Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРАЙ ШПОР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать

86. Жеміс-жидекті өсімдіктер.

Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес, әрі тікенекті болғандықтан долананы көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.Алма (лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасыНедзвецкийқырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (СалтанатІлеАлатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металлзаттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) – раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік.Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде 7,3 – 17,5% қант, 0,8 – 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 – 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі.Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік ҚазақстанҚостанайАқмолаҚарағандыПавлодарШығыс Қазақстан облыстарындаөсіріледі.