Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ак.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.7 Mб
Скачать

Қоздырғыштың таксономиясы:

ішек таяқшасы - Escherichia coli

микробиологиялық қасиеті:таяқша тәрізді, қызыл түсті (тинкториальді), грамтеріс. Жұмырланған, ұсақ, грам теріс таяқшалар, жағындыда ретсіз орналасқан, спора түзбейді, кейбір штамдары микрокапсулаға ие перитрихтар; талшықтардан басқа, кейде пили (кірпікшелер) анықталады.

Дақылдық қасиеттері: Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда 37°С-та жақсы өседі, сүйық ортада диффузды лайланып, түбінде түнба беріп өссе, тығыз қоректік орталарда жылтыр жартылай мөлдір 8 және К. колониялар түзеді. Эшерихиоз диагнозын қою үшін дифференциалды-диагностикалық орталар (Эндо, Левин және т.б.) кең қолданылады.

Ферментативті қасиеттері: Е.соlі жоғары ферменттік белсенділікке ие. Ішектаяқшасы 24 сағат бойы лактозаны ыдырататын Еntеrоbасtеrіасеае түқымдастығының өкілі

Инфекциялық қасиеттері: Энтералды эшерихиоздардың инфекция көзі ауру адамдар мен жануарлар болып табылады. Инфекцияның таралу механизмі фекалды-оралды (ауыз қуысы арқылы), негізгі таралу жолдары -тағамдық (гамбургер, картоп, майонез, сүт, ауыз суы), қарым-қатынастық және тұрмыстық. Ауру көбінесе күрт көбею түрінде сипатталады. Е.соlі түрі шартты - патогенді эшерихиялар және диареягенді деп топшаларға бөлінеді. Шартты-патогенді эшерихиялар адамдардың, жануарлардың, қүстардың, рептилиялардың, ықтардың қалыпты микрофлораларының өкілдері. Микроб нәжіс арқылы сыртқы ортағатүседі. Ішек таяқшасының суда, топырақта, ауада, ас тағамдарында, тұрмыстық заттарда кездесуі нәжіспен ластану сеткіші болып табылады.

Шартты - патогенді эшерихиялар көбінесе эндогенді ірінді - қабыну процестерін (парентералды эширихиоздар) қоздырады, яғни сепсис, жарақаттардың іріндеуі, екіншілік пневмония, несеп жолдарының инфекциялары. Көбінде иммундық тапшылық жағдайда пайда болады.

Шартты - патогенді эшерихиялардың К плазмидаларының болуына байланысты антибиотиктерге тұрақтылық алып полирезистенттілікке ие болады және ауруханаішілік инфекциялардың туындауына әкеледі.

Патогенді Е.соlі ішектік эшерихиоздың, АІИ қоздырғыштары болғандықтан диареягенді деген атауға болды. Ішек таяқшасының антигендік қүрылымы күрделі: Соматикалық (О) антигені серотобын анықтайды, оның 171- ден астам түрлері бар, О антиген ЛПС, термостабильді. Талшықты (Н) антиген типтік спецификалық, сероварларын анықтайды, термолабильді, 50 астам түрі бар. Беткейлі (К) антигеннен температураға және химиялық заттарға сезімталдылығына байланысты 3 антигенмен түрады: А термостабильді антиген, В, L термолабильді антигендер. Эшерихиялардың К антигеннің В типіне байланысты '97 түрін ажыратады. Антигендік қүрылымды серотоптарды формулалармен белгілейді. Мысалы, 055: К5: Н21 штамы 055 серологиялық тобына жатады.

зерттеу әдісі: микроскопиялық, Грам әдісі

Микробиологиялық диагностика әдістері: Жеделдетілген әдіс, бактерологиялық әдіс. Зерттеуге арналған негізгі материал - нәжіс, қосымша қан, өт, несеп, дуоденалды бөліндісі, массалары, асқазан шайындысы т.б.

Емдеуі. Кешенді, науқастардың, әсіресе балалардың түз - су алмасуын қалпына келтіру.Ауыр вғдайларда антибактериялық препараттар қолданылады және симптомды ем жүргізіледі.

Алдын алуы. Спецификалық профилактикасы жоқ. Бейспецификалық пофилактикалық шараларына іиитарлық - гигиеналық талаптар, су қоймаларының, тағамдық өндірістердің, ас тағамдарының санитарлық қадағалануы жатады.

3