- •48. Батыс-Алтай қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •49. Жануарлардың биосфера мен адам өміріндегі маңызы.
- •50. Барсакелмес қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •51. Қазақстанның су айдындарына жерсіндірілген балықтар. Жерсіндірілген балықтардың пайдасы мен зиянды жақтары.
- •52. Алматы қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •54.Қазақстанның негізгі су омыртқасыздары, шаянтәрізділер. Қорын тиімді пайдалану олардан алынатын өнімдер және оларды қалпына келтіру.
- •55. Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы.
- •57.Қазақстанның ұлттық бақтары олардың биоресурстар өнімділігін арттырудағы маңызы.
- •58.Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар түрлері, сипаттамасы (толық), қорларын қорғау.
- •59. Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдаланудың жүйелі тісілі және негізгі принциптері.
- •60 Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы мен зияны.
- •63.Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген омыртқасыз жануарлар – жәндіктер. Қорғау шаралары.
- •68.Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының пайдалы илік, техникалық, тағамдық, эфир майлы, дәрілік өсімдік түрлері.
- •71.Қазақстан жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілігі.
- •72. Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы.
- •73. Қазақстан ормандар массиві.
- •77 Талшықты өсімдіктер Мақта (Хлопчатник- Gossypium), Зығыр (Лен-Linum), Кенеп немесе кенепшөп (Конопля- Cannabis).
- •78. Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары.
- •80.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері.
- •81. Алкалоидты өсімдіктер Темекі (Табак- Nicotiana), Көкнәр (Мак опийный- Papaver), Шәй (Чай- Theaceae).
- •83.Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •84. Белокқа бай өсімдіктер Асбұршақ (Горох- Pisum), Үрмебұршақ (Фасоль- Phaseolus), Ноқат (Нут- Cicer).
- •86. Жеміс-жидекті өсімдіктер.
- •87.Өсімдіктер әлемінің биоресурстары. Пайдалы өсімдіктер классификациясы.
- •88. Саятшылықта қолданылатын немесе кәсіптік маңызы бар жыртқыш құстар.
- •90. Мәдениет Қаратайұлы Көкеновтың Қазақстанның «Ботаникалық ресурстану» ғылымының дамуына қосқан үлесі, еңбектері.
46. Қазақстанның витаминді өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).
47. Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және игеру тарихы.
48. Батыс-Алтай қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян жерінде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштерқұрайды.Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқаенгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар. Қорықтың ландшафты - таулы-тайгалы сипатта болады және қара топырақты, күңгіртқылқанды тайга, субальпілік, альпілік, егістік белдемдер кіреді. Ормандар түзілімдердің 3 сыныбына жатады: жапырақты, күлгіртқылқанды, ақшыл қылқанды ормандар. Жапырақты ормандар ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде қалыптасады. Ақшыл қылқанды ормандар үзік-үзік болып негізінен құрғақ беткейлерде кездеседі. Қорық аумағына күңгіртқылқанды тайга тән.Алдын-ала жүргізілген бағалау бойынша қазіргі күні Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында Алтай ботаникалық бағының жетекші ғылыми қызметкері биология ғылымдарының кандидаты Юрий Андреевич Котуховтың сипаттауы бойынша 800 түрден аса өсімдік өседі. Оның ішінен 45 түр - бұл сирек кездесетін, құрып бара жатқан және жергілікті түр, ал мына 16 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: 1. Сібір қандығы 2. Сафлор тәрізді рапонтикум 3. Ұсақ торлы жуа 4. Ірі гүлді шолпанкебіс 5. Нағыз шолпанкебіс 6. Телпек сүйсін 7. Алтай рауғашы 8. Алтай гимноспермиумы 9. Қызғылт семізот 10. Алтай суықшөбі 11. Алтай қасқыржидегі 12. Қылтанды дәлен 13. Еуропа орманоты 14. Су қазанақ 15. Ұсақ жемісті мүкжидек 16. Таңдамалы плаун (сушырмауық)Сондай-ақ көптеген бағалы дәрілік шөптер өседі: қызғылт семізот – золотой корень, сафлор тәрізді левзей – маральи корень, шай тиынтағы - белошный корень, кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық) - пион Марьин корень, ұсақ торлы жуа - черемша, колба және көптеген басқа өсімдіктер.. Қорық аумағында реликті (көне) қарағайлы ормандар - сібір самырсын қарағайы немесе сібір қарағайы - орналасқан, бұл қорық қорғайтын және күзететін өсімдіктер әлемінің ішіндегі қорықтың негізгі байлығы.
49. Жануарлардың биосфера мен адам өміріндегі маңызы.
50. Барсакелмес қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар. Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 – 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлансаны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика,экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес – республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек. Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет.
