Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест хирургия 120.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
711.06 Кб
Скачать

Өңеш аурулары және зақымданулары

#1147

*!Психоневрологиялық диспансерде емделіп, тіркеуде тұрған 39 жастағы науқас металлды затты (түйреуіш) жұтып қойды. Эзофагографияда бөгде зат өңештің төменгі үштен бір бөлігінде табылды.

Төменде берілгендердің қайсысы ЕҢ маңызды емдеу тәсілі болып табылады?

*+бөгде затты алып тастау

*өңешті буждау

*спазмолитиктерді қабылдау

*асқазанды шаю

*анальгетиктерді қабылдау

#1148

*!27 жастағы әйел жұтынудың қиындауына, жұтынғанда тамағының тығындалуы сезіміне, алдын қабылдаған тағамның регургитациясына шағымданады. Сөзіне қарағанда су ішкенде шұрылдар естіледі.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған жөн?

*+рентген контрасты зерттеу

*радионуклеидті зерттеу

*эзофагоскопия

*медиастиноскопия

*торокоскопия

#1149

*!37 жастағы әйел, клиникаға қою тамақ (ет) ішкеннен кейін төс артындағы ауырсыну сезіміне шағымданып түсті. Эзофагоскопияда өңештің төменгі 1/3 бөлігінде бөгде зат бар екені анықталды.

Төмендегі көрсетілген емдеу шараларының қайсысы науқас үшін ЕҢ бірінші кезекте жасалуы тиіс?

*+бөгде затты алып тастау

*спазмолитиктерді қабылдау

*асқазанды шаю

*анальгетиктерді қабылдау

*антацидтерді қабылдау

#1150

*!28 жастағы пациент клиникаға қою тамақтың өңештен қиындықпен өтуіне, әлсіздікке, ауыздағы жағымсыз иіске шағымданды. Анамнезінде 6 жыл бойы рефлюкс-эзофагитпен зардап шегеді. Эзофагографиядан өңештің төменгі үштен бір бөлігінің тарылуы, контрастық заттың асқазанға жіңішке ағыспен ағып тұрғаны анықталды. Эзофагоскопия арқылы өңештің дистальдық бөлімінің тарылуы және өңештің қабырғасының супрастеноздық кеңейгені анықталды.

Қандай консервативтік емді қолданған ЕҢ тиімді?

*стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

*+өңешке баллонмен дилатация жасау

*антацидты дәрілерді қолдану

*аналгетиктерді қолдану

*зондпен тамақтану

#1151

*!25 жастағы ер адам, клиникаға әлсіздікке, қыжылға, төс артындағы ауру сезіміне, ауамен кекіруге шағымданып түсті. Эзофагоскопияда рефлюкс-эзофагит, кардиоэзофагиальды аймақта нүктелі эрозиялар анықталды. Эзофагографияда контрастық заттың өңешке кері регургитациясы анықталды.

Науқасқа қандай емді тағайындаған тиімді?

*+антацидты препараттарды, көмкергіш (обволакивающие) препараттарды қабылдау

*стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

*диета ұстау(қуырылған тағамды жоққа шығару)

*паравертербральды блокада жасау

*физикалық жүктемені шектеу

#1152

*!35 жастағы науқас клиникаға тамақ қабылдағаннан кейін төс артындағы ауырсынуға және бөгде зат тұрған сезіміне, әлсіздікке, ауыздағы жағымсыз иіске шағымданды. Эзофагографияда өңештің сыртына шығып тұрған, домалақ пішінді түзіліс анықталды. Эзофагоскопияда жұтқыншақтың өңешке өтетін тұсында қапшық сияқты ауа инсуффляция кезінде жайылатын қуыс анықталды.

Ұсынылатын ЕҢ тиімді емдеу тәсілі?

*стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

*диета ұстау (қуырылған тағамды жоққа шығару)

*физикалық жүктемені шектеу

*+дивертикулэктомия жасау

*антацидты дәрілерді қолдану

#1153

*!47 жастағы пациент клиникаға қою тамақтың өңештен қиын өтуіне шағымданып түсті. Анамнезінде 1 жыл бұрын өңештің химиялық күйігінен ауруханада емделген. Эзофагографияда өңештің төменгі үштен бір бөлігінің тыртықты тарылуы, контрасты заттың асқазанға жіңішке ағыспен өтуі байқалады.

Қандай консервативтік емді қабылдаған жөн?

*стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

*антацидты дәрілерді қолдану

*аналгетиктерді қолдану

*зондпен тамақтану

*+өңешті буждау

#1154

*!35 жастағы ер адам төс артындағы ауырсыну, күйдіру сезіміне, ауамен кекіруге, мерзімді құжылға шағымданды. Эзофагографиядан туа біткен қысқа өңеш анықталды. Бірнеше рет консервативтік ем қабылдаған, бірақ емнің әсері болған жоқ.

Қандай хирургиялық емді қолданған тиімді?

*+ниссен бойынша фундопликациясы

*асқазан резекциясы

*өңеш резекциясы

*кардиомиотомия

*льюс типті ота

#1155

*!29 жастағы әйел байқамай 50 мл сірке қышқылын ішіп қойғаннан кейін, жұтынған кездегі кеуде қуысындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға шағымданумен жеткізілді.

Қандай емдеу тәсілін қолданған тиімді?

*+парентералдық қоректендіру, антибиотиктер, уытсыздандыру (дезинтоксикация)

*асқазан резекциясы

*кардиодилатация

*өңеш резекциясы

*буждау

#1156

*!38 жастағы әйел, ауруханаға кеуде торының жабық жарақатымен жеткізілген. Эзофагоскопияда өңештің кеуде бөлігінің тұсында шырышты қабаттың кішігірім жарылулары анықталған.

Қандай емді қабылдаған жөн?

*+консервативті терапия

*өңеш жарылуларын тігу

*өңешті буждау

*Блэкмор зондын орнату

*өңеш резекциясы

#1157

*!Өңештің химиялық күйігінен кейінгі тыртықты тарылуымен консервативті ем алып жатқан 44 жастағы пациентте, өңешті буждау барысында өңештің тесілгені анықталды.

Қандай емдеу тәсілін ЕҢ бірінші кезекте қолданған жөн?

*стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

*+шұғыл хирургиялық ем

*өңешті буждауды жалғастыру

*аналгетиктерді қолдану

*зондпен тамақтану

Асқазан мен он екі елі ішек ойық жараларының асқынулары

#1158

*!Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқасты, соңғы жылдары эпигастрий аймағындағы тұрақты және қиын басылатын ауру сезімі мазалайтынын, оның үстіне аурудың өршуі «өзінің» арнайы кезеңділігі мен мезгілділігін жоғалтқандығын, тәбетінің төмендегенін байқаған.

Төменде көрсетілген белгілер ойық жараның қандай асқынуларын дәлелдейді?

  • жарадан жасырын қан кету

  • тығындалған ойық жараның перфорациясы

  • тыртықты тарылудың дамуы

  • аурудыңрегрессиясы

  • +ойық жараның малигнизациясы

#1159

*!Асқазанның рентгенологиялық суретінде шеті тегіс емес шырышты қабатынан шығып тұратын терең ойық жаралық ойылу анықталады, ал асқазан пішіні каскад тәрізді өзгеріске ұшыраған.

Асқазанның НЕҒҰРЛЫМ қандай асқынуы болуы мүмкін?

*анықталған көріністердің диагностикалық маңызы жоқ

  • +бауырдың сол жақ бөлігіне ойық жараның пенетрациялануы

  • гипертрофиялық гастриттің дамуы

  • ойық жараның өршуі

  • ойық жараныңмалигнизациясы

#1160

*!Науқас 52 жаста, эпигастрийдегі ауырлық сезіміне, тез қанығуға, сасық иіспен кекіруге, жақын арада ішкен тамағымен көп мөлшерде құсуға, айтарлықтай арықтауына шағымданып емханаға келді. Анамнезінде: 7 жылдан бері ойық жарамен ауырған, бірнеше рет амбулаторлы ем қабылдаған.Объективті: жүдеген, терісі құрғақ, терісінің серпімділігі төмендеген, Хвостек, Труссо белгілері анықталады. Іші жұмсақ, «шылпыл шуылы» естіледі.

Ойық жараның қай асқынуы туралы ойлауға болады?

  • +пилородуоденальді стеноз

  • қан кету

  • малигнизация

  • тесілу

  • пенетрация

#1161

*!Хирургияның қабылдау бөліміне 40 жастағы ер адам жүрек айнуына, эпигастрий және оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезіне шағымдалып түсті, ауру сезімі арқаға біріледі.Анамнезінде кезеңді түрде түнгі және қарны аш кезінде «аштық» ауруы мазалайды екен. Науқас оны ас содасын қабылдаумен өзі басады, ауруы мерзімдік сипатқа ие. Қарап тексергенде терісі қалыпты түсте, ішінің сырт бейнесі өзгермеген, пальпация жасағнда жұмсақ, эпигастрий және оң жақ қабырға асты ауырады. Құрсақ қуысының УДЗ: іште еркін сұйықтық анықталмайды, өт қабы өзгеріссіз, ұйқы безі үлкеймеген, контуры анық. Диастазасы қалыпты.

Қандай диагноз НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

  • он екі елі ішектің перфоративті ойық жарасы

  • жедел панкреатит

  • ойық жара малигнизациясы

  • +ойық жара пенетрациясы

  • гастрит

#1162

*!Ауруханаға 49 жастағы ер адам орташа ауырлық жағдайында, көп реттік құсу және сасықиіспен кекіруіне шағымданып түсті. Айқын әлсіздік байқалады.Анамнезінде 10 жыл бойы ойық жарамен ауырған. Эпигастрийде «шылпылы шуылы», «тамған су тамшысы» симптомы және іштің кебуіанықталады.

Науқасқа ЕҢ алдымен қандай тексеру әдісін тағайындайсыз?

  • құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

  • +асқазан рентгеноскопиясы

  • құрсақ қуысын УДЗ

  • дуоденоскопия

  • ЭФГДС

#1163

*!Ауруханаға 55 жастағы ер адам, бір апта бұрын жеген тамағымен құсқандығы туралы шағымданып түсті. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары құрғаған, гемотокрит 55%. Анамнезінде ұдайы ауру сезімі және ол соңғы уақытта эпигастральды аймақтағы ауырлық сезіміне ауысатынын байқаған. Бұрын тексерілмеген. Асқазан рентгеноскопиясында асқазанының айқын үлкейгендігі байқалады.

Көрсетілген симптомдар қандай патологиялық жағдайға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес

келеді?

  • +электролит бұзылысы

  • бауыр құрылысының бұзылысы

  • гипергликемия

  • гипертензия

  • қызба

#1164

*!Аурухананың қабылдау бөліміне 65 жастағы ер адам шіріген жұмыртқа иісі бар тағамды құсуға, асқазаны толып тұрғандай сезімге, тәбетінің болмауына, әлсіздікке, тырысуларға шағымданып түсті. Он екі елі ішектің ойық жарасымен бірнеше жыл бойы ауырған, толық және тұрақты емделмеген.Соңғы уақыттарда жағдайы нашарлаған: құсуы жиілеген, аз мөлшерде тағам қабылдағанның өзінде эпигастрий аймағында кернеп тұратын ауру сезімі мазалайды, айтарлықтай арықтап салмағын жоғалтқан. Қарап-тексергенде: жүдеген, терісінің серпімдіілгі төмендеген, Хвостек, Труссо симптомдары оң. Тілі құрғақ. Іші жұмсақ, көзге көрінетін асқазан перистальтикасы, іш астардың тітіркену белгілері жоқ. Пальпацияда іш катайған. Бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Төменде көрсетілген диагноздардың кайсысы болу мүмкін?

    • перфорацияланған ойық жара

    • ойық жара малигнизациясы

    • жедел панкреатит

    • пенетрация

    • +стеноз

#1165

*!Он екі елі ішек ойық жарасымен ауырған әйел адамда орташа дәрежедегі қарқынды қан кетуі (F1 А) және пилородуоденальді стенозы бар. Ойық жаралық анамнезі 12 жылдан бері.

Осындай клиникалық жағдайлар кезінде қандай ТИІМДІ емдеу тактикасын қолданған дұрыс?

  • айналымдағы қан көлемін толықтыру және гемодинамика көрсеткіштерін бір деңгейде ұстауға бағытталған консервативті ем

  • интенсивті операция алдылық дайындықтан кейінгі жедел операция

  • +өміріне қауіп төну көрсеткіштері бойынша шұғыл операция

  • кейінге шегерілген операция

  • жоспарлы операция

#1166

*!Он екі елі ішек ойық жарасымен ауырған 38 жастағы әйел адамда орташа дәрежедегі қарқынды қан кетуі (F1 А) және пилородуоденальді стенозы бар. Ойық жаралық анамнезі 9 жылдан бері, ауруханада бірнеше рет емделген.

Осындай клиникалық жағдайлар кезінде жасалатын тиімді емдік шара?

  • айналымдағы қан көлемін толықтыру және гемодинамика көрсеткіштерін бір деңгейде ұстауға бағытталған консервативті ем

  • интенсивті операция алдылық дайындықтан кейінгі жедел операция

  • +өміріне қауіп төну көрсеткіштері бойынша шұғыл операция

  • кейінге шегерілген операция

  • жоспарлы операция

#1167

*!Хирургияның қабылдау бөліміне 68 жастағы ер адам әлсіздікке, тәбеттің болмауына шағымданып түсті. Анамнезінде 10 жыл бойы он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырған, осы жыл ішінде дене салмағының айқын төмендеуі, дәм сезудің өзгеруі, себепсіз әлсіздік пайда болған. Асқазанды рентгенологиялық зерттегенде үлкен иінінде толу дефектісі анықталады.

Анықталған көріністер ҚАНДАЙ асқынудың пайда болғанын дәлелдейді?

*анықталған көріністердің диагностикалық маңызы жоқ

*жараның ұйқы безіне пенетрациясы

*гипертрофиялық гастриттің дамуы

*ойық жараның өршуі

*+жараның малигнизациясы

#1168

*!Хирургияның қабылдау бөліміне 42 жастағы ер адам эпигастрий тұсындағы белдемелі тұрақты ауру сезіміне, құсуға шағымданып жеткізілді. Анамнезінде 6 жыл бойы он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырған, ауру сезімі мезгілдік және «түнгі» сипатынан айырылған. Асқазанды рентгенологиялық тексергенде шеті бұлтиып шырышты қабаттан шығып тұрған, тегіс емес терең ойық жара анықталады.

Анықталған көрініс ҚАНДАЙ асқынудың бар екенін көрсетеді?

*анықталған көріністердің диагностикалық маңызы жоқ

*+жараның ұйқы безіне пенетрациясы

*гипертрофиялық гастриттің дамуы

*ойық жараның ушығуы

*жара малигнизациясы