- •20.Әлеуметтік болжаудың ұғымдық аппараттары мен әдіснамалық негіздеріне әлеуметтік жұмыскер ретінде баға беріңіз
- •21.Ақпараттарды жинау әдістерінің танымдық мүмкіндіктерін нақты ситуациялар негізінде түсіндіріңіз
- •22.Әлеуметтік болжаудың зерттеу саласы және мәселелері, оның тиімділігін көтеру жолдары туралы толық ақпараттар беріңіз
- •23.Әлеуметтік жұмыс практикасында болжау жасаудың қажеттілігін негіздеңіз
- •24.Әлеуметтанулық болжаулардың динамикалық және статикалық заңдарға негізделуін түсіндіріңіз.
- •25.Әлеуметтік болжаудың экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық және экологиялық болжаулармен байланысын дәлелдеп көрсетіңіз
- •26. Іздестіру, нормативті және мақсаттық болжамдар арасындағы байланыстарды нақты мысалдар негізінде түсіндіріңіз
- •27.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын үлгілеу ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын үлгілеуге іс-әрекеттік, құрылымдық-функционалдық, антропологиялық және интеракционистік, феноменологиялық ыңғайларды қолдану қажеттігін негіздеңіз.
- •29.Жаһандану жағдайындағы тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктері негізінде әлеуметтік жұмыскердің жаңа бейнесін қалыптастырудың маңыздылығына түсініктеме беріңіз
- •30.Синергетиканы әлеуметтік зерттеудің әдіснамасы ретінде социологиялық тұрғыдан сипаттаңыз
- •31.Жаңа технологиялық мәдениеттің әлеуметтік жұмыс мамандарын қалыптастыруға инновациялық әсерін атап көрсетіп, факторлық талдау жүргізіңіз(сұрақтың жауабы табылмады)
- •32.Қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік сфераларында қолданылатын әлеуметтенудің қазіргі технологиялық тәсілдері мен әдістерінің әлеуметтік мәнін негіздеп көрсетіңі
- •33.Әлеуметтенудің қазіргі әлеуметтік технологияларының пассионарлық сипатын дәлелдеп, пункттер бойынша белгілеңіз
- •34.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын қалыптастыруда әлеуметтік-серіктестік қатынастардың барлық түрлері мен дәрежелерін қолдануға сипаттамалық талдау жасаңыз
- •35.Социологиялық зерттеудің түрлі зерттеу процедуралары мен реттік кезеңдері арасындағы бір-біріне жеткізіп отыру байланысын нақты мәселе негізінде талдап көрсетіңіз
- •36.Әлеуметтік жобалаудың мақсатын түсіндіріп, оның модельдеумен байланысына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •37.Синергетиканың өз-өздерін ұйымдастырушы әлеуметтік жүйелердің әдіснамасы ретіндегі ерекшелігін нақты ситуацияны талдау негізінде дәлелдеңіз
- •38.Әлеуметтік жобалаудың субъектісін және объектісін, зерттеу пәнін нақты проблемаларды зерттеу мысалында көрсетіңіз
- •39.Жобалауға әсер етуші субъективті факторларға сынамалы талдау жасап, әлеуметтік жобалаудың тиімділігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін атап көрсетіңіз
39.Жобалауға әсер етуші субъективті факторларға сынамалы талдау жасап, әлеуметтік жобалаудың тиімділігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін атап көрсетіңіз
Қазіргі таңда әлеуметтік жүйелерді жобалауға қажеттілік өсіп отыр, яғни нақты бір әлеуметтік обьектіні, процесті, құбылысты, белгілі бағдарлама мен жоспар шегінде анықтау қажеттілікке айналуда. Бұны қазір іске асырылып отырған әлеуметтік жобалаудың (білім беру, денсаулық, қол жетімді тұрғын үй) өзектілігі мен маңызы дәлелдеп отыр.
«Жобалау» сөзі латынның «projektus» - «алға тасталған « деген сөзінен келіп шыққан. Жобалау обьектінің мүмкін не болжанатын прототипін не пробразын жасау. Жобалау жаңа құбылыстар мен процестердің болжанған не жоспарлық дамуының ғылыми-теориялық не практикалық негізделген анықтамасын беруге бағытталған ерекше қызмет түрі. Жобалау – ерекше әдістер тәсілімен болжанатын обьектінің, құбылыстың пробразын жасау, шындықтың бейнесін алдын-ала берудің бір формасы. Жобалау нақты мағынасында басқарудың болжамдық функциясын білдіреді, оның мақсаты болжанатын обьектіге қалаған сиапт пен белгі беру үшін қайта құру варианттарының бірін іске асыру болып табылады. Әлеуметтік жобалауды іске асырудың белгілі мерзімінің болу да, болмауы да мүмкін. Жобалауды терең түсіну үшін оны «жоспарлау», «алдын-ала көру», «болжамдау», «құрастыру», «моделдеу» ұғымдарымен салыстырып көру керек. Мысалыға, жоспарлау –бір құбылысты өмірге енгізу үшін ғылыми –практикалық негізделген міндеттерді, мерзімді, қарқынды мақсатты анықтау. Алдын-ала көру дегеніміз –қолдағы тәжірибеде тіркелмеген, бірақ өмір сүрп жатқан оқиғалар туралы білім, алдын-ала анықтау. Ал, әлеуметтік жобалау дегеніміз –әлеуметтік обьектілерді, әлеуметтік салаларды, процестерді және қатынастарды жобалау. Әлеуметтік обьектілерді жобалаудың жаратылыстанулық жобалардан айырмашылығы бұнда субьективті факторлар міндетті түрде есепке алынуы қажет. Ол көп жағдайда әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындайды. Олар төмендегілер:
-әлеуметтік обьектілердің қайшылығы;
-әлеуметтік обьектілердің дамуының көп векторлығы;
-әлеуметтік обьектіні кез-келген әлеуметтік теорияның соңғы мөлшерімен суреттеудің мүмкін еместігі;
-әлеуметтік обьектінің дамуына қатысты тиісті және маңыздының арақатынасын анықтайтын субьективті құрастыруың өте көп болуы;
-әлеуметтік обьектілердің көп факторлығы, яғни оған обьективті де, субьективті де факторлар әсер етеді. Аталған факторлар әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындайтын себептердің соңғысы емес, олар тек оның басқа обьектілерден айырмашылығының бар екендігін көрсететін жүйе ғана.
Әлеуметтік жобалау болжамның негізділігін бағалайды және әлеуметтік дамудың ғылыми негізделген жоспарын жасайды. Әлеуметтік жобалауды «әлеуметтік құрастыру» деп те атайды. Әлеуметтік болашақты құрастыруға мынандай жағдайлар мүмкіндік береді:
-барынша мүмкін тенденциялармен қатар мүмкіндігі барынша аз тенденциялар қатар өмір сүреді;
-әдетте әлеуметтік обьектілерді әлеуметтік ресурстардың ішкі қоры бар, ол бұл әлеуметтік міндетті шешуде іске қосылуы мүмкін;
-қоғамдық құрылымдарға маңызды деформациялар (түр өзгеру) тән, оны болашақ дамудың қалайтын вариантын іске асыруда пайдалануға болады;
-мазмұны бойынша жақын перспективалық мақсаттар бір-бірімен ауыстырылуы мүмкін, ал бір мақсат түрлі құралдармен іске асырылуы мүмкін.
2. Әлеуметтік жобалаудың басқа да білім салалары сияқты өзіндік элементтері бар. Ол элементер (маңызды теориялық категориялары) : құрастыру, система, жобалау субьектісі мен обьектісі, әлеуметтік технология, әлеуметтік жобалау әдістері, жобалау жағдайлары, әлеуметтік жобалау механизмдері жатады.
Жобалау міндетті түрде белгілі кезеңдерден өтеді, жобалау кезеңі дегеніміз – әлеуметтік жобаны жасайтын тәсіл, әдіс, ережелер, процедуралар, операциялар (оның негізгі кезеңдерін проблеманы анықтау, әлеуметтік заказ, әлеуметтік төлқұжат, верификациялау, түзету, жоба дайындау құрайды).
Әлеуметтік жобалау технологиясы дегеніміз – әлеуметтік заказды іске асыруға, белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әдіс-тәсілдер, дағдылар жиынтығы, әлеуметтік қызмет актілерінің уақыт пен кеңістегі бірізділігі. Технологиялар көмегімен абстрактылы нәрселер нақты бұйрық, шешім, норматив, ережелерге айналып, адамның әлеуметтік белсенділігін қажетті әрекетті орындауға тиімді бағыттайды.
Әлеуметтік жобалаудың жағдайлары деп жобалау қызметіне ықпал ететін әлеуметтік процестер мен құбылыстар жүйесін айтамыз. Жобалау қызметінің жағдайының көп компоненттері бар: қатынастар, процестер, орта, әрекет, қызмет, құралдар.
Әлеуметтік жобалау принциптеріне тоқталайық:
қоғаммен «өмір сүру» принципі, яғни әлеуметтік жобалаудың өз қызметінің жаңа құндылық негіздерімен, өзара әрекеттің өз нормаларымен қоғаммен өмір сүру;
өзін-өзі дамыту принципі, яғни әлеуметтік жобалаудың қайнар көзі қоғамның өзін-өзін дамытуға деген қажеттілігі ғана болуы мүмкін;
әлеуметтік жауапкершілік принципі, яғни әлеуметтік жобалау өмір сүріп тұрған заңда көрсетілмеген коллективтік нормалар мен ережелер жасау болып табылады, ал жобалаушы субьектінің бұл нормалар мен ережелерден ауытқымауы қоғам мен жеке тұлға бойында құқықтық мәдениеттің қалыптасқандығының дәлелі болып табылады;
әлеуметтік міндеттілік принципі, яғни әлеуметтік жобалау әлеуметтік міндеттіліктің сыни ойлау, ашықтық, плюрализм және шыдамдылық сияқты сапаларын қалыптастыруға негізделеді. Әлеуметтік міндеттіліктің көрсеткіштері қоғамдағы әртүрлі қоғамдар мен қорлардың, қоғамдық бірлестіктер мен ассоциациялардың қызметі болып табылады;
халықтың кең қабатына үздіксіз білім беру принципі, яғни болашақты жоспарлау – бұл адамның жаңа білім мен біліктерге орасан зор қажеттілігін сезінетін ситуация;
әлеуметтік жобалау субьектілерінің мүдделері мен мақсаттарын үйлестіру принципі;
болашаққа ашықтық принципі, ол әлеуметтік жобалау субьектілерінің бірлестіктерді дамытудың перспективалы стратегиялық мақсаттары жанында шоғырлануын және бұндай мақсаттарды ұсыну қабілетінің болувн қалайды;
бірлестіктердің автонмиялық принципі, әлеуметтік жобалауда бұл принцип жобалайтын құрылым ретінде жеке алынған бірлестікті бөліп қарайды. Бірлестік ұйымдардардың әртүрлі көлемі бола беруі мүмкін: елді мекен, ірі қала, кіші қала, аймақ.
40) Әлеуметтік жобалар классификациясын топтастырып, салыстырмалы талдау жасаңыз
41. Инновациялық жобалардың атқаратын қызметтерін социологиялық тұрғыдан сипаттаңыз:
Инновациялық жоба анықтамасына үш аспектісінен тұратын анықтама берейік:
Инновациялық жоба — инновациялық мақсаттардың жетуіне арналған шаралар жиынтығы; инновациялық қызметті жүзеге асыру процесі; мынау, инновациялық жобаға салынған инвестициялардың экономикалық мәнісі бар екендігін дәлелдейтін құжаттардың пакеті.
Жобалар дегеніміз — техникалық немесе әлеуметтік — экономикалық жүйені өзгертуге мақсатталған процесс. Оны нақты мерзімде және нақты қаражатпен жүзеге асырады.
Инновациялық жобаның қатысушылары:
1. тапсырыс беруші;
2. өңдеуші;
3. инвестор;
4. құрылтайшы, гарант;
5. ғылыми- техникалық кеңес;
6. лизинг компаниясы;
7. жобалаушы;
8. ұйымдық орындаушы;
9. инвестициялық және инновациялық қорлар;
10. банк;
11. қаржылық кеңесші;
12. сақтандыру компаниясы және басқалары.
Инновациялық жобалау процесі 3 кезеңнен құралады:
1. инвестицияламай тұрып құрылған лаг (инновациялық жобаны дайындау);
2. инвестициялық лаг (жобаның орындауы);
3. өндірістік лаг (жоба объектісінің шаруашылық қызметі, эксплуатациялық фаза).
Инновациялық бағдарлама - бiрыңғай мақсатпен, мiндеттермен, объектiмен немесе аумақпен бiрiктiрілген, ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келiсiлген инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi; Инновациялық жобаның негізгі құрамдас бөлімдері төмендегідей болады: 1. мəселенің өзектілігін дəлелдейтін кіріспе; 2. маркетингтік зерттеулер нəтижесінде құрылған жоба; 3. жобаның мақсаттар бұтағы бойынша жүзеге асырылатын шаралар; 4. жобаның кешенді негізделуі; 3. жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету негізі; 6. жоба бойынша эксперттердің қорытындысы; 7. жобаны жүргізу механизмі. Сонымен қатар инновациялық жобаларды жүзеге асырмас бұрын тиімсіздік тəуекелін де қарастырған жөн. Мысалы, қаржылық жоспарды құру кезінде міндетті түрде мынадай пункттер қаралуы тиіс: • кенеттен пайда болған мемлекеттік экономикалық тұрақсыздық нəтижесінде жобаның жолда тоқтатылуы; • салық тəуекелі; • бəсекелестердің əсерінен жобаның аяқталмай қалу тəуекелі. Тəжірибе жүзінде бірнеше инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігін салыстыру, анықтау барысында мынадай шаралар жасалынады: 1. ұқсас жобалардың орта жылдық рентабельділігін банктік орташа ставкамен салыстырады; 2. инфляциялық қауіп қатерінен болатын жоғатуларын салыстыру; 3. инвестициялардың ақталу мерзімін салыстыру; 4. инвестициялардың түсу тұрақтылығын салыстыру; 5. инвестицияға деген сұранысын салыстыру.
42.Әлеуметтік болжаудың зерттеу салалары және мәселелері, оның тиімділігін көтеру жолдары туралы тұжырымдаманы нақты мысалдар негізінде жазып көрсетіңіз
Әлеуметтік болжам — әлеуметтік теорияға көзқарас. Онда бірқатар тарихи тенденциялардың ықтимал жүзеге асуын жобалап белгілеу әрекеттері жасалады. Мұның классикалық мысалы Даниэль Беллдің "The Coming of Post Industrial Society" (1973) атты еңбегі, онда "A Venture in Social Forecasting" деген тақырыпша бар. Белл өзінің батыл ойларын жекелеген әлеуметтік іс жағдайы жөнінде болжам айту ережелеріне белгілі бір пошым беру әрекеттерінен бөліп қарайды. Ал әлеуметтік болжам тек ықтималдықты жобалауға тырысады және ол "заңдылық және оқиғалардың қайталап көрінуі" бар жерде ғана немесе бағыты "статистикалық уақыт-серия шеңберінде анықталуы мүмкін" тенденциялар бар жерде немесе олар тарихи тенденциялар ретінде тұжырымдала алатын жерде, "оқиғаларға ықпал ететін адамдар тарапынан парасаттылықтың жоғары дәрежесін топшылауға болатын жерде" мүмкін болады. Бұл шарттарға ілуде бір ғана қол жететіндіктен, деп мойындайды Белл, әлеуметтік болжамдар көбіне жасалатын қысымды дәлдей түсумен шектеледі, оның шеңберінде белгілі бір шешімдердің нәтижелерін болжау емес, кейбірін тиімді қабылдау ретінде көрінеді.
Атақты академик П.К. Анохиннің пікірі бойынша әлеуметтік болжау бұл болашақтағы болатын шындықтың бейнесі деген. Белгілі бір әрекетті орындамастан бұрын адамның миында «қажетті болашақтың» моделі құрылады, ол модельмен алынған нәтижелер салыстырылып отырады. Әрине, алдын ала шындықты бейнелеудің әлеуметтік деңгейдің биологиялық деңгейден айырмашылығы бар. Әлеуметтік болжау деңгейдің құрылымыфилософиялық аспектілері және технологиялық жолдардың бірлігі ретінде қарастырылады: 1) гносеология және ғылыми алдын алудың логикасы ; 2) әлеуметтік алдын ала болжаудың методологиясы; 3) әлеуметтік болжам жасаудың әдістемесі( анкеталау, модельдеу, экстрополирование, патентерді саралау).
Әлеуметтік болжау тереңдігі, күрделігіне қарай нақтыланып, ашылуы мүмкін түрлі блоктар бойынша қосымша ақпараттар алынады мысалы, ғылыми техникалық, ақпараттық, медико- биологиялық, әлеуметтік -экономикалық, демографиялық, этникалық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру- мәдени, әскери- саяси, геокосимикалық, қала құрлысы бойынша. Қазіргі кезде 150 астам болжау жасаудың әдіс процедуралары бар.Олар негізінен үш топқа бөлінеді: жалпы ғылыми, интерғылыми, жеке ғылыми- оның негізін теориялық және тәжірибелік деректер алынады.
43.Инновациялық және қолдауға бағытталған жобалар, олардың артықшылықтары, ерекшеліктері туралы салыстырмалы, сипаттамалық тұжырымдама жасаңыз
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстанда жаңа инновациялық жобаларды өмірге енгізу үшін технологиялық бизнес-инкубациялау жаңа қызмет түрі енгізілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының басқарушы директоры Болат Меншіктің айтуынша, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметі өңірлердегі технологиялық парктер базасында жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттің қолдауымен аймақтарда сегіз технопарк құрылды. Олардың аясында қарауға ұсынылған 149 инновациялық жобаның үшеуі мемлекет тарапынан тиісті қолдауын тапты. Жаңа қызмет түрі жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен жеке ғалымдар ұсынған технологиялық жобаларға - зерттеу жұмыстарын жүргізуге, бизнес-жоспарларды құруға, сертификаттар мен патенттер алуға, инвесторларды іздеп-табуға жан-жақты жәрдемдер көрсетіледі, құқықтық кеңестер беріліп, ғимараттар ұсынылады. Яғни қызмет түрі тәуекелі жоғары, бірақ келешегі зор жобаларға көрсетілмек. Б.Меншіктің сөзіне қарағанда, жобалар бұған дейін енгізілмеген, жаңа және ең бастысы, қаржылық жағынан тартымды болуы тиіс. Қызмет түрі биыл ілкі жоба ретінде енгізіліп отыр. Оны жүзеге асыруға Ғылыми қордан 245 млн. теңге бөлінді. «Қазіргі таңда технологиялық-бизнес инкубациялауға ұсынылған жобалардың 64-і іріктеліп алынды. Жыл соңына дейін олардың кем дегенде 30-ын қаржыландыру жоспарланып отыр», - деп атап өтті ол. Еске сала кетейік, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның еншілес компаниясы. Орталық ҚР Үкіметінің 2003 жылғы қаулысына сәйкес, Қазақстан өндірісіне заманауи технологияларды енгізу мақсатында мемлекеттік дамыту институты болып құрылды. Бүгінгі таңда компанияның басты мақсаты - елдің инновациялық инфрақұрылымын дамыту.
44. Модель, теория, парадигма арасындағы байланыстарды схема түрінде көрсетіп, түсініктеме беріңіз
Модельдеу әдісін ғалымдар бірнеше ғасырлар бойы пайдаланып келеді. Кезінде XV ғасырда өмір сүрген Леонардо да Винчи модельдеудің маңызын жақсы түсінген. "Құстың ұшуын барлық бөлшектері бойынша зерттеу өте қиын, — деді ол, бірақ оны жасап шығаруға болады. Судың астында жүзу туралы жазып көр — кұстың ауада ұшқанын аласың". Модельдеу әдісін Галилей, Ньютон және басқа ғалымдар да пайдаланған. Ол кезде: "Модельдеуді зерттеудің ең бастапқы кезінде ғана пайдалануға болады, ол ыждағатты ғылыми зерттеулер жүргізуге жарамайды" деген пікір таралған еді. Мысалы, 1870 жылы Англияда аса ірі бронкеме "Кептен" жасалды. Бұл кемені моделі бойынша сынақтан еткізген инженер Рид бронкемесінің маңызды кемшіліктерін анықтады. Алайда ағылшын билеушілері "ойыншықпен" жасалған тәжірибені назарға алғысы келмеді. Ақыры сол үшін олар жазасын алды, "Кептен" ашық теңізге шыға берісімен суға батып кетті, 500 адамның өмірі үзілді. Қазіргі кезде де модельдеу әдісін жеткілікті бағаламауға немесе оны көзге ілмеуге болмайды.
"Модель" дегенде, әдетте, біздің ойымызға адам арнайы жасамақшы болған белгілі бір шынайы нәрсенің немесе жүйенің, құрылғының, шығарманың, сипаттаманың кішірейтілген үлгісі келеді. Модель арқылы, қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын зерттеу объектісі туралы қалыпты жағдайда киын немесе мүмкін болмайтын білім алуға болады. Ғылымның түрлі салаларында таным үдерісінде әр түрлі модельдер қолданылады. Оларды екі топқа бөліп қарастыру керек: біріншісі— заттай немесе материалдық модельдер, екіншісі — логикалық немесе идеалдық модельдер.
Заттай модельдер көрнекі формада зерттеу объектісінің материалдық қалпын көрсетеді. Олар күрделі техникалық жүйелерді, қымбат тұратын агрегаттарды сынақтан өткізгенде қолданылады. Модельмен эксперимент жасау арзанға түседі әрі ыңғайлы.
Логикалық немесе идеалдық модельдер материалдық түзіліммен байланысты емес. Олар зерттеушінің санасында құрылады. Қазір оларды жасауға компьютер қолданылады. Компьютерді пайдаланып ғалымдар күрделі ақпараттың модельдер жасайды
Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.
Парагдима. Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;
экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті.
45. Әлеуметтік экспертиза: ұғымы, мақсаты, міндеттері және зерттеу пәні туралы ақпаратты нақты мысалдар негізінде негіздеп, түсініктеме беріңіз
Әлеуметтік экспертиза - эксперттік зерттеудің бір түрі. Сарапшылар тарапынан белгілі бip тұжырым шығара отырып, зерттеулерде қолданылады. Әлеуметтік объект жайында диагностика, тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, олардың мәселелері жайлы зерттеу жүргізу барысында жүзеге асады.
Мақсаты: Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік институттар, азаматтар мүдделері мен әлеуметтік саясат мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ұсыныстар қалыптастыру қызметі.
Міндеті: Ұсыныстар қалыптастыру барысында ақпараттардың анықтылығы, тиімділігі, қоғаммен байланысын ескеру.
Экспертиза жүргізу барысында келесі әрекеттер қамтылады: Әлеуметтік мәселені анықтау (сараптама жүргізетін мәселеге қатысты);
Эксперттік зерттеудің мақсат, міндетін қою;
Эксперттік зерттеудің қорытындысын шығару.
Әлеуметтік экспертиза үш бағыт бойынша жүзеге асырылады және бұл бағалау пәнін көрсетеді:
1.Сарапшылар қоғам үшін қабылданған және дайындалған әлеуметтік салдарды әлеуметтік жобаларды дайындау үшін қолданады.
2.Экспертиза көмегімен бастапқы жоспарды жүзеге асыруға, сондай-ақ жобаларды басқаруға байланысты қабылдауларды шешуге септігін тигізеді.
3. Сарапшы қоғамдағы дайындалған немесе қабылданған жобанының маңыздылығын анықтай алады.
46. Әлеуметтік экспертизаның модельдері: рецензия, мониторинг, проект арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп, олардың тиімділігіне әлеуметтік жұмыс тұрғысынан баға беріңіз
Рецензия – жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтиды.
Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін.
Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек.
Мониторинг – Болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі.
Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады.
Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар.
Жоба – жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, Жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады.
47. Әлеуметтік экспертизаның модельдерін топтастырып, салыстырмалы талдау жасаңыз
Жауабы 45 және 46 сұрақтардың жауабы
48. Әлеуметтік диагностиканың мәнін түсіндіріп, оның негізгі принциптеріның әлеуметтік жұмыста қолданылу ерекшелігін сипаттаңыз
Адамдар өздерінің күнделікті өмірінде өзінің пікірін тексеруге тура келеді, себебі, өзінің таңдаған әлеуметтік мінез-құлқының, қабылдаған шешімінің дұрыстығын тексеру үшін оларды басқалардың – ата-анасының, ерінің немесе әйелінің, достарының, ұжымдастарының, ұлы жазушылар мен ғұламалардың ойларына, әлеуметтік қозғалыстардың көсбасшыларының пікірімен салыстырып отырады. Мәселенің шешімін қабылдауда ол әрқашанда субъективті, тұлғалық сипатқа ие болады. Мәселені шешудің объективті нұсқасы көпжағдайда әлеуметтік диагностиканың апробацияланған технологиясын сақтаумен анықталады.
Әлеуметтік диагностиканың мәні мен сипаттамасы
Диагностика, бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынастың әдістері мен әлеуметтік шынайылық туралы ақпаратты бірте-бірге өзгерте отырып, XIX ғ. соңы – XXғ. басында әлеуметтік тәжірибеде мойындау мен кең таралымға ие болды. Әлеуметтік диагностиканың қалыптасу кезеңінің ерекшілігі, ол әлеуметтік ақпарат күрделі емес және ерікті сипатқа ие болуында; оның шығу көзі ретінде формализмге негізделген және формализмге негізделмеген сұхбат әдісі, бақылау және басқа да зерттеу объектісі туралы ақпарат пен тәжірибе, әлеуметтік білімді жинақтаудың тәсілдері жатады. Сондықтан да, диагностиканың нәтижесі нақты емес болып келеді.
«Әлеуметтік диагностика» термині ХХ ғасырдың 20ж. басы – 30ж. соңында кең етек ала бастады. Қазіргі уақытта «әлеуметтік диагоностика» әлеуметтік жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі ретінде тұжырымдалды. «Диагностика» термині (грек тілінен аударғанда «диагноз» - анықтау, тану) медицина ғылымынан алынған.
Біз білетініміздей, медициналық диагноз науқасты жан-жақты зерттеу негізінде соматикалық немесе психикалық ауруының себебі мен сипатын анықтау болып табылады. Көптеген психикалық аурулар пациенттер, басқа адамдар мен ұйым арасындағы күрделі өзара байланыс нәтижесінен болады. Диагноздар, соның ішінде психикалық ауруларда пациентке қоршаған ортаның әсері мен әлеуметтік-мәдени аспектілер, сонымен бірге осы мәселенің пайда болуына ықпал ететін құбылыстар да есепке алынбайды. Сонымен қатар, диагноз адамға әрдайым өзгерістер мен даму процесі тән екендігі назардан тыс қалып отырады.
«Диагностика» (грек тілінен “diagnostikos” – тануға қабілетті) - зерттеліп отырған объект немесе процесс туралы жоққа шығаратын ақпаратты алудың жалпы тәсілі. Әлеуметтік қатынастар мен процестер саласында диагностиканың мәні медицинадағы ауруды анықтаумен бірдей десе де болады: егер ауруды дер кезінде және оның пайда болуының себептері мен белгілерін дұрыс анықтайтын болса, онда емдеудің сәттілігі мен жағымды нәтижеге қол жеткізуге болады. Дұрыс қойылмаған диагноз дәрігерлердің жұмысын жоққа шығарып қана қоймай, науқастың сауығу мүмкіндігін де жояды. Барлық соматикалық денсаулық саласында айтылғандардың барлығы психологиялық денсаулыққа, сонымен бірге білім деңгейін, интеллектіне де тән (пелагогикалық аспект), сондықтан да әлеуметтік жұмыстағы диагностика жоғары квалификация мен технологиялылықты қажет ететін маңызды қызмет болып табылады.
Кейбір ғалымдар әлеуметтік тәжірибеде бұл терминді «мәселелі талдау» ұғымымен ауыстыруды немесе бұл процесті әлеуметтік себепті анықтау үшін немесе эксперттік баға беру ретінде қолдануды ұсынады.
Ғылыми-тәжірибелік бағытта әлеуметтік қызметкерге кең шеңбердегі талаптарды анықтауға тура келеді, сондықтан да, әлеуметтік диагностиканың маңыздылығы зерттеліп отырған объекті немесе әлеуметтік процесс туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Әлеуметтік диагноздың мәні әлеуметтік қызмет көрсетудегі клиенттің өмір сүру жағдайында пайда болған себеп-салдарлық байланыстарды анықтау болып отыр. Әлеуметтік диагноз клиент жайлы ақпарат жинау мен өмір сүру жағдайын, сонымен бірге әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын дайындау үшін оны талдау болып табылады.
Диагностиканың мақсаты әлеуметтік объектінің жағдайы – ол туралы ақпараттың дәлдігін және оны қоршаған ортаны, мүмкін болатын өзгерістерді жобалау және басқа да объектілерге әсерін қалыптастыру, сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсетудегі ұйымдас-тырушылық шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау, іс-әрекетті әлеуметтік жобалауды дайындау.
Әлеуметтік диагнозды қою – бұл шығармашылық процесс, бірақ белгілі-бір іс-әрекет алгоритміне, мәселені шешу құралы мен процедураны пайдалануға ие болып келеді. Ғылымның әртүрлі саласында жұмыс жасаған көптеген ғұлама ғалымдардың шындықты анықтаудың және қоюдың өзіндік шығармашылық, индивидуалдық бағыттары бар. Әлеуметтік даму мәселесінің диагнозын және шығармашылық талдаудың технологиялылығын сипаттаған В.И. Вернадский болды. Ол келесі ережелерге бағынуды ұсынды:
- нақты талдау жүргізу;
- жекеліктен жалпыны көру;
- құбылысты суреттеумен шектелмей, оның мәні мен басқа құбылыстармен байланысын терең зерттеу;
- «неге?» деген сұрақтан қашпау;
- қағидалар тарихын есепке алу;
- түпнұсқаға жүгіне отырып, әдеби шығармалардан зерттеу пәні туралы барынша ақпарат жинау және т.б.
49. Әлеуметтік диагностиканың әлеуметтік жұмыстағы негізгі мақсатын нақты ситуацияларда қолданылуы негізінде көрсетіңіз
Жауабы 48 сұрақтың жауабы
50. Әлеуметтік диагноз бен болжамның өзара байланысын сипаттап, әлеуметтік жұмыс тұрғысынан жағымды баға беріңіз
Ғылыми-тәжірибелік бағытта әлеуметтік қызметкерге кең шеңбердегі талаптарды анықтауға тура келеді, сондықтан да, әлеуметтік диагностиканың маңыздылығы зерттеліп отырған объекті немесе әлеуметтік процесс туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Әлеуметтік диагноздың мәні әлеуметтік қызмет көрсетудегі клиенттің өмір сүру жағдайында пайда болған себеп-салдарлық байланыстарды анықтау болып отыр. Әлеуметтік диагноз клиент жайлы ақпарат жинау мен өмір сүру жағдайын, сонымен бірге әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын дайындау үшін оны талдау болып табылады.
Диагностиканың мақсаты әлеуметтік объектінің жағдайы – ол туралы ақпараттың дәлдігін және оны қоршаған ортаны, мүмкін болатын өзгерістерді жобалау және басқа да объектілерге әсерін қалыптастыру, сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсетудегі ұйымдас-тырушылық шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау, іс-әрекетті әлеуметтік жобалауды дайындау.
Әлеуметтік диагнозды қою – бұл шығармашылық процесс, бірақ белгілі-бір іс-әрекет алгоритміне, мәселені шешу құралы мен процедураны пайдалануға ие болып келеді. Ғылымның әртүрлі саласында жұмыс жасаған көптеген ғұлама ғалымдардың шындықты анықтаудың және қоюдың өзіндік шығармашылық, индивидуалдық бағыттары бар. Әлеуметтік даму мәселесінің диагнозын және шығармашылық талдаудың технологиялылығын сипаттаған В.И. Вернадский болды. Ол келесі ережелерге бағынуды ұсынды:
- нақты талдау жүргізу;
- жекеліктен жалпыны көру;
- құбылысты суреттеумен шектелмей, оның мәні мен басқа құбылыстармен байланысын терең зерттеу;
- «неге?» деген сұрақтан қашпау;
- қағидалар тарихын есепке алу;
- түпнұсқаға жүгіне отырып, әдеби шығармалардан зерттеу пәні туралы барынша ақпарат жинау және т.б.
51. Әлеуметтану әдіснамаларының әлеуметтік жұмыста алатын орнын, атқаратын рөлін негіздеп, дәлелдеп көрсетіңіз
Әлеуметтік болжау технологиясы (грек тілінен алғанда prognosis алдын ала болжау, көру) деген мағнаны білдіріп- әлеуметтік мәселелерді зерттеп шешудеігі еш нәрсемен алмастыруға болмайтын әлеуметтік болжам жасаудың инструментариі, құралы.
Кез келген әлеуметтік құбылыс өзгеріп тұрады, стихиялық түрде дамиды. Алды ала болжаудың бір артықшылығы керсінше дамудың алдын алуға болатындығында. Болжаудағы дамумен нақты даму идеалды түрде сәйкес келмеуі мүмкін.
Әлеуметтік болжау технологиясының мазмұны, мақсаты дамудың алдын ала болжау ғана емес, дамуды қажетті жаққа бұруды, жақсартуды көздейді.
Атақты академик П.К. Анохиннің пікірі бойынша әлеуметтік болжау бұл болашақтағы болатын шындықтың бейнесі деген. Белгілі бір әрекетті орындамастан бұрын адамның миында «қажетті болашақтың» моделі құрылады, ол модельмен алынған нәтижелер салыстырылып отырады. Әрине, алдын ала шындықты бейнелеудің әлеуметтік деңгейдің биологиялық деңгейден айырмашылығы бар. Әлеуметтік болжау деңгейдің құрылымыфилософиялық аспектілері және технологиялық жолдардың бірлігі ретінде қарастырылады: 1) гносеология және ғылыми алдын алудың логикасы ; 2) әлеуметтік алдын ала болжаудың методологиясы; 3) әлеуметтік болжам жасаудың әдістемесі( анкеталау, модельдеу, экстрополирование, патентерді саралау).
Әлеуметтік болжау тереңдігі, күрделігіне қарай нақтыланып, ашылуы мүмкін түрлі блоктар бойынша қосымша ақпараттар алынады мысалы, ғылыми техникалық, ақпараттық, медико- биологиялық, әлеуметтік -экономикалық, демографиялық, этникалық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру- мәдени, әскери- саяси, геокосимикалық, қала құрлысы бойынша. Қазіргі кезде 150 астам болжау жасаудың әдіс процедуралары бар.Олар негізінен үш топқа бөлінеді: жалпы ғылыми, интерғылыми, жеке ғылыми- оның негізін теориялық және тәжірибелік деректер алынады.
Жалпы ғылыми әдістерге жатады: анализ, синтез, экстрополяция, интерполяция, индукция, дедукция, аналогия, гипотеза, эксперимент т.б.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
-Экстрополяция-бір құбылысқа, затқа қатысты қортындының басқа құбылыстарға, мәселерге ықпалы, қатысты болуы. Экстрополяция гипотезаға негізделеді. Экстрополяция әлеуметтік процестерді саралауда, прогноз жасауда қолданылады.
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
Интерғылыми әдістерге келесілер жатады: индуктивті әдіс, миға шабуыл, Дельфи әдісі, утопия, фантастика.
Жеке ғылымдарға байланысты әдістерге жатады:изобарикалық карталар бойынша болжам жасау, тестер, толқынның жылдамдылығы бойынша, лавиналардың құлау шапшаңдығы т.б. кейбір әдістер ғылыми техникалық ақпараттарды талдау (ғылымның, техниканың дамуы ) және түрлі теорияларға негізделген ( морфологиялық саралау, матрицаларды шешу, қателесу және қолданып көру т.б.).
Әлеуметтік тануға байланысты өскен қызығушылық басқа жаңа технологиялардың келуіне себеп болып отыр. Әлеуметтік болжау инновациялық әректпен тығыз байланысты. Мысалы, Дүниежүзілік орталық жасаған «Адамзат 2000 жылы » деген болжам. Глобальді әлеуметтік болжам жасаған жүйелік анализ негізінде Дж. Форрестер.Ол ЭВМ және математикалық әдістерді қолдана отырып қоғамның экономикалық дамуын екі факторды есепке ала отырып: адамдар санын және қоршаған ортаның ластануын. Оның ісін жалғастырушылар Рим клубының өкілдері. Қоғамның дамуын адамның «өмір сапасының » төмендеуімен байланыстырады. 1992 ж олардың «Пределы роста» деген болжамы өмірге келді, оның авторы Д.Медоуза. Болжам жасау негізіне: халық, капитал жұмасу, жер кеңістігі , ластану, табиғи ресурстар алынған. Олардың пайымдауынша экономиканың даму қарқыны, адамдар санының өсуі солай болған жағдайда катастрофаға әкелуі шындық болар еді деген.
Технологиялық жағынан дәлелді болып саналатын « Человечество у поворотного пункта»М.Месаревич және Э. Пестела жасаған жұмыс, онда экономикалық, әлеуметтік , саяси процесстердің, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың кешенді бірі бірімен баыланысты иерархиялық жүйе тһретінде көрсетілген.Олардың пайымдауы бойынша экологиялық катастрофадан құтылу мүмкін емес.
Әлеуметтік болжауда ақпараттық аспект ерекше орын алады.Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпараттық технология арқылы ақпарат көлемі көбейіп өзгерді, оның сапасы да өзгерді. Қоғамда орын алған ақпараттар сапасы субъетивтік пікірлер арқылы бағаланады. Сондықтан әлеуметтік болжауда қолданатын ақпараттар маңызды, көкейкестілі, келесідей талаптарға сай болулары керек:1) атрибутивті ( материалдық әлеуметтік бірлік) 2) прагматикалық (жаңалығы,құндылығы ), 3) динамикалығы (қайталануы, көп рет қолдануы, ескіруі ). Мазмұны жағынан ақпарат шынайы, жалған, ғылыми, ғылыми емес. Ғылыми ақпараттың .ерекшелігі оның шындығында. Әлеуметтік болжау түрлері:әлеуметтік-экономикалық,әлеуметтік -психологиялық , заңгерлік болжау.
52. Әлеуметтік жұмыста социологиялық зерттеу түрлерінің қолданылу ерекшеліктерін сипаттап, олардың маңызын дәлелдеңіз
Әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктері:
• әлеуметтік мәні, нәтижесі бар әрекет;
• нәтижесі тәжрибелек мәнге ие;
• жоспарланып ойластырылған;
• оның барысында конструктивтік әрекеттесуге түсу іске асады;
• ол арқылы әлеуметтік дағды қалыптасады.
Әлеуметтік жобалауды орындауда атқарылатын жұмыстар негізгі және қамтамасыз етуге қажетті деп екі топқа бөлінеді. Негізгілерге жатады: жобалауға дейнгі саралау, негізгі мақсатты белгілеу жұмысты жоспарлау, жұмысты жүргізу ,жобаны қабылдау, бекіту, қажетті жағдайда өзгертулер еңгізу, қортынды шығару.
Сонымен, әлеуметтік жобалау ғылыми басқару, жоспарлау, болашақта іске асатын әлеуметтік объектінің дамуы.
Жобалау түрлеріне қарай:инвестициялық, инновациялық, ғылыми зерттеушілік,білім берушілік.
- Жоба масштабына қарай:дүниежүзілік, мемлекетаралық,, ұлттық, региноаралық,корпоративтік, ведомствалық,жеке мекеледің.
- Жобаның орындалуының созылу мерзіміне қарай: аз уақытта (3) жылда орындалатын , (3 жылдан 5 ) орташа, ұзақ (5 жылдан астам) уақытқа созылып орындалатын.
Әлеуметтік жобалаудың бағыттары .
Аймақтық стратегияның түрлері. Стратегиялық жобалау мен жоспарлау. Мақсатты аймақтық бағдарламалар. Аймақтық жобалаудың технологиясы.
Электральды мінез-құлықты жобалау. Электральды мінез-құлықты зерттеу мәселесі. Электральды мінез-құлықты әлеуметтік жобалауды бағыты.
Әлеуметтік құрылымдағы білім беру процессін жобалау. Білім беру процессін жобалаудың объектілері мен пәні. Білім беру саласы. Білім беру мекемелерінің жаңа моделі. Білім беру процессін жобалаудың басымдылықтары; жобалаудың технологиясы.
Өмір сүру салты - әлеуметтік жобалауды объектісі. Адамның өмірлік қамтылу жүйесі және өмірлік жағдайлар әлеуметтік жобалауды болжамында. Адамның өмір салтын әлеуметтік жобалауды жетілдірудің технологиялары.
Басқару жүйесіндегі әлеуметтік жобалау:
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы; рухани өмір саласындағы басқару. Әлеуметтік-басқару циклының негізгі кезеңдері. Әлеуметтік менеджмент және жобалау. Әлеуметтік жобалаудағы координациялық шешімдер. Әлеуметтік-басқару іс-әрекетінің ғылыми қамтылуы. Басшылық шешімдер қабылдау тәжірибесінде әлеуметтік-жобалық зерттеу нәтижелерін қолдану. Жоспарлау іс-әрекетінің стратегиясы.
53. Әлеуметтік процестерге болжам жасау технологиясының негізгі кезеңдерін бөліп көрсетіп, олардың әрқайсысының алатын орнына түсініктеме беріңіз
1. Әлеуметтік жобалаудың бірінші кезеңде қоғамдық мәні бар қажетіліктерді анықтаудан, қандай идея жүзеге асады, оны орындау үшін қанша уақыт қажет т.б. мәселелерді анықтаудан басталады.Одан кейн мақсат белгіленеді. Мақсаты – жағдайды өзгеру, мәселені шешу, жаңашылдықтың пайда болуы.
2. Келесі кезеңде қажетті ақпаратты жинастыру болып келеді.Онда ғылыми әдебиеттерді талдау, негізгі идеяларды табу,, қазіргі жағдайда іске асыру құралдары, әлеуметтік мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік мониторинг- жинақталған ақпараты талдау, қортынылау , бағалау бойынша жасалған ғылыми дәлелденген жүйе, ол арқылы шешім қабылданады. Әлеуметтік мониторинг әлеуметтік менеджментің ақпараттық базасы болып маңызды бір бөлігі болып келеді. Жиналған ақпараттың негізінде тапсырмалалар,талаптар белгіленеді, жаңа бір идеялар қосылады,мақсатқа жету құралдары анықталады.
Жобаны орындау барысында түзетулер, нақылау еңгізіліп отырылады, шешімдер қабылданылады, матрицалар жасалады.Жобалау тұжырымдамасы бойынша тексеру теориялық тұрғыда талдау, эксперимент түрінде өтеді.
3. Қортынды бөлімде жасалған тұжырымдамалар бойынша шешімдер қабылданады.Ол шешімдер бойынша белгіленген бағдарламалар кезеңдер бойынша іске асады. Жобалаудың нәтижесі болып жасалған жоба есептеледі. Осыған дейін жоба техника саласында қолданылып келді, қазіргі кезде кез келген ғылыми зерттеу әрекеті ғылыми жобалауды жасау, орындаумен байланысты.
54. Әлеуметтік болжау принциптерін әлеуметтік жұмыскердің қолдана білу біліктілігін тұжырымдаңыз
Әлеуметтік болжау тереңдігі, күрделігіне қарай нақтыланып, ашылуы мүмкін түрлі блоктар бойынша қосымша ақпараттар алынады мысалы, ғылыми техникалық, ақпараттық, медико- биологиялық, әлеуметтік -экономикалық, демографиялық, этникалық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру- мәдени, әскери- саяси, геокосимикалық, қала құрлысы бойынша. Қазіргі кезде 150 астам болжау жасаудың әдіс процедуралары бар.Олар негізінен үш топқа бөлінеді: жалпы ғылыми, интерғылыми, жеке ғылыми- оның негізін теориялық және тәжірибелік деректер алынады.
Әлеуметтік тануға байланысты өскен қызығушылық басқа жаңа технологиялардың келуіне себеп болып отыр. Әлеуметтік болжау инновациялық әректпен тығыз байланысты. Мысалы, Дүниежүзілік орталық жасаған «Адамзат 2000 жылы » деген болжам. Глобальді әлеуметтік болжам жасаған жүйелік анализ негізінде Дж. Форрестер.Ол ЭВМ және математикалық әдістерді қолдана отырып қоғамның экономикалық дамуын екі факторды есепке ала отырып: адамдар санын және қоршаған ортаның ластануын. Оның ісін жалғастырушылар Рим клубының өкілдері. Қоғамның дамуын адамның «өмір сапасының » төмендеуімен байланыстырады. 1992 ж олардың «Пределы роста» деген болжамы өмірге келді, оның авторы Д.Медоуза. Болжам жасау негізіне: халық, капитал жұмасу, жер кеңістігі , ластану, табиғи ресурстар алынған. Олардың пайымдауынша экономиканың даму қарқыны, адамдар санының өсуі солай болған жағдайда катастрофаға әкелуі шындық болар еді деген.
Технологиялық жағынан дәлелді болып саналатын « Человечество у поворотного пункта»М.Месаревич және Э. Пестела жасаған жұмыс, онда экономикалық, әлеуметтік , саяси процесстердің, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың кешенді бірі бірімен баыланысты иерархиялық жүйе түретінде көрсетілген.Олардың пайымдауы бойынша экологиялық катастрофадан құтылу мүмкін емес
Сабура Окита былай деп жазған: «Шенеунік даналығы, телефон арқылы немесе ведомстволық нұсқау арқылы экономикаға билік жасауда емес, онсыз кез келген әс жойылып кететін салық жеңілдігі және инвестициялық саясатпен басымды салаларды дамытуға, салалық баланстың келешекті тұжырымдамасын жасауға, бісекелестікті қолдауға көмектесу болып табылады».
55. Болжаудың ғылыми әдістерінің классификациясын жасап, олардың әрқайсысының әлеуметтік жұмыстағы маңызын ретімен көрсетіңіз
Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Философияның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы — мұнда танымның жалпыға ортақ әдістері жасалады. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады. Диалектикалық әдістің объективті негізін материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл әдіс өзге ғылым әдістерін алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негізі болып табылады және барлық салалардағы таным құралы ретінде қызмет атқарады.
Ғылыми әдістің негізгі мақсаттары — объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдістің негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Мысалы, әрбір элементтің өзіндік спектрі барлығын физика ғылымы ашқаны мәлім. Мұның өзі физикада бұдан бұрын қалыптасқан, спектрольдық анализ әдісі негізінде ғана мүмкін болды. Демек, әдістің ақиқаттылығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқатына байланысты. Зерттелетін пәннің ішкі құрылымы өзіне сәйкес келетін әдіс болуын талап етеді. Алайда олардың арасында толық сәйкестік, абсолюттік тепе-теңдік бола бермейді. Әдіс пән ерекшелігі арқылы анықталғанмен, олар бір-бірімен қарама-қайшылықта болады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп шексіз жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін.
Қазіргі кезде 150 астам болжау жасаудың әдіс процедуралары бар.Олар негізінен үш топқа бөлінеді: жалпы ғылыми, интерғылыми, жеке ғылыми- оның негізін теориялық және тәжірибелік деректер алынады.
Жалпы ғылыми әдістерге жатады: анализ, синтез, экстрополяция, интерполяция, индукция, дедукция, аналогия, гипотеза, эксперимент т.б.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
-Экстрополяция-бір құбылысқа, затқа қатысты қортындының басқа құбылыстарға, мәселерге ықпалы, қатысты болуы. Экстрополяция гипотезаға негізделеді. Экстрополяция әлеуметтік процестерді саралауда, прогноз жасауда қолданылады.
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
Интерғылыми әдістерге келесілер жатады: индуктивті әдіс, миға шабуыл, Дельфи әдісі, утопия, фантастика.
Жеке ғылымдарға байланысты әдістерге жатады:изобарикалық карталар бойынша болжам жасау, тестер, толқынның жылдамдылығы бойынша, лавиналардың құлау шапшаңдығы т.б. кейбір әдістер ғылыми техникалық ақпараттарды талдау (ғылымның, техниканың дамуы ) және түрлі теорияларға негізделген ( морфологиялық саралау, матрицаларды шешу, қателесу және қолданып көру т.б.).
56. Әлеуметтік процестерді үлгілеудің болжау әдісі ретіндегі артықшылығын әлеуметтік жұмыс мәселелері тұрғысынан қарастырыңыз
Әлеуметтік үрдістерді үлгілеу - өте күрделі әлеуметтік қатынастар мен құбылыстардың ерекшеліктері мен заңдылықтарын олардын үлгісі арқылы зерттеу, яғни үлгі зерттелетін объекті ретінде қаралады. Ол қоғамдық құбылыстардың өздерін тікелей бақылап, зерттеудің мүмкіндігі қиын болғанда немесе тіпті мүмкін емес кездерде пайдаланылады. Әлеуметтік үрдістерді үлгілеу үшін коғамдық құбылыстардың негіздері туралы теориялық-тәсілнамалық, білімдер, зерттеушінің үлкен төжірибелілігі, зерттеу, әсіресе математикалық есептеу құралдары болуы керек. Үлгілердің алғышарттары:
а) әлеуметтік үрдістердің басты және қосалқы қасиеттерін;
ә) ол қасиет мөлшерлерін (параметрлерін);
б) адамдардын материалдық, рухани, мәдени қанағаттанушылық шарттарын,
в) адамның азаматтығының қалыптасу қажеттіліктерін, т.б. әлеуметтік құбылыстар мен қатынастардың заңдылықтарын білу қажет.
Солардың негіздерінде себепсалдарлық, ықтималдық, бейнелеу, түсіндіру, жікжарғылау (критерийлік) функционалдық, даму, болжаулық, тағы басқа үлгілер жасауға болады. Әлеуметтік үрдістерді үлгілеу жасауда жүйелік, астарлық-құрылымдық, регресті, дискретті, факторлық, үйлесімдік, тиімді талдаулар пайдаланылады. Әлеуметтік үрдістерді үлгілеу пайдаланудың ең басты мақсаттарының бірі — жалпы қоғам мен оның әртүрлі топтарының келешектегі жағдайларын алдын ала анықтап болжау жөне сол келешектегі қиындықтары мен қауіпті, кажетті жақтарының алдын алу шараларын жасау жұмысын жүзеге асыру.
57.Әлеуметтік диагностиканың әлеуметтік жұмыста қолданылу әдістеріне кешенді талдау жасаңыз
Ғылыми-тәжірибелік бағытта әлеуметтік қызметкерге кең шеңбердегі талаптарды анықтауға тура келеді, сондықтан да, әлеуметтік диагностиканың маңыздылығы зерттеліп отырған объекті немесе әлеуметтік процесс туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Әлеуметтік диагноздың мәні әлеуметтік қызмет көрсетудегі клиенттің өмір сүру жағдайында пайда болған себеп-салдарлық байланыстарды анықтау болып отыр. Әлеуметтік диагноз клиент жайлы ақпарат жинау мен өмір сүру жағдайын, сонымен бірге әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын дайындау үшін оны талдау болып табылады.
Диагностиканың мақсаты әлеуметтік объектінің жағдайы – ол туралы ақпараттың дәлдігін және оны қоршаған ортаны, мүмкін болатын өзгерістерді жобалау және басқа да объектілерге әсерін қалыптастыру, сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсетудегі ұйымдас-тырушылық шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау, іс-әрекетті әлеуметтік жобалауды дайындау.
Әлеуметтік диагнозды қою – бұл шығармашылық процесс, бірақ белгілі-бір іс-әрекет алгоритміне, мәселені шешу құралы мен процедураны пайдалануға ие болып келеді. Ғылымның әртүрлі саласында жұмыс жасаған көптеген ғұлама ғалымдардың шындықты анықтаудың және қоюдың өзіндік шығармашылық, индивидуалдық бағыттары бар. Әлеуметтік даму мәселесінің диагнозын және шығармашылық талдаудың технологиялылығын сипаттаған В.И. Вернадский болды. Ол келесі ережелерге бағынуды ұсынды:
- нақты талдау жүргізу;
- жекеліктен жалпыны көру;
- құбылысты суреттеумен шектелмей, оның мәні мен басқа құбылыстармен байланысын терең зерттеу;
- «неге?» деген сұрақтан қашпау;
- қағидалар тарихын есепке алу;
- түпнұсқаға жүгіне отырып, әдеби шығармалардан зерттеу пәні туралы барынша ақпарат жинау және т.б.
58. Әлеуметтік экспертизаның әлеуметтік инновацияларды бағалау әдісі ретіндегі мүмкіндіктерін атап көрсетіңіз
Бұл сұрақты түсінбедім. 45,46 сұрақтарды оқыңыздар.
59. Әлеуметтік жұмыста социологиялық зерттеу әдістерін қолданудың құндылығын және оларды әлеуметтік жұмыскер қызметінде пайдаланудың қажеттілігін дәлелдеңіз
60. Зерттеу бағдарламасының әдіснамасы мен әдістемесінің өзара байланысты және өзара толықтырып отырушы бөліктері ретіндегі ерекшеліктеріне нақты тақырыпқа бағдарлама жасау негізінде баға беріңіз
Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:
1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.
Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.
1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді социологиялық зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгілі емес деген шектес “жерден” басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Сондықтан социологиялық проблеманы ғылыми тұрғыдан социология жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықтай алады (яғни алдыңғы тараудың соңында баяндалған алғашқы екі талапқа сәйкес келетіндер). Социология жөніндегі қазіргі методологиялық әдебиеттерде социология проблемаларын екі типке: ғылыми проблемаларға (олар жауаптары социолог-ғалымдарды ғана қызықтырмайтын социология ғылымының ішінде пайда болады) және тәжірибелік проблемаларға (мәселені шешу үшін социолог-зерттеушілер шақырылатын өмір тәжірибесінің әр түрлі салаларында пайда болады) бөлу жиі кездеседі.
Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Социолог-зерттеушінің нақ базалық социологиялық (пәндік) білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда социологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. (Соңғы жағдайда инженердің социологиялық проблеманың мәні жөнінде нақтылы ештене айта алмайтындай, социолог та еш нәрсе түсінбейді). Социологтың мұндай базалық білімі зерттелетін социологиялық проблеманың пәндік саласының мазмұнын анықтайды. Социологтың социология пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл социологқа зерттегісі келетін және зерттеу соңында қол жеткізуге тура келетін аталмыш проблемалық жағдайдағы белгілі нәрсені түсінуге мүмкіндік береді.
Социологиялық зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.
2. Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.
Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.
3. Социологиялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты социологиялық зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.
Мынадай мысал келтірейік: қайсы бір жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін социологтарды көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде социологтардың әрекеттері келесідей. Олар басшылықпен бірге “Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру” деген тақырыпты анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, социологтар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда социологиялық зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті социологиялық зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады.
Социологтар оқу орнындағы оқу процесінің құрылымын, соның ішінде - студенттер үлгерімін көтеру жолдары мен төмендеуінің себептерін анықтауға көмектесетін көптеген социологиялық, педагогикалық және өзге де әдебиеттерді зерттеуге кіріседі. Оқу орнындағы студенттердің үлгерім табиғатын анықтауға көмектесетін бүкіл ғылыми білім осы зерттеуде пәндік саланы білдіреді. Негізгі бөлігінің үлгерімі төмен осы оқу орны студенттері аталмыш зерттеудің объектісі болып табылады.
