Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет-11-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.29 Кб
Скачать

Билет №13

1. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы    Әкімшілік мәжбүрлеу біртекті ұғым емес, ол әкімшілік-құқықтық мәжбүрлі ықпал ету шараларының жиынтығынан жинақталады. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың негізі болып, әдетте, әкімшілік құқық бұзушылық жасау немесе ерекше жағдайлардың туындауы табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының кешені сан қилы. Олардың барлығы мақсаттарына, қолдану негіздері мен тәртіптеріне байланысты ерекшеленеді. Мақсаттарына және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеу шараларын

3 Топқа бөлуге болады.

  1. Әкімшілік-ескерту шаралары – мемлекеттік басқару аясында болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сонымен бірге табиғи апаттар, авариялар, қайғылы оқиғалар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көбінесе олар құқық бұзушылықтармен байланысы жоқ жағдайларда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіпті болдырмау үшін қолданылады. Әкімшілік-ескерту шаралары сан алуан. Олардың ең көп тараған түрлері болып табылады:  полиция қызметкерлерінің тұрғын үйге немесе қызметтік ғимаратқа кіруі. Мысалы, төлқұжат режимінің сақталуын тексеру үшін;  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен құжаттарды тексеру. Мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жол қағазын; аңшылар мен балықшылардан – сәйкес лицензияларын;  кеден органдарымен қолданылатын заттарды, жүктердщі қарау, сонымен қатар жеке қарау (бұл мемлекеттік шекарадан контрабанданы өткізбеу мақсатында қолданылады);  көлік және адам қозғалысын шектеу немесе тоқтату. Мысалы, табиғи апат, жолды жөндеу жұмыстары кезінде;  тұлғадардың денсаулық жағдайыларын және кәсіпорындардың санитарлық жағдайларын куәландыру;  эпидемиялар кезінде карантин енгізу;  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау;  мүлікті реквизициялау, яғни оны еріксіз, ақылы түрде алу.

  2. Әкімшілік ықпал ету және процессуалдық қамтамасыз ету шаралары. Әкімшілік ықпал ету шараларына жататындар:  әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның жеке бостандығын қысқа мерзімге шектеу. Бұл шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады.;  кәсіпорын жұмысын тоқтата тұру. Мысалы, еңбекті қорғау немесе қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзған жағдайда;  техникалық жағдайы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауы бар автокөлікті пайдалануға тыйым салу;  егер оны пайдалануға рұқсат болмаса, белгілі бір ережелерді бұзған тұлғалардан мүлікті алу (суық қару, мөрлер);  қалпына келтіру сипатындағы мәжбүрлеу шаралары (өз еркімен салынған құрылысты бұзу);  полиция қызметкерлерінің қару қолдануы;  қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушыға дене күшін көрсету;  қоғамға қарсы қылық жасаған адамды әкелу (заңды жауапкершілікке әлі тартылмағанда);  құқылы органнан (лауазымды тұлғадан) одан шығып жатқан құқыққа қарсы қылықты тоқтатуды талап ету. Әкімшілік-ескерту шаралары да, әкімшілік ықпал ету шаралары да, әдетте, құқық бұзушылық жасаған жауапты тұлғаларды жазалағанға дейін қолданылады, яғни әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданға дейін болады. Процессуалдық қамтамасыз ету шаралары заңдылықтың нығаюына жәрдемдеседі. Бұл шаралар (мысалы, жеке қарау, заттарды қарау, заттар мен құжаттарды алу, әкімшілік істерді шешу тәртібі) тек заңдармен бекітілген шектерде және тәртіпте қолданылады.

  3. Әкімшілік өндіру шаралары – заңды жауапкершіліктің бір түрі болып табылады және белгілі бір құқық бұзушылық жасаған үшін қолданылады. Мысалы: айыппұл, тәркілеу, әкімшілік қамауға алу.

2. Заң шығару (өкілді) билігі органдарының бақылауы атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңнаманы сақтауы, бюджет қаражатының орынды әрі үнемді жұмсалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығын ұстап тұру, мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру сияқты бақылау мақсаттарын көздейді.

Заң әдебиетінде парламенттік бақылау проблемаларына жеткілікті көңіл бөлінеді. Сонымен бірге осы саладағы теориялық зерттеу мен Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау өкілеттігінің нақты қолданылуын салыстырсақ, парламенттік бақылау институты әлі де болса даму сатысында екендігі байқалады.

Парламенттік бақылау ұғымын ғылыми тұрғыдан айқындаудан бастайық. Бірқатар ғалымдар парламенттік бақылау деп:

- мемлекеттік биліктің жоғары заң шығарушы (өкілді) органы жүзеге асыратын жүйенің қызметін үнемі байқау және тексеру жөніндегі әртүрлі шаралар кешенін;

- атқарушы органдардың негізгі қызметіне байқау мен тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін реттейтін нормалар жүйесін;

- атқарушы билік органдарының негізгі қызметіне байқау мен тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынығы ретінде құқық институтын түсінеді.

Қазақстандық ғалымдардың пікірінше, заң шығару билігінің бақылауы деген ұғымды мынадай үш негізгі аспектіде, атап айтқанда:

1) заң шығару билігінің жүйелі де сындарлы қызметі ретінде бақылау оның құзыретін жүзеге асырудың негізгі функцияларының бірі;

2) бақыланатын объектілердің жай-күйі мен жұмыс істеуінде келеңсіз құбылыстар мен үрдістерді анықтауды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі ретінде бақылау;

3) алдын алу, түзету, жолын кесу, ал кейде жазалау әсері бар шараларды бір жүйеге келтіруге бағытталған басқарушылық қызмет процесінің түпкі элементі ретінде бақылау деп қарастыру керек.

ТЕСТ

1. В

2. А

3. C