- •Дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Синоптикалық талдаудың негізгі тәсілдерінің қысқаша сипаттамалары. Ауа райының синоптикалық жер картасы. Ауа райының жер картасын құрастыру және талдауын безендіру техникасы.
- •Дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Барикалық топография карталары. Барикалық топография карталарын құрастыру техникасы. Абсолюттік топография (ат) және салыстырмалы топография (ст) карталарының талдауын безендіру.
- •Жел алабын талдау ерекшеліктері және жел алабының сипаттамалары. Қысым және жел алқаптарының геострофикалық және градиенттік байланыс модельдері. Геострофикалық желдің шын желмен байланысы.
- •Немесе ;
ГЛОССАРИЙ
Синоптикалық метеорология дегеніміз ауа райын болжау мақсатында ірі өлшемді атмосфералық процесстердің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Метеорологиялық ақпарат дегеніміз атмосфераның жағдайы (күйі) туралы немесе жеке метеорологиялық шамалардың жағдайы туралы мағлұматтардың жиынтығы.
Синоптикалық карта немесе ауа райы картасы дегеніміз көптеген пункттерде метеорологиялық және аэрологиялық бақылаулардың бір уақыттағы нәтижелерін сандармен және шартты белгілермен түсірілген географиялық карталар.
Барикалық топография карталары (БТК) дегеніміз еркін атмосферада әртүрлі метеошамалардың таралуын талдауға арналған синоптикалық карталар.
Геопотенциалды биіктік – теңіз деңгейінен есептелген қысымы тұрақты изобарлық беттің геопотенциалы.
Изогипса дегеніміз изобарлық беттіктердің бірдей биіктіктерін (АТ) немесе қабаттың бірдей қалыңдығын (ОТ) қосатын сызық.
Аэрологиялық диаграммалар дегеніміз атмосфераны барлау мәліметтерін өңдеу үшін және атмосфералық стратификация жағдайларын анықтау үшін арналған адиабаттық диаграммалар.
Атмосфераның кеңістіктік вертикалды кескіндері дегеніміз XOZ жазықтығында уақыттың бір кезеңінде атмосфера қасиеттерін сипаттайтын арнайы график.
Қысым сатысы дегеніміз қысым 1 гПа-ға өзгеру үшін жоғары көтерілген немесе төмен түскен метрмен берілген биіктік.
Қысым градиенті дегеніміз қысымның изобарлық бетке түзу бойымен біршама қашықтыққа өзгеруі.
Циклон (Zn) дегеніміз ауа қозғалысы сағат тіліне қарама-қарсы бағытталған төменгі қысымның тұйықталған аймағы.
Әр түрлі биіктікте төменгі қысым орталықтарын қосатын сызықтар циклонның кеңістіктік немесе биіктік осі деп аталады.
Жыра дегеніміз V-тәрізді изобармен бедерленген, екі жоғарғы қысым аумағының арасында пайда болған төменгі қысымның шығынқы аймағы.
Екі жоғарғы қысым аймақтарының арасында пайда болған, шамамен бір-бірімен параллель изобар аймақтары төменгі қысым қосқышы деп аталады.
Антициклон (Azn) дегеніміз ортасынан ауа қозғалысының сағат тілінің жүрісімен бағытталған жоғарғы қысымның тұйықталған аймақтары.
Частный антициклон замкнутая область высокого давления, сформированная в гребне основного и оформленная 1-2 мл замкнутыми изобарами.
Жота дегеніміз доға тәрізді изобарлармен бедерленген жоғарғы қысымның шығынқы аумақтары. Екі төменгі қысым аймақтарының арасындағы тұйықталған аймақ жоғарғы қысым қосқышы деп аталады.
Деформацияланған алқап дегеніміз екі бір–біріне қарама–қарсы жатқан циклоннан және екі бір–біріне қарама–қарсы жатқан антициклоннан тұратын алқап.
Жоғарғы фронтальды аумақ (ЖФА) дегеніміз абсолюттік карталарында шамамен параллельды орналасқан изогипстердің қатты шоғырланған аймағы.
Жел алабы дегеніміз желдің бағытымен және жылдамдығымен сипатталатын векторлық алқап.
Ағыс сызықтары дегеніміз белгілі бір сызықтың әр бір нүктесінде жылдамдық векторы оған жанама орналасқан сызық.
Үйкеліс күшісіз түзу сызықты және бір қашықтықтағы изобарлардағы ауаның орнатылған көлденең қозғалысы геострофикалық жел деп аталады.
Ауа массалары дегеніміз біркелкі физикалық қасиеттерімен және атмосфераның жалпы айналымының бір бағытымен қозғалатын, тропосферадағы ауаның үлкен жиынтығы.
ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Лекция 1.
Синоптикалық метеорологияның пәні мен әдісі. Ауа райын талдау және болжау әдістері. Бүкілдүниежүзілік ауа райының қызметі. Қазақстан республикасындағы ауа райы қызметінің қазіргі ұйымы. Халықаралық ынтымақтастық.
Дәрістің мақсаты: синоптикалық метеорологияның пәні мен әдісі, Бүкілдүниежүзілік ауа райы қызметінің қазіргі кездегі құрылымы мен міндеттері туралы және Қазақстандағы ауа райы қызметінің қазіргі кездегі ұйымы туралы ұсыныстарды алу.
Дәрістің жоспары:
Синоптикалық метеорологияның пәні мен әдісі.
Бүкілдүниежүзілік ауа райының қазіргі кездегі қызметі.
Казгидрометтің құрылымы мен міндеттері.
Синоптикалық метеорология дегеніміз ауа райын болжау мақсатында ірі өлшемді атмосфералық процесстердің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Синоптикалық метеорология зерттеулерінің негізгі әдісіне үлкен географиялық кеңістікте бір уақытта болып жатқан процесстерді шолу жатады. Синоптикалық әдістің негізгі жетістіктеріне оның көрнекілігі мен шапшаңдылығы жатады. Бір картаға үлкен географиялық аймақтың, жартышардың немесе тіпті бүкіл жер шарының ауа райы туралы мәліметтерін түсіруге болады, және осыған сәйкес ауа райын кезкелген аймаққа, соның ішінде болжау жасалған жерден өте алыс орналасқан аудандарға болжауға болады. Синоптикалық әдістің негізгі кемшілігіне кеңістікте және мезгіл бойынша қолданылатын ақпараттардың үзіктілігі жатады.
Синоптикалық талдаудың міндеті: атмосферадағы негізгі метеорологиялық элементтердің таралуына сүйене отырып, ауа массаларының және атмосфералық фронттардың, ал олармен бірге атмосфералық ауытқулардың (циклон және антициклон) қозғалысын, қасиеттерін және жәй күйін табу. Талдаудың мақсаты: аталған атмосфералық объектілердің өткен және қазіргі уақыттағы жәй-күйіне және қасиеттеріне сүйене отырып, олардың келешектегі жағдайларын және қасиеттерін табу, яғни синоптикалық жағдайларға болжам жасау.
Синоптикалық талдаудың негізгі тәсілдеріне ауа райы картасына түсірілген ауа райының ерекшеліктерін салыстыру, бақылау жүйлерінің бірыңғайлығы және талдаудың жүйелілігі жатады.
Синоптикалық талдаудың негізгі принциптері:
талдаудың жинақтылығы;
талдаудың үш өлшемділігі;
тарихи жүйелілігі;
талдаудың репрезентативтілігі;
физикалық логика принципі.
Гидрометеорология саласында мемлекетаралық келісімдіктерді жүзеге асыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі болып Бүкілдүниежүзілік ауа райы қызметі табылады.
Негізгі міндеттері – барлық мемлекеттерді – Бүкілдүниежүзілік ауа райы қызметінің мүшелерін – алғашқы және қайталанған мәліметтермен еркін айырбастауды қамтамасыз ету.
Бүкіл дүниежүзілік ауа райының қызметі негізгі төрт бөліктерден тұрады:
бақылаулардың глобальды жүйесі – оның құрамына синоптикалық және аэрологиялық станциялардың торабы кіреді;
мәліметтерді өндеудің глобальды жүйесі – құрамына метеорологиялық орталықтар кіреді, олар мәліметтерді өндеу қызметін және материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді;
телебайланыстың глобальды жүйесі – бақылауларды деректермен және өнделген ақпараттармен тез айырбастау үшін қажет;
ғылыми зерттеулер бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық жөніндегі бас басқармасы – ол Қазгидромет.
Қазгидрометтің негізгі міндеттеріне республикада гидрометеоро-логиялық және табиғи орта мониторингісі саласында бірыңғай ғылыми техникалық саясат жүргізу; әртүрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, мемлекет халқын қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамассыздандыру; қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекеттерінің теріс әсерін болдырмау және т.б. Осы міндеттерді орындауды Қазгидрометтің көптеген бөлімдері жүзеге асырады.
Дайындалуға арналған сұрақтар:
Синоптикалық метеорология пәніне анықтама және синоптикалық әдістің түсінігін беріңіз.
Ауа райы дегеніміз не?
Синоптикалық талдаудың бес негізгі принципін атап беріңіз. Әр қайсысының маңызы неде?
Ауа райын талдау және болжауының синоптикалық әдісінің маңызы неде? Осы әдістің жетістіктері мен кемшіліктері қандай?
Метеорологияның бүкіл дүниежүзілік ұйымы дегеніміз не? Ол қай кезде құрылды? Қандай элементтерден тұрады?
Бүкілдүниежүзілік ауа райының қызметі дегеніміз не? Оның міндеттері қандай?
Бақылаулардың глобальды жүйесіне қанша станция кіреді?
Мәліметтерді өңдеудің глобальды жүйесі қанша Әлемдік, Аймақтық және Ұлттық орталықтардан тұрады?
Қазақстан республикасында ауа райы қызметінің ұйымдасу құрылысы қандай? Оның негізгі функциялары мен ауа райының шетелдік қызметтерімен байланысы.
Ұсынылған әдебиет:
Зверев А.С. Синоптическая метеорология. – Л.: Гидрометеоиздат, 1977. – 711 с.
Воробьев В.И. Синоптическая метеорология. – Л.: Гидрометеоиздат, 1991. – 616 с.
Лекция 2.
Синоптикалық талдауда және ауа райын болжаған кезде қолданылатын метеорологиялық ақпарат.
Дәрістің мақсаты: Ауа райын болжаған кезде қолданылатын метеорологиялық ақпараттардың көптігі туралы ұсынысты алу.
Метеорологиялық ақпарат дегеніміз атмосфераның жағдайы (күйі) туралы немесе жеке метеорологиялық шамалардың жағдайы туралы мағлұматтардың жиынтығы.
Метеорологиялық ақпараттарды екі түрге бөледі:
алғашқы ақпарат;
қайталанылған (екінші) ақпараттар.
Алғашқы ақпарат – бұл бақылаулар нәтижесінде тікелей алынатын атмосфераның қазіргі күйі туралы мағлұматтар.
Қайталанылған ақпараттар - өңделген алғашқы ақпараттардың қорытындысы.
Ауа райының қызметінде қолданылатын алғашқы метеоақпараттар оларға қойылатын жалпы талаптарға жауап берулері керек. Бұл талаптар бір жағынан атмосфералық процесстердің даму заңдылықтарына және ішкі құрылымына, оларды талдау және болжау әдістеріне немесе басқа жағынан метеорологиялық ақпараттардың тұтынушы сұраныстарына негізделеді. Осы талаптарға сәйкес алғашқы метеорологиялық ақпараттар:
глобальды (кең көлемді) – атмосфералық процесстердің дамуының көлемділігімен және шапшаңдылығымен анықталады;
үш өлшемді - бақылау деректері атмосфераның күйін үлкен географиялық аймақтарда көлемі жағынан ғана емес, сонымен бірге биіктігі жағынан да, яғни үш өлшемді кеңістікте сипаттауы керек дегенді білдіреді;
жинақты – бірінші кезекте қысым, жел, температура және ылғалдылық алқаптарына, атмосфералық процесстердің даму заңдылықтарын толық айқындау мақсатында жинақталған талдаудың қажеттілігімен анықталады;
синхронды – бақылаулармен қамтылған бүкіл территорияда метеорологиялық бақылаулардың бірыңғай физикалық уақыт кезеңдерінде жүргізілуін білдіреді;
жүйелі – метеорологиялық бақылаулардың белгіленген мерзімде жүйелі түрде жүргізулерін білдіреді;
шапшаңдылық болулары керек.
Дайындалуға арналған сұрақтар:
Метеорологиялық ақпарат дегеніміз не?
Синоптикалық талдауда метеорологиялық ақпараттың қандай түрлері қолданылады? Әр қайсысын сипаттап беріңіз.
Ұсынылған әдебиет:
Зверев А.С. Синоптическая метеорология. – Л.: Гидрометеоиздат, 1977. – 711 с.
Воробьев В.И. Синоптическая метеорология. – Л.:Гидрометеоиздат, 1991. – 616 с.
Лекция 3.
Синоптикалық талдау және болжау үшін метеорологиялық ақпараттарды ыңғайлы түрде алу және көрсету тәсілдері. Олардың қысқаша сипаттамасы, әр қайсысының жетістіктері және кемшіліктері.
Дәрістің мақсаты: синоптикалық талдауға метеорологиялық ақпараттарды ыңғайлы түрде көрсетудің тәсілдері туралы ұсыныстарды алу.
Қазіргі уақытта алғашқы метеорологиялық ақпараттар келесі жүйелердің көмегімен алынады:
жер бетіндегі метеорологиялық және аэрологиялық станциялар торабы;
кеме бақылаулар торабы, ауытқыған және якорьді гидрометеорологиялық станциялар;
метеорологиялық радиолокациялық станциялар торабы;
ғарыштық метеорологиялық жүйесі;
ауа райын авиациялық барлау жүйесі.
Метеорологиялық барлауларды көптеген станциялардың қатары жүргізеді. Олардың ішінде ауа райы қызметінде қолданылатын мәліметтерді жүйелі түрде беріп отыратын станцияларды синоптикалық станциялар деп атайды.
Жерде орналасқан синоптикалық және аэрологиялық станциялардың торабы алғашқы метеоақпараттарды толық, жүйелі және анық түрде алу жүйелері болып табылады. Сондықтан да қазіргі уақытта олар осы ақпараттарды алудың негізгі жүйесі болып саналады.
Алғашқы метеорологиялық ақпараттарды алу жүйелері атмосфераның көптеген сипаттамаларының мәндерін, уақыт бойынша немесе кеңістікте үздіксіз бөлінуін береді. Бұл бөлінулер, яғни метеорологиялық шамалардың және құбылыстардың алқаптары, әртүрлі түрде бейнеленуі мүмкін: ауызша, кесте түрінде, графика және аналитикалық түрінде.
Синоптикалық талдау және болжау жасаған кезде, алғашқы метеоақпараттардың графика түрінде ұсыну (карта, графиктер, диаграмма) өте ыңғайлы және көрнекті. Әсіресе, ауа райы қызметінде метеорологиялық бақылаулардың мәліметтері түсірілген географиялық (синоптикалық) карталар өте кең таралған.
Метеорологияда көптеген есептерді шешу үшін, ауа райын гидродинамикалық модельдердің көмегімен болжау үшін, статистикалық болжау схемаларын жасаған кезде, метеорологиялық шамалардың алқаптарын аналитикалық бейнелеу қолайлы болып табылады.
Дайындалуға арналған сұрақтар:
Бірінші метеоақпараттың негізгі алу көздерін атап беріңіз және синоптикалық ақпаратты торабтын негізгі кемшіліктерін айтыныз.
Синоптикалық станция торабы дегеніміз не? Синоптикалық торабтын станцияларына қандай талаптар қойылады? Бақылау мерзімдері.
Метеошамалардың алқабы қандай түрде бейнеленуі мүмкін?
Синоптикалық талдау мен болжау үшін метеорологиялық ақпараттарды қандай түрде бейнелеу өте ыңғайлы және көрнекті болады?
Метеошамаларды аналитикалық түрде бейнелеу дегеніміз не және ол қандай мақсаттарды шешу үшін қолданылады?
Ұсынылған әдебиет:
Зверев А.С. Синоптическая метеорология. – Л.: Гидрометеоиздат, 1977. – 711 с.
Воробьев В.И. Синоптическая метеорология. – Л.: Гидрометеоиздат, 1991. – 616 с.
Лекция 4.
