Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Насым агай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

Кернеу трансформаторы

Кернеу трансформаторлары электр өлшеуіш аспаптардың, реле, сигнализация тізбектердің, басқару мен автоматтандыру катушкасын кернеумен қоректендіруге қолданылады. Әдеттегі күштік трансформаторлардан кішігірім қуатымен ерекшеленеді. Мысалға, көп таралған НОМ-10 типті кернеу трансформаторының қуаты тек 720 ВА құрайды.

Кернеу трансформаторының құрылысы мен сұлбасы 13-суретте көрсетілген. Көп орамды жоғары кернеулі орамасы болып табылатын оның бірінші орамасы U1 өлшенетін кернеуге, ал төменгі кернеулі орамасы болып табылатын екінші орамасы вольтметрмен және басқа аспаптардың тізбектегі кернеуімен тұйықталады. Екі орамасы да концентрлі. Күштік трансформаторлардағыдай, ЖК орамасы ТК ораманың сыртында орналасқан. Барлық өлшеуіш аспаптар бәрінде трансформатордың екінші ретті кернеуі болуы үшін бір-бірімен параллель жалғанады. Вольтметр мен өлшеуіш аспаптардың кернеу тізбегінің кедергісі айтарлықтай жоғары (шамамен 1кОм), яғни кернеу трансформаторы күштік трансформатордың бос жүріс кезіндегі шарттарына ұқсас жұмыс істейді.

Автотрансформатор

Автотрансформатор — трансформатордың бір түрі; бір немесе бірнеше ұшы бар жалғыз орамнан тұрады.

«Кернеу төмендеткіш» автотрансформаторда ену кернеуі (электр желісінің кернеуі) бүкіл орамға беріліп, шығу кернеуі (жүктеме) оның бір ғана бөлігінен (шығу көзі мен орамның шеткі бір тарамының аралығында) таратылады; ал «кернеу күшейткіш» автотрансформаторда желі орамның бір бөлігіне және жүктеме қуат орамға тұтас қосылады.

Реттеуге келмейтін қарапайым автотрансформаторлар кернеуді 127 В-тан 220 В-қа көбейтуге немесе керісінше, азайтуға пайдаланылады. Оны тоңазытқыш, шаңсорғышқа т. б. қосуға болады. Радиоқабылдағыш пен телевизорды қоректендіру үшін кернеулі сатылап немесе біртіндеп өзгертетін реттеуіші бар анағұрлым күрделі автотрансформаторлар қолданылады.

Қажетті кернеуге бақылау жасау үшін реттелетін автотрансформаторларда, әдетте вольтметр, яғни реттеуіш тұтқасында көрсеткіші бар кернеу шкаласы болады. Автотрансформаторларды пайдалану кезінде, оның бүкіл орамы мен бөліктері электр желісіне қосылып тұратындықтан өткізгіш сымға және автотрансформатордың кернеулі көзіне қол тигізу қауіпті екендігін естен шығармаған жөн.

«Автотрансформатор» ұғымын тұрмыста кернеу стабилизаторы деп жаңсақ айтылып жүрген және «автоматты трансформатор» деген қате анықтамамен шатастырмау керек.

  1. Трансформаторлардың қысқа тұйықталу режимінің теңдігін қолданыңыз.

  2. Трансформаторлардың қысқа тұйықталу режимін түсіндіріп іске қосыңыз.

  1. Электроэнергетик жүйелер дегенде нені түсінез? Тәжірибе қойыңыз.

  2. Электроэнергетик жүйелердің істен шығу тәсілдерін реттеңіз.

Электр энергетика жүйелері және тораптары Электр энергия жүйелерінің конструктивті құрылымы, жұмыс принципі.. Әуе желілері, конструктивті құрлымы Электржеткізуші (ЛЭП) желілер, қолдану аумағы, жұмыс жағдайы. Оқшауламаның негізгі типтері. Кабельді желілер. Орынбасу сұлбалары. Кедергілері. Кабельдерді жүргізу тәсілдері, қосу және ұштастыру. Аудандық және жергілікті электр тораптары. Электротораптарындағы қуат және энергия шығыны. 8 Электрлі тораптардың режимдерін есептеу әдістері. Күрделі тұйық торап. Трансфороматорлардың орынбасу сұлбасы. Автотрансформатордың орынбасу сұлбасы. Электр жеткізуші желінің механикалық есептеуі туралы. Энергияны алыс қашықтыққа жеткізудің жаңа мәселелері, түсініктер. Энергия жүйені басқару принциптері. Энергия жүйемен электр тораптарда диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі туралы түсінік. (ДБАЖ). Электр энергиясын тарату кезіндегі экологиялық мәселелер, оның қоршаған ортаға әсері. Электр энергетикалық жүйе және тораптардың Қазақстан мен шет елдердегі даму жағдайы мен болашағы.

  1. Максимал жүкті(нагрузка) көрсетіңіз.

Максималды жүктемелер

Активті қуаттың Рм, реактивті қуаттың qм, Qм , толық қуаттың sм, Sм және токтың iм, Iммаксималды мәндері бір уақыт мезгіліне сәйкес келетін орташа шамалының ең үлкен шамалары. Максималды жүктемелер сол немесе басқа уақыт периоды ішінде пайда болу жиілігімен сипатталады.

Ұзақтық бойынша максималды жүктемелер екі түрге бөлінеді:

а) электрмен жабдықтау жүйе элементтерін таңдау үшін қызу және олардағы максималды қуат шығынын есептеу бойынша анықталатын ұзақтықтары әртүрлі максималды ұзақтық жүктемелер (10, 15, 30, 60, 120 мин.);

б) желідегі кернеудің өзгеріс көлемін тексеру үшін, түйіспелі желідегі кернеу шығынын анықтау үшін, электр қозғалтқыштың өзіндік қосу шарты бойынша желіні тексеру үшін, сақтандырғыштың балқымалы ендірмесін таңдау үшін, максималды тоқ релелік қорғаныстың іске қосылу тоғын есептеу үшін қажетті болатын ұзақтығы 1-2 с бар максималды қысқа мерзімді жүктеме.

Есептік жүктемелер

Рұқсат етілген қызу бойынша есептік жүктеме дегеніміз - ең көп жылулық әсер ету бойынша өзгеретін жүктемеге эквивалентті электрмен жабдықтау элементінің ұзақтығының өзгермейтін жүктемесі (өткізгіштің максималды қызу температурасы немесе оқшауламаның жылулық тозуы бойынша). Өткізгіштің қызуы ток жүктемесіне байланысты, бірақ тәжірибе бойынша және есептеулер жүргізгенде P=f(t) графигін I=f(t) графигіне қарағанда алу оңай болғандықтан, жобалау тәжірибесінде активті қуат бойынша есептік жүктеме Рр ұғымы кеңінен қолданады.

ҚОлдану коэффициенті, максимум коэффициенті.

Қажетке жарату қолданыс коэффициенті

Қажетке жарату коэффициенті жүктемені есептеу кезінде негізгі көрсеткіш болып табылады.

2-деңгей

  1. Кенет ток немесе кенет кедергіні есептеу әдісіне мысал келтіріңіз.

  2. Айнымалы ток және айнымалы кернеу арасында фазалық айырмашылық қандай тізбекте болмайды. Жауапты мысал арқылы түсіндіріп беріңіз.

  3. Кернеудің фазасы қандай тізбекте токтың фазасынан озып кетеді. Жауапты мысалмен түсіндіріңіз.

  4. Қандай тізбекте токтың фазасы кернеудің фазасынан озып кетеді. Жауапты мысалмен түсіндіріңіз.

  5. Айнымалы ток тізбектерінің векторлық диаграммасы дегенде нені түсінеміз. Мысал келтіріңіз.

  6. Екінші қайтара жанама әсер етушә реленің конструкциясын түсіндіріп беріңіз.

  7. Радиалдық желілер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  8. Магистралдық желілер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  9. Аралас желілер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  10. Максимал жүкті(нагрузка) дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  11. Минимал жүкті(нагрузка) дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  12. Айқас тұйықталу құбылысын туындататын факторларды түсіндіріп беріңіз.

  13. Үш фазалы токтың туындату процедрасын түсіндіріп беріңіз.

  14. Айнымалы ток тізбектерінде қай кезде фазалық кернеу сызықты кернеуге тең болады? Жауапты мысал ретінде түсіндіріңіз.

  15. Үш фазалы айнымалы ток тізбектерін жұлдызша жалғау әдісін мысалдармен түсіндіріңіз.

  16. Үш фазалы айнымалы ток тізбектерінде айқас тұйықталудың туындай себептерін мысал арқылы түсіндіріп беріңіз.

  17. Бір жақтамалы қоректену (питание) желілері қандай болады?

  18. Екі жақтамалы қоректену (питание) желілері қандай болады?

  19. Бір жақтамалы тұйық (турик) желілері қандай болады?

  1. Айнымалы қоректену желілері қандай болады.

39