Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест хирургия 120.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
711.06 Кб
Скачать

Перитонит

#572

*!Перфоративті аппендицитке байланысты операция жасалынған науқаста динамикада іштің жоғарғы оң жақ жартысында ауру сезімі және қалтырау пайда болды. Қан талдамасында лейкоцитоз 18,0х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Құрсақ қуысының УДЗ-де диафрагма астындағы кеңістігінде сұйықтықты түзіліс анықталған.

Төменде аталғандардың қайсысы операциядан кейінгі асқынуларға ТӘН болып табылады?

*оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

*+абсцесс

*жедел холецистит

*жедел панкреатит

*он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы

#573

*!Науқас К., 19 жастағы, іштегі жайылмалы ауру сезіміне, жеңілдік алып келмейтін құсуға шағымданып түсті. Жағдайының нашарлауы 18 сағат аралығында болған. Өз еркімен кетонал, спазмалгон дәрілерін қабылдаған жағдайы уақытша жақсарған. Іш аздап үрленген, қатайған, барлық аймақта ауру сезімді, ішек перистальтикасы әлсізденген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ректальды зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі, салбырауы анықталады.

Төменде аталғандардың қайсысы перитониттің себебі болуы мүмкін?

*+жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*асқазан ойық жарасының тесілуі

*жедел аднексит

*жедел ішек түйілуі

#574

*!Науқас А., 48 жаста, стационарда жедел панкреатит диагнозымен ем қабылдауда. Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған, дене температурасы жоғарлаған, ауру сезімі іштің барлық аймағында таралған. Қарау барысында іш үрленген, қатайған, барлық аймақта ауру сезімді. Кейбір аймақтарда перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Құрсақ қуысының УДЗ-де барлық бөлімінде бос сұйықтық анықталады.

Аталған ақынулардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?

*он екі елі ішектің ойық жарасы, диффузды перитонитпен тесілумен асқынған

*+панкренекроз, перитонит

*ұйқы безініңбасынапенетрацияланған асқазан ойық жарасы

*жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, диффузды перитонит

*жеделгангренозды-перфоративті холецистит, диффузды перитонит

#575

*!Науқас, 24 жаста, қабылдау бөліміне он екі елі ішектің перфоративті ойық жарасымен түскен. Пальпацияда: эпигастрий аймағын терең басып, қолды тез алғанда ауру сезімінің күшейгені байқалады.

Атаған белгілер қай симптомға тән?

*Кохер-Волкович

*Ситковский

*Ровзинг

*Воскресенский

*+Щеткин-Блюмберг

#576

*!Жедел аппендицит диагнозымен науқасқа операция жасалынған. Құрсақ қуысының ревизиясында фибрин шөгіндісімен, иісі бар бұлыңғыр сұйықтық анықталады.

Сұйықтық сипатына байланысты перитонит типін анықтаңыз:

*серозды-фибринозды

*+ірінді-фибринозды

*фибринозды

*серозды

*іріңді

#577

*!Науқас Ж., 30 жаста, гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалынған. Операциядан кейін 4 күні жағдайы нашарлап, іштің төменгі бөлігінде ауру сезім, тенезмдер, пайда болған, кешке қарайдене температурасы 39,00С дейін көтерілген. Per rectum зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі және салбырауы анықталады.

Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?

*+кіші жамбас абсцессі

*диафрагмаастылық абсцесс

*периаппендикулярлы абсцесс

*жайылмалы перитонит

*бауырастылық абсцесс

#578

*!Жедел странгуляционды ішек түйілуіне байланысты науқасқа операция жасалынған. Құрсақ қуысының ревизиясы барысында іріңді сұйықтықтың мезо- және гипогастрийге жайылуы байқалады.

Таралу деңгейіне байланысты перитониттің қай түрі болуы мүмкін?

*жергілікті шектелген

*жергілікті шектелмеген

*+диффузды

*жайылмалы

*тотальді

#579

*!Жедел деструктивті аппендициттен кейінгі перитонитке байланысты лапаротомия жасалған науқаста 6-шы күні іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі, тенезмдер, дизуриялық көріністер пайда болды. Дене температурасы кешке 38,50С. Іш жұмсақ, қасаға үстінде аздап ауырады. Ректальды зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы кенеттен ауыратын инфильтрат сезіледі. Қан анализінде лейкоцитоз 17,0х109/л дейін, ЭТЖ - 32 мм/ч.

Төменгі аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?

*кіші жамбастағы түзіліс

*ілмекаралық абсцесс

*+кіші жамбастағы абсцесс

*сепсис

*периаппендикулярлы абсцесс

#580

*!Науқасқа перитонитке байланысты операция жасалған. Құрсақ қуысының ревизиясында үлкен май шарбысында және жіңішке ішектің серозды қабатында ақшыл бөртпелер, жіңішке ішектің шажырақайында казеозды сүзбе тәрізді қоспа анықталды.

Аталған жағдайда перитониттің қай түрі болуы мүмкін?

*криптогенді *мерездік

*фибропластикалық

*+туберкулезді

*гранулематозды

#581

*!Ішек резекциясыннан кейін 5 тәулікте науқаста іштің өткір ауру сезімі пайда болды. Қарап тексеру барысында іш аздап үрленген, тыныс алуға қатыспайды. Пальпацияда кенеттен қатайған, іштің барлық бөлімдері ауырады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң.

Төмендегі аталған асқынулардың қайсысы дұрыс?

*+ішекаралық анастомоздардың боап кетуі

*ерте операциядан кейінгі ішек түйілуі

*реактивті панкреатит

*сыртқы эвентрация

*қалыптасқан ілмекаралық абсцесс

#582

*!Науқас А., 43 жаста, іштің барлық аймағындағы ауру сезіміне, құсуға, нәжіс және газ болмауына, ауыздың құрғауына шағымданып, аурудың басталғанынан 36 сағаттан кейін келді.Объективті: тері жабындылары бозарған, құрғақ, тері тургоры төмендеген. Тіл құрғақ, жабындалған. Іш үрленген, барлық аймақта ауру сезімді. Аускультацияда ішек перистальтикасы естілмейді.

Аталған жағдайда перитониттің қандай сатысы орын алған?

*обортивті

*+токсикалық

*прогрессирленген

*реактивті

*терминальды

#583

*!Науқас 57 жаста хирургиялық стационарға психомоторлы қозғыштықпен сандырақтау жағдайының ауысуымен жеткізілген. Объективті зерттеу мәліметтері бойынша науқаста акроцианоз,мұрын және аяқ-қол ұштарының көгеруі байқалады. Бет әлпеті үшкірленген, «Гиппократ беті». Клиника-лабораториялық мәліметтер бойынша көпмүшелі жетіспеушілік анықталды.

Аталған жағдайда перитониттің қандай сатысы орын алған?

*субкомпенсация сатысы

*токсикалық саты

*реактивті саты

*+терминальді саты

*екінші саты

#584

*!Науқас Е., 22 жаста, іштің барлық аймағындағы ауру сезіміне, ауыз құрғауына, лоқсуға шағымданып түсті. Аурудың басталуын биіктіктен құлаумен байланыстырады. Мәжбүрлі жартылай отырған қалпы назар аудартады. АҚ 80/50мм.с.б. Пульс минутына 112 рет. Іші кенеттен қатайған, барлық аймағында ауру сезімді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализінде — эритроциттер- 2,2х1012/л. Гемоглобин- 86г/л.

Перитониттің дамуына не себеп болуы мүмкін?

*+паренхиматозды ағзаның жарылуы, гемоперитонеум.

*құрсақтан тыс гематома

*қуық қапшығының жарылуы

*өт қапшығының жарылуы

*гематоракс

#585

*!Науқас, 29 жаста, іштің жабық жарақатына байланысты шұғыл түрде операцияға алынды. Ревизия барысында кіші жамбаста және мезогастрийде зәр иісі бар, серозды ақшыл сұйықтық анықталды.

Сұйықтық сипатына байланысты перитониттің қандай түрі болуы мүмкін?

*+асептикалық

*гранулематозды

*фибропластикалық

*іріңді

*эхинококкты

#586

*!Науқас Р., 43 жаста, жол-көлік оқиға орнынан іштің жабық жарақатымен жеткізілді. Лапароцентез жүргізу барысында өт араласқан сұйықтық алынды.

Перитониттің дамуына не себеп болуы мүмкін?

*бауырдың жарылуы

*+өт қапшығының жарылуы

*қуық қапшығының жарылуы

*мықын ішектің жарылуы

*ұйқы безінің жарылуы

#587

*!Науқас 48 жастағы стационарға жеткізілген, жағдайы өте ауыр, тежеулі. Бет әлпеті үшкірленген, акроцианоз,мұрын және аяқ-қол ұштарының көгеруі байқалады. Клиника-лабораториялық мәліметтер бойынша көпмүшелі жетіспеушілік анықталды.

Перитониттің қандай сатысы болуы мүмкін?

*субкомпенсация сатысы

*токсикалық саты

*реактивті саты

*+терминальді саты

*екінші саты

#588

*!Науқас, 19 жаста хирургиялық стационарға жедел деструктивті аппендицит диагнозымен тускен. Гипогастрий аймағында пальпация барысында терең басып, қолды тез алғанда ауру сезімінің күшейгені байқалады.

Аталған симптомдардың қайсысы дұрыс?

*+Щеткина-Блюмберга

*Кохера-Волковича

*Ситковского

*Ровзинга

*Воскресенского

#589

*!Науқас О., 25 жаста, гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалынған. Операциядан кейін 4 күні жағдайы нашарлап, іштің төменгі бөлігінде ауру сезім, тенезмдер, пайда болған, кешке қарай дене температурасы 39,00С дейін көтерілген. Per rectum зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі және салбырауы анықталады.

Аталған болжама диагноздың қайсысы дұрыс болып табылады?

*бауырастылық абсцесс

*диафрагмаастылық абсцесс

*+кіші жамбас абсцессі

*периаппендикулярлы абсцесс

*жайылмалы перитонит