- •20.Әлеуметтік болжаудың ұғымдық аппараттары мен әдіснамалық негіздеріне әлеуметтік жұмыскер ретінде баға беріңіз
- •21.Ақпараттарды жинау әдістерінің танымдық мүмкіндіктерін нақты ситуациялар негізінде түсіндіріңіз
- •22.Әлеуметтік болжаудың зерттеу саласы және мәселелері, оның тиімділігін көтеру жолдары туралы толық ақпараттар беріңіз
- •23.Әлеуметтік жұмыс практикасында болжау жасаудың қажеттілігін негіздеңіз
- •24.Әлеуметтанулық болжаулардың динамикалық және статикалық заңдарға негізделуін түсіндіріңіз.
- •25.Әлеуметтік болжаудың экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық және экологиялық болжаулармен байланысын дәлелдеп көрсетіңіз
- •26. Іздестіру, нормативті және мақсаттық болжамдар арасындағы байланыстарды нақты мысалдар негізінде түсіндіріңіз
- •27.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын үлгілеу ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын үлгілеуге іс-әрекеттік, құрылымдық-функционалдық, антропологиялық және интеракционистік, феноменологиялық ыңғайларды қолдану қажеттігін негіздеңіз.
- •29.Жаһандану жағдайындағы тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктері негізінде әлеуметтік жұмыскердің жаңа бейнесін қалыптастырудың маңыздылығына түсініктеме беріңіз
- •30.Синергетиканы әлеуметтік зерттеудің әдіснамасы ретінде социологиялық тұрғыдан сипаттаңыз
- •31.Жаңа технологиялық мәдениеттің әлеуметтік жұмыс мамандарын қалыптастыруға инновациялық әсерін атап көрсетіп, факторлық талдау жүргізіңіз(сұрақтың жауабы табылмады)
- •32.Қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік сфераларында қолданылатын әлеуметтенудің қазіргі технологиялық тәсілдері мен әдістерінің әлеуметтік мәнін негіздеп көрсетіңі
- •33.Әлеуметтенудің қазіргі әлеуметтік технологияларының пассионарлық сипатын дәлелдеп, пункттер бойынша белгілеңіз
- •34.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын қалыптастыруда әлеуметтік-серіктестік қатынастардың барлық түрлері мен дәрежелерін қолдануға сипаттамалық талдау жасаңыз
- •35.Социологиялық зерттеудің түрлі зерттеу процедуралары мен реттік кезеңдері арасындағы бір-біріне жеткізіп отыру байланысын нақты мәселе негізінде талдап көрсетіңіз
- •36.Әлеуметтік жобалаудың мақсатын түсіндіріп, оның модельдеумен байланысына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •37.Синергетиканың өз-өздерін ұйымдастырушы әлеуметтік жүйелердің әдіснамасы ретіндегі ерекшелігін нақты ситуацияны талдау негізінде дәлелдеңіз
- •38.Әлеуметтік жобалаудың субъектісін және объектісін, зерттеу пәнін нақты проблемаларды зерттеу мысалында көрсетіңіз
- •39.Жобалауға әсер етуші субъективті факторларға сынамалы талдау жасап, әлеуметтік жобалаудың тиімділігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін атап көрсетіңіз
37.Синергетиканың өз-өздерін ұйымдастырушы әлеуметтік жүйелердің әдіснамасы ретіндегі ерекшелігін нақты ситуацияны талдау негізінде дәлелдеңіз
Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.
Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады.
38.Әлеуметтік жобалаудың субъектісін және объектісін, зерттеу пәнін нақты проблемаларды зерттеу мысалында көрсетіңіз
Әлеуметтік жобалаудың субьектісіне (жобалауды іске асырушылар) – әртүрлі деңгейдегі басқару қызметін атқарушылар, яғни жеке тұлғалар, ұйыдар, коллективтер, әлеуметтік инстиуттар жатады, олардың басты мақсаты әлеуметтік шындықты мақсатты, ұйымдасқан түрде қайта құру. Жобалаудың субьектісіне қажетті белгілер: әлеуметтік белсенділік, тікелей жобалау жұмысына қатысу.
Әлеуметтік жобалау обьектісіне (жобалау процесі іске асырылатын жер):
-қоғамдық индвид ретінде адам, оның қажеттіліктері, қызығушылығы, қатынас жүйесіндегі ролдерімен құндылық бағдары, әлеуметтік статусы;
-қоғамның әлеуметтік құрылымының подсистемасы мен әртүрлі элементтері (еңбек коллективі, аймақтар, топтар, т.б.) ;
-әробразды қоғамдық қатынастар (саяси, идеологиялық, басқару, эстетикалық, адамгершілік, отбасылық-тұрмыстық, жеке тұлғалар арасындағы).
Әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктері:
• әлеуметтік мәні, нәтижесі бар әрекет;
• нәтижесі тәжрибелек мәнге ие;
• жоспарланып ойластырылған;
• оның барысында конструктивтік әрекеттесуге түсу іске асады;
• ол арқылы әлеуметтік дағды қалыптасады.
Әлеуметтік жобалауды орындауда атқарылатын жұмыстар негізгі және қамтамасыз етуге қажетті деп екі топқа бөлінеді. Негізгілерге жатады: жобалауға дейнгі саралау, негізгі мақсатты белгілеу жұмысты жоспарлау, жұмысты жүргізу ,жобаны қабылдау, бекіту, қажетті жағдайда өзгертулер еңгізу, қортынды шығару.
Сонымен, әлеуметтік жобалау ғылыми басқару, жоспарлау, болашақта іске асатын әлеуметтік объектінің дамуы.
Жобалау түрлеріне қарай:инвестициялық, инновациялық, ғылыми зерттеушілік,білім берушілік.
- Жоба масштабына қарай:дүниежүзілік, мемлекетаралық,, ұлттық, региноаралық,корпоративтік, ведомствалық,жеке мекеледің.
- Жобаның орындалуының созылу мерзіміне қарай: аз уақытта (3) жылда орындалатын , (3 жылдан 5 ) орташа, ұзақ (5 жылдан астам) уақытқа созылып орындалатын.
Әлеуметтік жобалаудың бағыттары .
Аймақтық стратегияның түрлері. Стратегиялық жобалау мен жоспарлау. Мақсатты аймақтық бағдарламалар. Аймақтық жобалаудың технологиясы.
Электральды мінез-құлықты жобалау. Электральды мінез-құлықты зерттеу мәселесі. Электральды мінез-құлықты әлеуметтік жобалауды бағыты.
Әлеуметтік құрылымдағы білім беру процессін жобалау. Білім беру процессін жобалаудың объектілері мен пәні. Білім беру саласы. Білім беру мекемелерінің жаңа моделі. Білім беру процессін жобалаудың басымдылықтары; жобалаудың технологиясы.
Өмір сүру салты - әлеуметтік жобалауды объектісі. Адамның өмірлік қамтылу жүйесі және өмірлік жағдайлар әлеуметтік жобалауды болжамында. Адамның өмір салтын әлеуметтік жобалауды жетілдірудің технологиялары.
Басқару жүйесіндегі әлеуметтік жобалау:
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы; рухани өмір саласындағы басқару. Әлеуметтік-басқару циклының негізгі кезеңдері. Әлеуметтік менеджмент және жобалау. Әлеуметтік жобалаудағы координациялық шешімдер. Әлеуметтік-басқару іс-әрекетінің ғылыми қамтылуы. Басшылық шешімдер қабылдау тәжірибесінде әлеуметтік-жобалық зерттеу нәтижелерін қолдану. Жоспарлау іс-әрекетінің стратегиясы.
В.И.Курбатов пікірі бойынша әлеуметтік жобалаудың келесідей кезеңдері белгіленген:
Біріншіде жобалау проблемасын белгілеу, екіншіде, жобалау проблемасына байланысты әлеуметтік тапсырыс алу, зерттеу жүргізу, үшіншіде объектінің паспортын жасау,жобалау бағдарламасын жасау, төртінші кезеңде әректті жоспарлау, орындалу уақытын, шығынды белгілеу, бағалау критериларын, қойылған мақсатқа жетуін анықтау, жобаның толық жасалуы, жобалау үлгісін еңгізу.
