Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобалау мен болжау 28.12.2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.7 Кб
Скачать

36.Әлеуметтік жобалаудың мақсатын түсіндіріп, оның модельдеумен байланысына салыстырмалы талдау жасаңыз

Әлеуметтік жобалау - қоғамдағы қандай да бір проблеманы талдау мақсатында өзгерістерді немесе қандай да бір нәтижелерді шығару мақсатында жүзеге асырылатын зерттеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.

Жобаның кезеңдері:

1. Жобаның концепциясын жасау

2. Жобаның өмірлік қабілеттілігін бағалау

3. Жобаны жоспарлау

4. Жобаны қаржыландыру

5. Жобаны қорғау

6. Жобаны жүзеге асыру.

7. Жобаның жүзеге асуын бақылауға алу

8. Жобаның аяқталуы

Жоба түрлері:

инновациялық-жаңа идеяларды қалыптастыруға негізделген зерттеу.

сақталу - әлеуметтік объектілерді рационалды пайдалануға, сақтауға, қолдануға негізделген зерттеу әдісі

Іс-әрекетіне байланысты:

• ғылыми техникалық

• мәдени

Қаржыға байланысты:

спонсорлық

инвестициялық

қайырымдылық

бюджет есебінен

Әлеуметтік жобалаудың басты мақсаты басқару қызметінің ерекше түрі ретінде – информациялық массивтің көмегімен жоба жасау. Әлеуметтік жоба ақпараттардың дерегі ретінде әлеуметтік жүйе не процестердің болашақ қаланып отырған күйі туралы нақты білім беретін ғылыми негізделегн сипаттама. Әлеуметтік жоба тапсырма беруші модель болып табылдаы. Жобада обьектінің өзіміз қалап отырған күйі бейнеленеді, ол адамдардың белгілі бір әрекеті, финанс, еңбек, материалдық, отын – энергетикалық, т.б. ресурстар арқылы пайда болады.

Әлеуметтік жобалаудың мәні объектінің даму варианттарын белгілеу, онымен әрекеттесу стратегиясын,оны басқару, оған ықпал жасау технологиясын, жаңалықты еңгізу жолдарын білу- әлеуметтік жобалаудың мәні болып саналады.

Жобалау шындық көрінісінің озық формасының түрі. Ұйым қандай да бір әрекетті жасамас бұрын әрқашан да ең алдымен өзіне лайықты деген бірнеше нұсқаны ойластырады. Әлеуметтік проблемалардың шешілуінің әртүрлі варианттары жасалған кезде әлеуметтік мақсатқа бағытталған әрекеттің пайда болуы орын алады.

Әлеуметтік жобалау ғылымы айналысатын мәселелері: жалпы принциптер, әдістер, тәсілдер және объектілердің құру ережелері, әлеуметтік күрделі міндеттерді шешуге бағытталған спецификалық жоспарланған әрекет туралы ғылым. Әлеуметтік жобалаудың айналысатыны әлеуметтік даму мәселесі емес, объектінің қазіргі жағдайы, оның содан бастап дамуы.

Әлеуметтану ғылым саласында ең алғаш әлеуметтік жобалау идеясы келесі ғалымдардың еңбектерінде көрніс алған И.И.Ляхова, В.Н. Дубровскидің, А.Г. Раппопорттың, В.М. Разина, Б.В. Сазонова, Г.П. Щедровицкидің және О.И. Генисаретскидің. Теориялық негіздері туралы Н.А. Аитова, Г.А. Антонюк, Н.И. Лапина, А.И Пригожина, Ж.Т. Тощенко, Н.Г. Харитонова және Т.М. Дридзе, Ю.А. Крючкова, О.Н. прогноз қою, құрастыру, моделдеу.

2001 жылы Курбатов В.И. әлеуметтік жобалау ұғымына анықтама берген.

Әлеуметтік жобалау – бұл үрдіс әлеуметтік әрекетті құрастыру жүйесі, әлеуметтік мәселелерді проблемаларды жеңуге, әлеуметтік жағдайды позитивті өзгертуге бағытталған.

Жоба белгілері:

Зерттеу - Мәселе – Мақсат – Міндеттер – Әдістер – Қадамдар – Бюджет – Бағалау

Модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;

Модельдеу –көпаспекті зерттеу әдісі болғандықтан оны қолдану шексіз.Оның негізгі міндеті – ұқсастық негізінде түпнұсқаның қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін, аналогін жасау.Ол ұқсас болса да , бірақ түгелдей қайталамауы керек, онда модельдеудің мәні жойылады.

Модель және модельдеу әдісі тұпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе т ұпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен тұпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын тұпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әртүрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты тұпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (тұпнұсқаныңтолықкөшірмесіболған модель, модель бола алмайды). Модельдің тұпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, тұпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде тұпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.

Модельдеуде логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.

Модельдердің бірнеше түрлерін бар:танымдық эвристикалық, болашақ моделі, қажет болатын модель. Күрделі әлеуметтік мәселелерді модельдеуде жоғарыда көрсетілген модельдердің барлық типтері қолданылады. Модельдеу түрлі функциялар атқарады: эвристикалық, прогностикалық, прагматикалық.. Модельдеунәтижелеріне қойлатын талаптар: біріншіден, модель қарапайым, ыңғайлы болуға тиіс, екіншіден, объектінің жақсаруына мүмкіндік туғызуы керек. Негізіне келесідей талаптар алынады: 1) толықтығы, адекватылығы, эволюциялығы; көп көлемді өзгерістерге еңгізу,әлеуметтік объектіні, құбылысты , процестердің көшірмесін жасау, 2) шамамен абстрактілі болуы, бірақ алынатын нәтиже пайдалы болуға тиіс, 3)белгілі уақыт шеңберінде өтуі, ;4) қоғамның даму кезінде қолданысқа ие болатындай болуы,5) әлеуметтік объекті туралы пайдалы, жаңа ақпарат алу, 6) белгілі ұғымдарын пайдалану арқылы, 7) әлеуметтік объектіге сәйкестігі, алынған нәтижені тексеруге мүмкіндіктің болуы.

Әлеуметтік модельдеу принциптері:жасалатын моделмен оның күрделігінің арасындағы компромисс, нақтылықтың балансы, модельдің түрлі элементтері, моделдің көрнекілігі, блок түрінде көрсету, модельдің специализациясы т.б.