Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-10 Билет тестсиз.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

1Сұрақ қылмыстың тәртіптік құқық бұзушылықтан айырмашылығы

Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі болып табылады. Осыған байланысты қылмысты әкімшілік, азаматтық құқық бұзушылықтан және тәртіптік қылықтардан бөлектеп қарауға тура келеді.

Кеңестік құқық теориясында қоғамдық қауіптілік құқық бұзушылықтың қасиеті ме немесе тек қана қылмыстың ғана қасиеті ме деген сұраққа жауап  ретіндегі бірыңғай нақты пікірлер жоқ деуге болады. Кейбір ғалымдар, қоғамдық қауіптілік — бұл кез келген құқық бұзушылыққа тән қасиет десе/60/, енді біреулері оны тек қана қылмыстың қасиеті/61/ деп қарайды.

Ескеру қажет,  қылық пен қылмыстың қоғамдық кауіптілігі бір мағынаны білдірмейтініне сөз жоқ. Олардың  арасындағы жалпы байланыс — істелетін әрекеттер қоғам үшін жағымсыз, қоғамдық қатынастарға белгілі бір дәрежеде зиян келтіретін әрекеттер, қоғаммен кінә тағылатын әрекеттер турасында сөз болуында. Оларды арасындағы айырмашылық —  қылмыс пен қылықтың екеуі де қоғамға түрлі дәрежеде зиян келтіру мүмкіндігіне ие болғандыктан, екеуі де түрлі дәрежеде қоғам үшін қауіпті. Қылмыс істеуші мен қылық керсетуші адамдар қауіптілігінің дәрежесі де әртүрлі. Қылмыс істеген адамның қоғамдық қауіптілігі қылық істеген адамға қарағанда әлдеқайда артық болады /62/.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 28-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық (қылық) деп заңмен әкімшілік жауапкершілік карастырылған кінәлі ерекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) танылады.

2 Сұрақ мемлекеттік басқару мәжбірлеу және сендіру

Мемлекеттік қызметтерді басқару – атқарушы қызметті жүзеге асыру, тәртіпті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, адамдардың санасы мен іс-қимылына, жүріс-тұрыстарына мақсатты түрде бағытталған тәсілдердің көмегімен ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.

Бұрын да, қазіргі кезде де басқару және атқарушы билік аясында мемлекеттік басқарудың әмбебап тәсілдері ретінде сендіру және мәжбүр ету әдістері қолданылуда. Сендіру және мәжбүрлеу – мемлекеттік басқарудың әдістері ретінде – қоғамдық құбылыс болып саналады. Өйткені олар нақтылы қоғамдық қатынастардың қатысушысылары арасындағы байланыс сипатында көрініс табады. Осы әдістер басқару процесіне өте қажетті мемлекеттің ұйымдастырушы ықпалының тәсілдері жүйесін көрсетеді және олардың қоғам өмірінде алатын орны ерекшеленіп тұрады.

Сендіру және мәжбүрлеу әдістерінің әлеуметтік қажеттілігі мен тиімділігі былайынша айқындалады:

1. Қоғамдық дамудың қазіргі кездегі жалпы әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарымен шартталады;

2. Қоғамдық дамудың экономикалық және саяси мұқтаждығына, өмір, замана талабына қаншалықты дұрыс жауап беретініне және әлеуметтік жағынан дәлме-дәл көрсете алатынына тәуелді болады;

3. Демократиялық, құқықтық немесе басқаша болуы мүмкін мемлекет пен қоғамның жағдайындағы сендіру және мәжбүрлеу арақатынасына негізделеді.

10Билет

1Сұрақ. Әкімшілік құқық бұзулық үшін жауаптылықты ауырлататын мән жайлар

Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:

1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;

2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;

3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту. Кез келген процесс кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді. Кезең (стадия) дегеніміз – процесс субъектілерінің бірінен соң бірі істелінетін, бір бірімен байланысты нақты әрекеттері. Әкімшілік-процессуадлық кезеңдер процестің қозғалысын көрсетеді: - оның алғашқы сәттері; - аралық бөліктері; - процессуалдық актіде ресімделетін қисынды (логикалық) аяқталған бөлімі. Әрбір кезең бір-бірінен дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс-әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді.  

    Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін.

2 сұрақ. төтенше жағдайдың құқықтық режимі  төтенше жағдай - Республиканың демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайларда азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының төтенше жағдай кезiндегi қызметiнің ерекше құқықтық режимiн белгiлейтiн, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына жекелеген шектеулер қоюға, сондай-ақ оларға қосымша мiндеттер жүктеуге жол беретiн уақытша шара;        төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердің шекаралары - Қазақстан Республикасының аумағы, Республиканың бiр немесе бiрнеше әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің аумағы;        жергiлiктi комендатура - төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде құрылатын уақытша арнайы атқару органы;        жергiлiктi комендант - Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күш-құралдарды бiрыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;        коменданттық сағат - қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау мақсатында төтенше жағдай қолданылатын кезеңге енгiзiлетiн және азаматтардың коменданттық сағат кезiнде арнайы берiлген рұқсат қағазынсыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда немесе үйлерiнен тысқары жерде болуына тыйым салу көзделетiн уақытша шара.