Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции_синоптика 1doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
271.36 Кб
Скачать

Синоптикалық талдаудың негізгі тәсілдерінің қысқаша сипаттамалары. Ауа райының синоптикалық жер картасы. Ауа райының жер картасын құрастыру және талдауын безендіру техникасы.

Дәрістің мақсаты: ауа райының синоптикалық жер карталарымен және оларды безендіру техникасымен толық оқып үйрену.

Синоптикалық станциялардың ауа райы туралы ақпараты синоптикалық жер картасына түсіріледі, аэрологиялық станциялардың ақпараты – биіктік карталарына түсіріледі, сонымен қатар аэрологиялық диаграммалар мен атмосфераның тігінен кескіні жасалынады.

Синоптикалық талдаудың негізгі тәсілдеріне келесілер жатады:

  1. ауа райының жер карталары (негізгі және қосымша);

  2. барикалық топография карталары;

  3. қосымша көмекші карталар;

  4. аэрологиялық диаграммалар;

  5. атмосфераның тігінен кескіні;

  6. а) ЖСС мәліметтері бойынша бұлттылықтың көріністері;

б) радиацияның, төселме беттің температурасының және бұлттардың жоғарғы шекарасының карталары;

  1. МРЛ карталары;

  2. линейкалар, номограммалар, графиктер.

Синоптикалық карта немесе ауа райы картасы дегеніміз көптеген пункттерде метеорологиялық және аэрологиялық бақылаулардың бір уақыттағы нәтижелерін сандармен және шартты белгілермен түсірілген географиялық карталар.

Негізгі мерзімдердегі (00, 06, 12 және 18 сағат) ауа райы туралы мәліметтер негізгі синоптикалық жер карталарына түсіріледі. Негізгі синоптикалық жер картасы – бірнеше тәулік бойына болып жатқан, белгілі бір аймақтың ауа райын анықтайтын процесстер туралы мәліметтерді беретін үлкен аймақтын картасы.

Қосымша мерзімдердегі (03, 09, 15 және 21 сағат) метеорологиялық мәліметтер кольцовка карталарына түсіріледі. Кольцовка картасы – ауа райын кішкене аймақта сипаттайтын жер картасы.

Ауа райы жер картасын талдағанда өңдеудің жүйелілігі:

  1. изобараларды жүргізу, циклон мен антициклон орталықтарының орналасу жағдайларын анықтау;

  2. изотенденцияларды жүргізу, қысымның ең көп (аз) өзгерген аймағын табу;

  3. картаны “көтеру”, яғни жауын-шашын болған аймақты немесе ауа райының өте қауіпті құбылыстары болған станцияларды белгілеу;

  4. жер картасының ерекшеліктеріне қарап атмосфералық фронттың орналасу жағдайларын белгілеу. Атмосфералық фронттың жердегі орналасуын барикалық топография карталарының мәліметтерімен салыстырғаннан кейін, атмосфералық фронтты соңғы рет түрлі түсті карандашпен жүргізу;

  5. изобаралрды соңғы рет безендіру, әріппен циклон және антициклонның орталықтарын белгілеу, изосызықтардың мәндерін жазу. Қысымның ең көп өсу және төмендеу аймақтарын безендіру;

  6. пайда болған қысым орталықтарының жылжу траекторияларын белгілеу, қысым орталықтарының өзгеру қарқындылығын анықтау.

Ең соңында картаға талдау жүргізген синоптиктің аты-жөні жазылады.

Дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Сіз синоптикалық талдаудың қандай негізгі құралдарын білесіз? Әр қайсысына қысқаша сипаттама беріңіз.

  2. Ауа райының жер картасына талдау қалай жүргізіледі?

  3. Изобарды жүргізген кезде желдің бағыты мен жылдамдылығы туралы мәліметтер қалай ескеріледі? Желдің барикалық заңының маңызы неде?

  4. Неге таулы аймақтарда орографиялық изобарды жүргізуді ұсынады?

  5. Ауа райның негізгі жер картасы мен кольцовка карталарынан айырмашылығы неде?

Ұсынылған әдебиет:

  1. Зверев А.С. Синоптическая метеорология. – Л.: Гидрометеоиздат, 1977. – 711 с.

  2. Воробьев В.И. Синоптическая метеорология. – Л.: Гидрометеоиздат, 1991. – 616с.

  3. Коженкова З.П. Курс лекций по синоптической метеорологии. –А-Ата, 1967. – 551 с.

Лекция 5.