Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.35 Кб
Скачать

1-билет

«ҚҚЗТ»пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз

2-билет

Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз

3-билет

Зияткер қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орнын көрсет

4-билет Қазақстанның қазіргі заман тарихын Ұлы дала тарихымен сабақтастығын баяндаңыз. Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлттық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қай та қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр. Қазіргі уақытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методологияның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақтар беттері қайта ғылыми негізде зерделенуде. Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды. Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жаса ған деректерін тарих ғылымының талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігінеде ие болып отыр. Кезінде өзінің төлдеректерін жинауға, жүйелеуге, шашау шығармай сақтап, өз тарихын жазуға мүмкіндігі болмаған халқымыз, бүгінде, ақпараттар, яғни деректер тасқынының астында қалып отыр. Уақыт ерекшелігіне сай қоғамның аса үлкен жылдамдық пен дамуы, бұрын ғасырлар бойы болмайтын маңызды тарихи оқиғалар тізбегінің көз алдымызда үз дік сіз өтіп жатуы, сол оқиғалар бейнеленген деректер тасқынының пайда болуына алып келді.Үстіміздегі жылдың 5 маусымында Елордамыз — Астана қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоара лық жұмыс тобының кеңейтілген мəжілісі дəлірек айтсақ, жалпыұлттық кеңесі өткізіліп, отандық тарих ғылымы, дүние жүзі тарихы, соның ішінде Қазақстан тарихы туралы зерделі мəселелер көтеріліп, дəйекті сын айтылып, болашақта ұлттық тарихты зерттеу жəне оқыту түйіткілдері жан-жақты қарастырылды. Халқымыздың тəуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлттың азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты маңызды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Өйткені, тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих — ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі. Бұл шара тəуелсіз ел тарихындағы қазақ тарихына, Қазақстан тарихы туралы мəселе көтерген тұңғыш мəжіліс болды. Тарих ғылымы қоғамның тарихи танымы мен тарихи санасын қалыптастыруы арқылы дəріптеу қажет. Əсіресе, тарихи тақырыптарға жазылған еңбектер арқылы халықтың тарихи санасын қалыптастыруға ықпал жасау керек. Ол үшін, ел ертеңі жастарды өз бетінше жеке көзқарастарын қалыптас тыруда тарихи шығарма лардың алатын орны ерекше. 

5-билет XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар әлсіз күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің отарлау және орыстандыру саясаты терендете түсті. Осындай жағдайда қазақ елінің болашағы үшін қоғамдық күреске жаңа саяси-әлеуметтік күш-ұлттық интеллигенция араласа бастайды. Барлық көрінісі жағынан қазақ қоғамы үшін өтпелі кезең болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялылары кімдер еді, олар еліміздің тарихында қандай орын алмақ. Бұл тақырыпты зерттеу қажеттілігі бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының табиғи болмысынан туындайды. Біз Ресей империясына, оның қүрамдас бөлігі Қазақстанға 1917 жылы большевиктер ұсынған даму жолының сәтсіз аяқталғандығының куәсі болып отырмыз. Бүгінде біз осының дұрыс-бұрыстығын анықтауға міндеттіміз. Ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог қазақ зиялыларының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) аса көрнекті қоғам қайраткері еді.А.Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» секілді өлендер жинағын шығарған, халқының арман тілегін, өкініш-күйінішін әдемі сөз нақылына түсіре білген, өзіндік өмір бағыты бар қазақ зиялысы еді. Оның «Қазақ», «Айқап» басылымдарында жарық көрген «Қазақ жерін алу туралы», «Низам», «Қазақ һәм 4-ші дума», «Жауап хат» (Жанша Сейдалин мырзаға), «Шаруа жайынан», «Досмайыл қажыға ашық хат», «Губернатор өзгертілуі», «Земство», «Бас қосу турасында», «Бұл заманның соғысы» атты мақалалары ғасыр басындағы қазақ ақыл-ойының биік шыңы болды. Қазақ қоғамының дамуында ұлттық сана-сезімнің толысып жетілуінде XX ғасыр басы ерекше есте қалады. Азаттықты ту етіп көтерген алаштың белгілі ұлдары өз күрес теорияларында халқымыздың өткен күрес жолдарының тарихи тәжірибелерін байытып жаңа кезеңге пайдалана білді.  Жалпы, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы қазақ қоғамында азаттық ой-пікірлердің дамуында ерекше кезең болғаны анық.

6-билет XX ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз

 ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.

Қазақтың елдігі мен тұтас­ты­ғын аңсаған Алаш қайрат­кер­лерінің идеясы бүгінде іске асты. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Олардың еліміздің тәуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз алдына дербес те егемен мемлекет ретінде көргісі келген ізгі де жасампаз ниет­тері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлт­тық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идея­сын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсы­лар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар әрі ең алдымен дәстүрлі да­ла ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасыр­дың ба­сындағы қазақ қоғамында зиялы қа­у­ым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» дейді. Бүгінде  халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасында әлеуметтік әл-ауқатымыз артып, инновациялық даму жолына түстік. Ұлт болып ұйысып алдымызға қойған мақсаттарға жетуде қастерлі тәуелсіздіктің құны жолындағы құрбандарын ұмытпай, оларды үлгі ету арқылы күш-қайратқа және рухани бірлікке ие бола аламыз. Алаш ардақтыларының аманатын ұлықтау мақсатында жұдырықтай жұмылып, түрлі маңызды іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

7-билет Қазақстанның қазіргі заман тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастырыңыз

Қазақстанның қазіргі заман белімінің тағы бір маңызды проблемасы XVI ғ. ортасы XX ғасырдың бас кезі аралығындағы қазақ-орыс қатынастары. Бұрынғы тарихнамада бұл проблема кеңес уақытындағы «қосылудан» бастап, «құрамына ену» деген сияқты терминдер бойынша әр түрлі бағаланды. Ал, шындық факті сол, Қазақстан халықаралық жағдайдағы аса күрделі қақтығыс салдарының езінің саяси тәуелсіздігінен, мемлекеттік егемендігінен айырылды. Дүниежүзілік тарихта өзгерістер болып жатты, қалыптаса бастаған дүниежүзілік байланыстар мен ұлғая бастаған рынок адамзатты дүние жүзіне белгілі жеке мемлекеттердің сауда жолдарын иемденуге ұмтылу фактісіне куә етті. Мұның өз кезегінде сол елдердің дүние жүзі бойынша сауда да, соғыс пен өнеркәсіпте бәсекелестігін туғызды. Осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің   тағдыры   басқаша   қалыптасты.   Тамыры   тереңнен,   жалпы адамзатқа  ортақ  жөргектен басталатын  гүлденген  дала  өркениеті  бар Қазақстан, өзінің ұлы көршілері сыртқы саясатының объектісіне айналды. Бір   орталықтанған,   абсолюттік   монархиясы   нығайған,   дипломатиялық жағынан азиялық халықтарды бағындыру және әскери экспедиция жасау тәжірибесі бар Ресей өз назарын қазақ жеріне аударды, бұл жер ол үшін «бүкіл адамзат елдері мен жерлеріне кілт, әрі дарбаза болуы» тиіс еді

8-билет

Қазақстанның қазіргі ұлттық идеясының тарихи бастауларын білудің маңызын ашыңыз

9-билет

Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі мен қызметі туралы баяндаңыз

10-билет

Бірінші орыс ревалюциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсерін талдаңыз

11-билет

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз

16 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері:

1.Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол -өнершілер болды.Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанғаөтіп кетуге мәжбүр болды.Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды.

12-билет

Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграцияның алғашқы толқыны

Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азиямемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға,Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ. Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі – отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі (230 адам) жіберілді. 1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген. Ауған қазақтарының көбі сауатсыз, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Ауғаныстан қазақтарының тарихы, этнографиясы, тілі мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі жүйелі түрде зерттелмей келеді.

13-билет

Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз

1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялықбасқарудың қарсылығын бірден басты.Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді.

14-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]