн көтеру онша қиын емес, кейде керн шығымы 100 %-де де жетеді, ал жүмсақ, борпылдақ, жырықшақ және уатылған жыныстардан керн көтеру үшін көпшілік жағдайда өте қиын мәселе.
Керн шығымын көтеру үшін колонкалы снарядты, болуынақажағыш материалды, жуу сұйығының сапасын дұрыс таңдай білу керек. Сонымен қатар бұрғылау жағдайына үйлесімді етіп қабылданған бұрғылау тәртібінің технологиясын муқият сақтауға, сайманның дұрыс болуына, бұрғы шеберінің тәжірибесін жоғарлатуға әрдайым көңіл бөлген жөн. Керн шығымын азайтушы себептерге оның қажалуын, уатылуын, сынуын, үгілуін, шайылуын, еруін, колонкалы снарядтың астынан түсіп қалуын жатқызуға болады.
Бұрғыланатын жыныс жұмсақ немесе қаттылығы ауыспалы және жарықшағы көп болғанда керн шығымы аз болады. Керн шығымын жоғарлату үшін мына шараларды қолдануға болады:
1.Минералды тұз секілді жылдам еритін жыныстарды, пайдалы қазындылары өзіне сәйкес келетін қыныққан тұз ертінділерімен жуып бұрғылайды.
2.Жуу сұйығының әсерінен қорғау үшін жылдам уатылатын жыныстарды бұрғылағанда:
а) коронканың диаметрі бытырамен бұрғылағанда 91 мм- ден ал қатты қорытпалы бұрғылауда 93 мм- ден кем болмауы керек;
ә) мүмкіңдігіне қарай бытырамен бұрғылауды қатты қорытпалы немесе алмаспен бұрғылауға ауыстыру керек;
б) айналу жылдамдығының 70-120 айн/мин шамасынан асырмау керек;
в) бұрғы снарядын әрлі- берлі қозғамау керек;
г) жуу сұйығының мөлшерін азайту керек;
ғ) 1 рейстегі бурғылауды 0,5-0,75 м-ден асырмау керек.
Жұмсақ борпылдақ және жарықшағы мол жыныстарда:
а) тайыз ұңғымаларды сорғышсыз тәсілмен бұрғылайды;
ә) терең ұңғымаларды қос колонкалы бұрғы снарядтармен бұрғылайды.
4.Сусымалы және байланыстары аз жыныстарды бұрғылағанда, алдымен тәжірибе жасар керн шығымы жақсы болытын тәсілді және оны орындау әдістерін тауып алады да әрі қарай бұрғылауды сол тәсіл бойынша жүргізеді.
5.Сусымалы жыныстарды бұрғылау үшін әртүрлі грунтталғыштарды қолдануға болады.
б.Өте жұмсақ рудалы минералды бұрғылағанда 2-3 жәшік қойып сынама ретінде шлам жинайды.
7.Кернді мұқият сыналау керек. Керннің сыналануын көтеру алдында тексеріп байқау керек. Ол үшін керн сыналанғаннан кейін бұрғы снарядын ақпаннан 30-40 см көтеріп, баппен қайта түсіреді.
8.Керн шығымын өсіру үшін техникалық шаралардан басқа ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту керек, яғни:
а) керн шығару процесін геологтар әрдайым бақылап отыру керек;
ә) бұрғы шеберлеріне керн шығымын жоғарлататын тәсілдерді нұсқап, оларға керннің неге керек екендігін, әсіресе пайдалы қазындылардан керн алудың маңызы өте зор екенін түсіндіріп тұру керек.
4.15 Ұңғыманың қисаюын алдын алатын шаралар. Қисаюды өлшеу.
Бұрғылау кезінде ұңғыма өзіне берілген бағыттан ауытқиды. Ауытқу тік және горизонталь бағытта болады. Мұндай ұңғыманың ауытқуын қисаю дейді. Ұңғыма оқпаның кеңістіктегі орны, оның көлбеу бұрышы немесе зенит бұрышы Ө, азимуттық бұрышы және тереңдігі арқылы анықталады.
Ұңғыманың көлбеу бұрышы деп ұңғыма өсі мен горизонталь жазықтық арасындағы бұрышты атайды. Зенит бұрышы тік бағыт пен ұңғыма өсінің арасындағы бұрыш. Көлбеу бұрыш пен зенит бұрышының қосындысы қисаю бір жызықтықтың бетінде немесе кеңістікте болуы мүмкін.
Ұңғыманың қисықтығын оның қисаю өсімталдығымен, яғни ұңғыманың зенит бұрышы мен азимуты м аралықта неше гадусқа өсетіндігімен сипатталады.
Ұңғыманың қисаюы дүрыс есептеледі, кен жатысын элементтері дұрыс анықталады және кен бетін ашатын тау кен қазбалары дұрыс жобаланады. Ұңғыма 2 түрлі себептермен қисаяды. Оларды үлкен үш топқа бөледі: а)геологиялық; ә) техникалық; б) технологиялық.
Ұңғыманы қисатпау үшін мына шараларды орындау керек:
1) Станоктың рамасын горизонталь жағдайға кілтіріп, берік іргетасқа орнатады.
2) Жетектеуші штанганы шпиндельдің үстінен 1,5 м- ден артық шығармайды.
3) Бұрғылау құбырын шпиндельдің тура ортасынан келтіріп бекітеді.
4) Бұрғылау және колонкалы құбырлардың қисайғанын пайдалануға болмайды.
5) Үлкен диаметрден кіші диаметрге ауыс қанда бұрғы снарядының құрамына бағыттағыш құбыр кіргізеді.
6) Ұзындығы 3 метрден қысқа колонкалы құбырды пайдалануға болмайды.
7) Ауырланған бұрғылау құбырларын ауырлық зіл ретінде жұмсайды.
8) Шамадан тыс осьтік салмақ және жуу сұйығын беруге болмайды.
9) Әр бір 50 метр сайын ұңғыманың қисаюын өлшеп тұрады.
10) Бұрғылау құбырларының калоннасын дұрыс центрлеу үшін олардың сыртына протекторлар кигізеді.
Ұңғыманың қисықтығын анықтау және кеңістіктегі орнын білу үшін оның зенит бұрышын және азимутын арнайы приборлармен өлшейді. Ол приборлар 2 топқа бөлінеді:
1) Ұңғыманың зенит бұрышын өлшейтін приборлар;
2) Ұңғыманың қисықтығын толық анықтайтын приборлар.
Зенит бұрышын өлшейтін приборлардың жұмысы 3 түрлі принципке негізделген: 1) плавик қышқылының әдісі; 2)электролиттік әдіс; 3) тіктеуіш әдісі.Диаметр өте кіші ұңғымалардың қисықтығын УМИ-25 инклинометрмен өлшейді.
4.16 Апатты ескерту шаралары, апатты құрал жабдықтар
Ұңғыманы бұрғылау үшін күні-түні тынбай, үзіліссіз орындалатын процестерге жатады. Кейде бұрғылаудың үзілісіне байланысты немесе басқа себептермен ұңғымада сәтсіздік туып, оның тереңдеуі тоқтап қалады. Мұндайды ұңғымада апат болды дейді. Аппаттың ең негізгі болу себебі жұмыс жасаушы бригаданың немесе оның жеке мүшесінің жұмысқа салғырт қарап дұрыс істемейді, бұрғылау процесін білмеуі, бұрғылаудың технологиялық тәртібінің бұзылуы. Калонкалы шегендеуші және бұрғылау құбырларының, сол секілді бұрғылаушы аспаппен, бұрғы ұшымен байланысты апаттар болуы мүмкін. Бұрғылау құбырларына байланысты апатты болдырмау үшін мына шараларға мұқият көңіл бөлу керек. Бұрғылау құбырларының қажалуын бақылау қажет. Апатты жою оның жолын дұрыс табуымен жою жұмысын жылдам жүргізумен тығыз байланысты. Болған апат жөнінде бұрғының аға шеберіне және бұрғы прорабына хабарланады, одан кейін мына жұмыстар жасалынады:
1) Апат болған тереңдік және қандай апат болғаны анықталады.
Аппатты жою жоспарланып, керекті аспаптар белгіленеді.
2) Егер апат жеңіл болса (бұрғылау құбыры үзілсе, бұрғы снаряды жеңіл сыналанып ұңғымада ұсталынып қалса), бригада мүшелері апатты жою жұмысына бірден кірісіп кіреді, ал кейін және күрделі апаттарды бұрғының аға шебері келуін күтеді.
3) Егер апат жеңіл болсада, ұңғымада қалған бұрғы снарядының жағдайы белгісіз болса, онда ұңғымаға мөр түсіреді.
Колонкалы бұрғылауда қолданылатын апаттық аспаптар:
1) Гидравикалы құбыр қармағыш
2) Бұрғылау құбырының таңбалығышы
3) Ұсақ заттарды көтеретін өрмек
4) Арқан ұстауға арналған штопор
5) Соққыш тоқпақ
6) Шегендеуші құбырдың ішін дұрыстайтын фрезер
7) Бұрма ілмек
