- •Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері
- •Жұмыс кітабын ашу үшін Excel бағдарламасының ескі нұсқаларында файл түрлендіргіштерін Excel 2010 пайдалану
- •Файл түрлендіргіштерін жүктеу және пайдалану
- •«Есептегіш бұлттар» мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:
- •Енді бұлттық технологияны пайдаланудың тиімді жақтарына тоқталып өтейін. Олар:
Енді бұлттық технологияны пайдаланудың тиімді жақтарына тоқталып өтейін. Олар:
• үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, бағдарламаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады; • тұтынушы кез-келген жерден, кез-келген уақытта интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дерек көздерімен жұмыс істей алады; • тұтынушы компьютерлік құралғының осалдығына, немесе оның сынып бұзылуына, немесе жұмыс істейтін бағдарламаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды; • тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады; • жеке компьютердегі бағдарламалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін, немесе бағалары айлық жарнақы ретінде өте арзан келеді; • кейбір жобаларды «бұлтқа шығарудың» әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы – аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді администрациялауға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады; • сонымен қоса сол бағдарламаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны «бұлтқа шығару» арқылы шеше алады.
Қорыте кеткенде қазіргі жаңа технологиялардың күннен-күнге дамып жатқан уақытында «бұлттық есептеулер» ең қажетті сервис екені айдан анық. Google секілді гиганттар осындай бағдарламалар мен сервистерді пайдалануға бізді итермелеуде. Оның үстіне соңғы кезде үрдіс алып отырған планшеттер мен қалта телефондары мобильді бағдарламардың көбейуіне, есептегіш бұлттарды пайдалануға, олардың қызмет түрлерінің көбейуіне ықпал етіп отыр десек, қателеспейміз. Көптеген компаниялар қазір «бұлттар» жарысына қосылып кетіп өз қызмет түрлерін ұсынуда. Қазақстан нарығына еніп кеткен бірнеше Ресей, Беларус компаниялары да бар. Ал «бұлттық шешімдер» ұсынып жүрген Қазақстан компанияларын қызмет түрлері саусақпен санарлық екені де белгілі.
№43 What is mobile technologies. Мобильді технологиялар – кітапханалық-ақпараттық саладағы соңғы инновациялардың бірі. Бұл термин біраз уақыттан бері қолданыста. Мобильді кітапханалар мен мобильді кешендер көптеген елдер жүзеге асырып келе жатқан қолданыстағы жобалардың бірі, Еуропа, АҚШ, Австралия, Африка және т.б. елдерде талай онжылдықтан бері қолданыста. Мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін өтеу. толығырақ «Қырым – 2011», «Қырым – 2012» конференцияларының жыл сайынғы баяндамаларында Я.Л.Шрайберг «мобильді» термині заманауи библиобустар түсінігін білдіріп қана қоймай, мобильді телефония құралдары мен пайдаланушылар гаджеттері арқылы деректер базасы мен кітапханалық каталогтарға кіру мүмкіндігін де ұсынады» деген болатын. Бұл жаңа үлгілерді іздеуге кітапханаларды жылжытудың келесі деңгейі, кітапханалардың жаңа коммуникациялық технологиялармен өзара қарым-қатынасы. Яғни, мобильді гаджет иесі кез келген уақытта қалаған кітапханасымен байланыса алады, немесе – Интернеттегі кітапханалық-ақпараттық ресурстарға қолжеткізіп, қажет болған жағдайда мәтіндерді жүктеп, өз мақсаттарына қолдана алады. Кітапхана QR-коды Электрондық кітаптарды оқуға арналған форматтар Кітаптарды fb2, txt, pdf, mobi, epub және басқа форматта тегін оқыңдар және жүктеп алыңдар. Сондықтан да кітапханашылар міндетті түрде айналадағы ақпараттық-коммуникациялық ортада бағдарлана білулері тиіс. Өз клиенттерімен коммуникация әдісі ретінде мобильді құрылғыларды зерттеу керек. Кітапханалық «қосымшалармен» немесе веб-сайттармен және т.б. жұмыс істей білу қажет. Төменде келтірілген ресурстар кітапханаларға өздерінің стратегиялық және тактикалық жоспарларын құруға көмектеседі: Мобильді кітапханалар. Мобильді кітапханалық онлайндық қызметтер. (Под ред. Д. Нидхэм, Мохамед А., науч. ред. Шрайберг Я. Л. Перевод с англ.). «МоБибл» жобасы. (Мобильді Кітапхана) дайындаған БП.И.Бартенов атындағы №3 кітапханалық-ақпараттық орталық (Липецк қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі). Жобаның негізгі басымдықтары: Ақпараттық ресурстық базаны толтыру. Кітапхананың техникалық потенциалын кеңейту және жобаның ресурстық қамтамасыз етілуі (ұялы телефондарды сатып алу, қосылу); Ұялы операторды таңдау; Тұрғындарға ақпараттық қызметтердің жаңа түрлерін көрсетудің технологиялық дайындығы; Кітапхана оқырмандарын SMS-хабарламалар мен дауысты хабарламалар арқылы ақпараттандыру: «SMS-брондау» (керекті әдебиеттің тапсырысы); «БИ 2» қызметі – кітапханалық жеке ақпарат; «МоБи-справка» қызметі – қорлар, қызметтер, қаланың қоғамдық өмірі және т.б. туралы ақпарат; «ИнфоБибл» қызметі – кітаптарды уақытылы тапсыру туралы еске салу, көрсетілетін коммуникативті қызметтер туралы ақпарат (мәдени-ағартушылық шараларға, клуб, әуесқойлық кітапханалық бірлестіктерге, акцияларға қатысуға және т.б. шақыру); Ұялы операторлар арқылы SMS-хабарлама және дауысты хабарламалардың көмегімен мобильді телефон иелеріне қызметтер ұсыну; SMS-ақпараттандыру қызметтерін ұсыну және «Телеком» компаниясының – SMS-хабарламаларды көпшілік жіберу сервисін қолдана хабарландыру; Кітапхана сайтындағы мобильді сервистер. Кітапхана сайтында мобильді сервистерді қолдану жобасын жүзеге асыруға кіріскен Д.И.Чижевский атындағы Кировоград ОӘҒК іс-тәжірибесінен. Кітапханалық wap-сайт құру сұрақтары және мобильді телефон немесе КПК көмегімен ақпараттық және библиографиялық деректер базасына қолжеткізуді қамтамасыз ету бойынша өз талдамаларын дайындау, ИРБИС жүйесінің негізінде WAP-OPAC жүзеге асыру сұрақтары қарастырылуда, wap-сайтта мазмұн (контент) жариялауға арналған онлайндық бағдарламалық шешу ұсынылады. WAP технологияларын қолдану мәдениет мекемелерінің имиджін жақсартуға және қызметтерді таратудың жаңа каналдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Bluetooth, WAP, GPRS сияқты сымсыз байланыс хаттамалары мобильді телефондар арқылы жаһандық Интернет желісінің сервистік және ақпараттық ресурстарына қолжеткізуді мүмкін қылады.
№44 What is multimedia technologies? Мультимедиалық технологиялар – бұл қоршаған ортаға қолданушылардың өзара Мультимедиалық құрылғыларды жасаушылардың алдарына қойған ең басты мәселе Дербес компьютермен бірге, мультимедиалық жүйе ЭЕМ-нің төртінші Осындай жүйенің көмегімен келесі мақсаттарға жетуге болады: қандай да бір жұмыстың орындалуында адамның қызығушылығын арттыру; адамға жұмыстың орындалуына жеңілдіктер жасау;
№45 Where is used of multimedia technology? Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедия (multimedia – көп орталы) – бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы
Мультимедия құралдары – бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.
Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
№46 What are bitmap graphics, where are they used, and how can they be identified?
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
№47 What is a vector graphic? How do vector graphics compare with bitmap graphics?
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
№48 What is compression? What is the difference between lossless and lossy compression?
№49 What is Smart Technology. Smart оқыту – бұл білім берудің жаңа парадигмасы. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстан да Smart білімін дамытуға назарын аударды.
Жаңа Smart-қоғамның моделі деген бұл заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық, жайлы ортасын құру. Қойылғын міндеттерді заманауи технологияларды қолданатын, жаңа ойларды, білімді және интеллектуалдық капиталды түрлендіретін маман шешеді.
Мектептерге Smart-білім жүйесін енгізу үшін мұғалімдерді оқыту қажет.
№50 Name the operation with Smart-applications: Smart TV, Smart Hub?
Smart TV (Smart TV) - бағдарламалар жиынтығы (бағдарламалық қамтамасыз ету), ол медиа-орталық алады теледидар ресивердің қазірдің өзінде болады, ол арқылы тұғырнама құру. Ол әдетте компьютерге немесе басқа DLNA құрылғыларға қосылған және Интернетке кіру үшін Теледидарды үй желісіне қосылу үшін инновация ретінде қызмет етеді.
SMART-оқытуды ендіру үшін, біріншіден, оқу үдерісінің жоғары дәрежелі технологияландырылуы мен автоматтандырылуы , кез келген жерде жоғары жылдамдығы бар сымсыз ғаламтор мүмкіндігіне арналған барынша мобильділікпен қамтамасыз ету, педагогтар жоғары дәрежелі технологиялық құзыреттілікке ие болуы қажет. Өзге де электронды құрылғылар секілді теледидарлар да «ақылды» бола бастады. Дегенмен, әңгіме теледидардың негізгі тұтыну ақпаратын құпия сақтауына қатысты болғанда, оның пайдалы жағы көрінбейтін сыңайлы. Осылай деп Бреннан орталығынан Майкл Прайс ойлап отыр. Ол жуырда ғана тек телебағдарламаларды көрсететін теледидарын жаңа «ақылды» нұсқасына ауыстырған болатын. Майклдың айтуынша, ағымдық видеолар мен әлеуметтік желілерге қосыла алатын және өзінің веб-браузері бар Smart TV-ді қолданудың өзі тұтынушы туралы жеке ақпаратты жинақтайтын болады.
«Мен оны қолдануды қаламаймын. Егер сіз заманауи аппаратты сатып алу кезінде берілетін 46-беттік таратуға болмайтын ақпараттар туралы келісім шартты оқыған болсаңыз, менің нені меңзеп отырғанымды түсінесіз. Smart TV мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең. Ол өз бетінше сіздің қашан тіркелгеніңізден бастап, күнделікті қолдану барысыңызды бақылап және барлық көрілген контенттерді жазып отырады. Сонымен қатар, веб-сайттар көрілімі мен оқылған хабарламаларыңыз жазылып отырады», - дейді Прайс.
Smart Hub - фирмалық технологиясы (қызмет), түрлі мультимедиялық қосымшалар, және басқару кіру үшін смарт теледидарлар пайдаланылады Samsung, бастап. Smart Hub қызметі сіз кіріктірілген мультимедиялық қосымшалар, сондай-ақ қашықтағы сервер екі шарлау мүмкіндік береді.
№51 Name the main functionality Electronic government. Information and communication technologies in system of public administration.
Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – жаңашылдығы. Атап айтсақ, Бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған.Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады. Мектептік ұйымдардағы электрондық оқытудың басты мақсаты: ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегінде «бүкіл ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс мектеп оқушыларының ақпарқатынастық тұлғалығын қалыптастыру.
Мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың негізгі міндеттері:
- жаппай сапалы білім беруге бағытталған озық білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету;
- толық бағалы білімдік кеңістікті құру және әрбір мектеп оқушысының жеке дара дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін білімдік процесті технологияландыру;
- жалпы орта білім беруді басқару жүйесін автоматтандыру;
- мектеп оқушылары мен мұғалімдердің ақпарқатынастық мәдениетін дамыту.
Білім беру интеграциясы мен ұлтаралылығы білім беру қызметтерінің әлемдік нарығының қалыптасуына ықпал етеде. Бүгін-ақ арақашықтық пен мемлекеттік шекараға қарамастан беріліп жатқан білім қызметтері ашығырақ технологиялық білім беру жүйелері пайда болып, әрекет етуді. Дәстүрлі (классикалық) білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технологияларға негізделген дәстүрлі емес оқыту амал-тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет-технолоргиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Ақпараттық технологиялар білім беру жүйесіне шынайы перспективалар ашады, нақтылы: ақпараттық технология құралдарын кеңінен енгізу оқу ақпараттарын көрнекті, динамикалық ұсыну бейнесуреттерді, дыбыс пен ақпараттық ресурстарға жолған қол жету; білім берудің барлық деңгейлерінде – мектепке дейінгі деңгейден жоғары оқудан кейінгі деңгейлерде компьютерлік оқудың үздіксіздігі мен сабақтастығы – оқу үдерісіндегі барлық пәндерді компьютерлік қолдау есебінен; оқушылардың шығармашылық жеке дара қабілеттіліктерін ашу мен дамыту үшін оқыту әдістемесін, стилі мен құралдарын таңдау еркіндігін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ғылыми және әдістемелік негізделген базалық білім беру жүйесін құру. Білім берудің ақпараттануы объективті түрде: оқу-әдістемелік жұмысты қайта ұйымдастыруды; оқытушыға талаптың күшеюі және оның рөлінің өзгеруін; оқушылардың тұлғасының ролі мен оның жеке ерекшеліктерінің; оқу мекемесінің ролі мен оның орналасқан жерінің оқушылар құрамына әсерін; қол жетімді ақпараттық ресурстардың көлемінің күрт ұлғаюын тудырады.
Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болып табылады. Елбасы өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырғанын атап өтті. Сондықтан да, дамыған елдерде кеңінен тараған «E – learninq» электронды оқыту жүйесі елімізде білім беруді дамытуды жүзеге асыратын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Электронды оқытуды енгізу индикаторы 1 компьютерге шаққандағы бала санына, кең көлемді ғаламтор және сандық мазмұнмен қамтамасыз етуге негізделген. Өзім қызмет ететін Жақсы №1 мектебінің электронды оқытуға толық мүмкіндігі бар. Материалдық-техникалық базасы тыңғылықты. Қазіргі уақытта оқу орнында интерактивті тақтамен жабдықталған 6 кабинет, 51 компьютер, 30 моноблок жұмыс істейді. Мектеп WIFI интернет желісіне қосылған. «Он-лайн арқылы оқыту жүйесінің» жобасы енгізілуде. 2013-2014 оқу жылына дайындық ретінде алғашқылардың бірі болып, 07-11 қазан күндері оқу орнында 15 оқытушы «Электронды оқытуды (e-learning) енгізу жағдайында оқу үдерісін басқарудың дидактикалық моделі» бойынша дайындық курсынан өтіп, білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институттың сертификатын алды.
Елбасы атап көрсеткеніндей, электронды оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат – білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қолжетімділігін қамтамасыз ету. Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электронды оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтайды. Сондай-ақ, ол біріншіден, білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электронды оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етеді. Электронды оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.
Электронды оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр. Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында «Электронды оқулықтарды» пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай, ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Біздің мектепте пән мұғалімдері білім беруідің жаңа әдіс –тәсілдерінің тиімді жолдарын электорндық оқулықтарды қолдану арқылы жүзеге асыруда. Атап айтқанда, бастауыш сынып мұғалімдері мен орта, жоғары сыныптарының пән мұғалімдері электрондық оқулықтарды қөмекші құрал ретінде тақырыпты меңгерту барысында пайдаланып, жұмыс жасауда.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту үдерісінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу ісін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
Мектептерді басқарудың ішкіжүйесі(мектеп ісқағаздарын жүргізу,т.с.с)
«Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;
Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі-LMS;
Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі-LCMS;
Тестіні басқарудың ішкі жүйесі-TMS;
Дамытуды басқару ішкі жүйесі-DM;
Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,
Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.
Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқыту жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімші, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады. Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.Міне, жоғарыда атап көрсетілгендей, біздің алдымызда осындай келелі міндеттер тұр. Мемлекет өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасап отыр. 2020 жылы әрбір оқушы мен мұғалімде дербес компьютер болады деп көрсетілсе, кең жолақты Интернет желісіне қосылу қазіргі кезде 36%, бағдарлама аясында ол көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарлануда. Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқарылады, яғни алдағы он жылда түбегейлі өзгерістерге толы болмақ. Қалаған жерден қосылатын сансыз Wi-Fi нүктелері, ең заманауи сервер, мультимедиалық сандық подиум - ең заманауи видео-аудио-студия, интерактив тақта, қуатты проектор, мультимедиалық-лингафондық ноутбуктер сыныбы, әрбір сыныпта, директордан бастап әрбір мұғалімнің, қызметкердің алдында жеке компьютер, электрондық кітапхана, электрондық мұғалімдер бөлмесі... Электрондық есеп, сынып журналы, күнделіктер, оқулықтар. Компьютер сыныптарын біртұтас басқару жүйесі. Біртұтас республикалық оқу ресурстарына қосылу, өз серверіміздегі мектеп сайты. Осының бәрі іске қосылғаннан кейінгі балалардың қуанышын елестетемін. Ал мұғалім қауымы... біраз қорқынышта. Осы кезге дейін компьютерді игермеген әріптестер жетерлік. Ал "электрондық оқыту" деген заман талабы енді оларды біраз қаттырақ "қамшыласа" керек. Тіпті, "e-learning" мұғалім халқының жалпы менталитетін өзгерте ме деп үміттенемін. Өзгеру - керек! E-learning" - мемлекетіміздің білім саласындағы жаңа бір үлкен асуы деп қабылдаймын. Ол балаларымыздың жарқын болашағына жасалған заманауи тұғыр. Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген міндеттерді орындауға жұмыла отырып, оның отандық білім жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыруға жол ашып, бәсекелестігін арттыратынына сеніміміз мол.
№52 What is electronic training of "E-Learning". Bases of electronic training of "E-Learning". E - learning (ағылшын тілінен Electronic Learning қысқартылған) – электрондық оқыту жүйесі, қашықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту синонимі. ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы бойынша: «e - learning – интернет және мультимедиа көмегімен оқыту». E - learning – бұл оқу және оқыту форматы, білім беру контенттерінің электрондық формасына электрондық құралдарды, компьютерді, ұялы телефонды, коммуникаторларды қолданып, білімді басқару жүйесі (LMS) және интерактивтік оқыту платформасына негізделген сабақ беру формаларының бірі. Электрондық оқыту «ашық білім беру», «қашықтықтан білім беру» сияқты ұғымдардың қосындысын береді, яғни ЭО = компьютерлік оқыту + желілік оқыту + он - лайн оқыту + Интернет оқыту + қашықтықтан оқыту. E - learning ұғымы – бір, бірнеше немесе барлық элементтерді қолданып жұмыс жасау мүмкіндігі ауқымды оқыту формаларының бірі ретінде LMS (Learning Management System) немесе қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) қарастырылады. Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдастырылатын платформаны ұсынады. Қашықтан оқыту жүйесі осы немесе басқа да желіде жұмыс істеуге қолайлы бірнеше құралдардың жиынтығынан тұрады: форумдар, чаттар, тестілеу жүйесі, файлдарды алмастыру жүйесі, электрондық тізім, виртуалды сынып бөлмелері, блогтар, виртуалды зертханалар және тағы басқалар. Электрондық оқыту барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін білімнің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді. 1. Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибелері E - learning термині білім беру үрдісінің электрондық формасын Интернет немесе Интранеттің көмегіне оқытуды басқару жүйесі дегенді білдіреді. E - learning оқу формасы бүгінгі күнгі ең озық білім беру формасының бірі болып табылады және де ЮНЕСКО - ның қолдауымен әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдарына жедел түрде енгізілуде. ЮНЕСКО - ның бүкіләлемдік баяндамасында «Білім қоғамдарына» барлығы үшін сапалы білім – білім қоғамы 4 негізгі қағидаларымен анықталады, ал Интернет – білім қоғамын құрастыруға моторымен анықталған. E - learning стратегиялық негізгі ұлттық білім беру жүйесін дамыту және жаңарту арқылы сипатталатындығымен айқындалады. Электрондық оқыту жүйесі енгізілген елдердің алдыңғы қатарына мына мемлекеттер енеді: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция. Зерттеушілердің айтуынша, шетелде 70% студенттер білім алудың қашықтан оқыту түрін таңдайды. АҚШ - та 200 - ден астам университет және мыңдаған колледждерде электрондық оқыту дамыған, ал электрондық курстардың саны жыл сайын шамамен 30 - 40%- ға ұлғаю үстінде. Дүниежүзі бойынша 100 миллионнан артық адам электронды түрде білім алады. АҚШ - тың компанияларының қызметкерлеріне сауалнама жүргізу барысында электрондық оқыту туралы келесі нәтиже алынған: - 87% - жұмыс уақыттарында оқығанды қалайды; - 52% - арнайы компьютер сыныбында емес, өз жұмыс орындарында оқуды қалайды; - 84% - оқуды қайтадан электрондық форма түрінде үйренгісі келеді; - 38% - электрондық оқу формасымен салыстырғанда дәстүрлі түрдегі форманы қалайды; 2009 жылдың тамызынан бастап, Калифорнияда (АҚШ) қағаз оқулықтарынан бас тартуға дейін әрекеттер жүргізілген. Онлайн – оқулықтары тексеруден өткізіліп, стандарттарға сәйкес келген. Сондықтан бұл мемлекетте баспа түріндегі оқулықтар шығарылмайтын болған. Осыған орай экономикалық үнем $350 миллионға дейін артқан. E - learning корпоративті практикаларды дәстүрлі формадан CD - ROM - ға программалық қамтамасыз етуді қолданумен алмастырылып келеді және де көптеген сарапшылардың бағалауы бойынша 2004 жылға АҚШ пен Батыс Еуропада нарықта электрондық оқыту формасының мәні жоғары болған. Диаграммада IDC компаниясының сараптамалық болжамдары бойынша электрондық әдістердің көлемі 1999 жылғы 38 %- дан салыстырмалы түрде жалпы көлемі 63%- ға дейін жоғарылағандығы анықталып отыр. E - learning – Финляндияда, Ирландияда, Оңтүстік Кореяда білімді жаңарту және экономикалық өсудің негізгі құралы болды. E - learning жүйесімен жұмыс жасау бірнеше негізгі компоненттерден тұрады: - Мектепті басқару жүйесі (SMS); - Сыныпты басқару жүйесі (CRMS); - Оқу үрдісін басқару жүйесі(LMS); - Тестілеуді басқару жүйесі (TMS); - Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS); - Электрондық психологиялық – мониторингтік жүйе (MPsMS); - Ақпараттық - анықтамалық жүйе(IMS). SMS - School Management System (мектепті басқару жүйесі) оқушының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы есепті енгізетін жүйе. SMS оқушылардың сабаққа қатысуын бақылай отырып, әкімшілік саясатын жақсарту негізінде жүргізілетін есептеу нәтижелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйе орталық сервер және мәліметтердің шлюзінен тұруы керек. Мектепті басқару жүйесі мектептегі үрдістердің күнделікті ағымдағы кәсіби қызметтері мен есебін жүргізуді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жүйе мұғалімдерге дербес блогтар арқылы кәсіби тәжірибелермен және портфолиомен пікір алмасуды, оқушылардың үлгерім динамикасын зерттеп отыруды, оқушылар рейтингісін жүргізуді, мектеп ұстаздарының және әкімшілігінің жаңалықтары мен хабарламаларын беруді және тағы басқа. Әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді. «Электрондық сынып журналы» модулі Электрондық журналға рұқсат қолданушының кәсіби деңгейіне байланысты келесі әрекеттерді орындауын қажет етеді: - Электрондық сынып журналының интерфейсі дәстүрлі түрдегі журналға барынша сәйкес келуі; - Журнал сабақ кестесімен және күнтізбелік - тақырыптық жоспарды құрастыру модулдарымен кіріктірілуі; - Сабақтардың тақырыбын және өткізілетін күнін, оқушыны автоматты түрде тіркеу мүмкіндігі; - Әр түрлі бағалар қою, бағаның түрлері мүмкіндігі; - Атрибут қорытынды бағаға сәйкес есептелуі; - Тоқсандық және қорытынды бағалардың есептелуі; - Тақырыптың өтуін белгілеуі; - Оқу үлгерімі және сабаққа қатысу жайлы деректер орталықтандырылған және түрлі есептер шығаруға мүмкіндік беретін онлайн режимде сақталуы; - Сынып журналының Excel - де және HTML форматында ұсынылуы; - Сыныпты топқа бөлу есебі. Мектепті басқару жүйесі (SMS) – оқушының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы есепті енгізетін жүйе. Бұл жүйе оқу орнының электрондық журналын жүргізу қызметі ата - аналар мен оқушыларға мектеп өмірінің барлық оқиғалары туралы sms - күнделік, sms - хабарлама, e - mail немесе интернет желісі арқылы ақпараттарды берумен айналысады. Сервистің мүмкіндіктері ауқымды және жеделдетілген болып табылады. Оның кейбір мүмкіндіктері төменде келтірілген: • Баланың бағалары туралы ата - аналарға деректер беру; • Ата - аналарға баласының сабақта жоқтығы туралы мәлімдеме беру; • Сабақ кестесінің өзгерісі туралы деректер беру; • Ата - аналар жиналысы туралы хабарландыру; • Мектепке ата - аналарын шақыру туралы хабарландыру; • Үйге берілген тапсырмаларды ата - ананың немесе оқушының электрондық поштасына жіберу; • Алдағы бақылау жұмыстары және емтихан туралы деректер беру; • Жалпы хабарламаларды жіберу (мысалы, сабақтың болмауы); • Мәдени іс - шаралар туралы деректер беру.
№53 Give the characteristic Information technologies in the professional sphere. Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік біліктілігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы «өмір бойы білім алу» ұстанымынан «білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін» ұстанымына нақты ауысады. Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту саласында да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың жүзеге асуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туып отыр. Қазір әрбір оқу орындарында, оқытушыдан студенттерге білім беріп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді қамтамасыз ету, шығармашалақпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде. Жұмыс кезінде оқытушы мен студент тұрақты педагогикалық қатынаста болады, ал оқытушымен араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі анықтайды. Осыған бағытталған ақпараттық-коммуникациялық білім беру студенттің өзіне қолайлы және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру мүмкіндігін береді. Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы бөліктерге бөлу, оқытудың модульдік, жекелеп үйрету және деңгейіне қарай оқыту қағидаларын қатар пайдалану, өзін-өзі және бірін-бірі оқыту элементтері, пәнді игеруді қамтамасыз етудің (электрондық оқулықтар фрагменттері, арнайы тесттер, компьютерлік есеп жинақтары, анықтамалықтар, демонстрациялық файлдар, т.б.) ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану – оқу және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: а) Оқытудың жоғары нәтижелілігі; б) Әр түрлі білім мекемелері үшін осы жүйенің икемділігі мен бейімделгіштігі; в) Жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (файлдағы тапсырмалар жеңіл өзгертіледі, Web-оқулықтар оңай өзгертіледі); г) Қолданудың әмбебаптығы (өздігімен жұмыс істеуді, әрі оқу процесін де қамтитын тиімділігі). Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни АКТ-ның техникалық жағын ғана карастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады. Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет. Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажеттілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Ақпараттық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнының арзандауына, оған қоса АКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр. АКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен қарап, оларды шешу кезінде мектептегі ақпараттық жүйелердің мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту керек: - әдістемелік жабдықтау жағына; - мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға; - қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар, модельдеу, әкімшік-шаруашылық кешенін басқаруға) - базалық программалық платформаға (WINDOWS операциялық жүйесі MICROSOFT ОFFICE); - аппараттық кешенге (компъютерлер, жергілікті желі, интернетке қосылу). Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту тұжырымдамасы жатыр. Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзқарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін қалтықсыз көшіруге болмайды. Қорыта келе айтарым - оқу үрдісінде АКТ-ны қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің де, жоғары оқу орнының да мұғалімдеріне компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтыдығы, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет. 1.1 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар Оқытудың жаңа компьютерлік технологияларының жоғары және арнаулы оқу орындарында оқу процесіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне мыналарды жатқызуға болады. Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады. Қашықтықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат) формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған. Қашықтықтан оқытудың артықшылығы: а) Компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыға жылдам жеткізеді; ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальді класс жасау мүмкіндігі туады; б) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық уатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толыққанды қашықтан оқыту жайлы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыс арналарының да сапасы жақсы болуы керек, бізде ол жағы әзірше әлсіздеу. Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді. Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.
№54 What are the prospects for the development Perspectives of development of ICT. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың болашағы мен дамуы. ХХ ғасырдың ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: «ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде ақпараттың басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми техникалық, экономикалық, саяси - әлеуметтік мәліметтер қағаз күйде – ЭЕМ жадында сақталады. Соның салдарынан ХХІ ғасыр басында осындай ақпаратты пайдалана алмайтын адам ХХ ғасыр басында оқи да, жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...», - деген болатын. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағытының үшінші тармақшасында «Он – лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдарының кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық – телекоммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің бардық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. БҰҰ – ның шешімімен «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді және компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары. Ақпарат алмасу істеріндегі компьютерлік технологиялар рөлі өте жылдам өсіп келе жатыр, соңғы кезде телефон, радио, теледидар сияқты құралдар орнына электрондық телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланыла бастады, олар - өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге кеңінен араласып келе жатқан электрондық почта мен Интернет жүйелері болып табылады. Ақпараттық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметінің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым – қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады. Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір – біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Мұнда білім беру ісінің өзі де күрделі құрылымнан тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Осындай күрделі жүйенің бір – бірімен және қоғамдық өмірдің басқа аймақтарымен де тығыз байланысқан бес бөліктен тұратыны анықталды; олар: теориялық – методологиялық, педагогикалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және технологиялық жүйелер. Сол себепті қазіргі кезде білім саласындағы ең өзекті мәселеге ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық жағы емес, керісінше оның ұйымдастырушылық, әлеуметтік және педагогикалық жақтары айналып отыр. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек. Қазақстандағы дарынды балаларға білім беруді ақпараттандыру мәселелері; - білім берудің жаңа технологияларын (оқу теледидарлары, Internet Telekom, Relkom және қашықтықтан оқытудың өзге түрлері) жасау, жүзеге асыру.. - дарынды жастар мәселесінің және балалардың ақпарат алмасуының бағдарламаларын әзірлеу. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Әсіресе, олардың тиімділігі: 1. Қашықтықтан білім алу мүмкінділігінің туындауы; 2. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкінділігі; 3. Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с. материалдық шығынды қажет етпеу); 4. Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруге (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с. тілдерді) айқын сезіледі; 5. Іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуге (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.); 6. Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктер болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістері мен әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; 7. Оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор (теледидардағы ғылыми – көпшілік, рухани, тарихи танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с логикалық ойындар). Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, телеконференция, видеоконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ кез – келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны да белгілі. Мұндағы ең басты назар аударалық мәселе: олардың ара салмағы. Демек кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек. І Информатика және АТ оқытудың мақсаттары, мазмұны және әдістемесі. Төмендегі білім шегі, базалық және профильдеу курстары. Оқыту тәжірибесі мен әдістемесі. Оқытушыларды даярлау және білімін жетілдіру. ІІ АТ оқу үрдісінде 2.1. Жаратылыстану – математикалық пәндер. 2.2. Гуманитарлық 2.3. Кәсіптік білім беру. 2.4. Бағдарламалық құралдарды жасау, сараптау және бағалау технологиясы. ІІІ. АТ ашық білім беруде. 3.1. Телекоммуникациялар 3.2. Қашықтан оқыту ІҮ. АТ білім беру жүйелерін басқару ісінде. Ү. АТ арнайы талабы бар адамдарды оқыту ісінде. ҮІ. АТ оқыту нәтижесін бақылау мен бағалау. Информатиканы және ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі ақпараттық әлемде ерекше орын алады. Компьютерді иелену дағдылары, күнделікті жұмыста АКТ пайдалана білуі, WWW (Интернетпен) жұмыс істеу, теориялық информатика негіздерін білу, мектеп түлектерінің ақпараттық мәдениеті, адамзат қолындағы электрондық ақпараттық ресустарды жасау және пайдалана білу – жаңа ғасырдың артықшылығы осындай. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары; - методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау; - әдістері мен формаларын ұйымдастыру; - қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту; - оқытудың әдістемелік жүйесін жасау; - оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау; - өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру; - ақпараттық – оқу, эксперементтік – зерттеу қызметінің өз бетімен түрі іс - әрекеттерін жүзеге асыру; - тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау. Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар: - ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету үрдісі жоғары деңгейге жеткізу; - жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялау; - біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету; - білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау. Дәстүрлі информатика курсында телекоммуникациялар орта, кейде жоғары буында оқытылатынына қарамастан, желімен және электрондық почтамен жұмыста пропедевтикалық курстар мен ерте дамыту үйірмелеріне қосқан дұрыс. Бүгінде бастауыш сынып оқушылары қатыса алатын көптеген жобалар бар. Жобалар ғаламдық немесе төңіректік ауқымда болуы мүмкін. Бірі мектеп немесе сынып аясымен шектелсе , келесісі ұлттық , тіпті халықаралық деңгейге шығады. Оларға қатысу арқылы балалар жаңа достар табады, жеке немесе ортақ мәселелерді шешеді өзіндік идеяларын, ынтымақтық пен шығармашылық қабілеттерін жүзеге асырады. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдыларын негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі
Translate the following number:
426.375 (10) → "2"; "8"; "16".;
1010101.101 (2) → "8"; "10"; "16" NS
Translate the following number:
а) 129,25(10)→ "2"; "8"; "16" NS;
б) 1001110110,011(2) → "8"; "10"; "16" NS
Translate the following number:
а) 296,33(10) → "2"; "8"; "16" ns.;
б) 100010111,11(2) → "8"; "10"; "16" ns.
Translate the following number:
а) 184,4(10) → "2"; "8"; "16" ns.;
б) 1111101101,01(2) → "8"; "10"; "16" ns
Translate the following number:
а) 554,2(10) → "2"; "8"; "16" с.с.;
б) 1001110101,011001(2) → "8"; "10"; "16" с.с.
Write the program. Inserting an image in the HTML code of the page.
Write the program. Inserting an table in the HTML code of the page.
