Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-10 Билет тестсиз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.56 Кб
Скачать

1.Сұрақ әкімшілік құқық әдістерінің түсінігі

Әкімшілік құқықтьң әдістері. Қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал жасаушы тәсілдік сипатта болатын әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік бірнеше ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Біріншіден, әкімшілік құқық әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғарғы органдардың бұйрығын, тапсырмасын, талаптарын, тыйым салуларын орындайтын сатылылығы. Мысалы, азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тараптардың (жақтардың) еркінің тендігі болса, әкімшілік құкықтық әдісте бір жақтың екінші жақтың еркінен үстемдігі байқалады. Бұл әсіресе атқару билігі органдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынаста көрінеді. Бұл жерде әкімшіліктер көп жағдайда мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, сондықтан олардың қолында мәселені шешудің құқықтық сипаттағы міндетгі шешім қабылдайтындықтан, азаматтарға қарағанда еркі үстем, ал адамдар солардың еркіне бағынып, айтқанын істейді. Сонда аталған іс бір жақтың (тараптың) еркіне екінші жақтың бағынуын көрсетеді. Бұндай бағынушылыққа өз еркімен ғана емес, мәжбүрлеу арқылы да қол жеткізілуі мүмкін. Мысалы, бағдаршамның қызыл жарығына жүріп жол ережесін бұзған жүргізушіні жол полициясының қызметкері ешкімнің айтуынсыз өзі тәртіп бұзушыны жауапқа тарта алады. Егер жүргізуші қарсылық көрсетіп, бағынбаса оған күш қолданып, мәжбүрлеуге құқы бар.

Әкімшілік құқық әдістерінің келесі бір ерекшеліктері құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, қалыптардың, талаптардың бұлжытпай орындалуы. Бұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, көшені арнайы көрсетілген жерден қиып өту немесе жеке топтарға арналған, жүргізушілерге автокөліктерімен жүруге, автокөліктерін қоюға тыйым салатын ережелерді айтуға болады. Сонымен, көп жағдайда әкімшілік құқықтың әдістері «билік» және «бағыну», бұйрықтарды, талаптарды орындау сипатында болады. Дегенмен, әкімшілік құқықта горизонталды қарым-қатынастарды реттейтін тараптардың (жақтардың) тепе-тендігі сақталатын жағдайлар да аз емес. Мысалы екі министрліктің арасындағы қатынас ешқандай бағыныштылыққа құрал-майды. Әр министірлік өзінің жұмысымен айналысып үкімет басшысына ғана бағынады. Әкімшілік кұқықтың бағынушылық (командалық, бұйрықтық) әдісінен басқа өзара біріккен әрекет, келісіп істеу, келісім, үйлесімділік, әкімшілік шарт сиякты әдістері бар.

2 Сұрақ Әкімшілік құқық қатынастар құқықтық қатынастар

. Әкімшілік құқық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандайда бомасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқық нормаларының біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі. Әкімшілік құқық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар:

- Тараптадың теңсіздігі.

- Тараптардың ынтасы.

- даулардың әкімшілік тәртіппен шешілуі.

Әкімшілік құқық қатынастардың әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады:

1. Тікелей

2. Көлбеу

Тікелей әкімшілік құқық қатынастар әкімшілік құқықтық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіруі.

Көлбеу әкімшілік құқық қатынастар болып, солардың шеңберінде тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық – биліктің өкімі болмайды.

4. Құқықтық қатынастар субъектісі, объект, және іс жүзіндегі және заң жүзіндегі мазмұны болады. Нормаға сәйкес құқықтар мен міндеттер жүктелген адам құқықтық қатынастар субъектісі бола алады. Әкімшілік құқықтың түрлік нормалармен анықталынатын субъектілеріне қарағанда құқықтық қатынастар субъектісі әрқашанда нақты. Әкімшілік құқық қатынастардың объектісі – әрқашанда мемлекеттік басқару өрісінде өзара жөнділікке және келісімшілікке қол жеткізу. Іс жүзіндегі мазмұн дегеніміз – тараптардың құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыратын тұлғалардың нақты әрекеттері, ал субъективтік құқықтары мен міндеттер заңдық мазмұнға жатады.

9билет