- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *1*45*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *2*110*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *3*70*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *4*25*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар кардиологиясы» *1*40*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар кардиологиясы» *2*100*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар кардиологиясы» *3*60*1
- •8 Жастан асқан балалардың миокардитін емдеуде тиімді:
- •5 Жасар балаға қандай препараттарды тағайындаған жөн?
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар кардиологиясы» *4*50*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *1*42*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *2*98*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *3*56*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *4*49*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» *1*41*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» *2*97*1
- •12 Елі ішектің ойық жарасы
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар гастроэнтерологиясы» *3*59*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар гастроэнтерологиясы» *4*43*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» кұкықтық құзіреттілік *5*10*1*
- •1 Ғана антибиотикті тағайындау
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жолдарының аурулары» «құқықтық құзыреттілік» бойынша тест *5*11*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Гематология» *1*55 *1
- •/Л, лейкоц. 10,0х109/л, этж 22 мм/сағ, Тромбоцит 280х109/л. Анасы жағынан әжесі мен
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Эндокринология» *1*20*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Эндокринология» *2*32*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Эндокринология» *3*24*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Эндокринология» *4*4*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар жұқпалы аурулар» блогі бойынша *1*72*2*
- •*Пән: «Балалар аурулары», балалар жұқпалы аурулар *2*162*3
- •*Пән: «Балалар аурулары», балалар жұқпалы аурулар *3*105*2
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулар»*5*23*1
*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар кардиологиясы» *3*60*1
#391
*! Г. 3-жасар бала. Анасының айтуы бойынша ойын кезінде пайда болатын ентігуге, акроцианоздың пайда болуына және күшеюіне, тәбетінің нашарлығына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: жиі суықтап ауырулар. Объективті: баланың салмағы: 10 кг, бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының акроцианозы, конус тәрізді, жүрек өркеші, жүрек ұшындағы систолалық діріл байқалады. Аускультативті: өкпе артериясының үстіндегі 2 тонның айқын акценті, сол жақта эпицентрі 3-4 қабырғааралықта төс сүйегінің сол жақ қырында дөрекі систолалық шу. Қорытынды диагноз қоюға қандай зерттеу әдісін пайдаланамыз:
* кеуде клеткасы ағзаларының рентгені
* ЭКГ
* трансөңештік ЭКГ
* + ЭхоКГ
* компьютерлік томография
#392
*! 5- жасар қыз бала. Ентігуге, шаршағыштыққа, акроцианоздың пайда болуына және күшеюіне, тәбетінің нашарлығына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері қабаттары бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, жүрек өркеші, жүрек ұшындағы систолалық діріл байқалады. Аускультативті: өкпе артериясының үстіндегі 2 тонның айқын акценті, сол жақта эпицентрі 3-4 қабырғааралықта төс сүйегінің сол жақ қырында дөрекі систолалық шу. Негізгі хирургиялық емдеу әдісі қандай?
* жүрекшеаралық перденің ақауының пластикасы
* + қарыншааралық перденің ақауының пластикасы
* ашық артериальды өзекті жабу
* митралды қақпақшаның пластикасы
* өкпе артериясының қақпақшасын протездеу
#393
*! 4-жасар ұл бала. Ентігуге, шаршағыштыққа, жүрек қағуына, акроцианоздың пайда болуына және күшеюіне, тәбетінің нашарлығына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Қарап тексергенде тері қабаттары бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, жүрек өркеші, жүрек ұшындағы систолалық діріл байқалады. Аускультативті: өкпе артериясының үстіндегі 2 тонның айқын акценті, сол жақта эпицентрі 3-4 қабырғааралықта төс сүйегінің сол жақ қырында дөрекі систолалық шу, тахикардия 1 мин. 135 рет. Қан айналым бұзылысының емінде тағайындау тиімді:
* фуросемид
* + дигоксин
* аспаркам
* кудесан
* карнитин
#394
*!Жүрекшеаралық перденің мына ақауында хирургиялық коррекция әсіресе қажет:
* ауыр өкпе гипертензиясында
* оңқарынша жеткіліксіздігінде
*+ үлкен солдан-оңға шунтта
* солқарынша жеткіліксіздігінде
* тотальды қан айналым бұзылысында
#395
*!Клиникада 12-жасар балаға зерттеу жүргізілді. Дене бітімі дұрыс, арық. Тері қабаттары бозғылттау, таза. Өкпесінде тынысы қатаңдау, сырылдары жоқ. ТЖ мин. 18 рет. АҚҚ-110/80мм.с.б. ЖСЖ- минутына 84 рет. Аускультативті: жүрек тондары күшейген, ритмді, төстің сол жақ қырында, эпицентрі II-III қабырғааралықта систолалық шу, II тон өкпе артериясының үстінде әсіреген. ЭКГ: жүректің электрлік осі вертикальды қалыпта, синустық тахикардия, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. ЭхоКГ: жүректің оң жақ бөліктері ұлғайған, олардың көлемдік жүктемесі. Жүрекшеаралық пердеде: көлемі 15 мм. екіншілік типті ақау. Митральды қақпақша жапқыштары қалыңдаған. Хорданың алдыңғы жапқыштары ұзарған, 1-2 дәрежелі регургитация. Ең тиімді емдеу әдісі?
* митральды қақпақшаның пластикасы
* митральды қақпақшаны протездеу
* +ЖАПА пластикасымен бірге митральды қақпақшаның пластикасы
* жүрекшеаралық перденің пластикасы
* динамикасында байқап көру
#396
*!Бала А., 5-жасар. Анасының айтуынша шағымдары: көптеп физикалық жүктемеде ентігу, шаршағыштық, жүрек аймағында сирек шаншитын ауырулар және бас ауырулар, жиі респираторлық аурулар. Қыз бала, дене бітімі дұрыс, арық. Тері қабаттары бозғылттау, таза. Өкпелерінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. ТЖ мин. 20-21 рет. АҚҚ-100/70 мм.с.б. Аускультативті: жүрек үндері қатаң, ритмді, төстің сол жақ қырында, эпицентрі II-III қабырғааралықта систолалық шу. PS – 92 рет мин. ЭКГ: жүректің электрлік осі вертикальды қалыпта, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Гис шоғырының оң аяғының жартылай блокадасы. Кеуде қуысы R-сы: КТИ–69%. ЭхоКГ: оң жақ жүрекше ұлғайған, жүрекшеаралық пердеде: көлемі 0.6 см. ақау. Оң жақ жүрекше ұлғаюы немен байланысты?
* митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
*өкпе артериясының стенозы
* ҚАПА
* ашық артериальды өзек
* + ЖАПА
#397
*! 4-жасар ұл бала. Ентігуге, жүрек қағуына, аяқтарының басының ісінуіне, шаршағыштыққа, акроцианоздың пайда болуына және күшеюіне, тәбетінің нашарлығына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері қабаттары бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының акроцианозы, жүрек өркеші, жүрек ұшындағы систолалық діріл байқалады. Аускультативті: жүрек тондары күшейген, ритмді, төс сүйегінің сол жақ қырында, эпицентрі ІІ-ІІІ қабырғааралықта систолалық шу, өкпе артериясының үстіндегі ІІ тон әлсіреген, тахикардия 1 мин. 136 рет. ЭхоКГ: жүректің оң жақ бөліктері ұлғайған, олардың көлемдік жүктемесі артқан. Оң жүрекшенің гипертрофиясы. Жүрекшеаралық пердеде: көлемі 15 мм. екіншілік типті ақау. Хирургиялық емге абсолютті көрсеткіш:
* + жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының болуы
* жиі респираторлық аурулар
* жоғары өкпе гипертензиясы
* ауыр соматикалық патологияның болуы
* физикалық дамуы артта қалған
#398
*!Жүректің туа пайда болған жүрек ақауы бар 6 айлық балада цианозбен айқын ентігу ұстамалары бірінші рет пайда болды. ЭХОКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы, қарынша аралық перденің үлкен ақауы, өкпе артериясының тарылуы, аортаның 50 % транспозициясы. Ентігу – цианозды ұстамалары. Ұстамаларды жою үшін көрсетілген препараттардың қайсысы ЕҢ тиімді?
* +промедол + кордиамин
* дигоксин + верошпирон
* фуросемид + корглюкон
* индометацин + корвалол
* рибоксин + анаприлин
#399
*! Жүректің туа пайда болған жүрек ақауы бар 5 жасар балада цианозбен айқын ентігу ұстамалары байқала бастады. Фалло тетрадасында ентігу – цианозды ұстамаларын жою үшін көрсетілген препараттардың қайсысын қолданады?
*+ промедолом
* дигоксином
* строфантином
* преднизолоном
* папаверином
#400
*! Ұл бала 5 жаста, IБЖА «көк» түрі бойынша «Д» есепте тұрады. Туғаннан бастап балада кезеңді түрде көгеру, ентігу, тахикардия тез дамиды, тырысулар да болды. Ұстамасы аяғын бүгіп, жүресінен отырған кезде жеңілдеп басылады. Көрсетілген препараттардың қайсысы науқас жағдайын жеңілдетеді?
* лидокаин
* дигоксин
* анаприлин
* +промедол
* аспаркам
#401
*!Балаға 11 ай, стационарға ТБЖА орнын (топикасын) анықтау үшін келіп түсті. Анамнезінен: салмағын аз қосқан, тамақтандыру кезінде тез шаршайды, ентігу, цианоз пайда болады. Бронхит, пневмониямен ауырмаған. Объективті: тері жамылғысы цианозды, «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» симптомдары. Жүрек шекаралары: сол жақ -сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 1см сыртқары, оң жағы- оң жақ парастернальды сызық бойымен, жоғарғы- II қабырға тұсында. Тондары қатты, ЖСЖ минутына 140 рет, ТЖ- минутына 40 рет. Төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, сол жақта 2-ші қабырғааралықта II тон әлсіреген. Өкпеде тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
* кеуде клеткасының рентгенографиясы, ЭхоКГ
* кеуде клеткасының рентгенографиясы, ЭКГ
*+кеуде клеткасының рентгенографиясы, ЭКГ, ЭхоКГ
* қанның биохимиялық тексеруі, ангиография
* компьютерлі томография, қанды стерильдікке себу
#402
*!Баланың туғанына 3 күн, шала туған, дене салмағы 1900,0 г. Объективті: бозарған тері фонында жүктемеден кейін цианоз, тахикардия минутына 170 рет пайда болады, жүрек шекаралары кеңеймеген, өкпе артериясы үстінде екінші тон күшейген және тармақталған, сол жақта екінші қабырғааралықта систолодиастоликалық шуыл естіледі. ЭКГ-да жүректің сол жақ бөлігіне жүктеме белгісі. Ақауды уақытылы емдеу (коррекция) үшін, балаға қандай препарат тағайындау керек:
* капотен
* вазопростан
*+ индометацин
* дигоксин
* обзидан
#403
*! 6 -жасар ұл бала шаршағыштыққа, жүрек қағуының күшеюіне шағымданады. ІІ-ші қабырғааралығында дірілдеу, төс сүйегінің сол жақ қырында ІІ- қабырғааралықта систолалық шу, ЭКГ – сол қарыншаның жүктемесі, на рентгенограмме – кіші қан шеңберінің гиперволемиясы, сол қарыншаның ұлғаюы.Өмірінің алғашқы жылдарында оперативті жолмен емделетін туа біткен жүрек ақауларына жатады:
*+ашық артериалдық түтік
*Толочинов-Роже ауруы
* митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
*ашық сопақша тесік
*функционалды тар қолқа
#404
*!6-айлық бала. Ентігеді, тамақтандырғанда тез шаршайды, жылауық, жиі ЖРВИ. Дене салмағы төмен-6,500гр. бойы-63 см. Анамнезінде: туғаннан бері тыныс жүйесі ауруларымен ауырады, салмағы және бойы артта қалған. Екі рет пневмониядан емделді. Клиникададағы диагноз: ТБЖА. Ашық артериальды өзек. Екі жақты пневмония, созылыңқы ағымы. ТЖ II. Гипотрофия 3дәр. Рахит. Оперативті емге негізгі көрсеткіш:
* гипотрофия
* +пневмония
* рахит
* жиі ЖРВИ
* нанизм
#405
*! 10 жасар бала. Жүрегіндегі өзгерістер: жүрек шекарасы солға ұлғайған. Жүрек ұшы түрткісі күшейген және төменге ығысқан, дөрекі, жүректен тыс аймаққа, арқасына таралған систолалық шу естіледі. І үн әлсіреген, II үн өкпе артериясында акценттелген. Баланы емдеуде көрсетілген:
*+ митралды қақпақшаның пластикасы
* қарыншааралық перде ақауының пластикасы
* ашық артериальды өзекті жабу
* аорта қақпақшасының пластикасы
* өкпе артериясы қақпақшасының пластикасы
#406
*! 10 жасар балада жүрек негізінде эпицентрі 2-інші қабырғааралықтағы төс сүйегінің оң жақ қырындағы дөрекі систолалық шу, ұйқы артерияларына беріледі, қолқа үстінде ІІ үн әлсіреген, пульс 96 рет мин., сан артериясында АҚҚ 110/90 мм.с.б. Науқасқа қысым градиенті қандай болғанда хирургиялық ем көрсетілген:
* 25 мм.с.б. аз болғанда
* + 50 мм.с.б. көп болғанда
* 50 мм.с.б. аз болғанда
* 65 мм.с.б. көп болғанда
* 75 мм.с.б. көп болғанда
#407
*! 9 жасар балада жүрек негізінде эпицентрі 2-інші қабырғааралықтағы төс сүйегінің оң жақ қырындағы дөрекі систолалық шу, ұйқы артерияларына беріледі, қолқа үстінде ІІ үн әлсіреген, пульс 88 рет мин., АҚҚ білек артериясында 90/70мм.с.б., сан артериясында АҚҚ 110/90 мм.с.б. Ақаудың коррекциясы жүргізіледі:
*жүрекшеаралық перде ақауы пластикасы
* қарыншааралық перде ақауы пластикасы
* ашық артериальды өзекті жабу
* +қолқа қақпақшасының пластикасы
* өкпе артериясы қақпақшасының пластикасы
#408
*! 8 жасар кыз бала. Шағымы: жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек қағуына. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, үндері тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б. Қандай ем тағайындаған дұрыс?
*диуретиктер
*антибиотиктер
*цитостатиктер
*+стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
*вирусқа қарсы препараттар
#409
*! 8 жасар кыз бала. Шағымы: жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек қағуына. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, үндері тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б. Қандай кешенді ем тағайындаған дұрыс?
*+ бруфен, преднизолон, L-карнитин
* пенициллин, курантил, метатрексат
* макропен, коргликон, АТФ
* строфантин, фуросемид, рибоксин
* циклофосфан, эссенциале, супрастин
#410
*! 8 жасар кыз бала. Шағымы: жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек қағуына. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, үндері тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б. Қандай ем тағайындаған дұрыс?
*верошпирон
*+диклофенак
* метотрексат
* цефазолин
* виферон
#411
*! 8 жасар кыз бала. Шағымы: жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек қағуына. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, үндері тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б. Емінде преднизолонды мына есептен тағайындаған дұрыс:
* 0,05 мг/кг
*+0,5 мг/кг
* 2 мг/кг
* 3 мг/кг
* 5 мг/кг
#412
*! 8 жасар кыз бала. Шағымы: жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек қағуына. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, үндері тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б.
Миокардтың метаболизмін жақсартушы препарат:
* верошпирон
* диклофенак
* преднизолон
*+ милдронат
* метотрексат
#413
*! 8 жасар кыз бала. Шағымы: жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек қағуына. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, үндері тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б.
