- •«Қазақстан медицина жастарының организациясы» Республикалық қоғамдық организацияның
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Организация қызметінің мәні, мақсаттары мен тапсырмалары
- •3. Организацияның құқықтық күйі
- •4. Организацияға мүше болу
- •5. Организацияның жетекшілік органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, қалыптасу тәртібі, құзыреті және құзыретінің әрекет ету мерзімі
- •6. Организация мүлкінің қалыптасу көздері, мүлікті басқару
- •7. Филиалдары мен өкілдіктері
- •8. Организацияның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
- •9. Организацияды тарату және қайта құру
4. Организацияға мүше болу
16 жасқа толған жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық университеттерінің және шетелдік білім беру мекемелерінің студенттері, интерндері, магистрлері, резиденттері, оқытушылары, түлектері Организацияның мүшелері бола алады.
Организацияға мүше болу өтініштің негізінде жүзеге асырылады. Өтініш берушінің өтінішін Төралқа немесе аймақтық филиалдың директоры қарастырады және шешім қабылдайды.
Организацияның барлық мүшелері тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады.
Организацияның мүшелері:
филиалмен және Төралқамен келісу арқылы келешектегі және ағымдағы жұмыстардың жоспарларын құрастыруға қатысуға;
Организацияның ақпараттық және әдістемелік материалдарын, Ортақ құрылтайдың шешімдері туралы және мүдделі қызмет саласында жоспарланатын іс-шаралар туралы ақпарат алуға;
Организация ұсынатын барлық қызмет түрлерін пайдалануға;
өз жұмысында Организация дайындаған ғылыми, ақпараттық және тиісті сілтемесі бар өзге материалдарды шектеусіз пайдалануға;
филиалдың директорына немесе Президиумге 10 күн бұрын жазбаша түрде хабарлап, Организациядан кез-келген уақытта ерікті түрде шығуға;
Организацияның жетекші органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
Организацияның қызметіне қатысты барлық сұрақтарды талқылауға және шешуге қатысуға;
Организация өткізетін іс-шараларға қатысуға;
Организацияның қызметі туралы ақпарат алуға;
Организацияның жарғылық тапсырмаларын шешуге бағытталған ұсыныстарды бастама тәртібінде қарастыру үшін енгізуге;
Организацияның моральдық, материалдық және әлеуметтік қолдауын пайдалануға;
Организацияға материалдық тұрғыдан немесе жеке қызметімен қолдау көрсетуге құқылы.
Организацияның мүшелері:
Организацияның алдында тұрған мақсаттарға жету және тапсырмаларды шешу үшін белсенді ықпал етуге;
Организацияның жетекші органдарының шешімі бойынша жүргізілетін іс-шараларға қатысуға;
Организацияның Жарғысын ұстануға және Организацияның жетекші органдарының шешімдерін орындауға;
Организация қызметінің тәжірибелік нәтижелерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізуге міндетті.
Организацияның мүшесі Организация қызметінің мақсаттарымен үйлеспейтін әрекеттерді немесе Организацияға зиян келтіретін өзге әрекеттерді орындаған жағдайда филиалдың директоры, Комитеттің Төрағасы және Төралқаның мүшесі оны Организацияға мүшелік етуден босатады.
Организацияда құрметті мүшелік ету қарастырылған. Құрметті мүше ретінде өз қызметімен Организацияның мақсаттарына жетуге айтарлықтай үлес қосқан, 18 жасқа толған жеке тұлғалар қабылдануы мүмкін. Құрметті мүшені Президент қабылдайды.
5. Организацияның жетекшілік органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, қалыптасу тәртібі, құзыреті және құзыретінің әрекет ету мерзімі
Организацияның басқару органдарының құрамына кіреді:
5.1.1 Құрылтай
5.1.2 Төралқа
5.1.3 Тексеру комиссия
Организацияның жоғары жетекші органы Құрылтай – жылына бір рет шақыртылатын Организация мүшелерінің жалпы жиналысы (бұдан әрі – Құрылтай) болып табылады. Кезектен тыс Құрылтай Организация мүшелерінің кем дегенде үштен бір бөлігінің, құрылымдық бөлімшелердің 1/3 бөлігінің немесе Тексеру комиссиясының талабы бойынша, Төралқаның шешімі бойынша шақыртылуы мүмкін.
Егер Құрылтайдың жұмысына Организацияның барлық мүшелерінің кем дегенде 2/3 бөлігі және құрылымдық бөлімшелерінің кем дегенде ½ бөлігі қатысса, онда Құрылтай шешімдер қабылдауға құзыретті. Жарғыны бекіту, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу, Организацияны қайта құру және тарату туралы шешім қабылдау, Төралқаны, Тексеру комиссиясын сайлау туралы шешімдер жиналыс болған кезде Құрылтайға қатысушылардың 2/3 бөлігінің дауыстарымен қабылданады. Қалған сұрақтар бойынша шешімдер көпшілік дауысымен қабылданады.
Конференцияның айрықша құзыреттеріне келесі мәселелер жатқызылады:
Организацияның Жарғысын бекіту, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
Организацияның Президентін, Төралқасы мен Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, қайта сайлау, олардың құзыретінің мерзімін анықтау және оларды лауазымынан мерзімінен бұрын босату;
басқару органдарының құзыретін, ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру және тоқтату тәртібін анықтау;
басқару органдарының Организацияның қызметі туралы есептерін бекіту;
Организация қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
Құрылтайға Төралқа, Организацияның жеке мүшелері енгізген және Организацияның қызметі үшін шешуші мәні бар сұрақтарды шешу;
заңнамалық актілерде белгіленген ауқымдарда Организацияның өзге заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға немесе олардың қызметіне қатысу туралы шешім қабылдау;
Организацияның қызметін ерікті түрде қайта құру және тоқтату мәселелері бойынша шешім қабылдау;
атқарушы органдардың қаржылық есептілік беру тәртібі мен жүйелігін, сондай-ақ бақылаушы органдардың тексерулер жүргізу және олардың нәтижелерін бекіту тәртібін анықтау.
Құрылтайлар арасындағы кезеңде Организацияның жетекші органы болып Төралқа табылады, ол Құрылтайдың шешімдерін орындайды және Құрылтайдың айрықша құзыреттеріне жатататын мәселелерді шешуге құқықтық өкілетті емес.
Төралқа Құрылтай сайлайтын 6 (алты) мүшеден және Президенттен тұрады. Төралқаның мүшелері 1 (бір) жыл мерзіміне сайланады.
Төралқаны Тексеру комиссиясының немесе Төралқаның мүшелерінің ½ бөлігінен артығының талабы бойынша, тоқсанына бір рет немесе қажет болу шамасына қарай, бірақ жылына кем дегенде бір рет Президен шақыртады. Егер отырысқа мүшелердің ½ бөлігі қатысса, Төралқа құқықтық өкілетті.
Төралқаның әр мүшесінің бір дауысы бар, дауыстар саны тең болған жағдайда Президенттің дауысы шешуші болады. Егер Төралқаның шешімі үшін қатысып отырған мүшелердің жартысынан астамы дауыс берсе, онда оның шешімі қабылданды деп есептеледі.
Төралқаның тұсында тұрақты комитеттер құрылады, олардың қызметіне салалық мәселелер кіреді.
Төралқа келесі сұрақтар бойынша шешім қабылдауға құқықтық өкілетті:
осы Жарғыда белгіленген тапсырмаларды шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарын қабылдау және жүзеге асыру;
Организация қызметінің ережелерін қабылдау, Организацияға мүшелік ету шарттарын анықтайтын ішкі құжаттарды (рәсімдерді) және Организация мен оның басқару органдарының қызметін регламенттейтін өзге ережелерді әзірлеу және бекіту;
Организацияның жылдық бюджетін және жылдық қаржылық теңгерімін бекіту;
Организацияның қаржылық жоспарын бекіту және оған өзгертулер енгізу;
табыстар мен шығындар сметаларын, сондай-ақ оларды орындау есептерін қарастыру және бекіту;
Организация қызметінің мәніне қатысты мәселелерді қарастыру құзыретіне кіретін Организацияның мамандандырылған, атқарымдық, сараптамалық және өзге органдары (комитеттері, кеңестері, жұмыс топтары) және олардың қызметкерлерінің құрамы туралы ережелерді бекіту;
Организация мүшелерінің мүшелікке кіру және мүшелік ету жарналарын төлеу тәртібі мен жарналардың мөлшерін белгілеу;
Организацияның жаңа мүшелерін қабылдау және мүшелерді Организациянан шығару туралы шешім қабылдау;
Құрылтай өткізу туралы шешім қабылдау;
Құрылтайдың шешімдерін жүзеге асыру және орындалуын бақылау;
Құрылтай қарастыру үшін Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсыну;
Организацияның бағдарламаларын, жобалары мен жоспарларын жүзеге асыру жұмыстарын орындау;
Организацияның штаттық аппаратының құрылымын бекіту;
Организацияның мүлкіне және қаражатына өкімдік ету;
Организацияның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекіту, Организацияның филиалдары мен өкілдіктерінің жетекшілерін сайлау туралы шешім қабылдау;
Организацияның қызметінде Құрылтайдың айрықша құзыретіне жатпайтын өзге мәселелерін қарастырады.
Президент Төралқаны басқарады және оны Құрылтай 1 (бір) жыл мерзіміне, 2 реттен асырмай сайлайды.
Организацияның Президенті Организацияның атынан үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста сенімхатсыз және осы Жарғының негізінде әрекет етеді, Организацияның ағымдағы қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді, Организацияның қызметіне тәуелсіз аудиторлық тексерісті ұйымдастырады. Организацияның қаржылық-шаруашылық және ұйымдастырушылық қызметін тексеру нәтижелері туралы есепті Президент Құрылтайға ұсынады.
Президент сондай-ақ келесі атқарымдарды жүзеге асырады:
Организацияның жұмысына жалпы жетекшілік етеді;
Организацияның Төралқасын басқарады;
Өз құзыреті ауқымында Организацияның мүлкі мен қаражатына иелік етеді;
Табыстар мен шығындар сметасын Төралқаға бекіту үшін ұсынады;
Бірлестікте жұмыс істейтін еңбек ұжымының жұмысына жетекшілік етеді;
Билік органдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттеседі;
Организация қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша шешім қабылдайды, соның ішінде және шектелмей, Организацияның атынан келісім-шарттарға (келісімдерге) қол қояды;
Өз құзыреті ауқымында бұйрықтар, өкімдер және нұсқаулықтар шығарады;
Құрылтай мен Төралқа қабылдайтын шешімдердің орындалуын ұйымдастырады; жоспарлардың, бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Құрылтайға өз қызметі туралы және Төралқаның жұмысы туралы есеп береді;
Организацияның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, басқа лауазымға ауыстырады және жұмыстан босатады, оларға қатысты ынталандыру шараларын және тәртіптік жазаны қолданады, олардың лауазымдық еңбекақыларының мөлшерін және дербес үстеме ақыларды Организацияның штаттық кестесіне сәйкес белгілейді, сыйлықақылардың мөлшерін анықтайды, штаттық қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттемелерді бөледі;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және кез-келген өзге үшінші тұлғалармен арадағы қарым-қатынас кезінде Организацияның мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттар береді;
Штаттық, қаржылық және еңбек тәртібінің орындалуы, есептіліктің шынайылығы, мүліктің сақталуы бойынша Төралқа мен Құрылтайдың алдында есеп береді;
Жеке құрам бойынша құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын, сондай-ақ Организация таратылған жағдайда оларды белгіленген тәртіпте мемлекеттік сақтауға уақтылы табыстауды қамтамасыз етеді;
Организацияның қаражаты ауқымында Организацияның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етеді;
Жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржылық және материалдық қаражаттар көзін тартады;
Организация қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Банктерде есеп шоттары мен өзге шоттарды ашу туралы шешім қабылдайды;
Организацияның құрылтайшылық құжаттарына, Құрылтайдың шешімдеріне және Организацияның ішкі рәсімдеріне сәйкес өзге құзыреттерді жүзеге асырады;
Организацияның Тексеру комиссиясы Құрылтайда Организация мүшелерінің арасынан 1 (бір) жыл мерзіміне сайланады. Тексеру комиссиясы Төралқаның отырысында кеңесші дауыс беру құқығымен қатыса алады. Құрылтайда қарастыру үшін ұсынылған Төралқаның есебін Тексеру комиссиясы тексеруі тиіс. Организацияның жылдық теңгерімін Тексеру комиссиясы бекітіп, Құрылтайға ұсынуы тиіс.
Тексеру комиссия:
Организацияның қаржылық және шаруашылық қызметін бақылайды;
Жылына кем дегенде бір рет Организацияның қаржылық-шаруашылық қызметін тексереді;
материалдық құндылықтардың күйін тексереді және оларды есепке алады;
Организацияның ақшалай қаражаты мен мүлкін бақылауды қамтамасыз етеді;
өз қызметін Құрылтай бекітетін Тексеру комиссиясы туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Егер Тексеру комиссиясының пікірінше, Организацияның мүдделеріне қауіп төнсе, онда Тексеру комиссиясы өз шешімімен Организацияның жетекші органдарынан кезектен тыс Құрылтайды және Төралқаның отырысын шақыртуды талап ете алады.
