- •«Қазақстан медицина жастарының организациясы» Республикалық қоғамдық организацияның
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Организация қызметінің мәні, мақсаттары мен тапсырмалары
- •3. Организацияның құқықтық күйі
- •4. Организацияға мүше болу
- •5. Организацияның жетекшілік органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, қалыптасу тәртібі, құзыреті және құзыретінің әрекет ету мерзімі
- •6. Организация мүлкінің қалыптасу көздері, мүлікті басқару
- •7. Филиалдары мен өкілдіктері
- •8. Организацияның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
- •9. Организацияды тарату және қайта құру
Құрылтайшылық құрылтайдың
2016 жылғы
«05» желтоқсандағы
№1 шешімімен бекітілді
«Қазақстан медицина жастарының организациясы» Республикалық қоғамдық организацияның
ЖАРҒЫСЫ
Астана қ-сы
2016
1. Жалпы ережелер
Қазақстандық медицина жастарының организациясы (бұдан әрі – Организация) Қазақстан Республикасының азаматтары құрған, Қазақстанның медицина студенттерінің бірлестігінің мүдделерін қорғау және жүзеге асыру мақсатында әрекет ететін, республикалық мәртебесі бар қоғамдық организация түріндегі коммерциялық организация болып табылады.
Организацияның саяси мақсаттарды көздеуге құқығы жоқ.
Организация өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық келісім-шарттарға, Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Организация өз қызметін өз мүшелерінің еріктілігі, тең құқықтығы, демократия, заңдылық және жариялылық қағидаларының негізінде жүзеге асырады.
Организацияның заңды тұлға ретіндегі құқықтық қабілеті Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген сәттен бастап туындайды.
Организация мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелене алады және жауапкершілік тарта алады, соттарда талапкер және жауапкер бола алады, жарғылық мақсаттарға және қызметінің мәніне сәйкес өзге әрекеттерді жасай алады.
Организацияның банктік шоттары, өз атауы көрсетілген мөрі, дербес теңгерімі бар.
Организацияның қазақ тіліндегі ресми толық атауы: «Қазақстан медицина жастарының организациясы». Қысқартылған атауы: «ҚМЖО». Екі атаудың мәні бірдей.
Организацияның орыс тіліндегі ресми толық атауы: «Казахстанская организация медицинской молодежи». Қысқартылған атауы: «КОММ». Екі атаудың мәні бірдей.
Организацияның орналасқан орны (заңды мекен-жайы): Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Интернациональный т.ү.а., 135 көше, 3 үй.
Организация өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.
Организация мен оның мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар адалдық, заңдылық, мүшелерінің теңдігін мойындау, мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, Организация мүшелерінің өз міндеттерін орындау, өз қалауын еркін білдіру қағидаларының негізінде құрылады.
2. Организация қызметінің мәні, мақсаттары мен тапсырмалары
Организация қызметінің мәні болып Қазақстанның медицина студенттерінің күш-жігерін, зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін олардың күнделікті тәжірибелік қызметінде туындаған ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешу үшін және мәселелердің тиімді шешімдерін іздеу үшін біріктіру болып табылады.
Организацияның негізгі мақсаты медицина және фармацевтика студенттерінің ғылыми-білім алу, әлеуметтік, мәдени дамуы арқылы медицина студенттерінің бірлестігін нығайту үшін медицина студенттерін интеграциялау; бағдарламалар, жобалар және өзге мүмкіндіктер арқылы салауатты өмір салтын насихаттау; студенттердің медицина әлеміндегі өзекті мәселелерді шешуге және оларға профилактика жүргізуге қатысуын бастамалау болып табылады. Сыртқы серіктестермен бірлесіп жұмыс істей отырып, Организация еліміздің медицина студенттерінің Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы мүдделері мен пікірлерін білдіреді.
Өз мақсаттарына жету үшін Организация келесі тапсырмаларды жүзеге асырады:
қоғамға және Организацияның мүшелеріне қызмет ету;
медицина студенттерінің алған білімі мен дағдыларын қолдану құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту;
медицинамен, фармацевтикамен, қоғамдық денсаулық сақтаумен, адам құқықтарын қорғаумен байланысты мәселелерді талқылау үшін халықаралық іс-шараларды организациядастыру;
медицина студенттерінің назарын медицина мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ өзге халықтардың дәстүрімен танысуға аудару мақсатында кәсіби және ғылыми алмасуды ынталандыру, сондай-ақ арнайы жобалар мен тренингтер құрастыру;
Организацияның және халықаралық организациялардың мүшелерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
Организацияның мүшелеріне және медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша студенттерді оқытатын университеттердің мүшелеріне тікелей қатысты ғылыми-техникалық идеяларды басым жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
медицина студенттерінің кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді түрлерін дамытуға септігін тигізу;
оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді нысандары мен технологияларын дамытуға септігін тигізу;
Организацияға ақпараттық, құқықтық және жарнамалық қызмет көрсетудің жаңа ұжымдық түрлерін дамыту (жасау), Организация мүшелерінің кәсіби қызметіне консультациялық көмек көрсету;
көрмелерді, конференцияларды, семинарларды, мектептерді, конкурстарды және т.б. организациядастыру;
кино-, фото-, бейне- және баспа жұмыстарын белгілі тәртіпте жүргізу;
қайырымдылық акцияларына қатысу;
серіктес ЖОО-дар арасында зияткерлік медициналық ойындар құрастыру және өткізу;
талапкерлер мен орта мектептер, лицейлер және гимназиялар оқушыларының арасында насихаттау және кәсіби бағдарлау жұмыстарын организациядастыру;
Организацияның негізгі мақсаттары мен атқарымдарын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
