Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Насым агай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

15. Қалалық электр торабында қуаттың жоғалу процедурасын мысал арқылы түсіндіріп беріңіз.

Технологиялық процесс үшін кететін жалпы қажетті қуатты мына формула бойынша табамыз:

Рқаж.=Q*Pменш, кВт (2.4.2.2.1)

Рқаж.= 200*3,2 = 640 кВт

Мұндағы, Рқаж.-жалпы қажетті қуат, кВт

Q-кәсіпорын өнімділігі, т/тәул;

Рменш=тәулігіне 1т астықты өңдеу үшін кететін қуат, кВт. Көп сұрыпты ұн тарту үшін Рменш =2,75...3,2

Жалпы қажетті қуаттылықты технологиялық процессетерге ұн зауыттының әр бөліміне келесідей бөледі: дайындау бөлімі – 18%, майдалау бөлімі – 77%, дайын өнім бөлімі – 5%.

Бұл дипломдық жұмыста біз майдалау бөлімін есептегендіктен, майдалау бөлімінің қажетті қуаттылығы келесідей болады:

Қажетті қуаттылық белгіленген қуаттылықтан сұраныс коэффициентімен ерекшелінеді. Ұн тарту зауыттары үшін ол мән 0,75 – 0,85.

Есепті тексеретін болсақ, онда

Сұраныс коэффициентінің (К = 0,79) мәні ұн зауыттарына қойлатын шектеулерге келеді.

1 т ұнды өндіру үшін энергия шығыны W:

W=100*24 Рқаж./(Нŋэ ŋж ŋт), кВт*сағ (2.4.2.2.3)

W=100*24*542/75*0,9*0,95*0,95= 21353 кВт*сағ

Мұндағы, Рқаж.-жалпықажеттіқуат, кВт;

Н-ұншығымы,%

ŋэ-электрқозғалтқыштардыңпайдалыәсеркоэффициенті: ұнзауыттарыүшінŋэ=0,9

ŋж –желініңпайдалыәсеркоэффициенті,ŋс=0,95...0,96;

ŋт-трансформатордыңпайдалыәсеркоэффициенті, ŋт=0,95...0,96

Жылдықактивтіэнергияныңшығыныкелесідейанықталады.

Wж=WменшМ, кВт*ж (2.4.2.2.4)

Wж= 21353 * 45000 = 9608,85 МВт

мұндағы Wж-1 т өнімдіөндіруүшін энергия шығыны, кВт*cағ/т;

М-біржылдықөнімніңмассасы,т

Сонда ұнзауытыжылына 11331 МВт электрэнериясыншығындайды

17. Қалалық электр тораптарын болжамдаудың принциптерін айтыңыз.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы секторын қайта құру негізінде электр энергетикасы нысандары түрлі меншік иелерінің қолына көшті: ірі электр ст-лары шет елдік компанияларға тиесілі, кернеуі 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т.б. мәселелерді шешу міндеттері электр тораптарын басқару жөніндегі Қазақстандық компания – KEGOC-қа жүктелді; кернеуі 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесі шеңберінде таратушы электр компанияларының басқаруында; электр қуатын өндірушілерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату міндеті Электр қуаты рыногінің Қазақстандық операторына жүктелген.

"Су электр станциясы"

Қазақстанда қазір энергет. өнімнің 2/3-сіне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлігі энергиясын СЭС-терде өндіріледі. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикізат көзі мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрізді және аралас типті отынмен жұмыс істейтін ст-лар дамытылған. Шығыс және оңт. аймақтарда әзірге су қуатынан басқа меншікті энергет. көздері жоқ. Осыған байланысты оларда ядр. отын, тасымал мұнай, газ, көмір пайдаланылады. Электр қуатын тұтынудың есептік деңгейлеріне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемі жалпы респ. және солт., бат. аймақтар бойынша 2 есе дерлік, ал оңт. аймақ бойынша 3 есе дерлік кемігенін көрсетеді

Соңғы 2 – 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзі 1999 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндіру мен тұтыну көлемінің өсуі негізінен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екібастұз өңірінде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткілікті бастапқы энергет. қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелінетін көмірге, сырттан әкелінетін газ бен мазутке негізделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негізгі көздері – Жамбыл МАЭС-і, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-і. Мұндағы тапшылық Солт. Қазақстанның ОЭС-ы, 220 – 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелінетін электр қуаты есебінен өтеледі.

"Жылу электр станциясы"

2000 жылы 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бірыңғай энергет. жүйесінің (БЭЖ) Солт. бөлігінде Ресейдің БЭЖ-імен қатарласқан жұмыс қалпына келтірілді, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-і Ресей мен Орталық Азияның энергетикалық жүйесімен қатарлас жұмысқа көшірілді. Қазір Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазіргі құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулі жоғары класты жүйе құраушы негізгі тораптардың ұзындығы тиісінше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергілікті тораптардың көрсеткіштері мынадай: 110 кВ – 42000 км, 35 кВ – 61500 км, 6 – 10 кВ – 199400 км және 0,4 кВ – 115500 км. Республика экономиканың отын-энергет. қорының қажеттігін анықтау кезінде өнеркәсіптің түрлі салалары мен әлеум. аяда қуат үнемдейтін 100-ге жуық технол. мен шаралар ескерілді.

Қазақстан өзендерінің су энергетика әлеуеті 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экон. тиімді су-энергия қоры 23 – 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазіргі кезде гидравлик. энергияның экон. әлеуетін пайдаға асыру деңгейі небәрі 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшін Жоңғар қақпасы ауданында (100 – 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 – 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негізінен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкіндік береді. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгілі бір әлеуеті бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерінің тех. әлеуеті 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның ішінде жылына 5000 – 6000 сағатты қамтамасыз ететін кепілді қуат – 380 мВт. Энергия өндірімі 1,9 – 2,3 млрд. кВт/сағ.