Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест хирургия 120.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
711.06 Кб
Скачать

Іштің сыртқы жарықтары

*2*15*

#452

*!Хирургия бөліміне оң жақ шап жарығы диагнозымен 50 жастағы ер адам түсті. Жарықты пальпация арқылы тексеру барысында жұмсақ консистенциялы құрылым сезіледі, ал перкуссия барысында перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны анықталады.

Жарық қабының ішінде қандай ағза болуы мүмкін?

*ұйқы безі

*соқыр ішек

*аш ішектің ілмегі

*сигма тәрізді ішек

*+үлкен шарбы май

#453

*! 28 жастағы әйел, кіндік аймағындағы томпаюға шағымданады. Қарап тексергенде кіндік аймағында 4,0смх3,5см өлшемді жарық анықталады, маңындағы тері жабындыларының түсі өзгермеген, пальпация кезінде түзіліс жұмсақ–эластикалық, перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс естіледі.

Жарық қабының құрамында қандай ағза болуы мүмкін?

*үлкен шарбы май

*ұйқы безі

*бауыр

*+ішек ілмектері

*қуық

#454

*!35 жастағы ер адамға, қысылғанына 8 сағат болған шап жарығына операция жасалған. Жарық қабында аш ішектің өмірге бейімді 2 ілмегі анықталған. Қысылған сақинаны кескенде оларды байланыстыратын ішек ілмегі іш қуысында орналасқан.

Осы жағдайда қысылудың қандай түрі болуы мүмкін?

*+ретроградты

*қабырғалық

*Рихтерлік

*сырғушы

*нәжістік

#455

*!Хирургияның қабылдау бөліміне оң жақ шап жарығымен 67 жастағы ер адам келіп түсті.

Қарау кезіндегі анықталатын диагностикалық белгі?

*жейде

*шалпыл шуы

*+жөтел түрткісі

*бауырлық тұйықталу

*құлаған тамшы

#456

*!72 жастағы әйелде, холецистэктомия операциясынан кейін созылмалы бронхиттың өршуі орын алған және операциядан кейінгі жарасы екіншілік жазылумен бітуде.

Тізімдегі асқынулардың ішінен ЕҢ алдымен не пайда болуы мүмкін?

*метеоризм

*копростаз

*ішек салдануы

*ішектің түйілуі

*+операциядан кейінгі жарық

#457

*!62 жастағы ер адам, оң жақ шап аймағында ауыр салмақ көтерген соң пайда болған томпаюға шағымданады. Қарап тексерденде қатайған, тығыздалған жарықтық түзіліс анықталады.

Тізімдегі асқынулардың ішінде ең алдымен қандай асқыну болуы мүмкін?

*копростаз

*эвентрация

*ішек инвагинациясы

*+жарықтың қысылуы

*соқыр ішектің айналуы

#458

*!35 жастағы ер адам, оң жақ шап аймағының ісік тәрізді түзілісіне шағымданады. Науқасты тік тұрғызып қарап тексергенде жұмсақ эластикалық пішіні сопақ түзіліс анықталады. Науқастың жатқызып қарағанда томпаю өздігінен құрсақ қуысына енеді.

Тізімдегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*лимфаденит

*варикоцеле

*гидроцеле

*+жарық

*липома

#459

*!Хирургияның қабылдау бөліміне ішінің ауруына, үлкен дәреттің болдмауына шағымданып 70 жастағы ер адам келді. Диагностикалық лапароскопия кезінде шажырақайдың жабысқан сызығына қарама-қарсы орналасқан ішек қабырғасы бөлігінің қысылғаны анықталды.

Осы жағдайда қысылудың қандай түрі болуы мүмкін?

*нәжістік

*эластикалық

*ретроградты

*+рихтерлық

*комбинирленген

#460

*! 32 жасар ер адам, 1 жыл бойы оң жақ шап жарығымен зардап шегеді. Стационарға түскенге дейін 2 сағат бұрын, жиһаз қозғалту кезінде жарық аймағындағы ауру сезімі кенеттен пайда болған. Қарап тексергенде жарық көлемі 6,0х4,0 см, қатайған, ауру сезімін береді және құрсақ қуысына енбейді.

Тізімдегі асқынулардың ішінде ЕҢ алдымен қандай асқыну болуы мүмкін?

*қабыну

*+қысылу

*копростаз

*перитонит

*орнына енбеуі

#461

*!60 жастағы әйелде асцит әсерінен іші үлкейген, іші пальпацияда ауру сезімсіз, жұмсақ, кіндік аймағында 6,0х6,0см құрсақ қуысына еркін енетін жарықтық томпаю анықталады. Анамнезінде декомпенсация сатысындағы бауыр циррозы бар.

Осы жағдайда қандай емдік тактика іштің жарығына ЕҢ тиімді?

*диагностикалық лапароскопия

*жоспарлы герниопластика

*жедел герниопластика

*+консервативті ем

*лапароцентез

#462

*!29 жастағы ер адам сол жақ шап аймағындағы томпаюға шағымданып хирургқа келді. Қарап тексергенде 8,0х4,0см томпаю анықталады, жөтелгенде ұмаға түседі.

Тізімдегі болжама диагноздар ішінен қайсысы болуы мүмкін?

*+сол жақтық орнына енетін қиғаш шап жарығы

*сол жақтық қысылған қиғаш шап жарығы

*орнына келетін тік шаптық жарық

*сол жақтық жамбастық жарық

*қысылған жамбастық жарық

#463

*! 38 жаста ер адам, оң жақ шап аймағында шап байламының үстіндегі сопақ пішінді томпаюға шағымданады. Қарап тексергенде жөтел түрткісі симптомы оң.

Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

*сан жарығы

*тік шап жарығы

*+қиғаш шап жарығы

*енбейтін шап жарығы

*сырғымалы шап жарығы

#464

*!55 жастағы ер адамға, шап аймағындағы жарыққа байланысты операция жасалып жатыр. Жарық қапшығын ажырату кезінде оның бір қабырғасын қуық құрағаны анықталды.

Тізімдегілер ішінен жарықтың қандай түрі болуы мүмкін?

*+сырғымалы жарық

*ретроградты қысылу

*қабырғалық қысылу

*шап-ұмалық жарық

*Литтре жарығы

#465

*! 60 жастағы әйел, сол жақ шап аймағындағы ауру сезіміне және томпаюдың пайда болғанына шағымданады. Қарап тексергенде шап байламының төменгі жағында диаметрі 3,5см түзіліс анықталады. Пальпация кезінде консистенциясы тығыз эластикалық, құрсақ қуысына жеңіл енеді.

Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+сан жарығы

*Литтре жарығы

*тік шап жарығы

*қиғаш шап жарығы

*сырғымалы шап жарығы

#466

*Науқас А. 70 жаста, шап жарығы клиникасымен ауруханаға түсті. Жарықтық томпаюды басқанда несеп шығарғысы келеді.

Сыртқы жарықтың қандай түрі болуы мүмкін?

*Литтре жарығы

*тік шап жарығы

*қиғаш шап жарығы

*қысылған сан жарығы

*+сырғымалы шап жарығы

#467

*! Науқас 45 жаста, операциядан кейінгі тыртықтың бойындағы жарықтың томпайып шығуына, ауру сезіміне, қызаруына, тығыздануына, дене қызуының 39ºС дейін көтерілуіне, қалтырауына шағымданады. Қарап тексергенде жарықтық томпаюда ауру сезімі бар, терісі ісінген және қызарған, жергілікті гипертермиямен.

Тізімдегілердің қайсысы болуы мүмкін?

*жарықтың енбеуі

*сырғымалы жарық

*шап лимфоадениті

*+жарық қабының флегмонасы

* жарық қабының шемені

#468

*! 45 жастағы әйел оң жақ шап аймағында томпаюдың пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде оң жақ шап байламынан төмен, ауру сезімінсіз, құрсақ қуысына енетін томпаю анықталады. «Жөтел түрткісі» симптомы оң.

Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+сан жарығы

*созылмалы лимфаденит

*шап аймағының липомасы

*туберкулездік абсцесс

*үлкен теріастылық тамырдың варикозды түйіні

#469

*!71 жастағы ер адам оң жақ шап аймағындағы томпаюға шағымданып келді. Қарап тексергенде шап байламынан жоғары көлемі 6,0x5,0 см болатын, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, пальпация кезінде ауру сезімсіз, құрсақ қуысына еркін енетін түзіліс анықталады.

Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*гидроцеле

*сан жарығы

*+шап жарығы

*Рихтер жарығы

*Литтре жарығы