Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚМЖО ЖАРҒЫСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

6. Организация мүлкінің қалыптасу көздері, мүлікті басқару

  • Организацияның ақшалай қаражаттары мен өзге мүлкі:

  • мүшелік ету жарналарынан;

  • заңды және жеке тұлғалардың (соның ішінде шетелдік) ерікті жарналарынан, сыйларынан, қайырымдылық көмектерінен;

  • Организацияның Жарғысына сәйкес жүргізілетін іс-шаралардан түсетін түсімдерден;

  • Организацияның жарғылық мақсаттарға жету үшін жүзеге асырылатын кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық, білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа және заңға қайшы келмейтін өзге қызметтерден түсетін табыстарынан;

  • банктерден алған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерден;

  • заңмен тыйым салынбаған өзге түсімдерден қалыптасады.

  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Организацияның меншігінде жабдықтар, құрал-саймандар, мәдени-ағартушылық мақсаттағы мүлік, ақшалай қаражаттар, акциялар және өзге бағалы қағаздар, сондай-ақ осы Жарғыда қарастырылған қызметті қамтамасыз ету үшін қажет жылжитын және жылжымайтын мүлік болуы мүмкін.

  • Организацияның меншігінде зияткерлік қызмет нәтижелері және өзге мүлік болуы мүмкін.

  • Организация оған заңды негізде тиесілі мүліктің меншік иесі болып табылады. Организацияның әрбір жеке мүшесінің Организацияға тиесілі мүліктің үлесіне қатысты меншік құқығы жоқ.

  • Организация өз меншігіндегі немесе өзге заттай құқық негізінде тиесілі мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға қайшы келмейтін кез-келген мәмілелер жасаса алады.

  • Организацияға келіп түсетін мүлікке, сондай-ақ оның өзіндік қаражаттарының есебінен жасалған және/немесе сатып алынған мүлікке қатысты меншік құқығын атқарушы орган – Организацияның Президенті жүзеге асырады.

  • Организация өзінің жарғылық мақсаттары жету үшін арналған және осы мақсаттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік қызметті Организация Азаматтық кодекске және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізеді.

  • Организация шаруашылық серіктестіктер құра алады, сондай-ақ жарғылық мақсаттарына жету үшін қажет кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін арналған мүлікті сатып ала алады.

  • Тізілімі заңмен анықталатын жекелеген қызмет түрлерін Организация арнайы рұқсаттардың (лицензиялардың) негізінде ғана жүзеге асыра алады.

  • Организацияның кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстар Организацияның мүшелері арасында бөліне алмайды және жарғылық мақсаттарға жеткеннен кейін ғана пайдаланылуы тиіс. Организация өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттары үшін пайдалана алады.

  • Организация қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіпте бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізе алады.

7. Филиалдары мен өкілдіктері

7.1. Организация Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға міндетті.

7.2. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайды, Организация оларды мүлікпен қамтамасыз етеді. Филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі жеке теңгерімде және Организацияның теңгерімінде есепке алынады. Филиалдың және өкілдіктің жетекшілерін Организацияның мүшелері филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан орны бойынша сайлайды.

7.3. Филиалдар мен өкілдіктер өз қызметін Организацияның атынан сенімхаттың және филиалдар мен өкілдіктер туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Өз филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі үшін жауапкершілік Организацияға жүктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]