Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Насым агай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

18. Қалалық электр тораптарының электр энергиясымен қамтамасыз етуде техникалық қауіпсіздік мәселелерін мысал арқылы түсіндіріп беріңіз

әуе желілері сымдарының арасына құрылыстар салуға, отын, шөп қаттауға, от жағуға, батпырауықтар ұшыруға;

- әуе жолдары қорғау аймағында балық аулауға;

- электр шағын станциялары, трансформатор пункттері, әуе желіллері сымдар арасында ойнауға;

- әуе желілері тіреуіне шығуға, ажыратқыштарды бөлуге, сымдарға қандай да бір заттар лақтыруға;

- 8 метрден жақын қашықтықта үзілген сымдарға жақындауға;

- шағын станцияларға, трансформатор пункттеріне кіруге;

- әуе желілері жанындағы ағаштарға шығуға;

- электр шағын станцияларының аумағынан заттар алуға;

- әуе желілері иіліп тұрған сымдарына жақындауға;

- өздігімен электр құрылғылары мен үй электр өткізгіштерін жөндеу;

- тұрымыстық желілерді шамадан тыс жүктеу-бұл қысқа тұйықталуға және өртке алып келеді;

- егер қолдарыңыз су болса, электр құрылғыларына жақындамаңыз;

- ашық сымдарға жақындауға, қол тигізуге;

- қорғағыш ретінде калибрлік емес ерімтал қосымшаларды падалану керек;

- автоматты ажыратқыштарды пайдалану керек;

Әуе желілерінде және электр құрылғыларындағы ескерпе плакаттарға найзағай суреті бар сары үшбұрышты белгіге «Абайла-жоғарғы кернеу» жжәне «Кірме-өлтіреді» белгісіне ерекше назар аудару керек.

Әуе желілері сымдарының үзілуі кезінде кернеу қадамдарының пайда болуынан сақтану үшін 8 метрден кем емес қашықтықта тұйықталу орнына жақындауға тыйым салынады.

Қатты желден кейін балаларды ата-ананың қарауынсыз қалдыруға болмайды, себебі қатты желден электр әуе желілері сымдары залал тигізуі мүмкін.

Егер де электр тогымен зақымданған болса, тез арада КТП корпусындағы немесе шағын станциялар есігінде көрсетілген телефонға хабарласып диспетчерге хабарлау керек, сонымен қатар 103 нөміріне хабарласып жедел жәрдемді немесе 112 нөміріне хабарласып ТЖ хабарлау қажет.

Егер де сіз әуе желілерінің сымдары үзілуін байқасаңыз тез арада 112 нөмірі арқылы ТЖ немесе электр желіліері аймағындағы диспетчерге хабарласуыңызды сұраймыз.

19. Айнымалы токтың физикалық табиғатын мысал арқылы айтыңыз

Айнымалы токты электротехника саласында кеңінен пайдалану орталықтандырылған түрде электр энергиясын өндіруді, алыс қашықтыққа жеткізуді, оны таратуды және қабылдауды игерген кезеңнен басталды.

Айнымалы токқа қатысты ұғымдармен танысайық.

Айнымалы ток деп уақытқа байланысты шамасы мен бағыты өзгеріп отыратын токты айтамыз. Айнымалы токтың кез келген аз уақыт мезгіліндегі мәнін лездік ток деп атайды, оны i әрпімен белгілейді. Лездік токтың (і) зарядқа және уақытқа қатысты екендігі мына қатынастан көрінеді:

i = dq / dt. (1)

0 – ден t – ға дейінгі уақыт аралығында айнымалы ток мынандай заряд тасиды:

q = ∫ i dt.

Халықаралық СИ жүйесі бойынша ток күшінің бірлігі ретінде ампер (А) алынған. Бұл жүйеде заряд ампер – секундпен немесе кулонмен өлшенеді. 1 кулон (Кл) заряд 6,29 * 1018 электрон зарядына тең. Егер ток күші 1 ампер болса, онда бұл - өткізгіштің көлденең қимасы арқылы секундына 6,29 * 1018 электрон ағып өтеді деген сөз.

Егер лездік токтың уақытқа тәуелділігі белгілі болса, i = F(t) және оның бағыты көрсетілсе, онда токты белгілі деп есептеуге болады. Айнымалы токтың пішіні әртүрлі, соның ішінде көп тарағандарының бірі – периодты токтар.