Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ак.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.7 Mб
Скачать

Қ оздырғыштың таксономиясы:

сібір күйдіргісінің бацилласы - Bacillus anthracis

микробиологиялық қасиеті: грам оң жіп тәрізді таяқшалар,споралары жасушаның ортасыңда орналасқан –стрептобациллалар. Иесінің ағзасында қоздырғыш капсула түзеді. Капсуласы шіріту микрофлораның әсеріне түрақты, сондықтан шіріген мәйіттен дайындаған жағындыда бос капсулаларды анықтауға болады (микробтардың «көлеңкесі»), Жағындыда капсуланы анықтау үшін Леффлер әдісімен метилен көгімен бояйды (жасушалар - аспан көк түске капсулалары - қызыл түске боялады). Күйдіргі бациллаларының споралары сопақша, тірі ағзада және ашылмаған мәйітте споралар түзе алмайды. Спора түзу үшін бос оттегі мен арнайы температура (12-42°С) қажет. Қоздырғыштың қоршаған жоғары сезімтал-дығын қамтамасыз ететін фактор - спора түзу қабілеті; суда споралар 10 жылға топырақта - 30 жылдан артық уақыт сақталына алады.

Дақылдық қасиеттері: Күйдіргі микробы - факультативті анаэроб, қарапайым қоректік орталарда жақсы оптимальды өсу температурасы 34-37°С, орта рН- 7,2-7,5. Тәулік бойы инкубациялағаннан кейін ЕПА-да немесе Хоттингер агарында ірі, кедір бүдыр, шетгері тегіс емес, иректелген тармақшалары бар, R-пішінді колониялар түзеді. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда, «медузаның басы» немесе

арыстанның жалына» үқсайды. Бацилланың К-пішіні вирулентті штамдарына тән болып келеді. Сүйық қоректік орталарда мақта түйіршігі секілді өседі, сілкіген кезде ыдырап кетпейді де орта мөлдір түрінде қалады.

Пенициллин қосылған қоректік орталарда 3-6 сағат инкубациялағаннан кейін бациллалар пласттарға айналып, тізбектеліп орналасады. Жағындыда «маржан алқасына» үқсас болып асады («маржан алқа» тесті).

Ферментативті қасиеттері: Глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтозаны қышқылға дейін және крахмал улинді ыдыратады. Сүтті 3-5 тәулікте үйытады, содан кейін бәсеңдеп пеПТОНИЗацИЯЛаЙДЫ ЖӘНе ыдратады, нәтижесінде аммиак бөлініп қоңыр пигмент жинақталады.

Инфекциялық қасиеттері: Күйдіргі микробының негізгі екі антигені болады. Жасуша қабырғасында соматикалық, полисахаридтік антигені бар, температураға түрақты, бүған қарсы антиденелер бөлінбейді, дақылдарда және мәйітте үзақ сақталынады. Асколидің приципитациялық реакциясымен анықталады. капсулалық протейндік антиген фагоцитарлық әсерге қарсы түрады. Күйдіргі микробының патогенділік факторларына экзотоксині мен капсуласы жатады. Микроб капсуласы олардың макрофагтарға адсорбциялануынан және фагоцитоздан сақтандырып, организмнің ағзалары мен тіндерінде еш бөгетсіз көбейіп таралуына мүмкіндік береді. Күйдіргі қоздырғышына сезімтал болып келетіндер - ірі және үсақ қара жылқылар, түйелер, шошқалар, жабайы жануарлар.Күйдіргі барлық жерде таралған. Адамдар арасындағы аурудың деңгейі жануарлар, әсіресе үй жануарлары, арасындағы эпизоотия таралуымен байланысты. Инфекцияның көзі - ауру жануарлар. қоздырғыштың топырақта үзақ сақталуы жануарлар арасында түйнеменің эндемиялық ауруының тууына себеп болады. Инфекцияның та жолдары әртүрлі: қатынасты - түрмыстық (жануарларды қарағанда, терісін алғанда, ауру жануарл терісі мен жүнінен өнім жасағанда), аэрогенді (микробы бар шаңды жүтқанда), тағамдық ( жануарлардың шала оңделген етін қолданғанда) және трансмиссиялық (шыбын-шіркейлер қан сорғанда)

Диагностикасы, алдын алуы және емдеуі: Негізгі зерттеу әдістері: бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, аллергиялық, Асколи бойынша термоприцепитация реакциясы. Зерттеуге алынатын заттар:

везикула және карбункула бөлінділері, сыдырылып түскен қабыршақ (струп) (терілік түрінде); қақырық (өкпелік түрінде); нәжіс (ішектік түрінде); қан (барлық түрлерінде);

мәйіт материалдары (зақымданған ағзалар мен тіндер, қан мен көк бауыр);

топырақ, тері, жануарлардың жүні, жемі, су, қоршаған орта объектілерінен шайындылар және т.б.

Емдеуі. Күйдіргіге қарсы арнайы иммундыглобулин мен патогенетикалық емдеу (аурудың ағымының " ауырлығына байланысты енгізілген сүйықтықтың көлемі күн сайын 0,5 - 1,0л аралығында болуы керек) жүргізіледі. Пенициллиндер, тетрациклиндер және фторхиналондар қатарына жататын антибиотиктер жақсы нәтиже береді.

Алдын алуы. Қазіргі кезде төрт типті вакцина қолданылады: Тірі; бүл Васіііиз апіһгасіз-тің капсуласыз штамдарының лиофильді кептірілген споралары. Химиялық (молекулалық); бүл тиісті заттарға (тасымалдаушыларға) сіңдірілген протективті антиген (бір ақуыздық молекула).

Қосарланған; бүл тірі споралар мен протективті антиген.

Рекомбинантты; сәйкес кеЛетін басқа бактериялардың генетикалық аппаратына қондырылған, макроорганизмнің иммундық жауабын тудыруға қабілетті ДНҚ.

Вакцинация әпидемиялық көрсеткіш бойынша, яғни мал шаруашылығы және мал өнімдерін дайындаумен айналысатындар арасында жүргізіледі. Бейспецификалық сақтандыру ветеринарлық- санитарлық шаралардың кешенімен бірлесіп өткізіледі: инфекцияның ошақтарын анықтап алғаннан соң, сол жерлерде нүсқауларға сәйкес жою жүмыстарын жүргізеді.

зерттеу әдісі: микроскопиялық, метилен көкпен боялған

4

қоздырғыштың таксономиясы: гонококк- Neisseria gonorrhoeae

микробиологиялық қасиеті:лейкоциттердең ішіндегі грам теріс бүйректәрізді диплококкар–аяқталмаған фагоцитоз. Бұршақ тәрізді грам теріс диплококк, қозғалмайды, спора түзбейді пилиі, микрокапсуласы бар. Анилин бояуларымен жақсы боялады ( метилен көгі, бриллиант жасылы және т.б.)

Дақылдық қасиеттері: Гонококгар аэроб, хемоорганотрофтар; қүрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарда, 37°С температурада, көмірқышқыл газының молшері жоғары болғ түссіз, колониялар түзіп өседі. Қанды агарда гемолиз бермейді, қүрамында сүт, желатин және картоп қосылған қоректік ортада өспейді. Тығыз ортада колониялары түссіз шық тамшысына ұқсас келеді. Сұйық қоректік орта бетінде нәзік қабықша пайда болады, сорпаны лайландырады.