Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚМЖО ЖАРҒЫСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.34 Кб
Скачать

8. Организацияның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу

8.1. Организацияның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Организация Құрылтайының Жарғы ережелеріне сәйкес қабылдаған және кейін белгіленген тәртіпте тіркеген шешімі бойынша жүргізіледі.

9. Организацияды тарату және қайта құру

9.1. Организацияды тарату Құрылтайдың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Организацияның қызметі қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіпте сот шешімі бойынша да тоқтатылуы мүмкін.

9.2. Таратылған жағдайда, қоғамдық бірлестіктерді тіркейтін органмен келісу арқылы Құрылтай тарату комиссиясын құрады. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен басап оған Организацияның істерін басқару жөніндегі құзыреттер ауысады. Тарату комиссиясы Организацияның таратылуы туралы хабарламаны Организация орналасқан жердегі ресми басылымдарда жариялайды.

9.4. Тарату комиссиясы Организацияның мүлкін белгіленген тәртіпте бағалайды, оның қарызгерлері мен несиегерлерін анықтайды, олармен есеп айырысады, Организацияның үшінші тұлғаларға берешектерін төлеу бойынша шаралар қабылдайды, аралық және тарату теңгерімдерін құрастырады және оларды Құрылтайға бекіту үшін ұсынады.

9.5. Организацияның таратылуы нәтижесінде қалған мүлік несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін, Құрылтайдың шешімі бойынша осы Жарғыда қарастырылған мақсаттарға бағытталады. Қалған мүлікті пайдалану туралы шешімді тарату комиссиясы басылымда жариялайды.

9.6. Құрылтайдың Организацияды тарату туралы шешімі қоғамдық бірлестіктерді тіркейтін органға Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілісінен алып тастау үшін жолданады.

9.7. Организацияның таратылуы туралы жазба Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін Организацияды тарату аяқталған болып, ал Организация өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.

9.8. Организацияды қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, түрлендіру) Құрылтайдың және кезектен тыс отырыстың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Организацияның Президенті Е. Токтархан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]