Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-10 Билет тестсиз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.56 Кб
Скачать

6 Билет

1Сурақ: қ.Рның үкіметінің ұйымдасые мен қызмет етуінің құқықтық негізі

I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi

      Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.        Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.

      2-бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық              негiзi

      Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.        Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы,               құрылымы және құрамы

      1. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.        2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.        3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.        4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.        Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

2 сұрақ: Әкімшілік үрдіс: мәні және түлері

Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.

Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:

1)  Заңдылық қағидасы – ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.   

2) Объективтілік (әділдік) қағидасы – істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді.

3) Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы.

4) Жариялық қағидасы – ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар.

5) Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы.

6)Тиімділік жне үнемділік қағидасы.

7)Процестің безвозмездности қағидасы – процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген.

8)Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы.

7 Билет

1Сүрақ. Әкімшілік құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы

Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері туралы қазақша реферат

Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар құрайды.

Әкімшілік — құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.

Әкімшілік — құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:

1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;

2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;

3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;

Әкімшілік реттеудің мәні — басқару қатынастарын ретке келтіру, әкімшілік құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез — құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы – дегеніміз нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген тәртібі.

Әкімшілік –құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:

1)гипотеза;

2)диспозиция;

3)санкция.

Гипотеза – бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік — құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет).

Гипотезаның мынадай түрлері болады:

— абсолютті — анықталған — бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.

— салыстырмалы — анықталған — бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.

Диспозиция –бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция –бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.

Санкция – бұл мінез — құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.