- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *1*45*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *2*110*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *3*70*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *4*25*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар кардиологиясы» *1*40*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар кардиологиясы» *2*100*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар кардиологиясы» *3*60*1
- •8 Жастан асқан балалардың миокардитін емдеуде тиімді:
- •5 Жасар балаға қандай препараттарды тағайындаған жөн?
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар кардиологиясы» *4*50*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *1*42*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *2*98*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *3*56*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *4*49*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» *1*41*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» *2*97*1
- •12 Елі ішектің ойық жарасы
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар гастроэнтерологиясы» *3*59*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар гастроэнтерологиясы» *4*43*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» кұкықтық құзіреттілік *5*10*1*
- •1 Ғана антибиотикті тағайындау
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жолдарының аурулары» «құқықтық құзыреттілік» бойынша тест *5*11*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Гематология» *1*55 *1
- •/Л, лейкоц. 10,0х109/л, этж 22 мм/сағ, Тромбоцит 280х109/л. Анасы жағынан әжесі мен
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Эндокринология» *1*20*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Эндокринология» *2*32*1
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Эндокринология» *3*24*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Эндокринология» *4*4*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар жұқпалы аурулар» блогі бойынша *1*72*2*
- •*Пән: «Балалар аурулары», балалар жұқпалы аурулар *2*162*3
- •*Пән: «Балалар аурулары», балалар жұқпалы аурулар *3*105*2
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулар»*5*23*1
*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *3*56*1*
#641
*!Жергілікті педиатр жаңа туылған нәрестені қарау кезінде нәресте флегмонасын қойды.
Науқасқа байланысты қандай тактика ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Зақымданған жерді бриллиант көгінің 3% ертіндісімен үй жағдайында өңдеу
*+Нәрестені шұғыл түрде нәрестелердің хирургиялық бөліміне жіберу
*Нәрестені күндізгі стационар бөлімінде бақылауға қалдыру
*Антибиотиктер тағайындап нәрестені үйде қалдыру
*Дәрігер дерматологқа кеңеске жолдау
#642
*!Нәрестеде туылғаннан бастап көзінен шырышты-серозды бөліністер байқалды. Апта соңына қарай көзінен көп мөлшерде іріңді бөліністер бөліне бастады, 2-3 аптасында күшті жөтел қосылды. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, эозинофилия,кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе мен бронхтардың жоғарғы бөлігінің зақымдануы байқалады: паренхима құрылымының зақымдануы майда торлы сипатта.
Көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?
*+Эритромицин
*Цефтриаксон
*Метронидазол
*Ванкомицин
*Виферон
#643
*!Нәрестеде 2-ші тәулігінде тері жамылғыларының сарғаюы пайда болды. Емшекті емеді, құспайды. Анамнезінен: нәресте 3 жүктіліктен 40 апта мерзіміндегі 1 босанудан. Туылғандағы салмағы 3200,0 бойы 51см.
Анасының қан тобы О(I) бірінші, Rh(+)оң, баланың қан тобы (ІІІ) үшінші, Rh(-)теріс
Нәрестені ары қарай ЕҢ дұрыс жүргізу тактикасы қандай?
*Емшек сүтімен емізуді жалғастыру және ары қарай бақылау
*Фототерапия тағайындау және емізуді жалғастыру
*Ана мен баланың қан тобын, резус-факторын анықтау
*+ЖҚА,б/х қан талдауын тағайындау,билирубиннің сағаттық өсуін бақылау
*ПИТ бөліміне ауыстыру, шұғыл түрде қан алмастыру отасын бастау
#644
*!Нәрестенің тынысы жоқ,терісі көк, тітіркенуге жауап бермейді, жүрек соғысы минутына 90 рет, аяқ қолдары салбыраған.
Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалаудың Ең ықтималды балы қайсы?
*2
*4
*3
*+1
*0
#645
*!Нәресте 5-жүктіліктен, 40 аптада 3 босанудан туылды. Анамнезінде: жүктілік 1-жартысында токсикозбен, жүктіліктің екінші жартысы созылмалы пиелонефриттің өршуімен асқынған.
Нәрестенің туылғандағы жағдайының ауырлық дәрежесін қай бағана бойынша бағалау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?
*+Апгар
*Сильверман
*Дубович
*Дементьев
*Полачек
#646
*!Нәресте 4 жүктіліктен, 38 аптада 2 босанудан, жамбаспен туылған.
Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша ЕҢ дұрысы туылғаннан кейін қай минуттарда бағалаған жөн?
*1 және 3
*+1 және 5
*1 және 10
*1 және 15
*1 және 20
#647
*!Жаңа туған нәрестеде1 минутта жүрек соғысы әлсіз,сирек, тынысы жоқ, тері жамылғысы боз, аяқ-қолдары салбыраған.Жүргізілген реанимациялық шаралардан соң 5 минуттан кейін жүрек соғысы 90, тыныс алуы пайда болды,бірақ тұрақсыз, акроцианоз, атония, арефлексия байқалды.
Жаңа туылған нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтималды балы қандай?
*1-4
*0-2
*0-3
*1-2
*+1-3
#648
*!Бал емізетін анада дене қызуы 37,5ºС дейін көтеріліп,сүт бездерінде қатаю, ауырсыну, аздаған қызару пайда болды.Сүт бездерін сыққанда түсі өзгермеген,қан және ірің жоқ.
Нәрестені ары қарай жүргізудің ЕҢ дұрыс жолы қандай?
*Емшекпен емізуді тоқтату
*Жасанды тамақтандыруға ауыстыру
*Ана сүтіне бактериологиялық зерттеу тағайындау
*Сауылып қайнатылған емшек сүтімен тамақтандыру
*+Емшек емуді жалғастыру,қалған сүтті сауып отыру
#649
*!Нәресте жүктіліктің 38 аптада туылған. Дене салмағы 3400,0 гр., бойы-52см. Бірден айқайлады. Емшекті бірден емді. 2 сағаттан кейін анасымен бірге палатаға ауыстырылды.
Кіндік қалдығының ЕҢ дұрыс күтімі қандай?
*Спиртпен өңдеу
*Лигатура салу
*Таңғыш салу
*+Құрғақ және ашық ұстау
*Қою марганец ерітіндісімен күйдіру
#650
*!Нәресте 2-жүктіліктен, 38 аптада 1 жедел босанудан туылды.Туылғандағы салмағы 2300,0 гр., бойы 49см.Бірден айғайлады. Туу залында бірден анасының көкірегіне жатқызылды, емшекті жақсы емеді.
Геморрагиялық синдромның алдын алу үшін К дәруменін енгізудің қандай нұсқасы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?
*3 тәулікте көк тамырға бір рет
*3тәулікте бұлшық етке бір рет
*Туылған соң алғашқы тәулікте бұлшық етке бір рет
*Туылған соң алғашқы тәулікте көк тамырға бір рет
*+Туылған соң босану бөлмесінде бұлшық етке бір рет
#651
Нәресте ВИЧ-инфицирленген анадан туылды. Нәрестені объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жасанды тамақтандырылады. Нәрестенің салмағы 4800,0 гр. Ішкі ағзалар бойынша ауытқулар жоқ.
Нәрестеге перзентханада екпе жасауға байланысты дәрігер-неонатологтың ЕҢ дұрыс тактикасы қандай болу керек?
*Екпе жасауға рұқсат беру
*+СПИД орталығы дәрігерінің қарауынан соң екпе жасауға рұқсат беру
*Инфекционист дәрігерінің қарауынан соң екпе жасауға рұқсат беру
*6 айға екпеден медициналық шегеру
*Екпеден тұрақты медициналық шегеру
#652
*!1 айлық нәресте, кесар тілігі арқылы, 2800,0 грамм салмақпен, бойы 50 см.болып мерзімінде туылған, табиғи тамақтандырылады. Анасы бронхиальды астмамен ауырады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, белсенді, физиологиялық рефлекстері шақырылады. Кіндік жарасы құрғақ.Тынысы пуэрильді.Жүрек тондары анық,ритмі дұрыс. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1 см. шығыңқы. Нәжісі күніне 5 рет, сары түсті, ботқа тәрізді.
Осы нәрестеге екпелер жасау бойынша қандай тактика қолданған дұрыс?
*Салыстырмалы медициналық шегеру
*Абсолюттік медициналық шегеру
*Қалыпты күнтізбе бойынша қалыпты әдіспен
*+Қалыпты мерзімде алдын-ала дайындықпен
*Жеке күнтізбе бойынша жеңілдетілген әдіспен
#653
*!Нәресте мерзімінен бұрын 34 аптада,салмағы 2200,0 гр.,бойы-42см., Апгар бағанасы бойынша 5-7 балмен туылды.ЖТЖ тазартып,тітіркендіргеннен кейін айқайлады. Жылауы орташа, акроцианоз, гипотония, гипорефлексия байқалды. Кезекші неонатолог баланы одан әрі бақылау үшін екпінді емдеу палатасына ауыстыруға шешім қабылдады.
Бала мен ананы бөлу қандай ЕҢ ықтимал ауыртпалыққа әкелуі мүмкін?
*Ананың психо-эмоционалдық күйзелісіне
*Аналық сезімнің басылуына
*Нәрестенің дисбактериозына
*Нәрестенің мазасыздығына
*+Гипогалактияға
#654
*!Нәресте 4 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктіліктің 34 аптасында мерзімінен ерте шала туылды. Туылғандағы салмағы 2240,0гр., бойы 43 cм.
Көрсетілгендердің қайсысы Шала туылған нәрестеге қолданатын ЕҢ нәтижелі перинаталдық көмек болып табылады?
*Жасанды дем алу аппаратын қолдану
*Түтік арқылы тамақтандыру
*Сурфактантты енгізу
*+Жылу тізбегін сақтау
*Нәресте күтіміне ана-анасының қатысуы
#655
*!Акушер-гинеколог қабылдауына ішінің ауруына шағымданып асқынған акушерлік анамнезбен жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі - 30 апта. Тексеруден кейінгі диагнозы: Мерзімінен бұрын босану қаупі.
Жүкті әйелді ары қарай жүргізу тактикасының ЕҢ дұрыс жолы қандай?
*Үйде бақылау
*Амбулаторлық ем тағайындау
*I деңгейлі перзентханаға жатқызу
*II деңгейлі перзентханаға жатқызу
*+III деңгейлі перзентханаға жатқызу
#656
*!Нәресте 4 жүктіліктен, 3 босанудан, жүктіліктің , 27 аптасында мерзімінен ерте,Апгар бағанасы бойынша 4-6 баллмен туылды. Туылғандағы салмағы 930,0гр., бойы 35 cм.
Шала туылған нәрестені күтіп-баптауда кувездің төменде көрсетілген тиімділіктерінің қайсысы ЕҢ маңызды?
*Ауаның оптималды ылғалдығын қалыптастыру
*Оптимальді оксигенациямен қамтамасыз ету
*Шуыл мен жарық әсерін азайту
*+Құрсақ ішіндегі жағдайға ұқсас оптимальді микроклимат қалыптастыру
*Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерінен шала туылған нәрестені оқшаулау
#657
*!Нәресте 2 жүктіліктен, 1 босанудан, жүктіліктің 33 аптасында мерзімінен ерте, Апгар бағанасы бойынша 7-8 баллмен туылды. Туылғандағы салмағы 2060,0гр., бойы 42 cм.
Шала туылған нәрестені перзентханадан үйіне шығару үшін төменде көрсетілген көрсеткіштің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ маңызды?
*Қалыпты дене температурасын сақтау тұруы
*Тәулік сайын тұрақты салмақ қосуы
*НСГ-ның қалыпты көрсеткіштері
*+Белсенді сору рефлексі
*Тұрақты гемодинамика
#658
*!Гестациялық мерзімі 32 апталық, салмағы 2000,0 гр., шала туылған нәресте туылғаннан кейін анасының кеудесінде жатыр.
Шала туылған нәрестені анасының кеудесіне қоюдың ЕҢ негізгі мақсаты кандай? *Психологиялық аспект
*Лактацияны белсендіру *Гипоксияны төмендету *Гипотермияның алдын-алу
*+Ана флорасының нәрестеге қоныстануы
#659
*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы аз салмақты шала туылған нәрестені тамақтандыруда ЕҢ тиімді әдіс болып табылады?
*+Түтікше арқылы ана сүтін бөліп енгізу
*Түтікше арқылы ана сүтін біртіндеп енгізу
*Түтікше арқылы ана сүтін тез енгізу
*Жасанды тамақтандыру
*Парентералды тамақтандыру
#660
*!Нәресте 1 жүктіліктен, 1 босанудан, жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен ерте, Апгар бағанасы бойынша 7-8 баллмен туылды. Туылғандағы салмағы 2430,0гр., бойы 45cм.
Туылғаннан кейін нәрестенің дене температурасын ЕҢ оптимальды қай уақытта өлшеген дұрыс?
*10 минуттан
*+30минуттан
*1сағаттан
*2 сағаттан
*6 сағаттан кейін
#661
*!Нәресте асқазанына енгізілетін түтікшенің ЕҢ ықтималды тереңдігі
*төстің семсер тәрізді өсіндісі мен кіндік сақинасының
*+мұрын,құлақ ұшы мен төстің семсер тәрізді өсіндісінің
*мұрын мен төстің семсер тәрізді өсіндісінің
*құлақ ұшы мен кіндік сақинасы
*құлақ ұшы мен төстің семсер тәрізді өсіндісінің арасындағы ұзындыққа тең
#662
*!Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 8 күнінде кіндік маңында, шабында қызарулар, суланулар, сызаттар пайда болды. Ары қарай олар іш терісіндегі, денесіндегі айқын эритемаларға ұласты. Солғын көпіршіктер, ауқымды эрозиялар пайда болды, Никольский симптомы оң. Жаңа туылған нәрестенің денесі «ыстық суға күйіп қалған» кейіпте.
Төменде келтірілген терапияның қайсысы ЕҢ дұрыс болып табылады?
*+Антибиотикотерапия
*Инфузионды терапия
*Иммунотерапия
*Дезинтоксикациялық терапия
*Антисептиктермен жергілікті терапия
#663
*!Перзентханада жаңа туылған нәрестеде туылғаннан кейін 3 тәулікте везикулопустулез анықталған.
Неонатолог дәрігердің қандай тактикасы ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Бөлектеу
*Нәрестені бақылау
*Антибиотиктер тағайындау
*+Нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстыру *Элементтерді калий перманганат ертіндісімен өңдеу
#664
*!Амбулаторлық этапта нәрестеде терінің жұқпалы ауруы анықталса дәрігер жасауы керек
*+нәрестені арнайы ауруханаға жатқызу
*нәрестеге арнайы ем тағайындау
*нәрестені 3 күн бақылауға алу
*оқшалау шараларын жүргізу
*нәрестемен қарым-қатынаста болғандарды анықтау
#665
*!26 күндік нәресте омфалит және пиодермия диагнозымен нәрестелер патология бөлімінде стационарлық ем қабылдауда. Тексеру кезінде нәрестенің оң иық буынының ісінуі, оң қолының шектеулі қозғалысы, қозғалыс кезінде ауырсынуы анықталды.
Қандай емдеу тактикасын қолданған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*Витаминотерапия
*Инфузионды терапия
*Симпоматикалық терапия
*Қан алмастырып құю
*+Антибактериальды терапия
#666
*!Нәрестеге біріншілік патронаж жасағанда жамбас аймағында қатты инфильтрат анықталды. Инфильтрат қозғалмалы, ауырады, ұстағанда ыстық,дене қызуы 390. инфильтрат әлсіз, емшектен бас тартады,қарағанда ауырсынады. "Нәрестелердің флегмонасы" диагнозы қойылды.
Қандай емдеу тактикасын қолдану ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?
*Физиоем
*Амбулаторлық ем
*Антибиотикотерапия тағайындау
*Балалар хирургының кеңесіне жіберу
*+Нәрестені арнайы ауруханаға жатқызу
#667
*! 2 апталық нәрестеде жергілікті дәрігермен патронаж кезінде денесінің терісінде күлдіреуік элементтері, субфебрилитет анықталды. Анасының айтуы бойынша нәрестенің емшек емуі әлсіз, салмағын аз қосқан.
Жергілікті дәрігермен нәрестені ары қарай жүргізудің ЕҢ дұрыс тактикасы қандай?
*Амбулаторлық жағдайда емдеу
*Толық тексеру тағайындау
*Балалар хирургына кеңеске жіберу
*+Арнайы ауруханаға жатқызу
*Флораға қанның себіндісін және антибиотиктерге сезімталдығын тағайындау
#668
*!12 күндік нәресте кіндік қалдығы түскеннен кейін 5-ші күні перзентханадан үйіне шығарылды. Кіндік жарасы баяу жазылуда, айналасында инфильтрация мен қызару бар, іріңді бөліністер бөлінеді. Киімі кіндікке жабысады.Жалпы жағдайы бұзылмаған,емуі белсенді. Дене қызуы қалыпты.
Жергілікті дәрігермен нәрестені ары қарай жүргізудің ЕҢ дұрыс тактикасы қандай?
*Үйінде жергілікті ем тағайындау
*Антибактериалды терапия тағайындау
*+Балалар хирургына кеңеске жіберу
*Анасына кіндік жарасының күтімі жайында кеңес беру
*Флораға қанның себіндісін және антибиотиктерге сезімталдығын тағайындау
#669
*!Риттердің эксфолиативті дерматитінде төменде келтірілген емнің қайсысын тағайындау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*Иммунотерапия
*Инфузионды терапия
*+Антибиотикотерапия
*Дезинтоксикациялық терапия
*Антисептиктермен жергілікті терапия
#670
*!Нәрестелер сепсисінде антибактериалды терапияны тағайындауда төменде көрсетілген әдістердің қайсысын негізге алған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*Энтералды жолмен енгізу
*Парентералды жолмен енгізу
*Синергизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу
*Антогонизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу
*+Қоздырғыштың сезімталдығы мен флораны ескеру
#671
*!Төменде келтірілгенген емдеу тактикасының қайсысы нәресте сепсисінде токсикозды емдеуде ЕҢ нәтижелі болып табылады?
*Гемосорбция
*+Плазмоферез
*Иммунокоррекция
*Антибитикотерапия
*Инфузионды терапия
#672
*!Нәресте, жасы 8 күндік, III жүктіліктен, II босанудан операциялық жолмен 36-37 аптада туылған. Анасында жүктілік III триместрде нефропатиямен, кольпитпен өткен.Туылғандағы салмағы 2501,0гр.,бойы 46 см. Алғашқы салмақ жоғалтуы 260 гр. құрады, одан кейін салмақ қоспаған. 7-ші тәулікте кіндік жарасынан іріңді бөліністер пайда болған. Стационарға түскен кезде айқын интоксикацияға байланысты жағдайы өте ауыр, 2-3 дәрежелі тыныс алу жетіспеушілік белгілері, менингоэнцефалит симптомдары, гепатоспленомегалия байқалады.
Төменде көрсетілген алғашқы терапиялардың қайсысы ЕҢ негізгі болып табылады?
*Шокқа қарсы терапия
*Десенсибилизирлеуші терапия
*Қан және қан препарттарын құю
*+Нәресте ауруханаға түскеннен бастап антибиотикотерапия қолдану
*Қоздырғыш және оның сезімталдығы анықталғаннан соң антибиотикотерапия қолдану
#673
*!Нәресте 32 аптада, III босанудан, Апгар бағанасы бойынша 1-3балмен туылды. Жүктілік кольпитпен және созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туылғандағы салмағы 1780,0 гр., бойы-42см. Туылғаннан соң гипертермия, гиперестезия, құсу байқалған. Терісі сарғыш-сұр, ісінген. Тыныс алуы әлсіз, сырылдары жоқ, жауырынның бұрышының төменгі жағында перкуторлы дыбыс қысқарған. Жүрек тондары әлсіз. Іші кепкен, гепатоспленомегалия. Алдын ала болжамалы диагнозы: Ерте неонаталды сепсис.
Қандай бастапқы антибиотиктерді тағайындау ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Оксациллин+ гентамицин
*Метициллин+ ванкомицин
*Цефтриоксон+ ванкомицин
*Азитромицин+ гентамицин
*+Ампициллин+ гентамицин
#674
*!Нәресте 35 аптада, III босанудан ,Апгар бағанасы бойынша 5-7 балмен туылды. Жүктілік кольпитпен және созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туылғандағы салмағы 2000,0 гр., бойы-44см. Жасы-12 күндік. Стационарға түскен кезде айқын улану белгілеріне байланысты жағдайы өте ауыр, 2-3 дәрежелі тыныс алу жетіспеушілік белгілері, менингоэнцефалит симптомдары, гепатоспленомегалия байқалады.Алдын ала болжамалы диагнозы: Кеш неонаталды сепсис.
Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды растау үшін ЕҢ маңызды болып табылады?
*Көкірек және құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
*+Қанның стерилдікке бактериологиялық себіндісі
*Қаннық биохимиялық анализі
*Жұлын пункциясы
*Коагулограмма
#675
*!Сепсис диагнозын тұжырымдау үшін қандай зерттеулерді тағайындаған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*+Қанның бактериологиялық зерттеуі
* Зәрдің бактериологиялық зерттеуі
*Нәжістің бактериологиялық зерттеуі
*Қақырықтың бактериологиялық зерттеуі
*Көздің бөліндісін микрофлораға себу
#676
*!Сепсис кезінде антибактериалды терапияны тағайындаудың ЕҢ дұрыс жолы қандай?
*Антибиотиктерді жиі алмастыру
*Энтералды жолмен енгізу
*Парентералды жолмен енгізу
*Бір антибиотикті пайдалану жеткілікті
*+Бактериоцидтік әсері бар екі антибиотикті пайдалану
#677
*!«Жаңа ғана туылған нәресте» синдромындағы катехоламиндік жарықтың (катехоламиновый всплеск) ЕҢ маңызды ролі қандай?
*Сурфактанттың синтезін белсендіреді
*Деподан энергияның қорын жинастырады
*Сол-оң шунттардың қызметін қалыптастырады
*+Өмірге маңызды ағзалардағы қанағуды арттырады
*Ұрықтың тыныс жолдарындағы сұйықтықтың сіңірілуін қамтамасыз етеді
#678
*!Нәрестелердің транзиторлы неврологиялық дисфункциясына қатысты ЕҢ дұрыс түсінік
*анасы қабылдаған дәрі-дәрмектерге нәресте организмінің жүйелі жауабы
*+нәресте организмінің психофизиологиялық стресс пен ауырсыну шабуылына жауабы
*нәрестенің туылғаннан кейінгі манипуляцияларға жауабы
*диабеттік эмбриофетопатия белгісі
*алкогольдік эмбриофетопатия белгісі
#679
*!Жаңа туылған нәрестені күтудегі ЕҢ маңызды мақсат
*омфалиттің алдын-алу
*анасындағы гиполактияның алдын-алу
*+бейімделу үрдістерінің бұзылыстарының алдын-алу
*құрсақішілік инфекциялардың алдын-алу
*туа біткен даму ақауларының алдын-алу
#680
*!Жаңа туылған нәрестенің бейімделу жағдайларының дұрыс қалыптасуында ЕҢ маңыздысы
*терморгеуляцияның қалыптасуы
*қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату
*қалыпты тыныстың қалыптасуы
*+ерте емшек емуді бастау
*жанұя мүшелерімен психо-эмоционалдық байланыс орнату
#681
*!Нәресте өмірінің алғашқы сағаттарындағы гемоконцентрацияның АНАҒҰРЛЫМ анық белгісі
*+гематокрит деңгейінің өсуі
*тромбоциттердің көбеюі
*ЭТЖ-ң жоғарлауы
*лейкопения
*нейтрофилез
#682
*!Шала туылған нәрестенің тамақ көлемін есептеудегі ЕҢ қолайлы әдіс қандай?
*Шкарин әдісі
*Көлемдік әдіс
*Зайцев формуласы
*+Калориялық әдіс
*Финкельштейн формуласы
#683
*!Шала туылған нәрестеде жарықтан болатын ЕҢ мүмкін асқыну
*катаракта
*гипотрофия
*ретинопатия
*+ожж қозғуы
*аллергиялық конънктивит
#684
*!Шала туылған нәрестені түтік арқылы тамақтандыруға ЕҢ негізгі көрсеткіш қайсысы?
*Құсу синдромы(cрыгивыния)
*Әлсіз сору рефлексі
*+Бас-ми қан құюлары
*Гестациялық жас 32-34 апта
*Дене салмағын аз қосуы
#685
*! ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕ 34 аптада, салмағы 2200,0 гр., бойы 42см.,Апгар бағанасы бойынша 5-7 баллмен туылды.Жоғарғы тыныс жолдарын тазалап, тактильді тітіркендіруден соң айқайлады.Дауысы орташа,акроцианоз, гипотония, гипорефлексия байқалады. Кезекші неонатолог нәрестені ары қарай бақылау үшін екпінді емдеу палатасына ауыстырды.
Ана мен нәрестені бөлу постнаталды күтімнің қандай ЕҢ маңызды бұзылыстарына әкеледі?
*Ананың психо-эмоциональдық стресіне
*Ана сезімінің азаюына
*Нәрестенің дисбактериозына
*Нәрестенің мазасыздануына
*+Гипогалактияға
#686
*!Нәресте 2 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктіліктің 32 аптасында мерзімінен ерте шала туылды. Туылғандағы салмағы 1930,0гр., бойы 41 cм.
Шала туылған нәрестелерді күтіп баптауда оң нәтижеге қол жеткізу үшін төменде көрсетілгендердің ЕҢ дұрыс жолы қайсы?
*+«Жылу тізбегін» сақтау
*Жасанды дем алу аппаратында ұзақ болу
*Кувезде ұзақ жату
*Түтікпен ұзақ уақыт тамақтандыру
*Сүт қоспаларымен тамақтандыру
#687
*!Жаңа туылған нәрестеде туыла салысымен гипертермия, бүкіл денесінде геморрагиялық бөрітпелер, менингоэнцефалит белгілері байқалды. Қанның жалпы талдауында айқын лейкоцитоз, нейтрофилез, ликвор себіндісінде Listeria monocytogenes себілген.
Нәрестедегі туа біткен листериозда келтірілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?
*Виферон
*Ацикловир
*Цефтриоксон
*+Ампициллин
*Бисептол
#688
*!25 күндік нәрестенің бір апта бойы дене қызуы 38,7 көтеріліп, қиын бөлінетін күшті құрғақ жөтел мазалады,емшекті әлсіз емеді.Ауру біртіндеп басталды. Жалпы қарағанда: көзінің коньюктивасы қызыл, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-де Л - 10,8х109/л; ЭТЖ-17 мм/ч. Кеуде қуысының R-граммасында – өкпеде біркелкі емес ошақты инфильтрациялар бар. ИФА қанның – micoplasma pneumonia.
Нәрестеге қандай дәрілік препаратты тағайындаған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*+Азитромицин
*Пенициллин
*Ампициллин
*Рифампицин
*Левомицетин
#689
*!Акушер босанушы әйелдің гепатит В (НВsАg)-ң беткейлі антиген тасымалдаушысы екенін сізге ескертті.
Нәрестеге байланысты ЕҢ алғашқы не жасаған дұрыс болады?
*НВsАg-ге нәрестеге скрининг жүргізу
*Гепатит В-ң антигеніне анасына скрининг жүргізу
*Инфекция жайылып кетпес үшін нәрестені жекешелеу
*+Гепатит В-ге қарсы иммуноглобулин және вакцина тағайындау
*Ештеңе жасамау,себебі анасынан трансплацентарлы өтетін антиденелер гепатит В-ден қорғайды
#690
*!HBs-антигенді тасымалдаушы анадан туылған нәрестеге алдын-алу мақсатында арнайы иммуноглобулин келесі мерзімде салынады
*перзентханадан шыққан кезде
*+өмірінің алғашқы сағатында
*өмірінің 2-3 тәулігінде
*алғашқы 24 сағатта
*1 айында
#691
*!3 апталық нәрестеде терісі мен кілегей қабатының үдемелі сарғаюы, үлкен дәретінің ақшылдануы, зәрінің түсінің қоюлануы байқалды.
Диагноз бен сарғаюдың себебін анықтау мақсатында қандай зерттеулерді жүргізген ЕҢ дұрыс болып табылады? *+Вирусты гепатиттің маркеріне қан тапсыру *Қанның биохимиялық анализі *Бауырдың УЗТ-ы
*ҚЖА
*ЗЖА
#692
*!Мерзіміне жетіп туылған нәресте бірден айқайлап жылады, Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллға бағаланды. Гестация мерзімі 38 апта, дене салмағы 2500 гр., бойы 46 cм, туа біткен даму ақаулары, босану жарақаты жоқ. Ары қарай жүргізу үшін нәрестені келесі топтардың біріне жіктеу керек.
Осы нәрестені қандай күтім тобына жатқызған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?
*Туа біткен даму ақауларымен/босану жарақатымен туылған нәрестеге жасалатын күтім
*+Дені сау нәрестеге жасалатын күтім
*Кейбір медициналық көмекті қажет ететін
*Салмағы аз нәрестеге жасалатын арнайы күтім
*Реанимацияны жедел бастауды қажет ететін
#693
*!Нәресте жүктіліктің 39 аптасында туылған.Туылғандағы салмағы 3450,0 гр., бойы 53см. Бірден айғайлады.Босану бөлмесінде бірден анасының көкірегіне салынды.Белсенді емді.
ҚР екпелер күнтізбесіне сәйкес перзентханада жаңа туылған нәрестелерге қандай ауруларға қарсы екпе жасау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?
*Туберкулезге, полиомиелитке
*"В"гепатитіне, полиомиелитке
*Полиомиелитке, қызылшаға, туберкулезге
*+Туберкулезге,вирусты гепатит В
*Күлге,сіреспеге, көкжөтелге, полиомиелитке
#694
*!Нәрестеде туылғаннан кейінгі 1минутында тыныс алуы тұрақсыз, жүрек соғысы минутына 100-ден аз, бұлшық ет гипотониясы, акроцианоз, табанын тітіркендіргенде гримаса байқалады.
Жаңа туылған нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтималды балы қандай?
*1 балл
*3 балл
*7 балл
*+5 балл
*9 балл
#695
*!1,5 айлық бала участкелік дәрігердің бақылауында.Перзентханада туберкулезге қарсы екпе уақытша қарсы көрсеткіш болғандықтан жасалмаған .
Осы балаға қатысты участкелік педиатрдың ЕҢ дұрыс қандай тактика қолдану керек?
*+2 айға дейін Манту сынамасынсыз екпе жасау
*1 жасында Манту сынамасынсыз екпе жасау
*Манту сынамасынсыз екпе жасамау
*2 айдан кейін Манту сынамасынсыз екпе жасау
*8 айға дейін Манту сынамасынсыз екпе жасау
#696
*!14 күндік нәрестеде дене қызуы 37,8°С дейін көтерілді.
Осы температураға тыныс жиілігі мен жүрек соғысының 1 минуттағы қандай жиілігі АНАҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*28/140
*20/130
*+44/160
*36/150
*52/170
