- •Электроэнергетик жүйелердегенде нені түсінез? Жауапты мысал арқылы
- •3.Гэс электр энергиясын туындау принципін түсіндіріп беріңіз.
- •8.Электр энергетикалық тораптарды мысал арқылы түсіндіріп беріңіз.
- •9.Қосалқы станциялардың құрамын жазыңыз
- •10. Электрмен қамтамасыз етудің радиалдық жүйесін жазыңыз
- •12.Өндірісті электрмен қамтамасыз етудің ерекшеліктерін мысал арқылы айтып беріңіз.
- •13.Қалалық электр торабында кернеудің жоғалу процедурасын тізімдеңіз.
- •14.Қалалық электр торабында кернеудің төмендету процедурасын түсіндіріңіз
- •15. Қалалық электр торабында қуаттың жоғалу процедурасын мысал арқылы түсіндіріп беріңіз.
- •17. Қалалық электр тораптарын болжамдаудың принциптерін айтыңыз.
- •18. Қалалық электр тораптарының электр энергиясымен қамтамасыз етуде техникалық қауіпсіздік мәселелерін мысал арқылы түсіндіріп беріңіз
- •19. Айнымалы токтың физикалық табиғатын мысал арқылы айтыңыз
- •21.Айнымалы токтың фазасы қалай есептеледі таңдап белгілеңіз.
- •Электромагниттік принципте істейтін реленің конструкциясын көрсетіңіз.
- •Электродинамикалық принципте істейтін реленің конструкциясын іске қосыңыз.
- •3. Индукциондық принципте істейтін реленің конструкциясын дайындаңыз.
- •5. Айнымалы ток тізбектерінде актив және реактив кедергі түсіндіріңіз, реттеңіз.
- •7. Айнымалы ток тізбектерінде реактив қуатты қалай есептейді тәжірибе қойыңыз
- •9.Үш фазалы токты алуда жұлдызша әдісін қолданыңыз
- •10. Үш фазалы токты алуда үшбұрыш әдісін қолданыңыз.
- •12. Трансформатордың бос жүріс режимінің теңдігін көрсетіңіз.
- •13.Трансформаторлардың түрлері, олардың міндеттерін көрсетіңіз.
- •14. Трансформаторлардың қысқа тұйықталу режимінің теңдігін қолданыңыз.
- •17.Электроэнергетик жүйелердің істен шығу тәсілдерін реттеңіз.Электроэнергетик жүйелердегенде нені түсінез? Тәжірибе қойыңыз.
- •Айнымалы ток тізбектерінде актив және реактив кедергі түсіндіріңіз, реттеңіз.
- •Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
- •Кернеу трансформаторы
- •Автотрансформатор
1-деңгей
Электроэнергетик жүйелердегенде нені түсінез? Жауапты мысал арқылы
түсіндіріңіз.
Энергетикалық жүйе, энергожүйе – өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр стансаларының жиынтығы (торабы). Энергиялық жүйенің құрамына: жылу электр стансасы, атом электр стансасы, су электр стансасы, электр энергиясын жеткізу желісі; қосалқы электр ст-лары, жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясының қабылдағыштары енеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен Энергиялық жүйе арқылы қамтамасыз етудің жеке электр ст. арқылы қамтамасыз етуге қарағанда төмендегідей артықшылықтар бар: энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі артады; жергілікті энергет. қор (отын және су энергиясы) тиімді пайдаланылады; электр ст-ларының жүктемесін өзара тиімді етіп бөлу нәтижесінде электр энергиясының өзіндік құны кемиді, қуатты қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі жасалады, резервтік қуат азаяды. Энергиялық жүйе әдетте бір орт-тан басқарылады. Бір жалпы оперативтік диспетчерлік пункттен басқарылатын бірнеше Энергиялық жүйе біріккен энергетикалық жүйе құрайды.
2.Электр энергетикасының істеп шығу тәсілдерін түсіндіріңіз.
Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қонлдырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады.
Су электр станциясы – элетро генераторын айналдыратын гидравликалық трубинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа Су электр станциясы салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен
ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ (ЖЭО) – тұтынушыларға бір мезгілде электр энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу (газ) турбиналы электр стансасы. ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе ыстық су түрінде таратылады. Энергетикалық бу қазандарында (жану камераларында) өндірілген тиісті параметрлі бу (газ) турбинаны және онымен бір білікте орнатылған электр генераторын айналдырады. Турбиналарда жұмыс істеп шыққан будың қалдық қызуының едәуір бөлігі кәсіпорындардың технолологиялық процестерін бумен жабдықтауға және ыстық сумен үйлерді жылыту жүйелеріне жұмсалады қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Баламалы энергия көздері
Жел энергетикасы Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді.
Күн энегргиясы гелиоэлектрлік станса – электр энергиясын өндіру үшін күн радиациясын пайдаланатын электр стансасы. Күн электр стансасының негізгі екі түрі (термодинамикалық және фотоэлектрлік) бар.
Күн энергиясы алдымен жылу энергиясына, одан кейін электр энергиясына айналады (мысалы, бу қазаны – турбина – генератор циклінде).
Күн энергиясы фотоэлектрлік генератордың көмегімен тікелей электр энергиясына түрленеді. Қолданыстағы күн электр стансасының пайдалы әсер коэффициенті 15 %-дан аспайды, ал меншікті қуаты жылу электр стансасының қуатынан бірнеше есе жоғары болады
