Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚМЖО ЖАРҒЫСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.34 Кб
Скачать

3. Организацияның құқықтық күйі

  • Өз міндеттемелері бойынша Организация өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауапкершілік тартады.

  • Организация өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік тартпайды, сол сияқты Организацияның мүшелері де оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік тартпайды.

  • Организация үкіметпен, жергілікті билік органдарымен, үкіметтік емес организациядармен, өзге қоғамдық организациялармен, кәсіподақтармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтасады.

  • Мемлекет Организацияның міндеттемелері бойынша жауапкершілік тартпайды, Организация да мелекеттің міндеттемелері бойынша жауапкершілік тартпайды.

  • Организация Жарғыда және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған құзыреттердің аумағында әрекет ететін өздерінің жетекшілік органдары арқылы құқықтарды иеленеді және міндеттемелерді қабылдайды.

  • Мақсаттарына жету үшін және тапсырмаларын орындау үшін Организация Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген келесі қызмет түрлерімен айналысуға құқылы және олармен шектелмейді:

  • өз қызметі туралы ақпаратты әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзіндік баспа басылымдары арқылы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте тарату;

  • ғылыми конгресстер, мектептер, конференциялар, семинарлар организациядастыру; халықаралық конгресстерге, мектептерге, сипозиумдерге, конференцияларға қатысу;

  • Қазақстан Республикасындағы медицина студенттері бірлестігінің дамуына бағытталған идеяларды, тұжырымдамаларды, бастамаларды, өнертабыстар мен ашылуларды жүзеге асыруға қолдау көрсету және ықпал ету;

  • медициналық білім беру саласын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды құрастыруға қатысу;

  • жоғары және орта медициналық оқу орындарында білім берудің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, соның ішінде ЖОО-нан кейінгі білім беруді жетілдіруге қатысу;

  • медицина студенттеріне ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

  • шетелдік медициналық организациялармен байланыс орнату және қолдау;

  • соттарда және өзге мемлекеттік органдарда, өзге қоғамдық организацияларда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;

  • баспа қызметін жүзеге асыру;

  • жарғылық мақсаттарын және өз қызметінің тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз атынан мәмілелер жасасу, сондай-ақ өзге азаматтық құқықтарды жүзеге асыру;

  • денсаулық сақтау саласын дамыту үшін көмек көрсету және көмек алу (ерікті қайырымдылық жәрдем, гранттар және т.б.);

  • коммерциялық және/немесе коммерциялық емес, соның ішінде халықаралық үкіметтік емес организацияларға кіру, осы организациялардан, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан мүлік, соның ішінде ақша, қаржылай көмек, гранттар алу, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі қарастырылмаса;

  • Организацияның жарғылық мақсаттарына жету үшін қызмет ететін және осы мақсаттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

  • жарғылық мақсаттарға және тапсырмаларға сәйкес көрмелер, жәрмеңкелер, ұтыс ойындарын, конкурстар, конференциялар, семинарлар және т.с.с. организациядастыру және өткізу;

  • Организацияның тақырыбы бойынша аудиовизуалдық және полиграфиялық өнімді өндіруге және өткізуге қатысу, себебі бұл Организацияның жарғылық мақсаттарына жету үшін қызмет етеді және сол мақсаттарына сәйкес келеді;

  • банктік мекемелерде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алу, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қаржылық және өзге материалдық көмегін пайдалану;

  • Ресми түрде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде Организация Қазақстан Республикасының кем дегенде 9 (тоғыз) аймағында өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]