Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Насым агай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

3.Гэс электр энергиясын туындау принципін түсіндіріп беріңіз.

Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. Су турбиналарында ағын су энергиясы турбина білігінің айналмалы механикалық энергиясына түрленеді. Судың динамикалық қысымы пайдаланылатын турбина — активті турбина деп, ал реактивті әсерде судың статикалық қысымы пайдалалылатын турбина — реактивті турбина деп.а. Ожаулы активті турбинада су қысымының потенциалдық энергиясы ағын Су жүретін су жолының қимасын тарылту үшін орнатылған бағыттағышта толығынан су қозғалысының кинетикалық энергиясына ауысады. Турбинаның жұмыс доңғалағы шеңбер бойына ожау пішінді қалақшалар бекітілген диск түрінде жасалған. Ағын су турбина доқғалағының қалақшаларына әсер етуінен, судың қозғалыс энергиясы турбина доңғалағының айналу энергиясына түрленеді. Бағыттағыштың ішінде оның қима ауданын, яғни ағын су көлемін реттеп отыратын реттегіш білік орнатылған.Реактивті су турбинасының жұмыс доңғалағының қалақшаларында судың, кинетикалық энергиясы да, потенциалдық энергиясы да турбинаның механикалық энергиясына түрленеді. Реактивті турбинаның жұмыс доңғалағы активті, турбинамен салыстырғанда толығымен судың ішінде тұрады, бұл су ағыны жұмыс денесінің барлық қалақшаларына бір мезгілде әсер етеде деген сөз. Реактивті-турбинаның жұмыс доңғалағының бірнеше түрлері жасалған: радиалды-білікті, пропеллер пішінді, айналмалы қалақты және екі қалақты. Турбина қуаты бірнеше киловаттан 500 МВт-қа дейін, ал оның айналу жылдамдығы 16213-тен 1500 мин- 1-ге дейін өзгереді. Әрбір энергия жүйесі сенімді әрі тиімді жұмыс жасау үшін оның құрамында жылу және атом электр станцияларымен бірге су электр станциясы да болуы керек. Себебі, су электр станциясы аса жылдам (1 мин шамасында) жұмысқа қосылатын, тез энергия өндіре алатын және өз-жұмысын тез доғара алатын станция болыпта болады, ал жылу электр станцияларын жұмысқа қосу үшін 3—6 сағ уақыт қажет.

4. ТЭС – де электр энергиясын туындау принципін түсіндіріп беріңіз

Жылулық электр станциялары — жылу электр орталығы (ЖЭО).

Электр станциялардың осы түрі өндіріс кәсіпорындарды және қалаларды электр энергиясы және жылумен орталықтандырып жабдықтандыру үшін тағайындалған. КЭС, жылу электр станциялары сияқты өндіріс кәсіпорын қажеттігі үшін турбиналардағы жұмсалған жылуды пайдалануымен, сонымен қатар, жылыту, ауаны желдету және ыстық сумен жабдықталуы бойынша айрықша болады. КЭС электр энергиясын өндіріп жергілікті қазандықтардан жылуды алуымен, яғни ж еке электр жабдықтауымен салыстырғанда

Электр энергиясымен жылуды осындай аралас түрінде өндіру жеке энерго жабдықтауға қарағанда, яғни, КЭС электр энергиясымен жылуды жергілікті қазандардан алынатын отынды үнемдейді. Сондықтан, ЖЭО көптеген жылу, электр энергияларын алатын тұтынушылары бар аудандарда (қалаларда) кеңінен тараған. Жалпы ЖЭО біздің мемлекетімізде өндірілетін барлық электр энергияның 25% таяу өндіріледі.

ЖЭО электр бөлігінің ерекшелігі электр станцияларының электр жүктемелер орталықтарының маңында орналасуымен анықталады. Осы жағдайларда қуаттың жартысы тікелей генераторлы кернеулермен жергілікті тораптарға беріледі. Осы мақсатта электр станцияларында, әдетте, генераторлы тарату құрылғысы (ГТҚ) жасалады. Қуатты артығы, КЭС сияқты, жоғарлатылған кернеумен энерго жүйелерге беріледі.

ЖЭО маңызды ерекшілігі электр станциялардың электр қуатымен салыстырғанда, жылу жабдықтарының жоғарлатылған қуаты болып табылады. Бұл жағдай, КЭС қарағанда, өзіндік қажеттіліктерге жіберілетін электр энергияның шығындалуын алдын алады.

ЖЭО ірі өндірісті орталықтарда орналасуы тиімді, электр жабдықтарына қарағанда жылу жабдықтарының жоғарлатылған қуаты қоршаған ортаны қорғауға қойылған талаптарды жоғарлатады. Мысалы, ЖЭО зияндарын азайту үшін, ең алдымен, мүмкіндікке қарай, газ немесе сұйық отынды, сонымен қатар, жоғары сапалы көмірді пайдаланған тиімді.

5. КЭС – де электрэнергиясыныңтуындаупроцедурасынайтыпберіңіз

КЭС электр станциясы жэс қарағанда тек электр энергиясын өндіреді . Қалғанының бәрі кәдімгі жэс сияқты . КЭС негізгі ерекшеліктері: электр энергиясы тұтынушыларынан алшақтауы, ол дегеніміз, негізінде жоғары және аса жоғары кернеулерде берілетінін және электр станциялардың құрылу принципін анықтайды. Заманына сай КЭС қуаты еліміздің ірі аудандарын электр энергиясымен қамтиды. Осыдан осындай типті электр станциялардың тағы да бір аты шыққан – мемлекеттік аудандық электр станциясы (МАЭС). Блокты принцип бойынша КЭС құру төменде қорытындыланған, белгілі техника-экономикалық қасиеттерін береді:

- жоғары және аса жоғары параметрлерінің буының қолдануын жеңілдетеді, ол үлкен қуатты агрегаттарды меңгеру үшін;

- электр станцияның технологиялық сүлбесі анық бола бастайды да пайдалануы қарапайымдалынады жіне жұмыс сенімділігі артады;

- резервті жылу механикалық жабдықтары азайады, кейбір жағдайларда мүлдем болмайды;

- құрылыс және жөндеу жұмыстарының көлемі қысқарады;

- электр станцияны құру үшін капитал шығындары азайады;

- электр станцияның ыңғайлы кеңейуі қамтамасыз етіледі, жаңа энерго блоктары алғашқыларына қарағанда өзінің параметрлері бойынша өзгеше болады.

КЭС технологиялық сүлбесі бірнеше жүйелерден тұрады: отын беру, отын дайындау, генератор және турбинамен бірге негізгі сулы бу контуры; циркуляционды сумен жабдықталуы, су дайындау, күл сорғыш, күл жойғыш, сонымен қатар, станцияның электр бөлігі.

Осы барлық элементтерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін механизмдері мен қондырғылары станцияның (энерго блоктың) өз қажеттілігі жүйесіне жатады.

КЭС көптеген энергетикалық шығындары көбінесе булы су контурында болады, атап айтқанда конденсаторда, ондағы, бу өндіру кезінде көптеген жылуы бар бу циркуляционды суға береді. Циркуляциядағы су жылумен бірге водоемдарға жіберіледі, яғни, жоғалады. Осы шығындар, әсіресе, электр станцияның ПӘК анықтайды, заманына сай КЭС үшін 40-42% көп емес.

6.АЭС – де электр энергиясының туындау процедурасын жазыңыз.

Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс., 1 кг уран 2.1010 ккал энергия береді. Бөліну реакциясының үздіксіз жүріп отыруына қажет ядролық отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады. Реактордың типіне, конструкциясы мен отынның түріне қарай кризистік масса 1 кг-нан бірнеше тоннаға дейін жетед