Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест хирургия 120.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
711.06 Кб
Скачать

Спонтанды пневмоторакс. Жедел іріңді плеврит. Пиопневмоторакс.

*2*18

#416

*! Оң жақ өкпенің абсцессімен стационарда ем қабылдап жатқан 36 жастағы науқас, кенеттен кеуде тұсында ауырсынудың және ентігудің туындағанына шағымданады. Қарап тексергенде терісін ылғал суық тер басқан, акроцианоз. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы бөлімдерде қораптық дыбыс, ал төменгі бөлімдерде тұйық дыбыс. Аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді.

Төменде көсетілгендер асқынулардың қайсысы болуы МҮМКІН?

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*тері асты эмфиземасы

*+пиопневмоторакс

*өкпеден қан кету

*сепсис

#417

*! 27 жасар ер адамда, бір сағат бұрын толық саулық жағдайында, кеуде қуысының сол жақ бөлімінде кенеттен қатты ауру сезімі туындады, дем жетіспегенін сезінді. Дене қызуы қалыпты. Перкуссияда сол жақ өкпе тұсында қорапты дыбыс, жүректің тұйық шекарасы оң жаққа ығысқан. Аускултацияда сол жақта тыныс естілмейді.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болуы ықтимал?

*экссудативті плеврит

*миокард инфарктісі

*өкпе туберкулезі

*+спонтанды пневмоторакс

*қысылған көкет жарығы

#418

*! 15 жасар бала, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Дене шынықтырумен айналысып жатқанда кеудесінің оң жақ бөлімінің кенеттен қатты ауырсынуы пайда болғанын, тыныс алуының қыйындауын атайды. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң өкпенің толық коллапсы анықталды.

Төмендегілердің қайсысының орын алуы ЕҢ ықтимал?

*өкпе абсцессінің жарылуы

*плевралық жабысқақтардың жыртылуы

*+өкпенің эмфизематозды буллаларының жарылуы

*туа біткен өкпенің ауалы кисталарының жарылуы

*жедел пневмония

#419

*! Рентгенологиялық тексеруде өкпенің толық коллапсымен оң жақты пневмоторакс анықталды, кеудеаралық көлеңкесі ығыспаған.

Осы жағдайда пневмоторакстың қай түрі орын алған?

*+тотальді

*субтотальді

*қабырғалық

*апикальді

*медиастинальді

#420

*! 37 жасар ер адамда, шамамен бір сағат бұрын ауыр затты көтеру барысында сол жақ кеуде бөлімінде кенеттен ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі туындаған. Сол жақ өкпе аймағында тыныс естілмейді, перкуссияда тимпанит, жүрек шекарасы шамалы оң жақа қарай ығысқан.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?

*құрғақ плеврит

*миокард инфарктісі

*+спонтанды пневмоторакс

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*экссудативті плеврит

#421

*! 27 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне жол апатынан кейін оң жақ кеуде бөліміндегі ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі шағымдарымен жеткізілген. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында қораптық дыбыс, аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң жақтан 4-5 қабырғалардың сынуы, оң жақтық субтотальды пневмоторакс анықталды.

Төмендегі берілгендердің қайсысы ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

*спонтанды пневмоторакс

*+травмадан кейінгі пневмоторакс

*гидропневмоторакс

*пиопневмоторакс

*қабырғалық пневмоторакс

#422

*! 43 жастағы ер адам, тыныс алу жүйесінің іріңді қабыну аурулары күдігімен келіп түскен.

Жедел плевра эмпиемасын анықтау үшін қандай симптомдар ЕҢ маңызды болып табылады?

*беттің және мойынның цианозы, мойын веналарының ісінуі

*кезеңдік асқынулармен ағымының ұзақ жылдарға созылуы

*қан бөлінділерімен аралас көп мөлшердегі іріңді қақырық

*+іріңді қақырықпен жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуі, кеудедегі ауру сезімі

*жиі қайталанатын, қинайтын жөтел, іріңді-қанаралас, сасық, көпіршікті сипатқа ие қақырық

#423

*! 33 жастағы ер адам, жарақат алғаннан кейін оң жақ кеуде тұсындағы ауру сезіміне, ентігуге, ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген. Терісінің түсі бозарған, бет әлпетінен қорқыныш үрей байқалады. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы жағында қораптық дыбыс, ал төменгі тұсында дыбыстың тұйықталу анықталады. Аускультацияда оң өкпеде тыныс шуылдары естілмейді.

Төмендегі берілген алдын ала қойылатын диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

*спонтанды пневмоторакс

*+гемопневмоторакс

*гидропневмоторакс

*пиопневмоторакс

*реактивті плеврит

#424

*! Рентгенологиялық зерттеу барысында оң жақ өкпе ұшының пневмотораксы анықталған, кеудеаралықтың көлеңкесі ығыспаған.

Пневмоторкстың қандай түрінің орын алуы ЕҢ ықтимал?

*медиастинальды

*қабырғалық *субтотальды *+апикальды *тотальды

#425

*! Төменде берілгендердің қайсылары өкпе ісіктері мен іріңді ауруларының салыстырмалы диагностикасында ЕҢ маңызды орын алады?

*дұрыс жиналған анамнез, рентгенологиялық зерттеу әдістері

*рентгенологиялық зерттеу әдістері, туберкулинді сынақтар

*туберкулинді сынақтар, эндоскопиялық әдістер

*+эндоскопиялық әдістер, рентгенологиялық зерттеу әдістері

*термография, дұрыс жиналған анамнез, рентгенологиялық зерттеу әдістері

#426

*! 56 жастағы әйел, оңжақтық экссудативті плеврит диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Рентгенологиялық зерттеу барысында оң жақта бөлік аралық тұста көлеңкелену белгілері анықталған.

Плевриттің қандай түрінің болуы ЕҢ ықтимал?

*медиастинальды

*қабырғалық *базалды

*апикалды

*+бөлікаралық

#427

*!28 жастағы пациент оң жақты экссудативті плеврит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Плевра қуысына пункция жасалып, серозды сұйықтық алынды.

Диагнозды нақтылау үшін плевра сұйықтығының қандай лабораториялық көрсеткіштерін бағалаудың маңызы зор?

*+цитологиялық құрамы, салыстырмалы тығыздығы, биохимиялық құрамы

*иісі, сүйықтықтың мөлшері

*тромбоциттер мен лейкоциттердің саны

*кетондар, метаболиттер, электролиттердің болуы

*гемоглобин саны

#428

*!37 жастағы пациентті қарап тексеру нәтижесіне сүйеніп плевра эмпиемасы диагнозына күдік туды.

Қандай клиникалық белгілер плевра эмпиемасына күдіктенуге негіз болды?

*науқастың «ванька-встанька» түріндегі мәжбүр қалпы, құсу, жүрекқағуы

*таңертеңгі уақыттарда көп мөлшердегі 400 мл дейін қақырықтың бөліну, саусақтардың «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» секілді өзгеруі

*физикалық дамудың артта қалуы, кеуде торының деформациясы, ентігу, мұрын ерін үшбұрышының цианозы

*қан қақыру, инспираторлық ентігу, аяқтардың ісінуі

*+жөтел, зақымдану жағындағы ауырсыну, іріңді улану белгілері, науқастың мәжбүр қалпы

#429

*!41 жастағы ер адам, стационарда жедел жайылмалы панкреонекроз диагнозымен стационарда ем қабылдауда. Емдеу барысында кеуде торының сол жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Кеуде торын перкуссиялағанда сол жақтың төменгі бөлімдерінде перкуторлық дыбыстың тұйықталу анықталады, аускультацияда тыныс шулары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенографиясында – сол жағында гомогенді қиғаш көлеңке анықталады.

Төмендегілердің қайсысы панкреонекроздың асқынуы болуы мүмкін?

*көкеттің сол жақ күмбезінің релаксациясы

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*қабырғааралық невралгия

*+реактивті плеврит

*көкет жарығы

#430

*!27 жастағы ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне ентігуге, әлсіздікке, жөтелге шағымданып келді. Қарап тексеру барысында науқастың саусақтары «барабан таяқшалары» және тырнақтары «сағат шынысы» секілді деформацияланғаны анықталды.

Жоғарыдағы анықталған белгілер қандай патологияға тән?

*туберкулезге

*актиномикозға

*жүрек ақауларына

*+бронхоэктатикалық ауруға

*спонтанды пневмотораксқа

#431

*!69 жастағы қарт кісі, емханадағы дәрігер хирургқа іріңді қақырыққа, ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді. Сырқаттанғанына 3 айдың шамасы болған. Аурудың басталуын суық тиюімен байланыстырады. Тексеруден соң «плевраның созылмалы эмпиемасы» диагнозына күдіктенген.

Осы жағдайда диагнозды нақтылай үшін төмендегі зерттеулердің қайсысының ақпараттылығы ЕҢ жоғары?

*бронхоскопия

*плевра қуысының пункциясы

*+плеврография

*бронхография

*рентгенография

#432 *! 53 жастағы ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне кеуде тұсындағы ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне, ентігуге, әлсіздікке, жөтелге шағымданып келді. «Оң жақтық плевра эмпиемасы» алдын ала диагнозы қойылды.

Плевра эмпиемасын төмендегі аурулардың қайсысымен дифференциалды диагностика жүргізген орынды?

*өкпенің созылмалы обструктивтік ауруымен

*пневмосклероз және өкпенің эмфиземасымен

*өкпенің актиномикозі және пневмоканиозбен

*жүректің туа біткен ақауларымен

*+крупозды пневмониямен

#433

*!Пациент Н., 22 жаста, гангренозды аппендицит диагнозымен стационарда ем қабылдауда. Ота барысында құрт тәрізді өсіндінің атипті (бауыр асты) орналасуы анықталған, аппендэктомия техникалық қиындықтармен орындалды. Отадан кейінгі 7 тәулікте кеуде торының оң жағының ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы, ентігу, терлеу пайда болды. Кеуде торының перкуссиясында оң жағының төменгі бөлімдерінде – дыбыстың түйықталғаны анықталады, аускультацияда тыныс шулары естілмейді. Кеуде торының рентгенограммасында – оң жақта қиғаш гомогенді көленке анықталады.

Төмендегілердің қайсысы деструктивті аппендициттің ЕҢ мүмкін болатын асқынуы болып табылады?

*көкеттің оң жақ күмбезінің релаксациясы

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*қабырғааралық невралгия

*+реактивті плеврит

*көкет жарығы