Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобалау мен болжау 28.12.2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.7 Кб
Скачать

23.Әлеуметтік жұмыс практикасында болжау жасаудың қажеттілігін негіздеңіз

Әлеуметтік болжау-қоғаммен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау. Болашаққа болжам жасау- тар мағынада-болжамдау, кең мағынада –оқиғалар, құбылыстар туралы бар білімдер, бірақ тәжірибеде кездеспейтін.

Ғылыми болжам- оқиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді.

Зерттеу объектісі- адамның, қоғамның өміріне қатысты болашаққа болжам жасау үрдісі.

Зертеу пәні-адамның, қоғамның өміріндегі түрлі өзгерістердің орын алуы, келу, қалыптасу жолдарын алдын ала болжау жолдары.

Мысалы,болжаудың социологиялық аспектісіне жатады: отбасы келіспеушіліктерін болжамдық зерттеу мәселесі;әлеуметтік болжау жүргізудің технологиясы;еңбек нарығындағы жағдайларды болжау;өмір сүру деңгейін болжау;зейнетақы қамтамасыздығын болжау;экологиялық процестерді болжау;демографиялық процестерді болжаудың технологиясы, мүгедектермен, қарт адамдармен, жетімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты маңызды элементі ретінде болжау.

Әлеуметтік жұмыстағы болжаудың атқаратын қызметі мен принциптері.

Болжамдарды жасауда келесі талаптарды ұстану маңызды болып табылады. 1) Нұсқаулық – жұмысшы гипотезаның ерекшелігінен мақсатты қоюдан (нормативті болжауда) және болжамды қабат (фон) нұсқаулардан шыға отырып, болжамның бірнеше нұсқасын жасау.

2) Верифицируемость – үздіксіздік – болжау объектісі туралы жаңа деректер түскенінде қажеттілік бойынша болжамдарды түзеуді қажет ететін болжау принципі. 3) Рентабельділік – болжамды қолданудан экономикалық әсердің, болжамды жасауға деген шығыннан көбеюі, жоғарылауы. 4) Жүйелілік – болжанушы көрсеткіштердің барлығының сонымен бірге болжам өлшемдерінің өзара байланысы. 5) Келісу (келіскендік) – түрлі табиғаты бар нормативті және іздеу болжамдарының келісуін талап ететін болжау принципі.

Әлеуметтік жұмыста болжаудың атқаратын қызметі зор оны іске асыруда келесідей принциптерді басшылыққа алу керек: вариативтік принцип, стратегиялық шешімдерді қабылдауда көп критериалдық, ұйымдастыру формаларында конкурстық негізде түрлі технологияларды қолдану оның мәні келесідей:

- болашақта халыққа әлеуметтік қолдау көрсету үшін әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық жағдайды болжамдау;

- тұлғаның қоғамдық даму жағдайында рөлінің өзгеруін көрсету;

- халықтың сұраныстарының өсу динамикасын, маманықтарға сұраныстардың өсуін;

- әлеуметтік жұмыстың мазмұнының, ұйымдастырылуының, құрылымының өзгеруі. т.б.

24.Әлеуметтанулық болжаулардың динамикалық және статикалық заңдарға негізделуін түсіндіріңіз.

Болжам дегеніміз – зерттелінетін социологиялық нысанның құрылымы, оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстардың сипаты, әлеуметтік проблеманы шешудің мүмкін жолдары жайлыалдын ала жасалынған пайымдаулар. Болжам – ғылым дамуының деңгейін көрсететін білім түрі де болып табылады. Бірақ социологиялық зерттеулерде нақтылы бір проблеманы қарастыруға қажетті теориялық білімдер қоры барлық уақытта бола бермейді. Жұмыс болжамдары деп құбылыс пен процесті алдын ала түсіндіретін және зерттеудің алғашқы сатысында қолданылатын болжамдарды айтамыз.

 Болжам жасауға белгілі бір талаптар қойылады. Болжам арнайы не жалпы социологиялық теорияға сәйкес, ғылыми негізді (яғни дәлелденгенге қайшы келмейтін), зерттелінетін проблема бойынша мағыналы, эмпириялық жолмен тексерілетін, логикалық тұрғыдан қайшылықсыз балуы керек.

  Болжам жасаудың негізгі қиындығы оның зерттеу мақсаты мен міндетіне сай келіп, ұғымдарының анық ойдың екі ұшты болмауына байланысты.

Әлеуметтік болжам — әлеуметтік теорияға көзқарас. Онда бірқатар тарихи тенденциялардың ықтимал жүзеге асуын жобалап белгілеу әрекеттері жасалады. Мұның классикалық мысалы Даниэль Беллдің "The Coming of Post Industrial Society" (1973) атты еңбегі, онда "A Venture in Social Forecasting" деген тақырыпша бар. Белл өзінің батыл ойларын жекелеген әлеуметтік іс жағдайы жөнінде болжам айту ережелеріне белгілі бір пошым беру әрекеттерінен бөліп қарайды. Ал әлеуметтік болжам тек ықтималдықты жобалауға тырысады және ол "заңдылық және оқиғалардың қайталап көрінуі" бар жерде ғана немесе бағыты "статистикалық уақыт-серия шеңберінде анықталуы мүмкін" тенденциялар бар жерде немесе олар тарихи тенденциялар ретінде тұжырымдала алатын жерде, "оқиғаларға ықпал ететін адамдар тарапынан парасаттылықтың жоғары дәрежесін топшылауға болатын жерде" мүмкін болады. Бұл шарттарға ілуде бір ғана қол жететіндіктен, деп мойындайды Белл, әлеуметтік болжамдар көбіне жасалатын қысымды дәлдей түсумен шектеледі, оның шеңберінде белгілі бір шешімдердің нәтижелерін болжау емес, кейбірін тиімді қабылдау ретінде көрінеді.

Әлеуметтік заңдар адам кызметінің барлық саласын қамтиды және таралу аясына сәйкес өзіндік өзгешеліктері де болады. Айталық, шағын топқа, белгілі әлеуметтік жікке немесе тапқа, жалпы коғамға әрекет ететін заңдар бар. Басқаша айтсақ, заңдар жалпы коғам немесе оның бөлімдері арасында қолданылып, осыларды қамтиды.

Барлық ғылыми заңдар сияқты әлеуметтік заңдардың мынандай негізгі белгілері бар:

1. Белгілі бір жағдай болғанда, яғни сол уақытта ғана әрекет ететін заң;

2. Осы жағдайларға орай әрдайым әрекет ететін заң;

3. Толығымен емес, жартылай және шамамен жүзеге асатын жағдайда әрекет ететін заң.

Әлеуметтік заңдар мен адамдар арасында тұрақты түрде байланыс орнатылады және ол талаптарға не бағынады, немесе олардан кашқақтайды, болмаса өзінің мінез - құлқын әлеуметтік заңдарға бейімдейді, немесе оларға қарсылық көрсетеді. Әлеуметтанушы әлеуметтік заңды ашқанымен, әлі ешкім білмейтін құбылыстардың, белгісіздіктердің бет пердесін аша алған жоқ. Керісінше, адамдар әлеуметтік заңдардан әздерінің күнделікті өмірдегі белгілерін көреді, әрқашан сол заңдардың көріністерін өз тәжірибелерімен салыстырып отырады.

Әлеуметтік заңдарды іздеп табу және зерттеу өте қиын. Бұл көптеген жағдайлардың болуымен, олардың күрделілігімен, бір-біріне жақындығымен, ұштасып жатуымен байланысты. Сондықтан да әлеуметтік топтарда адамдардың мінез - құлқы қайталанады, ал оз кезегінде бұл деталдардың көп болуына орай әлеуметтік заңдардың әрекетін жеке-дара бөліп алу өте киын.

Әлеуметтік заңдар оқиғаның барысында адамның ырқына тыс қалыптасып, адам өміріне ықпал етеді. Бірақ адам сол әлеуметтік заңдарды басшылыққа алып, өзіне қажетті жағдайды жасай алады. Өйткені адам рухани және материалдық кұндылықтарды ендіруге, ендірілген игіліктерді тұтыну мен бөлу, т.б. үрдістерге катысады. Бұлар адамдардың қоғамдық бірлікте өмір сүруінде маңызды рөл атқарады.

Өзінің сипаты, көрініс табу тәсілі жағынан әлеуметтану заңдары динамикалық және статистикалық болып та бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайдағы оқиғалардың желісі арасындағы қатаң да бір мағыналы байланысты көрсетеді. Ал, статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң белгілеп, анықтайды, әрі ықтимал дәрежеде де белгілейді; бұлар әлеуметтік тұтастық шеңберінде болған әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыттары мен тенденцияларын көрсетеді.

Әлеуметтік заңдар әлеуметтанудың коғамда атқаратын міндеттерін жүзеге асыруға үлкен ықпал етеді.