Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Насым агай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

9.Үш фазалы токты алуда жұлдызша әдісін қолданыңыз

Генератор орауыштарының жүктемемен қосылысын түрлі әдістермен көрсетуге болады. Генератордың әр орауышын жүктемемен екі сым арқылы қосса, оған алты қосқыш сым қажет болады, сондықтан бұл әдіс ең тиімсіз болып табылады. Үшфазалық генератор орауыштарын үнемдеу мақсатында сымдарды жұлдызша немесе үшбұрыш түрінде қосады. Сонда генератордан жүктемеге дейін қосқыш сымдар саны алтыдан төрт немесе үшке азаяды.

Генератор орауыштарын жұлдызша түрінде қосқанда үш орауыш қысқыштарын (мысалы, а, b, с нүктелері) бір нүктеге қосады (сур. 8.1), оны генератордың нейтральды нүктесі N деп атайды. Генератор орауыштарын А, В, С әріптерімен белгілейді (схемаларда үш фазалық генераторды бір-біріне 120º бұрышпен орналасқан үш орауыш түрінде көрсетеді); сонымен қатар әріптер келесідей орналасады: А – біріншінің басында, В – екіншінің басында және С – үшінші фазаның басында. Генератордың нейтральды нүктесін N жерлестіреді. Нейтральды сым деп генератор мен жүктеменің нөлдік нүктелерін жалғайтын сымды атайды. Нөлдік сымның тоғын   деп атаймыз. Генератордың А, В, С нүктелерін жүктемемен қосатын сымдарды сызықтық деп атаймыз. Соларда өтетін тоқты сызықтық деп атап, оларды   ,   ,   деп белгілейді. Жүктемені жұлдызша түрінде қосу кезінде тоқтардың оң бағыты ретінде генератордан жүктемеге дейінгі бағыт есептеледі. Сызықтық тоқтардың модульдерін қосымша индекссіз белгілейді -   .

Сурет 8.1 Генератордың орауыштарын жұлдызша түрінде қосу

10. Үш фазалы токты алуда үшбұрыш әдісін қолданыңыз.

Генератор орауыштарының жүктемемен қосылысының әдістерінің бірі болып, үшбұрышпен қосу табылады.

Генератор орауыштарын үшбұрыш түрінде қосқанда (сур. 9.1) орауыштың бір соңын екіншісінің басына, екіншісінің соңын үшіншісінің басына, үшіншісінің соңын біріншісінің басына жалғайды. Тұйықталған үшбұрыштың ЭҚК геометриялық қосындысы нөлге тең. Сондықтан, А, В, С қысқыштарына жүктеме қосылмаса, генератор орауыштарында тоқ өтпейді.

Сурет 9.1 Генератор орауыштарының үшбұрыш түрінде қосылуы

Қабылдауыштарды үшбұрыш түрінде қосады егер, әр қабылдауыштың номиналды кернеуі сызықтық кернеуге сәйкес келсе және Zав, Zвс, Zса фазалық кедергілері бар үш фаза сызықтық өткізгіштің арасында қосылса.

Қабылдауыш фазаларын үшбұрыш түрінде қосудың маңызды ерекшелігі – бір фазаның кедергісі өзгергенде басқа фазалардың жұмыс режимі өзгермей қалады (тек қана сол фазаның тоғы мен сол фазамен жалғанған өткізгіш сызықтарындағы сызықтық тоқтар өзгереді). Сондықтан үшбұрыш түрінде қосу схемасы симметриялық емес жүктемелерді қосуда кеңінен қолданылады.

Симметриялы және симметриялы емес жүктемелер

9.2 суретінен генераторды үшбұрыш түрінде қосқанда сызықтық кернеу фазалық кернеуге тең екені көрінеді Uл=Uф.

 .

  Сурет 9.2 Қабылдауыштардың үшбұрыш түрінде қосылуы

 

Тоқтардың оң бағыты ретінде сағаттың бағытымен сай түсетін бағыт алынады. Тоқтардың индексі таңдалған бағытқа сәйкес болады: бірінші индекс тоқ шығатын нүктеге, екіншісі – тоқ кіретін нүктеге сәйкес.

Симметриялы және симметриялы емес жүктеме кезінде фазалық тоқтарды Ом заңымен анықтайды   .

Жүктеме үшбұрыш түрінде қосылғанда сызықтық тоқтар жүктеменің фазалық тоқтарына тең болмайды және Кирхгофтың бірінші заңымен анықталады:

   ;   .