Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобалау мен болжау 28.12.2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.7 Кб
Скачать

1) Әлеуметтік саясат: ұғымы, түрлері, жасалу принциптері және жүзеге асырылуын сипаттаңыз.

2) Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты мен міндеттеріне,     бағыттарына кешенді түрде талдау жасаңыз

Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.

Әлеуметтік саясат мәні

Әлеуметтік саясат – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе (және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік саясаттың бағыттары

Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады:

Қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау.

Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау.

Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау

Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.

Әлеуметтік саясат модельдері

Әлеуметтік саясат моделі – бұл әлеуметтік саясаттың маңызды элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары , міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да факторлармен өзара байланыста шарттасылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта әртүрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін қарастырайық. Әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі директивті экономикада және социолистік елдерде іске асады. Я. Корнайдый анықтауы бойынша потернализм моделі дегеніміз - бұл орталық басшылықтың экономикалық жағдайға толық жауапкершілікті өзіне алуы және сол уақытта оған неғұрлым мақсатқа сәйкес болып көрінетін әкімшіліктік құралдар арсеналынан қандай болмасын құралын қолдануға ұмтылады. - Бір жағынан қарағанда, мемлекет әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін қажетті ресурстардың негізгі массасын өз қолында шоғырландырады, жинайды, топтастырады және қоғам мүшелерінің неғұрлым елеулі қажеттіліктері бойынша оларды үлестіреді. Алайда, тоталитаризмдік басқару жағдайында потернализм озбырлыққа, бақыланбайтын бюрократияға айналады, ол өз кезегінде жемқорлықтың пайда болуына, тиімсіз шешімдердің қабылдануына, азаматтардың жеке өмірлеріне мемлекеттің басып енуіне алғышарт жасайтын болады. Патернализмнің бұдан да жаман зардабы азаматтардың әлеуметтік енжарлылығының өсуі, бүкіл әлеуметтік проблеманы шешуде “жоғарғы инстанция” ретінде мемелектке үміттенуі; - Патернализм моделінің тағы бір сипаты-өндірісті қатаң директивті реттеу, әлеуметтік игіліктер мен қызметтерді бөлу мен айырбастау; - Патернализм моделінің үшінші сипаты-этатизм, яғни әлеуметтік сфераны, оның бөлек салалары мен мекемелерін мемлекеттендіру. Этатизм потернализмнің жалғасы болып табылады және әлеуметтік сфераның қызмет етуіне тікелей араласады, сонымен қатар бәсекелес немесе әлеуметтік проблеманы шешуде ынтымақтастықты ұсынатын қандай болмасын субъектіні ығыстырып шығарады; - Төртінші сипаты-әлеуметтік сфера салаларындағы нарықтық қатынастардың мүлдем әлсіз дамуы, көбінесе болмауы. Болса да даму деңгейімен салалар бойынша айрықшаланауы. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында төлем нысандары кездеспейді және олардың дамуы үшін ресурстар мемлекеттік, жергілікті бюджеттен және кәсіпорын қаржысынан бағытталады. Мәдениет, байланыс, дене шынықтыру, жолаушылар көлігінде нарықтық қатынастар модифицирленген, яғни түрленген нысанды иеленді. Бұл жерде төлем нысаны ескерілді, бірақ та бұл салалардағы қызметтердің өзіндік құнымен салыстырғанда төмен бағалар орнатылды. Салалардың үшінші тобында-сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсетуде жекеменшіктің үлесі болғандықтан нақты нарықтық элементтері тарихи сақталған болатын, ал бұл салалардағы ерекше белсенді нарықтық қатынастар “көлеңкелі” экономика нысанында болуы, “қара” және “сұр” нарықтарының қызмет түрінде дамуы; - Бесінші сипаты-эгалитаризм – материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынудағы теңділік. Маңызды әлеуметтік игіліктен мен жұрттың қолы жететіндіктей қамтамасыздандыруда оң рөлді иеленеді. Біздің елімізде оның негізінде жалпыға бірдей сауаттылық, миллиондаған адамдарға тұрмыс жағдайының жақсаруы, көптеген аурулар бойынша ауыршаңдылықтың төмендеуі, өмір сүру деңгейінің өсуіне қол жеткізілуі; - Алтыншы сипаты-кепілденген жаппай жұмыспен қамту. Жалпы айтқанда, қоғам дамуының белгілі кезеңінде әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жетілдірудің тежеуіші болып саналады.

Шведтік модель. Бұл модельдің маңызды ережесі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық топтар мен халық қабаттарының ынтымақтастығы, тілектестілігі, бірдейлілігі. Швед мемлекеті қоғамның бүкіл мүшелерінің мүддесін тең қорғауды өзіне алды. Алайда, жалпылай әл-ауқаттылық ұсынылатын игіліктер мен қызметтердің жоғарғы сапасымен бірге швед мемлекеті жағынан көп шығынды талап етті.

Швед әл-ауқаттылық моделіне жоғарғы сапа мен әлеуметтік қызметтердің қол жетерлігі тән. Оған мемлекеттік бюджеттің бүкіл шығыстарынан шамамен 40 пайызы шығындалады. Бұл жағдай швед моделін – рестриктивті (шектеулі) сипатқа әкелді. Бұл рестриктивтілік халықтың жеке табыстарына және кәсіпкерлердің табыстарына тиесілі және мемлекеттік бюджетке бірінші бөлінген табыстардың көп бөлігін алуға мүмкіндік беретін прогрессивті салық жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Қатаң салықтық жүйе жоғарғы сапалы әлеуметтік қызметтердің кең желілерін күшейтуге және түрлі трансферттік төлемдер түрлеріне қаржылық база болып табылды. Индустриялды дамыған елдерде орын алған әлеуметтік саясат моделі “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” концепциясы болып табылады. Бұл концепция бойынша мемлекет-жеке мүддесі жоқ, қазіргі қоғамның жалғыз институты, сондықтан ол класстар арасында делдал болып шыға алады және қоғамдық мүдделерге сәйкес әрекет етеді. Тарихи “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделі экономикалық және саяси күйзеліс кезеңдерінде қалыптасты. Мемлекеттің нарық факторларының әрекетін минималдап, әлеуметтік сфераны қоса, бүкіл басқарушылық функцияны өз қолына алды. Бұл функция тек қана әлеуметтік амортизатор функциясын орындаумен қатар (мысалға, жұмыссыздарды қолдау түрінде, жұмыспен қамту бағдарламалары, жұмыстарын жоғалтқандарды қайта және кәсіптік даярлау түрінде), жұмыс күшінің сапасын жақсарту функциясын орындайды. Тағы да бір маңызды функциясы-ол қартайған шақтан және экстраординарлық жағдайларда әлеуметтік кепілдемені ұсыну. Алғашқы кезеңде “мемлекеттің әл-ауқаттылық” концепциясы іскерлік ортада “лояльді” қабылданды, кейін салық ауыртпалығы іскерлік ортасына, сонымен қоса қарапайым халық ортасына да ауыр тиді. Оның үстіне көптеген зерттеулердің көрсетуінше әлеуметтік сфераның “мемлекеттендірілген” бөлігі қызметтің төмен сапасымен ғана емес, сонымен қатар баламалы әлеуметік сала мекемелері мен жеке және қоғамдық ұйымдарына қарағанда, ресурстарды төмен оңтайлылықпен қолданғанымен көзге түсті. Осының бәрі “ мемлекеттің әл-ауқаттылық” концепциясын алып тастауға талап болды.

Егер “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделі Ұлыбритания, Франция және басқа да еуропалық елдерінде дамуын алса, онда “Әлеуметтік нарықтық шаруашылық” моделі Германия Федеративтік Республикасында неғұрлым толық жүзеге асырылған болатын. Бұл концепцияның барысы: кәсіпкерлікке экономикалық еркіндік беру және экономикаға әкімшіліктік қатысуды алып тастау, себебі нарықтық еркіндік әлеуметтік мақсатқа жету үшін экономикалық, ресурстық алғышарттар жасайда. Таза нарық экономикасының дамуы негізінде батыс Германдық мемлекет әр азаматқа белгіленген кедейшілік шегінен төмен түспейтіндей әлеуметтік амортизаторлардың біртұтас жүйесін өрістетті. Алайда, сонымен қатар мемлекет азаматтардың өз күшімен орындай алмайтын әлеуметтік міндеттерді өз қолына алмауға тырысты. Бұл концепция бірнеше қарама-қайшылықтардан тұрды: - көптеген әлеуметік қызметтер нарықтық сипатта сақталды, ол өз кезегінде бұл қызметерді тұтынушының еркіндігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік сфераның бөлек ұйымдары мен мекемелерінің арасында бәсекені қолдауға мүмкіндік берді; - сол уақытта, әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттің атқаруы, орындайтын жұмыстағы төмен дәрежелі жауапкершілік пен оған тиесілі тиімсіз проблемалар мен бюрократиялық аппараттың құрылуына әкелді. “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделіне қарағанда “Әлеуметтік нарықтық шаруашылық” моделі барынша нарықтық негізде жүргізілді. Бұл модельдің негізгі постулаттары шамамен елу жыл бойы өзгеріссіз түрде сақталуда.

Либералды экономиканы жүргізуде әлеуметтік саясаттың “Нарықтық моделі” орын алды. Бұл концепция бойынша әлеуметтік сферада кең таралған мемлекеттік араласудың орнына нарықтық бастауларды қүшейту қажеттілігі қарастырылды. Бұны жүзеге асыруда: - әлеуметтік сферадағы жартылай мемлекетсіздендіру; - әлеуметтік салалардың қызмет етуіндегі нарықтық құралдарды қолдану аясын кеңейту; Мемлекетсіздендіру процессінде белгілі халық топтарына қызметтерді ұштастыру, әлеуметтік мекемелерді қызмет көрсету шарттарының жекеменшік нысандары бойынша диверсификациялау жүргізіледі. Әлеуметтік саясаттың нарықтық моделінің негізгі қалыптастырушы идеясы-оның селективтілігі, яғни таңдаушылығы, мемлекет тарапынан көмекті қажет ететін бөлек өмірлік жағдайларға немесе нақты анықталған халық топтарына бағытталушылық. Осылай, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғам мүшесінің қандай тобына қолданылуына байланысты екі бөліктен құралады: - еңбекке қабілетті азаматтар үшін олардың еңбек белсенділігін арттыру және өздеріне өз көмектерін дамыту үшін мемлекеттің жағдай жасауы; - мемлекет немесе басқа да қоғамдық институттар тарапынан әлеуметтік көмек тек қана ауру себептері, қатерлі жағдай, кәрілік пен жұмыссыздық себептері бойынша көрсетілуі. Бұл модельдің ең басты ерекшелігі – оның дәстүрлі құндылықтарға және жанұя, жергілікті қоғамдастықтар, пайдасыз ұйымдар тәрізді әлеуметтік институттарға бағытталуы. Әлеуметтік саясаттың “Нарықтық” моделі 70-жылдар ортасында, Маргарет Тэтчермен басқарылатын Ұлыбритания Үкіметінің нақты саясатының негізі болды, яғни бұл моделді жүзеге асыру “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделінің кемшіліктерін толықтырушы өзгеше жауап ретінде қарастырылды.

3) Әлеуметтік болжау мен жобалаудағы түрлі проблемалық ситуациялардың пайда болу жолдары мен ерекшеліктеріне түсініктеме беріңіз

«Жүйе» термині грек сөзінен шыққан, мағынасы – толық, бөлшектерден және қосындылардан құралған дегенді білдіреді.

Жоспарлау жүйесі негізінде ұйымдастырушылық үлгілер мен әдістердің жиынтығын құрайды, олардың негізінде қоғамның экономикалық заңдарының талаптары іске асырылады.

 Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық,  әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, 0бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.

        Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.

       Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.

Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:

Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,

Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.

Жоспарлау мен болжау – бұл, Экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.

       Зерттелетін процеске қарамастан болжаудың үш сатысы болады:

Алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

-         Экономиканың даму бағытын анықтау;

-         Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;

-         Нәтежиеге қажетті ресурстарды анықтау;

4) Болжаулық зерттеудің объектілерін атап көрсетіп,  олардың  ерекшеліктерін сипаттаңыз

Кез-келген болжамдық зерттеу біртұтас базалық түсініктермен байланысты. Бұл түсініктер болжамның көптеген параметрлерімен сипатталады. Олардың қатарына: 1)болжаудың обьектісі , ол дегеніміз  адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай мегажобалар, аймақтық, салалық, микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-техникалық; 2)болжаудың формаларын көз алдына келтіру, яғни тапсырушының талабына сай, сондай-ақ оны жасаушылардың обьективті мүмкіндігіне сай болжау нәтижелерінің әртүрлі формалары болуы мүмкін (нүктелік, тренд т.б.); 3) болжауды алдын-ала білу кезеңі, яғни болжау жасалып отырған кезең алдын-ала білу кезеңі деп аталады және болжамдау мақсатына сай ағымдағы, қысқа, орта, ұзақ, өте ұзақ мерзімді деп бөлінеді; 4) болжаудың алғашқы негізі, яғни зерттелетін обьект не құбылыс туралы фактілік материалдардың болуы (фактографиялық құжат, эксперт пікірі); 5)Болжаудың әдістері мен құралдары өте алуан түрлі, ең көп таралған түрі экстраполяция, сараптау, нормативтік, ізденістік әдіс, т.б.; 6)Болжаудың сапасы, бұл дегеніміз кең мағынада алғанда болжамның негізділік, сенімділік, дәлдік, ақпараттылық, құндылықтарының бірлігі. Ал, болжаудың бағалау әдісін –болжаудың верификациясы деп атайды, ол болжамның бекітілуін қарастырады.

Сапалы әлеуметтік болжам алу үшін болжаудың ғылыми принциптеріне сүйену қажет, яғни жүйенің дамуын болжамдау саласындағы зерттеу жұмыстарының барлығы осы принциптер негізінде іске асырылуы тиісті, атап айтсақ: жүйелілік, келісушілік (ұйғарушылық), варианттық, үздіксіздік, верификациялану, тиімділік принциптері.

Әлеуметтік болжам жасау үшін зерттеуші төмендегідей қадамдарды жүйелікпен жасап отыруы тиісті:1) проблеманы анықтау; 2) ақпаратттарды зерттеу; 3) әдіс таңдау; 4) болжамдық ақпараттың генерторын құрастыру; 5) нәтижелерді талдау; 6) болжамдық ақпараттың генераторын жүйелі эксплуатациялау, обьектіні мониторингтан өткізу.

5) Инновациялық жобалардың инвестициялармен байланысын қарастырыңыз

Әлеуметтік жаңашылдық дегеніміз – басқарудың обьектісінде де, субьектісінде де болып жатқан қазіргі өзгерістерді түсінуге мүмкіндік беретін ғылыми білімнің жаңа саласы. Қазіргі таңда басқару процесі жаңашылдықты жасаумен, игерумен, таратумен күннен-күнге тығыз байланысты болып отыр.

Инновация сөзінің синонимі «жаңа», « жаңашылдық», «жаңаны енгізу» дегенді білдіреді. Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау оның өзіндік мазмұны өзгерістерді, ал инновациялық қызметтің басты функциясы өзгерістер функциясын білдіретіні туралы қорытындыға әкеледі.

Инновация өндірістік қызмет, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік қатынастар процесін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулердің нәтижелерін пайдалану процесінде өмірге келді.

Инновацияның кешенді сипаты, олардың көп қырлығы мен салаларының, әдістерінің көптүрлілігі оны жіктеуді талап етеді.

Қызмет түріне  қарай инновацияларды экономикалық, басқару саласындағы, технологиялық, сауда, әлеуметтік, т.б. бөледі. Әлеуметтік инновациялар еңбек жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру проблемаларын шешуге бағытталаған.  Әсіресе, білім беру саласында инновацияның маңызы артып отыр, өйткені, ол өмірдің барлық сфераларындағы: экономикалық,  әлеуметтік, саяси, рухани –мәдени салалардағы өзгерістердің субьектісі саналады. Инновацияларды негізілген өзегрістердің тереңдігіне қарай: радикалдық, модифициалдық (түр өзгертетін), комбинаторлық (қиыстыруға негізделген) деп, көлеміне қарай локалды,жергілікті, массалық, глобалды, жаңалығына қарай әлем үшін жаңа, сала үшін жаңа, бір мекеме үшін жаңа деп бөлінеді.

Инновацияның басты белгілері:

-жаңалық және радикалдық (жаңа қасиеттердің пайда болуы және обьектінің жағдайының жақсаруы);

- талап етушілік (қоғамдық  өндірісте, рынокта, әлеуметтік салада);

-іске асырушылық (жаңа білімді пайдалануда шектеушіліктің болмауы, өндірістік – технологиялық, моралдық –адамгершілік, экологиялық тұрғылардан) ;

-тұрақты пайдалы тиімділіктің болуы ( әлеуметтік –экономикалық жүйенің маңызды параметрлерін тұрақты жақсартылуы). 

Инновациялық процесс – жасаудан, меңгеруден және оны игеруден тұрады.

Инновациялық жаңалық (новое) – бір идея, әдіс, құрал,  технология және жүйе болса, жаңашылдық (нововедение) –оны енгізіу мен меңгеру болып табылады, яғни «жаңалықты» енгізу мен инновация синоним болып табылады.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне , дамуына жұмсалатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

6) Әлеуметтану әдіснамасының  әлеуметтік зерттеулердегі алатын орнына және маңызына  әлеуметтік жұмыскер ретінде баға беріңіз

Жалпы ғылыми мағынада әдіс – философиялық және ғылыми білім жүйесінің негізделуі мен құрылу тәсілі, сонымен қатар болмыс, шындықты меңгерудің теориялық және тәжірибелік операциялары мен амалдардың жиынтығы. Өзінің генетикалық тамырымен әдіс адамның практикалық қызметінен туындайды, оның тәсілдері шындықтың зыңдарына тиесілі болуы керек. Таным барысында ойлау әдісінің дамуы мен дифференциясы әдіс туралы ілімге — әдіснамаға алып келді. Әдіснама – теориялық және тәжірибелік іс-әрекетті құру мен ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі, сонымен қатар, осы жүйе жайлы ілім.

Әдіснамалық ғылымның негізінде практикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың және білім алудың тәсілі ретінде көрінетін әдіс туралы ілім жатыр. Әдіснамалық талдау объект туралы білім алу қалайша мүмкін, объект туралы қорытындылардың негізділігі мен білімнің дұрыстығын қандай әдістер қамтамасыз етеді, объектінің табиғатына білім алудың қанай поцедуралары адекватты деген сұрақтарға принципиалды жауаптар беруге негізделген.

Әрине, әлеуметтік жұмыс әр аспектіде әртүрлі сапада көрінеді және әртүрлі әдістер мен көзқарастар, бағыт — бағдарларды қолдануды талап етеді. Егер әлеуметтік жұмыстың ғылыми пән ретіндегі басты мақсаты — әлеуметтік шындықты тану болса, онда ол практикалық іс-әрекет ретінде осы ақиқаттың түрленуімен байланысты.

Ғылымдағы әдіснамалық талдау ғылымның объектісі мен пәнін белгілеуді, түсінік категорияларының аппаратын және жалпы заңдылықтарды, зерттеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін анықтауды көрсетеді. Ғылымның объектісі мен пәні зерттелінетін құбылыстардың шекарасын, нақты ғылымның басқа ғылымдардың жүйесіндегі орнын анықтайды. Қандай да бір ғылымның объектісі деп зерттеуіне беріліп отырған ғылым бағытталған ақиқаттың ( табиғи және әлеуметтік ) бір жағы ұғындырылады. Сонымен қатар ешқандай ғылым саласы өзінің объектісін түрлі себептерге байланысты толығымен сипаттай алмайды. Осыған орай, көптеген нақты ғылымдар өзінің қарастыратын сферасын шектеуге мәжбүр. Кез — келген ғылым объектіге ол қалыптасқан дәстүрге қатысты бағыт — бағдарында шектеулі. Сондықтан ғылымның объектісінен пәнді ажыратады. Ғылымда зерттеу объектісі қай қырынан көрсетілген, соған орай, сол ғылымның пәні объектісінен ажыратылады. Ортақ қабылданған пікір бойынша, әрбір ғылымның пәні — ол, таңдамалы түрде алынған объективті қүбылыстың бір салада зерттелінуі.

Ғылымнын пәнін анықтау -сол ғылымның білім аймағында жеткен дәрежесіне және әлеуметтік практикасының дамуымен байланысты. Егер обьект ғылымға тәуелсіз пайда болса, ал пән сол ғылыммен бірге қалыптасып, сол ғылымның категориялар жүйесінде тіркелінеді.

Осыған сәйкес, ғылымның объектісі мен пәнінің таңдалуы элеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмүнына әсерін тигізеді. Әлеуметтік жұмыстың теориясы үшін оның нақты айқындалуына ықпалын тигізетін бағыттардың әртүрлілігі тән болып табылады.

7) Әлеуметтік жұмыстың  ғылыми пән ретіндегі  әдістерінің ерекшелігіне кешенді тұрғыдан талдау жасаңыз.

8) Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу әдістемесінің ерекшелігін сипаттаңыз

9) Әлеуметтік жұмыстағы зерттеудің әдістері,  әдістемелері, әдіснамасы мен процедурасы, олардың өзара байланысы туралы  ақпараттық тұжырымдама жасаңыз

(барлық әдіс түрлері жазылған, 3 сұрақтарда осы ответь жазылады, 6 бет)

Қазіргі кездегі ғылыми әдістер жүйесінің көп түрлілігі, қоршаған әлемді зерттейтін білімдер жүйесінің көптігіне байланысты болып отыр. Осыған сәйкес классификацияның негізіне алынған әдістер зерттеудің қасиетіне байланысты таңдалады. Олар: қолдану ортасы, қызметтің мазмұны мен мінезі т.с.с. Әлеуметтік жұмыста әдістердің орны мен рөлі маңызды орын алады, классификация бірлестік деңгейі әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасының түріне байланысты. Осының негізінде әдістер жалпы ( философиялық ) әдіс, жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер деп бөліп қарастырылады.

1. Жалпылама немесе философиялық әдіс ~ субъектінің түрлі қызмет түрлерінде дүниетанымдық және әдістемелік бағыттарының бірыңғайлылығымен түсіндіріледі. Жалпылама әдістердің тарихи танымда екі түрі бар: диалектикалық және метафизикалық. Бүл жалпы философиялық әдістер. 19 ғасырда метафизикалық әдіс диалектикалық әдіспен ығыстырыла бастайды. Сонымен қатар әрбір құбылыс пен оқиғалар өзінің құрылуы мен дамуына байланысты зерттелінеді.

2. Жалпы ғылыми әдіс қызметтің көп саласында қолданылады. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыста да. Олар барынша кең тәртіп аралық спектрде қолданылады. Жалпы ғылыми әдістердің классификациясы ғылыми таным деңгейімен тығыз байланысты.

Ғылыми таным екі деңгейде: эмпирикалық жэне теориялық деп ажыратылады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейі шын мәнінде бар, сезілетін проблемаларды зерттеумен ерекшеленеді. Осы деңгейде түрлі бақылаулар мен эксперименттер арқасында объект туралы ақпарат жинақталады. Барлық қабылданған ақпараттарды кесте, графика, сызба түрінде жүйелейді. Ғылымда жалпы ғылыми негізгі екі эмпирикалық әдістерді айқындау қабылданған : бақылау жэне эксперимент.

Бақылау.

Ғылыми таным ақиқатты бейнелеудің тәсілі ретінде адам іс — әрекеттінің аясы мен табиғат қүбылыстарының ерекшеліктерін қабылдау қарастырады. Кең мағынада айтар болсақ, әрбір эмпирикалық зерттеудің кез — келген әдісі объектінің өзгешелігі мен өзгерістерін қарастыру мақсатымен оны бақылаудың   элементтерін   құрайды.   Алайда,   ғылымда   мынадай   дәстүр қалыптасқан : ол басқа әдістерден ерекше әдіс, ол өзін — өзі бақылау мен бақылауды біріктіреді. Әлеуметтік жұмыста бақылау түсінігіне, индивидтің жеке ерекшеліктерінің зерттелуі және олардың көрінуі жатады.

Эксперимент — ғылыми танымның басты әдісі. Сонымен қатар әлеуметтік жэне психологиялық зерттеулердің себеп — салдарлық тәуелділіктерін анықтауда жэне зерттеуді жүргізуге қолайлы жағдайдың орнатылуы. Бақылауға қарағанда эксперимент шындықты танудың белсенді жолы. Оның ерекшелігі зерттеуші кез — келген уақытта зерттеуге араласа алады. Егер пассивті бақылау мынадай сұрақтарға жауап ала алса «қалай?», «қандай жағдайда?» ал экспериментте «неге осылай болып жатыр?» деген сұраққа жауап аласыз.

Ғылыми зерттеудің теориялық деңгейінде логикалық таным іске қосылады. Бұл деңгей зерттеу құбылысының терең заңдылықтарын ашуға көмек береді.

Ғылыми абстракция әдісі таным процесінде сыртқы құбылыстардың дерексізденуін және процестің терең маңызын анықтайды. Осы әдіс негізінде танымның екі сатысы бар:

—              зерттеу нақты анализ бен эмпирикалық материалды алудан басталады. Мұнда жалпы ғылыми түсініктерді, анықтамаларды бөліп көрсетеді.

—              танылған   құбылыстардың негізінде жаңа қүбылысты түсіндіру жолы шығады. Бұл абстракциядан нақтыға шығудың жолы.

Анализ бен синтез әдісі.

Талдау арқылы зерттелініп отырған қүбылыс, процесс құрамдас бөліктерге бөлініп, әрқайсысы жеке дара зерттелінеді. Анализ нәтижесін жалпылай қарастырып, синтез арқылы әлеуметтік процесс туралы бірыңғай ғылыми портрет жасайды.

Индукция мен дедукция әдісі.

Индукцияның көмегімен дара фактор зерттеуден жалпы қорытындыларға ауысу қамтамасыз етіледі. Дедукция арқылы жалпы қорытындыдан жекеге ауысады.

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы кеңінен алғанда өзіне әлеуметтік даму процесінің теориясын, әдістердің бірыңғайлылығы мен әдістемелердің көптігін көрсетеді.

Тарихи әдіс.

Тарихи зерттеулер пайда болу мен қалыптасудың тарихи уақыт контекстіндегі әлеуметтік заңдылықтарын көрсетіп қана қоймай, процесте әрекет етіп отырған әлеуметтік күштер мен проблемаларды анықтау болып табылады.

Қарапайымнан күрделіге өту әдісі Әлеуметтік процестер күрделі жэне қарапайым әлеуметтік кұбылыстардың жиынтығынан тұрады. Әлеуметтік дамуда қарапайым құбылыстар жоғалмайды, олар күрделі жүйенің элементтеріне айналады. Күрделі әлеуметтік құбылыстар ғылыми таным аспектісінен негіз алып, одан да айқын анықтама алады. Осыған орай қарапайым әлеуметтік процестен күрделі процеске айналу, ойлаудың абстрактылыдан нақтыға көшу.

Сандық  және сапалық анализ бірлігі.

Бұл әлеуметтік қатынасты тану әдісі болып табылады. Әлеуметтік теориялар әлеуметтік процестердің сапалық жағын ғана анықтаумен шектелмейді. Олар сандык байланыстарды да зерттейді және танылған әлеуметтік қүбылыстар сапалы түрде анықталған түрде көрініс табады. Мысылы, процестер құрылымының өлшемі әлеуметтік дамудың көрсеткіштерін көрсетеді.

Жалпы ғылыми әдістерге статистикалық әдісті жатқызуға болады. Математикалық есептеулермен алынған ақпараттың дұрыстығына көз жеткізуге болады.

Жеке арнайы гылыми әдістер — шынайы өмірдің жеке облыстарының өзгерулерін танудың спецификалық жолы, нақты білім жүйесіне қатысты болады. Мысылы, әлеуметтануда — социометрия әдісі, математикада -коррелляциялық анализ т.с.с. Осы әдістер сәйкестендіріліп әлеуметтік жұмыс проблемаларын шешуге қолданылады.

М.Г.Зайнышевтың айтуы бойынша, отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс практикасында ғылыми зерттеудің тәсілдеріне жеке әдістердің қолданылмағанын айтады. Кейбір авторлар бір ғана іс-әрекеттің жүйесін әдіс деп атайды, басқалары техникасы, кейбіреулері-әдістеме, кейде әдіснама деп атайды /14/.

Танымал әлеуметтанушы В.А.Ядов бұл терминдердің мәнін былай ашады : әдіс — мәліметтерді талдаудың негізгі жолы; техника — әдісті қолдану барысындағы арнайы тиімді пайдаланудың тәсілі; әдістеме -техникалық тәсілдердің қолдануы және олардың ретімен жүруі; процедура-барлық операциялардың реттілігі, зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің жалпы жүйесі. Мысалы, қоғамдық пікірді әлеуметтанушы зерттеу барысында мәлімет жинау әдісі ретінде анкетаны қолданады. Түрлі себептерге байланысты сұрақтардың бір бөлігін ашық түрде, бір бөлігін жабық түрде құрастырады. Осы екі тәсіл анкеталық сұраудың техникасын құрайды. Сұрақ парағы яғни алғашқы мәлімет жинау құралы, респондентке берілетін ережелер бұл жағдайда әдістемені құрайды.

Ғылыми зерттеулер көмегімен практик-мамандар олар қолданған әдістер өз нәтижесін беруде ме, қойылған мақсаттарына жетуде ме, соны анықтай  алады.   Зерттеулер   әлеуметтік   жұмыскердің   өзімен де және социологтармен де жүргізіледі. Бірақ та әлеуметтік жұмыскерлер зерттеуді өз күштерімен жүргізуді тиімді деп мойындауда. Зерттеу практикалық араласудың қандай типі қай жағдайда нәтижелі болады.

Әлеуметтік жұмыс пәнаралық білімнің облысында пайда болып дамуда, жаратылыстану (медицина, биология т.с.с.) әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы (әлеуметтану, психология, антропология) әрқайсысында жеке әдістер қолданылады. Олардың мақсаттарына байланысты әдістер мен техникалар                               қолданылады.                Жеке              әдістердің                мысалына интервъю, анкета,контент-анализ,эксперттік әдістер, тестілеу, фокус— группа әдісі және осы әдістердің өнімділігін зерттеу жатады.

Әлеуметтік жұмыстың әдістерінің классификациясы практикалық іс -әрекет тұрғысынан қарағанда күрделі және аз зерттелген проблема. Кәсіби іс — әрекет әдістерінің классификациясы — әлеуметтік жұмыстың ғылыми ұйымдастырудың маңызды компоненті. Алайда әдістерді талдау мен сипаттау, олардың мазмұнды дифференциациясы арнайы әдебиеттерде тек қалыптасу деңгейінде. Егер әлеуметтік жұмыстың анализі білімнің ғылыми жүйесі ретінде гуманитарлы танымның әдіснамасына сүйенетін болса, онда әлеуметтік жұмыскерлердің іс — әрекетінің тәжірбиесінің әдіснамалық негізделуі басқа бағыттар мен жағдайларды қажет етеді.

Кез — келген ғылыми ұйымдастырылған теориялар мен тәжірбиесіндегі әдіснамалық талдауда негізгілердің бірі болып табылады. Ғылымда әрқашан кәсіби қызметте қойылған мақсаттар мен соған жету әдістерін айқындап алған жөн. Егер әлеуметтік жұмыста қолданылатын әдістер мен құрамдас пәндерде қолданылатын әдістер ұқсас болса, онда қызмет әдістері мүлде басқа сапалық типте болады. Дәл кәсіби мақсаттар мен оларға жету жолдарының өзі әлеуметтік жұмысқа дербес мамандық статусын береді.

Ғылымда қызмет әдісі осы әдісті іске асыру жолы ретінде қарастырылып, қойылған мақсатқа жеткізеді. Адамзатпен түрлі қызмет әдістері жиналған. Бірақ та үздіксіз тапсырмалардың күрделенуі жаңа түрлерінің пайда болуы, оларды шешу әдістерін жаңартуға соғады. Бұл пікір әлеуметтік жұмысқа тікелей байланысты.

Жалпы ғылымда әлеуметтік жұмыстың келесі әдістері қалыптасқан :

1. Социологиялық әдістер  алғашқы  ақпарат рөлін  орындайды.  Онсыз практикалық әлеуметтік жұмыста анализ жасау мүмкін емес.

2.     Әлеуметтік жүмыстыңпедагогикалық әдісі:

Сананың қалыптасу әдісі;

Іс-әрекеттің қалыптасу әдісі;

Қолдау мен сөгу әдісі;

Тұлғаның ұжымдық қызметке ену әдісі;

Уақыт өте киындайтын қызметке бейімделу әдісі;

Педагогикалық түзету әдісі;

3.     Психологиялық әдістері

Психодиагностика әдісі;

Психологиялық кеңес әдісі;

Психологиялық таңдау ;

Әлеуметтік — психологиялық тренинг, аутотренинг ;

Жүріс — тұрысты түзеу әдісі, мотивация, қарым-қатынас, өзін-өзі бағалау ;

Осы классификацияда әлеуметтік жұмыс түрлі аспектілерде психологиялық, педагогикалық практикаға сіңісіп кеткенін байқаймыз.

Әлеуметтік жұмыстың әдістерін классификациялауда түрлі пікірталастар жүріп, кейінірек әлеуметтік жүмыстың әдістерінің үш тобын бөліп көрсету ұйғарылды.

Әлеуметтік жұмыстың практикасында қолданылатын әлеуметтік көмек беру әдістері топтастырылды :

1.  Әлеуметтік — экономикалық ;

2.  Әкімшілік — ұйымдастырушылық;

3. Психо — педагогикалық ;

Әлеуметтік—экопомикалық әдістергеәлеуметтік жұмыстағы көрсетілетін барлық көмек көрсетудің жолдары жатады. Олар клиентке әлеуметтік жұмыс тарапынан рухани — материалдық, ұлттық, отбасы және басқа да әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Бұл топқа табиғи жэне ақшалай көмек, жеңілдіктер тағайындау, жәрдемақы, потранаж, тұрмыстық қызмет, рухани көмек беру жатады.

Ұйымдастырушылық реттеу әдістері.

Бұл әдістің негізінде әлеуметтік қызметтің ұйымдастырушылық, басқарушылық регламентті, нормативті -құқықтық актілер құқықтар мен міндеттерді бекітеді. Әлеуметтік басқарушы мекемелердің міндеттерін айқындайды. Реттеу әдісі эпизодты тапсырмаларды шешуде жедел түрде шешім табуға көмектеседі. Осы топтың негізгі әдістері : регламенттеу, нормаландыру, инструкциялық.

Регламенттеу — ұйымдастырылған әсер ету жолы, ұйымдастыру жағдайларына кіріспе жасау, әлеуметтік қызмет басқармаларының орындайтын міндеттерін , бұйрықтарын, типтік жағдайлары мен қызметтік ережелерін бекітеді.

Нормаландыру — жоғарғы және төменгі шектерде қалыпты ережелерді бекіту. Бұл ережелер әлеуметтік жұмыскердің қызметінде бағыт-бағдар қызметін атқарады. Оларға : клиентке қызмет көрсету нормативтері, қызмет көрсетудің уақыт нормативі т.с.с.

Инструкциялық — ұйымдастырушылық әсер етудің ең бір жеңіл түрі болып табылады. Маңыздылығы бойынша тапсырмаларды түсіндіру, мүмкіндіктерді, қиыншылықтар мен клиенттің іс-әрекетінің нәтижелеріне нұсқау беру және басқа да проблемалардың алдын алу шараларын жүргізу болып табылады ( ақпараттандыру, кеңес беру ).

Психо – педагогикалық  әдістер.

Клиентке түрлі әлеуметтік — психологиялық және педагогикалық реттеу әдістері арқылы клиенттің әлеуметтік жай-күйін, іс —әрекеттерінің өзгеруіне әсер ету болып табылады. Бұл топтағы басты әдіс — сендірудің түрлі формаларын анықтау, кеңес беру, аргуметтермен дәледеу, ұсыныс жасау, ықпалды мысалдар келтіре білу, әлеуметтік зерттеулер негізінде әлеуметтік — психологиялық диагноз жасай білу, психологиялық түзету, психологиялық кеңес беру, психопрофилактика, ақпараттандыру, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін қолдана білу, әлеуметтік терапия т.с.с. Осылардың ішіндегі ең бір нәтижелі әдіс бұл әлеуметтік терапия болып табылады.

Әлеуметтік терапия ~ бұл жүйеленген және де топқа, жеке адамға бағытталған көмек арқылы адамның импульсі мен қарым-қатынасын ретке келтіру әдісі болып табылады.

Әлеуметтік терапияның қызметтері:

1. Түзетушілік

Мінез — құлықты түзету

Дисфункцияны ескерту

Қолайлы дамумен қамтамасыз ету

Тұлғаның танылуы

Әлеуметтік    терапия     контекстінде     индивидуалды    жэне    топтықжұмыстар формалары көрсетіледі :

1. Отбасы терапиясы

Еңбек терапиясы

Социодрама және психодрамат.б.

Психологиялық жұмыстың көп түрлерінде мына формаларды атайды :

1 . Бихевиористік көзқарас

2. Гешталът терапия

З. Когнитивті терапия

4. Проблемалық бағытталған көзқарас

5. Психо — әлеуметтік көзқарас

Әлеуметтік талдау процесі әлеуметтік жұмыстың батыстық моделінде кездеседі. Әлеуметтік жұмыстың түрлі анықтамаларын келтіре отырып, біз әлеуметтік жұмыстың АҚШ және Европада практикалық қызмет түрі және де басқа ғылымдардың теориясын жүзеге асырушы қызмет екенін білеміз. Әлеуметтік жұмыстың теориясы ғылыми пән ретінде қарастырылмайды. Яғни ғылыми білімді таза алуға бағытталған.

Әлеуметтік жұмыстың теориялық құрылымдары сол істің әлеуметтік жұмыскерге көмек беріп нәтижеге жетуімен бағаланады.

Бұл классикалық академиялық теория «түрлі объектілер ортасында». Бұл кәсіби қызмет теориясы «объектімен жұмыс».

Сәйкесінше, әлеуметтік жұмыс әдісінің проблемасы да мүлдем басқаша қарастырылады. Онын негізіне әлеуметтік жұмысқа байланысты «әдіс» түсінігі мынадай сұрақтың жауабын қамту керек : әлеуметтік қызметкер мақсаттың бастапқы кезеңінен бастап оған жету жолында оң жетістіктерге қалай қол жеткізе алады? Осы көзқарас тұрғысымен қарағанда, әлеуметтік жұмыстағы әдіс әлеуметтік жұмыскер индивидпен, топпен, басқа да үлкен қауымдастықтармен қалай және қандай мақсатта өзара әрекеттестік жүйесін ұйымдастырумен анықталады. Осы өзара әркеттестіктің сипаты және оның негізінде жатқан әлеуметтік — психологиялық механизмдер әлеуметтік жұмыскердің клиенті индивид, кіші топ немесе адамдар қауымдастығы болуына байланысты айтарлықтай өзгешеленеді. Осының негізінде шетелдегі әлеуметтік жұмыс сипатына тән дәстүрлі бөлімдер құрылған.

Әлеуметтік жұмыскөптеген шет мемлекеттерде функционалды мамандандырылған қызметтүрінде басталған. Бірақ 1940-1950 жылдары психологиялық және социологиялық теорияның қарқынды даму әсерінен әлеуметтік жұмыскерлердің әдістемелік мамандандарылуы біржолата қалыптасты (индивидуалды, топтык әлеуметтік жұмыс және қауымдастықпен жұмыс ). Үш дәстүрлі әдістерді жақтаушылардың әрқайсысылары өз теорияларына сәйкес көмек көрсетудің өзіндік тәсілдері мен кәсіби шеберліктерін байланыстыруға мүмкіндік алды: «индивидуалды» жұмыскерлер тұлға және сананың әртүрлі теорияларына сүйенді; «топтық» — адамдардың өзара әрекеттестігін әлеуметтік -психологиялык түсуіне иек артты; ал қауымдастықты ұйымдастыру сферасындағы мамандар әлеуметтік концепцияларға сүйенді. Нәтижесінде қайсыбір әдістемелік бағдарланудың өкілдері өзара сәйкестенуі қиын түсініктер мен категорияларды қолдана отырып, өздерінің іс — әрекетін координаттың түрлі жүйелерінде ұғына бастады. Әрине, осы үш әдісті бір-бірінен ажырату әлеуметтік жұмыскердің не істейтінімен емес, олар әрекеттесетін адамдар санымен байланысты. Басқаша айтқанда, іс -әрекетті емес, жұмыс түрін немесе қызмет бағытын сипаттайды. Осындай бөліну іс әрекет бағыты мен мазмұнын толық ашпай, әлеуметтік жұмыскердің клиенттің проблемасының маңызын есепке алмай және соған сай шешімнің технологиясына өзара әрекеттестігін ерікті түрде шектейтіндігі үшін кәсіби бірлестік тарапынан осы уақытқа дейін сынға ұшырап келеді. Бірак интегративті моделді ізденіс тенденциясының жақындауына қарамастан, әлеуметтік жұмыстың индивидуалды әлеуметтік жұмыс, топпен әлеуметтік жұмыс және бірлестіктермен (қауыммен) әлеуметтік жұмыс деп бөлінуі қазіргі кезге дейін сақталуда.

Индивидуалды әлеуметтік жұмыс.

Индивидуалды әлеуметтік жұмысқа байланысты бағыттар өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың принциптері мен негізгі жағдайлардың реті бойынша айрықшаланады. Психоаналитикалық бағыт әлеуметтік жұмыскерден клиентттің интрапсихикалық динамикасының анализін және ішкі тұлғалық копфликтілерді шешуде көмек көрсетуді талап етеді. Психоәлеуметтік бағыт « тұлға — элеуметтік ортада » тәрізді кешенді проблемалы жағдаятты жан — жақты зерттеуге және әлеуметтік диагноздың әлеуметтік жұмыскердің көмек көрсетудегі тиімді әрекетінің шарты ретінде қойылуына табап тірейді. Функционалды багыттың өкілдері алдыңғы көзқарасқа қарсы шыға отырып, тұлғаға да, жағдаятқа да байланысты жан-жақты диагностика мүмкін емес деп есептейді. Сондықтан әлеуметтік жұмыскер клиентке өзінің сауалын әлеуметтік жұмыскер нақты әлеуметтік қызмет немесе агенттіктің өкілі ретінде орындайтын функциялармен ара қатынасын белгілеу үшін көмектесу керек. Проблеманың шешілуіне негізделген бағыт өзінің басты назарын клиенттің интеллектуалды күш жігерін оның проблемалы жағдайына байланысты нығайтуға және оны өмірдің күрделі жағдаяттарынан өз бетінше жол табуға үйретуге аударады. Бихевиористік бағыт өздерінің теориялық бағдарларына сәйкес өз назарын клиент мінез — құлығының дезадаптивті моделдеріне және олардың коррекциясына тұрақтандырады. Жоғарыда аталған бағыттар іс — әрекет принциптерінің сыртқы өзгешелігі, сонымен қатар диагностикалық және әдістемелік процедураларды қолдануда өзара бірін — бірі жоққа шығарушы болып табылмайды.

Бастапқы    теориялық    постулаттарына   тәуелсіз    олардың    барлығы әлеуметтік жұмыскер мен клиенттің өзара әрекеттестігінде :

1)   алғашқы    коммуникацияның    орнатылуын    (    эмоционалды    және интеллектуалды байланыс );

2)                       проблемалы жағдаятты зерттеу мен талдауды ;

3)                       бірлескен жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауды ;

4)           индивидтің әлеуметтік қоршаумен және / немесе өз — өзімен өзара қарым — қатынасының түр өзгертуін ;

5)        бірлескен   жұмыстың   нәтижесі   мен   дамуының   бағасын   шамалап ұйғарады.

Бұл бағыттар көмектің алуан түрлеріне бағытталған , мәселен , жоғары мамандандырылғац психо — педагогикалық көмек талап ететін жерлерде жүзеге асырылады. Психосоциалды және « проблемалы бағыттанған » бағыттардың диагностикалық тереңдетілген жүмыстары олардың маңыздылығын айқындай түседі.

Топпен әлеуметтік жұмыс топтың іс — әрекетінің басымды мақсаттарына байланысты ұйымдастырылады.

Топ азаматтық жэне құқықтық мақсаттардың кең контекстегі жалпы мәнді жетістігіне бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда әлеуметтік жұмыскер топтың сыртқы байланыстарының координаторы жэне ұйымдастырушысы ғана болып табылады.

Топтың мақсаты оның мүшелерінің интенсивті және рефлексивті қарым -қатынас әсерінен жеке тәжірбиелері мен өзіндік сана аясының кеңеюі болуы мүмкін. Бұл жерде топ « қарым-қатынастың лабораториясы » ретінде көрінеді және әлеуметтік жұмыскердің іс -эрекеті топтық дискуссия немесе тренингті жүргізуші мен ұйымдастырушы ретінде топішілік өзара әрекеттестікте тұйықталып қалады. Ақырында, топ индивидтерді ұқсас кызығушылықтары мен ұмтылыстары бар адамдармен мәнді қатынасқа енгізудің шынайы тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар осы жағдайда элеуметтік маңызды мақсатқа жетудің құралы және индивидуалды  өзіндік даму мен өзгерудің стимулы болып та көрінеді (топпен жұмыстың кешенді моделі). Әлеуметтік жұмыскер топтың сыртқы   белсенділігі    жағдайында   да   және    оның   мүшелерінің   өзара әрекеттестігінде де делдал рөлінде болады.

Осылайша, топпен әлеуметтік жұмыс :

топтық іс — әрекет тәжірбиесі мен ортақ маңызды мақсатқа жетуде топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділіктерін ұйымдастыру ;

интенсивті және рефлексивті қарым -қатынаста өзіндік сана мен индивидуалды тәжірбиенің аясының кеңеюі;

топтың продуктивті,шығармашыл жэне дамушы іс-әрекетке ендеуі есебінен жүзеге асырылады.

Бірлестіктегі   әлеуметтік   жұмыс   әлеуметтік   жұмыскерлердің   іс-әрекетке қатысуы арқылы ұйымдастырылады:

•              адамдардың жергілікті, географиялық шектеулі бірлестігінің дамуы бойынша ешбір ортақ маңызды мәселелермен салыстырғанда жеке және топтық қатынастарды координациялау мен ынталандыру арқылы ;

•            әлеуметтік жоспарлау , әртүрлі мекемелердің әлеуметтік білім беру мәселесі бойынша әрекеттердің стратегияларын жасау және денсаулық сақтау мен қорғау бойынша ;

•             тұрғындардың осал топтарының негізгі азаматтық құқықтарының жүзеге асуына кедергі келтіретін қолданыстағы заң шығарушы және ұйымдастырушы тәжірбиенің өзгеруіне бағытталған қоғамдық компаниялар мен көпшілік әлеуметтік акцияларды ұйымдастыру бойынша;

Әлеуметтік жұмыстың әдістерін анықтауға байланысты тағы бір бағыт әлеуметтік жұмыстың теориясының негізін салушылардың бірі Мэри Ричмонд идеяларына негізделеді. Ол әлеуметтік жұмыскердің өзінің тұлғасын индивидпен немесе топпен өзара қарым —қатынаста жауапты және саналы түрде қолдануы әлеуметтік жұмыстың басты әдісі болуы керек деп есептеді. Осы өзара әрекеттестіктің нәтижесінде әлеуметтік жұмыскер әрекеттестігіне ықпал жасайды әрі жеңілдетеді. Әлеуметтік жұмыстың әдісі клиенттің бағасын және әрекеттің сәйкес жоспарын жасауды, жүйелік бақылауды меңзейді. Бұл анықтаманың негізінде көмек керсетудің тура және тура емес әдістері бөлінеді.

Тура әдістер — бұл индивидтерге, отбасыларға, топтарға бетпе-бет әрекеттестікте « осында және енді » тікелей проблемаларын шешудегі көмектің түрлері. Тура емес әдістер — бұл клиенттің тұлғасы мен жағдайына емес, сыртқы әлеуметтік шарттардың өзгеруіне багытталган үзақ мерзімді мақсаттармен іс —әрекет. Тура әдістер, қағида бойынша, индивидуалды топтық әлеуметтік жұмыста қолданылады және психологиялық теориялар саласынан хабардарлықты талап етеді. Тура емес әдістерді бірлестіктерді ұйымдастырумен айналысатын жүмыскерлер қолданады, сонымен қатар, олар әдетте   әртүрлі қоғамдық топтардың    іс — әрекетінің   координациясы,   үкіметтік   немесе   қоғамдық   органдар   үшін жасалатын іс әрекеттердің жоспары мен баяндамасы түрінде байқалады.

Соңғы жылдары әлеуметтік жұмыстың тәжірбиесінде кең түрде қолданылатын және табиғи жағдайда қалыптасқан әлеуметтік көмек көрсетудің екі әдісінің төңірегінде оның практикалық интеграциясына байланысты тенденция бой көрсете бастады. Олардың орыс және қазақ тілдеріне аудармасы әзірге тұрақталған жоқ, сондықтан алуан түрлі болып айтылуы мүмкін : индивидуалды менеджмент ( сазе тапа^етепі: ) , немесе пайдаланушының жүргізуі, жағдайды басқару жэне қолдау көрсету желілерін құру.

Индивидуалды менеджмепт индивид деңгейінде қызмет көрсету мен көмекті координациялау жэне ұйымдастыру стратегиясы ретінде қарастырылады. Жағдайды басқару процесі жоспарланған мақсаттарға әлеуметтік жұмыстың басты міндеттерін шешу, дәлірек айтқанда, алдын ала жоспарланған килігу мсп анализді, мәліметтерді жинау жолымен жетуге негізделген. Соңғы жылдары барлық дерлік индивидуалды әлеуметтік жұмыскерлерді индивидуалды менеджерлер  деп атау тенденциясы пайда болды. Бұл осы әдістің жеке әлеуметтік көмек сферасында кеңінен танылуын байқатады ( СоиізһесІ В., 1991 ). Индивидуалды менеджерлер адамдарға өздеріне қажетті және тілектеріне сәйкес көмек пен қолдауға қол жеткізуге жэрдемдеседі. Аталған жағдайдағы пациеттің таңдауы бойынша көмекті қарапайым ресми мекеме ғана емес, кез — келген агенттік немесе ұйым, компетентті кәсіпқой да көрсете алады .

Индивидуалды менеджменттің моделдері өзінің идеологиясы, іс-әрекетінің түрлері мен бағыттары бойынша айтарлықтай өзгешеленеді. Олар клиенттің тілек — сұрауына және жалпы проблемаға көбірек бағытталып, ұсынылатын қызмет көрсету бағдарламасын басқаруда клиентке үлкен немесе кіші рөл беруі мүмкін. Индивидуалды менеджмент бағдарламасының кейбір нұсқалары тек қызмет көрсетуді координациялайды, ал басқалары-дағдарысты килігуді, реабилитацияны және емдеуді қарастырады .

Әзірге индивидуалды менеджменттің әдісін сипаттайтын ортақ қабылданған көзқарас жоқ. Алайда әлеуметтік жұмыскердің негізгі функциясына қатысты оның мамандар арасында жүзеге асырылуында толық келісімге қол жеткізілді. Бұл функциялар : проблеманы ( жағдайды ) табуда, қызмет көрсету пакеттерін анықтауда; проблеманың шешілуіне бағытталған процедуралардың координациясы; процесс мониторингі; ұсынылатын қызмет көрсетудің тиімділігінің бағасы; килігу мақсаттарына сәйкес ұсынылатын қызмет көрсету пакеттерінің қажеттілігі жағдайындағы түзетулерді орындайды.

Индивидуалды  менеджмент процесінде әлеуметтік жұмыскер келесі міндеттерді шешеді:

1)  проблеманы табу әдісне клиентпен байланысты орнату ;

2)         клиенттің өтініштерін орындау ;

3)         бірлескен әрекеттерді жоспарлау ;

4)клиенттің    әлеуметтік   ресурстармен    байланысын    орнату    және координациялау ;

5)         қызмет көрсетуді орындау мониторингі;

6)         клиент мүддесін коргау ;

Пайдананушы жетектеуші маман оның атынан қызмет көрсету бойынша жоспарды орындайтын мекемелермен келіссөз жүргізеді. Қажеттілікке қарай ол басқа мамандармен консультация ұйымдастырады. Пайдаланушының істі жүргізудің мүндай моделінде мамандар жеткілікті үлкен жүктемені атқаруға тиіс болады.

Әлеуметтік қолдау желілерін ұйымдастыру.

Бұл әдіс белгілі бір айтарлықтай деңгейде әлеуметтік жұмыс әдіснамасының дамуына әжептәуір үлес қосқан жүйелер теорияларының ықпалымен туындаған. Әлеуметтік жүйелер теорияларының тұрғысынан қарағанда желі «қарастырылған адамдардың әлеуметтік мақсаттарын интерпретациялау үшін, осы өзара байланыстарды біртұтас ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін адитивті қасиеттер тән адамдар арасындағы өзара байланыстардың белгілі бір жиыны » (Міісһеіі, 1969).

Анағұрлым түсінікті терминдерде желіні спецификалық мағынасы бар нүктелер арасындагы байланыстардың үлгісі немесе жүйесі ретінде сипаттау керек.

Әлеуметтік желілерде нүктелер, бүл :

адамдар

адамдар кездесетін жерлер

адамдар орындайтын әрекеттер

Байланыстар адамдар бір — бірімен кездесу, оларды қызықтыратын жерлерге бару немесе бірлескен ортақ әрекетке қатысу үшін қабылдайтын арласуларды көрсетеді, Осылайша, әлеуметтІк желі клиенттің мінез — құлқын және өмірін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жоне әлеуметтік көмек көрсету мақсаты үшін ресми емес қолдау жүйесін қолданудың инструментін ұсынатындықтан, әлеуметтік жұмыстың тәжірбиесі үшін маңызды мәнге ие.

Табиғи әлеуметтік желілерді формалды әлеуметтік көмекті қолдау және толықтыру үшін тиімді колдануға болады. Бұл процестегі негізгі техника — бұл әлеуметтік жұмыскерлердің клиенттің айналасын немесе оның анағұрлым кең социумындағы «орталық фигураларды» анықтау мен жинау. Бұл адамдар моралды қолдауды оған мұқтаждарға көрсетуге мүмкіндік беретін жеткілікті психикалық және эмоцианалды ресурстарға ие болуы керек. «Орталық фигура» мәселен, клиентке өзінің уақьты мен көңілінің бір бөлігін бөле алу мүмкіндігі бар клиенттің көршісі немесе жақын арадағы дүкеннің сатушысы бола алады. «Орталық фигуралар» әлеуметтік жұмыскерге клиенттің қатынастарының желісін тереңірек түсінуге көмек бере алады және осы процесс арқылы оның әлеуметтік байланыстарының кеңеюі мен әлеуметтік көмек сферасын ауқымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыскердің негізгі рөлі — «орталық фигуралардың» күштерін және олардың өз эмоционалды немесе физикалық ресурстарын әлсіретіп алуы мүмкін қаупінің алдын алып, клиенттермен әріптестікке талпыныстарына қолдау көрсетіп отыру.

10) Әлеуметтік жұмыста социологиялық зерттеулер әдістерінің қолданылу  ерекшеліктерін  түсіндіріңіз

Социологиялық зерттеу жоспарының ерекше бөлімдеріне мыналар жатады:

а) белгілі бір уақыт аралығында оның әр түрлі кезеңдерінің орындалуының жұмыс жоспар-кестесі: әдебиеттерді зерттеуге және бағдарламаның өзін құруға қажетті уақыт; зерттеу құралының алғашқы нұсқаларын жасау және сапасын тексеру (пилотаждық зерттеу); далалық зерттеудің негізгі кезеңі; алғашқы эмпирикалық мәліметтерді өңдеуге және есеп жасауға қажет уақыт;

ә) штаттың еңбек ақысын төлеуді қаржылық-сметалық жоспарлау; қызмет бабындағы тапсырмаға бөлінген ақша мен транспорт шығындары; материалдарды көбейтуге, қажетті құрал-жабдықтарды алуға, өңдеу бағдарламасын және эмпирикалық мәліметтердің алғашқы бөлігін өңдеуге, есеп жасауға, жергілікті мамандармен зерттеу қорытындыларын ұжымдық түрде талқылауға, материалдарды сақтауға және т.с.с. жұмсалатын шығындар.

Социологиялық зерттеудің жетілген бағдарламасына (В.А.Ядов) қойылатын талаптар жалпы алғанда, айтарлықтай бұрыннан жасалынған және оны барлығы бірыңғай деп мақұлдаған. Оларға оның сапаларына қажеттілік, эксплициттілік, логикалық жүйелілік, икемділік сияқты талаптарының сақталынуы жатады. Бағдарламаның қажеттілігі сенімді түрде оның орындылығы, ғылым, сол сияқты тәжірибе үшін жүзеге асырылуының объективті қажеттілігі көрінетін тақырыпты негіздеудің, бағдарламаны анықтаудың және т.б. бүкіл мәтінінен көрінуі тиіс. Бағдарламаның эксплициттілігі барлық құрамдас сәттерінің өзара дәйектілігінен көрініс береді. Егер бағдарлама құрылымында эксплициттілік бар болса, онда зерттеудің қатысушылары зерттеудегі рөлдері мен орнын анық әрі айқын біледі. Бағдарлама құрылымының дәйектілігі бағдарламаның құрамдас бөліктерінің айқын өзара түсініктемелеуінен, байланыстылығынан тұрады. Бағдарламаның икемділігі оның жүйелілігі арқылы көрінеді. Яғни, бағдарламаның бір бөлігіне өзгеріс енгізілсе, онда ол оның басқа бөліктерінде көрініс береді және соңғылары аса қиындықсыз бейімделе бастайды.

Осы тараудың басында берілген бағдарлама құрылымының 6 және 7 тармақтары бүкіл социологиялық зерттеудің дербес және тыңғылықты бөліктері болғандықтан, олар осы бөлімнің келесі жеке тараулары ретінде көрсетілген.

Жалпы алғанда, егер бүкіл бағдарламаның мағыналық құрылысын бейнелі түрде қысқаша қайталасақ, онда бүкіл бағдарламаны симфониялық шығарманың партитурасымен салыстыруға болады, бұл жерде проблема - баршаның, тәжірибешілердің де, орындаушылардың да назарын өзіне аудартатын аккордтық кіріспе; зерттеудің мақсаты мен болжамдары - қайталанып, бейімделіп, зерттеудің тұтастығы мен аяқталуына әкелетін арқаулар; операциялық ұғымдар - әрқайсысы керек уақытта және қажетті рөлдерде әрекетке кірісетін оркестрдің жекелеген құралдарының бір бөлігі; эмпирикалық түсініктемелеулер - нақтылау, зерттеуші мен респондент арасындағы өзара түсінуінде қажет ететін байланысты қамтамасыз етіп, барша үшін түсінікті болатын орындаудың жеке эпизодтарына ырғақ пен бейімділік беру.

11) Әлеуметтік зерттеулерге және эмпирикалық  әлеуметтануға қызығушылықтың өсуінің себептерін дәлелдеңіз

Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен  байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде  мәлімет алу және  оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт  өзара байланысқан  кезеңнен тұрады:

—    зерттеуге дайындық;

—    бастапқы ақпаратты жинақтау;

— жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге  дайындау;

— өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша,  есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым  бағдарлама  мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті  бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның  құрылымдық кезеңдері жөнінде  біршама тұтас  түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі  талдау объектісі  — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың  құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ  тәжірибелік құндылығы  жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық  зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.  Аналитикалық зерттеу дайындығы  біршама уақыт талап ететін, мұқият  құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және  бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

Қолданылған әдістер негізінде  бұл зерттеу  жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)

Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын  құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми  негізделу дәрежесінен  жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.

Социологиялық зерттеу  бағдарламасы – ғылыми құжат,  әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және  барлық бөлімдері бір  тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды  қолданудан тұрады.

Зерттеу бағдарламасы  екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және  әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің  негізделуі мен  тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын  анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері  кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,  зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Тәжірибенің белгілеуі бойынша,  бағдарламаны құрастыруға  зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу  бағдарламасы  оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының  кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін,   бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына  тоқталайық.

  Зерттеудің мәселесінің  тұжырымдалуы мен негізделуі

Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды.

Объективті  қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын,  зерттеу түрін  айқындайды.  (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын)

Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу  аралас болып табылады:  ол тек  тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ  ғылыми мәселелерді шешеді.

Мәселелік әлеуметтік жағдай  ғылыми мәселеде  нақты  бейнеленеді, онда ол  қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда  іске асырудың жолдарын мен  амалдарын білмеуден тұрады.

Егер әлеуметтік мәселені  белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады.  Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру  жатады.

Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде  едәуір толық және айқынды көрініс алуға  тырысады.  Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек.

Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.

Зерттеу мақсаттарын белгілеу

Социологиялық зерттеудің мақсаты  айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе  қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы   қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады   деген нақты сұраққа жауап беру керек.

Мақсат пен гипотезаларға  сай  зерттеу міндеттері  айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді.

Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа жауап ретінде  зерттеу мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары қандай деген ізденісінен  тұрады.

Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады.  Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша,  жаңа  зерттеу  дайындауға көмек көрсете алады.

 Зерттеу объекті мен  пәнін белгілеу

Социологиялық зерттеудің  объектісіне  кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір  қоғамдық қатынастар жатады.

Тар мағынада социологиялық зерттеу  объектісіне  қандай да бір әлеуметтік мәселенің,  яғни адамдар қауымдастығының  және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.

Зерттеу объектісін  суреттеу барысында  келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік,  тұрмыстық, саяси және т.б.),  уақытша шекаралары (зерттеу  жүргізу  мерзімін белгілейді).

Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға  байланысты белгіленеді(жұмыс күні, жұмыс сменасы).

Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін  едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен  жақтарынан тұрады. Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау

Зерттеудің жалпы  бағыты тұжырымдалған гипотезалармен  белгілену керек.

Гипотеза  — бұл  ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді  түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады.

Ғылыми гипотеза, тек  зерттеу объектісін алдын ала  талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы  мүмкін болады.

Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға  жауап беру керек:

1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының   теоретико-әдістемелік  негізі болатын, жалпы социологиялық қағида  принциптеріне сай келу керек;

2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда  ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек.  Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға  қарама-қайшы келуі мүмкін.

Гипотезалардың дәйектігін  өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты  гипотезалардың  мүмкін біршама көп санын  қоюға ұмтылу және  әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді  белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде  бейнелеу және  түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.

Бейнелеу — бұл  зерттеу объектінің  құрылымдық және функционалдық  байланыстары жөнінде  ұсыныстар.  Олар  әлеуметтік  объектінің классификациялық  сипаттамаларына жатқызыла алады.

Түсіндірмелі гипотезалар — зерттеу объектісінің  себеп-салдар  байланыстары жөнінде  ұсыныстарды белгілейді.

Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар  негізгі және қосымша болып ажыратылады.

 Зерттеу жиынтығын анықтау

Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.

Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру.

Көптеген әлеуметтік үрдістер  социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық  уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды.  Әрбір зерттеу жиынтығын  белгілі қасиет сипаттайды,  оның мәңі  бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын  үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық  негізінде  берілген қала  тұрғындарын, кәсіпорынның  өндірістік персоналын,  студенттерді және т.б. қарастыруға болады.  Генералды жиынтықтың берілген бөлігі  бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын,  сұрыптау жиынтығы деп аталады.  Сұрыптау жиынтығы  генералды жиынтықтың микромоделі  болып белгілену керек.  Сұрыптау жиынтығы  сапалық сипаттамалар мен бақылау  қасиеттері  негізінде зерттеледі және генералды жиынтық  құрылымымен сай келу керек.  Сұрыптау жиынтығының  элементтеріне  байқау бірлігі жатады.

Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын   элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады.

Генералды жиынтыққа  толық, айқын  сипаттама  беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады.  Сұрыптаудың негізгі принципіне  барлық генералды  жиынтық элементтеріне  сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету.  Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық  элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік  тізімі, пропуск номерлері және т.б.  қызмет ете алады. Сұрыптау түрі:

1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау  бірлігімен іске асырылады

2) жүйелік сұрыптау;

3) ұялы;

4) стратификациялық;

5) көпсатылы;

6) квоталық.

Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және  бастапқы социологиялық  ақпарат  жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың  логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде  бағдарламаға тіркеледі.

12) Социологиялық зерттеулер жүргізу арқылы  әлеуметтік  ақпараттар   алудың  өзектілігінің маңызын  әлеуметтік жұмыскер ретінде ашып көрсетіңіз

Әлеуметтік ақпарат алу мақсатында жүргізілетін социологиялық зерттеу түрлері

Іріктеу жиынтығы - дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.

Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - бағдарламаның мақсатымен анықталады (8).

Іріктеу көлемі - бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.

Сипатты есептеу

Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.

Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.

Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект (“N” қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).

Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы) айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол “қайталанған” респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.

Аймақтарда сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушының іріктеу жиынтығын бұзуы республика бойынша сұраудың жалпы қорытындыларында көрініс береді.

Қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру үшін қайталанбайтын іріктеудің квоталық және кездейсоқ деген екі негізгі әдістерінің бірін пайдаланған жөн.

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі) бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары - квота өлшемдері ретінде алға шығады.

Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Мысал:“N” қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді. Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі (статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы

Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

13) Әлеуметтік жұмыстағы  социологиялық  зерттеу әдістерінің классификациясын жасаңыз

Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз-зерттеіп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зертеулер:

қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сиапатын білуге жағдай жасайды;

әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді.

Экономикалық, саяси жән әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі.

Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методолгиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе, процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады. Социологиялық зерттеулер әлеуметтік процестер мен құбылыстарды танудың тек бір құралы болып табылады, сондықтан да оның нәтижесін асыра дәріптеуге болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жанында біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы. Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес, нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Ол теориялық болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады. Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: 1) дайындық кезеңі; 2) жорық кезеңі; 3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңі; 4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі.

Қолданбалы социологиялық зерттеудің дайындық кезеңінде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Дайындықтың сапалылығы болашақта жиналатын мағлұматтардың сапалылығын қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі.

Жорық кезеңі (немесе алғашқы мәліметтерді жинау кезеңі) мағлұматтарды “алаңнан” (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т.б) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу анкеталық, сұқбаттық, эксперттік,т.б) бақылау, құжаттарды талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу, қолмен атқарылады.

Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезінде жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады.

Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі-қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі – дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау тәсілі социологиялық зерттеудің түріне, оның мақсаты мен міндетіне байланысты таңдап алынады. Талдау барысында алдын-ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалынған жұмыстардың нәтижелері айқындалады. Қорытынды құжат зерттеудің түріне және тапсырыс берушінің өтінішіне байланысты жасалады.

14) Социологиялық болжаудың   әлеуметтік болжаудың  түрі ретіндегі ерекшелігін сипаттап, әлеуметтік жұмыс  саласында болжаулар  жасау қажеттігін негіздеңіз

Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.

Болашаққа болжам жасау- тар мағынада-болжамдау, кең мағынада –уақиғалар, құбылыстар туралы бар білімдер, бірақ тәжірибеде кездеспейтін.

Ғылыми болжам уақиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді.

Сыртқы белгісіне сәйкес, болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.

Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа белінеді: дербес эксперттік бага беру және коллективтік эксперттік бага беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалык анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік идеяны жинақтау («дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.

Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.

Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.

Жоспар жасау логикасы — барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:

1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының максаттарының жүйесін калыптастыру (логиканың негізгі пункті);

2. базистік   кезеңдегі   экономика  дамуын   талдау   және   оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;

3. жоспарлы  кезеңдегі  қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен кұрылымын аныктау;

4. қоғамның   қорлары   мен   кажеттіліктерін   үйлестіру   және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;

5. жоспар жобасын талқылау және бекіту.

Жоспар жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:

1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті  заңдарының талаптары, отандық   және   шет   елдік   тәжірибе   мен   ғылымының   жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені,    нақты    қалыптасқан    жағдаиларды    елемеумен    және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.

2. Жоспарлаудың   үздіксіз   болуы.   Ұзақ  мерзімдік  жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.

3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар   мен  жеке   адамдардың  мүдделерімен   қаншалықты  тиімді үйлескеніне     байланысты.     Аталған     мүдделерді     назарға     ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.

4. Жетекші   салаларды   белгілеу   аркылы   экономикада   тиімді үйлесімділікті     (сандық    катынастарды)    қалыптастыру    қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу — бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

5. Жалпымемлекеттік   жоспарлардың  бірлігі   мен   кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі — жоспардың     методологиясының, көрсеткіштер    жүйесі    мен    реттегіштерінін    бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі.    Жоспарлардың   кешенді    болуы   кез   келген

деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.

Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.

15) Болжаулық зерттеу  объектілерінің ерешелігіне әлеуметтік жұмыскер ретіндегі өз тұжырымыңызды  білдіріңіз

Кез-келген болжамдық зерттеу біртұтас базалық түсініктермен байланысты. Бұл түсініктер болжамның көптеген параметрлерімен сипатталады. Олардың қатарына: 1)болжаудың обьектісі , ол дегеніміз  адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай мегажобалар, аймақтық, салалық, микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-техникалық; 2)болжаудың формаларын көз алдына келтіру, яғни тапсырушының талабына сай, сондай-ақ оны жасаушылардың обьективті мүмкіндігіне сай болжау нәтижелерінің әртүрлі формалары болуы мүмкін (нүктелік, тренд т.б.); 3) болжауды алдын-ала білу кезеңі, яғни болжау жасалып отырған кезең алдын-ала білу кезеңі деп аталады және болжамдау мақсатына сай ағымдағы, қысқа, орта, ұзақ, өте ұзақ мерзімді деп бөлінеді; 4) болжаудың алғашқы негізі, яғни зерттелетін обьект не құбылыс туралы фактілік материалдардың болуы (фактографиялық құжат, эксперт пікірі); 5)Болжаудың әдістері мен құралдары өте алуан түрлі, ең көп таралған түрі экстраполяция, сараптау, нормативтік, ізденістік әдіс, т.б.; 6)Болжаудың сапасы, бұл дегеніміз кең мағынада алғанда болжамның негізділік, сенімділік, дәлдік, ақпараттылық, құндылықтарының бірлігі. Ал, болжаудың бағалау әдісін –болжаудың верификациясы деп атайды, ол болжамның бекітілуін қарастырады.

Сапалы әлеуметтік болжам алу үшін болжаудың ғылыми принциптеріне сүйену қажет, яғни жүйенің дамуын болжамдау саласындағы зерттеу жұмыстарының барлығы осы принциптер негізінде іске асырылуы тиісті, атап айтсақ: жүйелілік, келісушілік (ұйғарушылық), варианттық, үздіксіздік, верификациялану, тиімділік принциптері.

Әлеуметтік болжам жасау үшін зерттеуші төмендегідей қадамдарды жүйелікпен жасап отыруы тиісті:1) проблеманы анықтау; 2) ақпаратттарды зерттеу; 3) әдіс таңдау; 4) болжамдық ақпараттың генерторын құрастыру; 5) нәтижелерді талдау; 6) болжамдық ақпараттың генераторын жүйелі эксплуатациялау, обьектіні мониторингтан өткізу.

Болжам деп зерттелетін  обьектінің  болашақтағы мүмкін жағдайлары туралы, оның дамуының альтернативтік жолдары туралы түсінікті айтамыз. Болжамды жасау процесі болжау деп аталады.

16) Әлеуметтік жобалардың мәні және түрлері, жобалармен жұмыс істеу алгоритмі туралы кешенді ақпараттық мәліметтер беріңіз

«Жобалау» сөзі латынның «projektus» - «алға тасталған « деген сөзінен келіп шыққан. Жобалау обьектінің мүмкін не болжанатын прототипін не пробразын жасау. Жобалау жаңа құбылыстар мен процестердің болжанған не жоспарлық дамуының ғылыми-теориялық не практикалық негізделген анықтамасын беруге бағытталған ерекше қызмет түрі. Жобалау – ерекше әдістер тәсілімен болжанатын обьектінің, құбылыстың пробразын жасау, шындықтың бейнесін алдын-ала берудің бір формасы. Жобалау нақты мағынасында басқарудың болжамдық функциясын білдіреді, оның мақсаты болжанатын обьектіге қалаған сиапт пен белгі беру үшін қайта құру варианттарының бірін іске асыру болып табылады. Әлеуметтік жобалауды іске асырудың белгілі мерзімінің болу да, болмауы да мүмкін. Жобалауды терең түсіну үшін оны «жоспарлау», «алдын-ала көру», «болжамдау», «құрастыру», «моделдеу» ұғымдарымен салыстырып көру керек. Мысалыға, жоспарлау –бір құбылысты өмірге енгізу үшін ғылыми –практикалық негізделген міндеттерді, мерзімді, қарқынды мақсатты  анықтау. Алдын-ала көру дегеніміз –қолдағы тәжірибеде тіркелмеген, бірақ өмір сүрп жатқан оқиғалар туралы білім, алдын-ала анықтау.  Ал, әлеуметтік жобалау дегеніміз –әлеуметтік обьектілерді, әлеуметтік салаларды, процестерді және қатынастарды жобалау. Әлеуметтік обьектілерді жобалаудың жаратылыстанулық жобалардан айырмашылығы бұнда субьективті факторлар міндетті түрде есепке алынуы қажет.  Ол көп жағдайда әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындайды. Олар төмендегілер:

-әлеуметтік обьектілердің қайшылығы;

-әлеуметтік обьектілердің дамуының көп векторлығы;

-әлеуметтік обьектіні кез-келген әлеуметтік теорияның соңғы мөлшерімен суреттеудің мүмкін еместігі;

-әлеуметтік обьектінің дамуына қатысты тиісті және маңыздының арақатынасын анықтайтын субьективті құрастыруың өте көп болуы;

-әлеуметтік обьектілердің көп факторлығы, яғни оған обьективті де, субьективті де факторлар әсер етеді.  Аталған факторлар әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындайтын себептердің соңғысы емес, олар тек оның басқа обьектілерден айырмашылығының бар екендігін көрсететін жүйе ғана.

Әлеуметтік жобалау болжамның негізділігін бағалайды және әлеуметтік дамудың  ғылыми негізделген жоспарын жасайды. Әлеуметтік жобалауды «әлеуметтік құрастыру» деп те атайды. Әлеуметтік болашақты құрастыруға мынандай жағдайлар мүмкіндік береді:

-барынша мүмкін тенденциялармен қатар мүмкіндігі барынша аз тенденциялар қатар өмір сүреді;

-әдетте әлеуметтік обьектілерді әлеуметтік ресурстардың ішкі қоры бар, ол бұл әлеуметтік міндетті шешуде іске қосылуы мүмкін;

-қоғамдық құрылымдарға маңызды деформациялар (түр өзгеру) тән, оны болашақ дамудың қалайтын вариантын  іске асыруда пайдалануға болады;

-мазмұны бойынша жақын перспективалық мақсаттар бір-бірімен ауыстырылуы мүмкін, ал бір  мақсат түрлі құралдармен іске асырылуы мүмкін.

2. Әлеуметтік жобалаудың басқа да  білім салалары сияқты өзіндік элементтері бар. Ол элементер (маңызды теориялық категориялары) : құрастыру, система, жобалау субьектісі мен обьектісі, әлеуметтік технология, әлеуметтік жобалау әдістері, жобалау жағдайлары,  әлеуметтік  жобалау механизмдері жатады.

Әлеуметтік жобалаудың субьектісіне (жобалауды іске асырушылар) – әртүрлі деңгейдегі басқару қызметін атқарушылар,  яғни жеке тұлғалар, ұйыдар, коллективтер, әлеуметтік инстиуттар жатады, олардың басты мақсаты әлеуметтік шындықты мақсатты, ұйымдасқан түрде қайта құру. Жобалаудың субьектісіне қажетті белгілер: әлеуметтік белсенділік, тікелей жобалау жұмысына қатысу.

Әлеуметтік жобалау обьектісіне (жобалау процесі іске асырылатын жер):

-қоғамдық индвид ретінде адам, оның қажеттіліктері, қызығушылығы, қатынас жүйесіндегі ролдерімен  құндылық бағдары, әлеуметтік статусы;

-қоғамның әлеуметтік құрылымының подсистемасы мен әртүрлі элементтері (еңбек коллективі, аймақтар, топтар, т.б.) ;

-әробразды қоғамдық қатынастар  (саяси, идеологиялық, басқару, эстетикалық, адамгершілік, отбасылық-тұрмыстық, жеке тұлғалар арасындағы).

Жобалау міндетті түрде белгілі кезеңдерден өтеді, жобалау кезеңі дегеніміз – әлеуметтік жобаны жасайтын тәсіл, әдіс, ережелер, процедуралар, операциялар (оның негізгі кезеңдерін проблеманы анықтау, әлеуметтік заказ, әлеуметтік төлқұжат, верификациялау, түзету, жоба дайындау құрайды).

Әлеуметтік жобалау технологиясы дегеніміз – әлеуметтік заказды іске асыруға, белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әдіс-тәсілдер, дағдылар жиынтығы, әлеуметтік қызмет актілерінің уақыт пен кеңістегі бірізділігі. Технологиялар көмегімен абстрактылы нәрселер нақты бұйрық, шешім, норматив, ережелерге айналып, адамның әлеуметтік белсенділігін қажетті әрекетті орындауға тиімді бағыттайды.

Әлеуметтік жобалаудың жағдайлары деп жобалау қызметіне ықпал ететін әлеуметтік процестер мен құбылыстар жүйесін айтамыз. Жобалау қызметінің жағдайының көп компоненттері бар: қатынастар, процестер, орта, әрекет, қызмет, құралдар.

Әлеуметтік жобалау принциптеріне тоқталайық:

қоғаммен «өмір сүру» принципі, яғни әлеуметтік жобалаудың өз қызметінің жаңа құндылық негіздерімен, өзара әрекеттің өз нормаларымен қоғаммен өмір сүру; 

өзін-өзі дамыту принципі, яғни әлеуметтік жобалаудың қайнар көзі  қоғамның өзін-өзін дамытуға деген қажеттілігі ғана болуы мүмкін;

әлеуметтік жауапкершілік принципі, яғни әлеуметтік жобалау өмір сүріп тұрған заңда көрсетілмеген коллективтік нормалар мен ережелер жасау болып табылады, ал жобалаушы субьектінің бұл нормалар мен ережелерден ауытқымауы қоғам мен жеке тұлға бойында құқықтық мәдениеттің қалыптасқандығының дәлелі болып табылады;

әлеуметтік міндеттілік принципі, яғни әлеуметтік жобалау әлеуметтік міндеттіліктің сыни ойлау, ашықтық, плюрализм және шыдамдылық сияқты сапаларын қалыптастыруға негізделеді. Әлеуметтік міндеттіліктің көрсеткіштері қоғамдағы әртүрлі қоғамдар мен қорлардың, қоғамдық бірлестіктер мен ассоциациялардың қызметі болып табылады;

халықтың кең қабатына үздіксіз білім беру принципі, яғни болашақты жоспарлау – бұл адамның жаңа білім мен біліктерге орасан зор қажеттілігін сезінетін ситуация;

әлеуметтік жобалау субьектілерінің мүдделері мен мақсаттарын үйлестіру принципі;

болашаққа ашықтық принципі, ол әлеуметтік жобалау субьектілерінің бірлестіктерді дамытудың перспективалы стратегиялық мақсаттары жанында шоғырлануын және бұндай мақсаттарды ұсыну қабілетінің болувн қалайды;

бірлестіктердің автонмиялық принципі, әлеуметтік жобалауда бұл принцип жобалайтын құрылым ретінде жеке алынған бірлестікті бөліп қарайды. Бірлестік ұйымдардардың әртүрлі көлемі бола беруі мүмкін: елді мекен, ірі қала, кіші қала, аймақ.

3.Әлеуметтік жобалаудың басты мақсаты басқару қызметінің ерекше түрі ретінде – информациялық массивтің көмегімен жоба жасау. Әлеуметтік жоба ақпараттардың дерегі ретінде әлеуметтік жүйе не процестердің болашақ қаланып отырған күйі туралы нақты білім беретін ғылыми негізделегн сипаттама. Әлеуметтік жоба тапсырма беруші модель болып табылдаы. Жобада обьектінің өзіміз қалап отырған күйі бейнеленеді, ол адамдардың белгілі бір әрекеті, финанс, еңбек, материалдық, отын – энергетикалық, т.б. ресурстар арқылы пайда болады.

Әлеуметтік жобаға мынандай белгілер тән:

-жобаланған обьектінің нақты жобасыз пайда бола алмайтын сипатының болуы;

-әлеуметтік тапсырысты іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті параметрлердің болуы;

- белгілі бір уақыт аралығында іске асырыла алатын сипатының болуы.

17) Әлеуметтік зерттеулердегі әдістер классификациясы: сандық және сапалық әдістер. Олардың негізгі ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

18) Әлеуметтік зерттеулердің  сандық әдістерінің жалпы сипаттамасын  жасаңыз.

(ответьтері бір)

Сандық әдістер деп жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі пікір сұрау жүргізуді айтады. Сандық әдіс - қазіргі математика мен есептеуші техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, әлеуметтанулық мәлімет жинақтауда қолданылатын әдістер, тәсілдер, процедуралар жиынтығы. Сапалық талдаулармен тығыз байланыста болады. Саясатта, әлеуметтік басқаруда іс жүзінде әлеуметтанулық білімді қолдана отырып, статистикалық және динамикалық заңдылықтарды терең зерттеуде маңызды рөл атқарады  Сандық зерттеулердің ерекшелігі: «Қанша» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндігі, зерттеліп жатқан параметрлердің таралуын бағалауды мүмкін етеді, сонымен қатар, олардың көлемін де: нарықтағы үлесін, белгілілігін және т.б.   Сандық зерттеу әдісінің артықшылығы:

Зерттеу объектіліерін үлкен көлемде қамту (респонденттер, орындар және т.б.). бірақ та қол жеткізуге қиын түсетін сегментерді (мысалы, жоғарға/төменгі қабаттағы халық) дәстүр бойынша сапалық зерттеу әдісін пайдаланады (case study)

Сұрау қатысушыларының анонимді қалу мүмкіндігі бар. Сандық сұрауды өткізуге арналған сауалнама анонимді сипатта болуы мүмкін. Сандық сұрау өткізу кезінде интервьюер респонденттің аты-жөнін, оның мекен-жайы мен телефонын біледі, бұл өз алдына интервьюерлердің жұмыстарын сапалы тексеру жүргізуге жағдай туғызады.

Көрнекті материалдарды пайдалануға болады (карточкалар, фотосуреттер, жарнама плакттары және т.б.).

Сандық зерттеулердің түрлері Әртүрлі форматтағы алғашқы ақпаратты жинауға мүмкіндік беретін сандық зерттеулердің бірнеше түрлері бар:

- Жеке сұрау

- Көшеде жүргізілетін интервью

- Сатып алу орындарындағы интервью

- Пәтерлік интервью (іріктеудің максималды репрезентативтілігін қаматамасыз ете алатын болғандықтан, ең кең тараған әдіс болып табылады)

Іріктеу мен сауалнама

Респонденттерді іріктеу процессі өте маңызды болып табылады. Репрезентативті іріктеу кезінде респонденттерді іздеу белгілі қадам бойынша кездейсоқты жолмен жүргізіледі. Мысалы, әр бесінші пәтер сұрауға қатысады, пәтерде кімнің туған күні сұрау өткізу күніне сай келген адамға ғана сұрақтар қойылады (бұл әдіс кездейсоқтықты қамтаммасыз етеді).    Мақсатты іріктеуде, респонденттер арнайы дайындалған квоталар бойынша сұрастырылады (мысалы, айына сән салонына бірден жиірек баратын, 30-40 жастаға әйелдер). Жыл ағымындағы жалпы Республикалық статистика негізінде дайындалған квоталық жоспарлар әр интервьюерлерге беріледі (мини-модель дайындалады, мысалы, қалалық әйелдері).   Бір жобаның шеңберінде сұралатын респонденттердің көлемі, мақсатты нарықтың масштабына байланысты. Ол 300-ден 2000 адамға дейін өзгеріп тұрады. Сұрауға, респонденттердің аз көлемде қатысуы, алынатын мәліметтің дұрыстығына кері әсерін тигізуі мүмкін, демек, зерттеу нәтижелерінің негізінде қабылданған маркетингтік шешімдердің дәлдігіне күмән тууы ақиқат. Сандық зерттеуді өткізу үшін сауалнамаға жинақталған сұрақтар тізімі дайындалады. Сауалнама өзінде жабық сұрақтар (ұсынылған варианттарының ішінен жауап беруді талап ететді) ғана емес, ашық сұрақтарды да кіргізеді (респоденттің ашық және толық жауап беруін жорамалдайды).   Сандық зерттеуді өткізуде сауалнама мен іріктеуді дайындау мәселесі өте маңызды болып табылады. Сандық мәліметтерді жинаудың жартылай табысты болуына дұрыс құрастырылған сауалнама мен дұрыс іріктелген респонденттер қамтамасыз етеді. 

Сапалық әдіс ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, бейнежурналдар және әңгімелер қолдануға негізделген.

Сапалық зерттеулер өзіне, алғашқы деректерден жиналған мәліметтерді жинау мен талдауды қамтиды. Сапалық зерттеудің кең тараған әдістеріне фокус-тобы мен тереңдік сұхбат әдістері жатады. Олар адамдар мінез-құлқының сандық емес, сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған.Егер сандық зерттеу түрі «қанша?» деген сұраққа жауап берсе, сапалық зерттеуді қолданған кезде, біз «неге?» деген сұраққа жауап алу мүмкіндігіміз болады. Сапалық зерттеу бірінші кезекте зерттеліп жатқан праблемадғы бар, әр түрлілік пікірлерді жинауға мүмкіндік береді.

 

Соншалықты сирек болып көрінбесе де, зерттеушілерге бар пікірлердің бүкіл спекторын жинақтап алса ғана сапалық зерттеу берік және толық болып саналады. 

Сапалық зерттеу әдісінің түрлері:

1. "Фокус" әдісі

2. "Мәселелі дөңгелек" әдісі

3. "дельфи" әдісі

4. "Миға шабуыл" әдісі

5. "БОУ" әдісі

6. "Кейс стади" әдісі

19) Әлеуметтік  зерттеудің сапалық  әдістері: бақылау, құжаттарды талдау,  биографиялық әдіс, тереңдетілген сұхбат, фокус-топ т.б. әлеуметтік мәселелерді зерттеудегі рөлін бағалаңыз

Бақылау әдісі деп – зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз. Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі.

Құрылымдық бақылау - белгілі бір бағдарламамен, жоспармен жасалған, егжей-тегжейлі құрастырылған бақылау түрі.

Құрылымдық емес бақылау - аяқасты жасалған, ешқандай жоспарсыз, бағдарламасыз жасалған бақылаудың түрі.

Ашық бақылау - бақылауға түсіп отырған адамдардың өздерінің бақылауға түскендерін білуі, яғни, ашық түрде зерттеудің алынуы.

Оған мысал ретінде, 1927-1932 жылдары америкалық компанияның жүргізген "хоунторндық әсер" атты бақылауды ала аламыз. Өнім шығаратын компанияда, бақыланушылардың еңбек тәжірибелерін сынауға алады. Оларға бақылауға алынасыңдар дей отырып, жұмыс алдыға қарай домалады. Шығын мүлдем болмады, ол ненің арқасында? Жұмыскерлердің бақылауға түсетіндігін білуде, олар соны біле отырып барынша жұмыс істеп, көзге түсуді ойлады.

Жабық бақылау дегеніміз - адамдарды жасырын түрде бақылау. Жабық бақылау кезінде бақылаушы белгілі бір тәртіпті сақтау керек: ол адамгершілік тәртібі.

Жасырын қадағалау ашық байқау барысында анықтау мүмкін емес түрлі бейресми әлеуметтік құбылыстардың себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы - қаңғыбастар мәселесі туралы Америкалық социолог Н.Андерсен өткізген бақылауды алсақ болады.

Далалық бақылау - практикалық бағдарланған бағалау арқылы жүзеге асатын зерттеу әдісі. Әлеуметтік жұмыста өте қолайлы әдіс.

Зертханалық зерттеу - практикалық шешімдер қабылдау үшін қажет объективті ақпарат алу үшін өте қолайлы әдістің бірі.

Жүйелік бақылау - белгілі бір ретпен жүргізілетін бақылаудың түрі.

Жүйелі емес бақылау - ретсіз, бірақ ауқымды болатын бақылау әдісінің бір түрі.

Құжаттарды талдау – алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерді құжаттар арқылы зерттеуге болады. Құжаттардан жеке адамдардың, ұжымдардың, халықтардың үлкен топтарының және қоғамда жүзеге асырылып жатқан іс-әрекеттердің нәтижелері туралы мәліметтерді табуға болады. Қолданбалы әлеуметтануда құжаттарға, бірінше кезекте сақтау, ақпарат беру мақсатында басылған немесе қолдан жазылған материалдар кіреді. Өте кең түрде алғанда, құжаттардың қатарына мемлекет және үкімет актілері, статистикалық жинақтар, санақ материалдары, көркем шығармалар, ғылыми мақалалар, газет, журнал, радио және теледидар хабарламалары, өмірбаяндар, фото-материалдар, дыбыс баспалары т.б жатқызуға болады.

Құжаттарды талдау

Сырттай Іштей

Құжаттардың пайда болу жағдай- Бұл құжаттың тікелей мағынасын

ларын зерттейді. Тарихи, әлеуметтік зерттеу, құжатта айтылған құбы-

шығу жақтарын қарастырумен байла- лыстар мен процестерге назар аудару.

нысты.

Қ ұжаттарды талдаудың екінші түрі

Сандық ( Контентті талдау) Сапалық (Дәстүрлі талдау)

Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді:

 Дәстүрлі әдіс талдау ретінде құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі.

 Классикалық әдіс – сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (TV және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.

Биографиялық әдіс

Егер клиникалық дәрігер пациенттан қажетті ақпаратты алуға мүмкіндігі болса, әлеуметтік дәрігердің ондай мүмкіндігі жоқ. Себебі, егер әлеуметтік дәрігер пациентпен контактқа түспей жатып, өмірбаянын сұрай бастаса, онда пациент беймаза жағдайға түседі.

Биографиялық әдіс адам өмірінің кейбір параметрлеріне биологиялық параметрлердің қалай әсер ететінін зерттейді және керісінше.

Биографиялық әдіс әлеуметтік медицинада және психогенетикада оны толықтыратын екі қосымша әдіспен көршілес: популяциялық және генеалогиялық. Әлеуметтік дәрігер үшін бұл әдістер әлеуметтік зерттеудің дербес әдісі болып табылмайды.

Гендерлік саясаттың мақсат пен мәінденттері сонымен қатар  жеке тұрғыдан да анықталады, немес, жаңа биографиялық тарихпен сипатталады. Бұл жаңа биографиялық зерттеулер шеңберінде жүйелік құрылымдық негіздер жасалу шаралары қарастырылды, және әлеуметтік мәдени мен психологиялық қадамдар іс тәжәрибеде сынақтан өткізілді. ХХ ғасырдың көпетегн тарихшыларды зерттеуге итермелеген және тарихнамада ұзақ уақыт жетекші орын алған тарихтағы макросараптамалық қанағаттандырылмаушылығы болды..Бұл мәселелер толық түрде рухани мәдениет мәселелерін зерттеумен айланысатындармен де шешіле алмады. Мысалы ділдер тарихын зерттеуші тарихшылар басыннан бастап аз өзгеретін тұлғалық емес қоғамдық сана құрылымдарына назар аударды. Осыған байланысты тарихшылардың қызығушылығы қатардағы адамнаннемесе орта тұлғадан нақты индивидке ауысты. Бұнда ол біржақты емес, қиын жағдайларда шешім қабылдай алатын индивид еді.  1980 жылдары микротарихтың кең етек алуына байланысты биография жанрындағы жұмыстар көлемі көбейді.  Биография жанры тарихтың ерте кезеңдері үшін деректемелік базасында қатаң шектеулерге ие. Әсіресе қоғамның төменгі және жоғарғы қабаттарын зерттеуде бұл ерекше көзге түседі. Сондықтан зерттеуге элиталық қатардың өкілдері анағұрлым оңтайлы.  Олардың санасында көбіне гендерлік және әлеуметтік компоненттер айқасқан. Жаңа жеке тарихта индивидуалды биографиялар макросараптама тұрғысыннан қарастырылады және әлеуметтік контексті анықтауда қолданылады.  Биографиялық әдіс микротарих принциптерімен байытылып және бұл гендерлік тарихтағы бірқатар мәселелерді айшықтауға мүмкіндік берді, бұлар-адамның қоғамдағы қабылдануына матриоманиалды статустың рөлі, өмірлік циклдың әр кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері, рөлдік жүктеулер және қысқартулар, қоғамның девианттық әрекетке реакциясы.  Қоғамдық сананың ерлермен жасалған стереотипі әйелдердің әрекеттік стереотипін детерминациялағаны көрсетілді. Бұл әйелдердің жыныстық әрекетін басқаруға арналған, тәрбиненің қаталдығын көрсетті, білім жағдайын, киім үлгісін, сөйлеу мәнерін, жұпты таңдаудағы шектеулерді, іскерлік әрекет түрлерінің шектемесін көрсетті.  Осы шектеулерден шығудың салдары трагедиялы болды.Осымен қатар әйелдік биография , әйелдік персоналды тарих өзімен бірге ерлер тарихынан ақпаратты қоса ала жүрді.  1990жылдары әйелдер тарихының кезеңдестіру мәселесі қайта ойластырыла бастады , өйткенібұл кезеңдемтіруді екі жыныстың да қатынас тарихын еске ала отырып жүргізу қажет еді. Қазіргі таңда мұндац кезеңдестіру әртүрлі тарихи кезеңдерде бір бірінен өзгешеленетін механизмдерді зерттеу жолында ғана мүмкіндік алады. Олар әйелдердің жыныстардың арасындағы айырмашылықтардың билік ету түсініктерін мойындатуға кепілдік беруге арналған. Ал бұлар өз кезегінде белгілік, мәдени зорлықты іске асырудың әдісі  еді. Барлық тарихи дәуірлерде ерлер мәдениеті биліктің патриархалды қатынастарын орнатуға және  нығайтуға ұмытылды. Бұл қатынастар  тарихи – мәдени түрде қалыптасқан және оларды табиғи, түп негізді әрі бүкіл ортақты етіп көрсетілді.  Гендерлік тарихтың кезеңдестіру мәселесінің негізгі мағынасы мынада- әртүрлі тарихи дәуірлер үшін жыныстар арасындағы әлеуметтік рөлдер мен функциялардың айырмашылықтарын құрайтын және көрсететін механизімдерді анықтау. Бұл жолда гендерлік тарих әлеуметтік тарихпен байланысқа түседі және қоғамдағы «әлеуметтік » категориясын түсінігін байыта түседі.  Тарихшылармен қатар гендерлік қатынастар мәселесімен философтар да айналысады. Бұл жерде, философиялық ортада гендер әйелдер табиғатының ерекшелігін бейнелейтін « бытийствелік » категория ретінде көбірек қабылданады. Осы категориялар барлық тарихи уақыттарда ерлердің рухани-психолгиялық құрылымынан ерекшеленетін айрықша белгілерге ие.  Гендерді зерттеуде философтардың негізгі басымдықтары гендерлік тарихтың әр тарихи кезеңдегі тарихи спецификасын көрсетуге тырысатын тарихшыларға қарағанда олар әйел спецификасы ерлермен салыстырғанда ешқашан жоғалмайды деп көрсетеді және бұл гендерлік қатынастарда таусылмас қайшылықтар туғызады. 

Миға шабуыл әдісі –коллективтік жұмысқа құрылған, қысқа уақыт ішінде обьектінің дамуының мүмкін варианттарын анықтауға бағытталған, коллективтік идеяға (миға шабуыл) негізделген әдіс. Миға шабуыл әдісіне идеяларды коллективтік генерациялау және проблемаларды творчестволық тұрғыдан шешу тән. Миға шабуыл таңдалған тақырып бойынша кез-келген идеяны генерациялаудың еркін, құрылымдық емес процесі. Қатысушылардың саны 6-12 адам болуы керек, мүмкіндігінше әртүрлі мамандық мен кәсіп иелерінің басын біріктірген жөн.

Тереңдетілген интервью - арнайы жоспар бойынша жүргізілетін, респондентті ынталандыру мақсатында ұзақ және мұқият пайымдау үшін қызығушылықты оятатын сұрақтармен жасалған бейресми жеке әңгімелесу әдісі.

Тереңдетілген интервью басқа адамдардығ көзінен бөлек, арнайы бөлмеде, немесе телефон арқылы өткізіледі. Бірақ, телефон арқылы болған интервьюдің сапасы төмен болады, яғни, респонденттен шынайы жауап ала алмайсың, соның арқасында нәтижесі төмен болады.

Тереңдетілген интервьюдің мақсаты: респонденттен сұрақтарға толық жауаптар алу және оның зерттеуде дұрыс пайдалану.

Тереңдетілген интервьюдің мүмкіндігі - оны білікті психолог жүргізеді, оның міндеті - респонденттің шынайы бет-бейнесін көріп, түсіну, оның сұраққа қаншалықты шынайы жауап бергендігін білу.

Тереңдетілген интервьюдің құрылымы - интервью белгілі бір мәселеге байланысты сұрақтар аясында болады. Оның сұрақтарын алдын ала мұқият құрастыру қажет. Интервью 30 минуттан бастап 3-4 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Интервьюдің 2-3 респондентпен бірге жүргізуге болады. бірақ, ең тиімді ол 1 респондентпен интервью жүргізу.

Тереңдетілген интервьюдің техникалық жабдықтары - арнайы дайындалған сұрақтар, аудиожазба, бейнежазбаға арналған құрылғылар.

Тереңдетілген интервьюдің артықшылықтары:

Респонденттен "терең" түрде басқа әдістер арқылы ала алмайтын тікелей ақпарат ала аласыз;

Респонденттің жекелеген санаттарын, пікірін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді;

Көрнекі материалдардың барынша пайдалануына мүмкіндік береді;

Проекциялық әдістерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді; (Және т.б., мысалы, сурет және түсі сынақтардың, еркін және бағытталған бірлестіктер,) проекциялық техниканы пайдалану кез келген мәселе бойынша респонденттердің пікірлерін туралы, сондай-ақ тұтастай оның жеке ерекшеліктері туралы ғана емес, қосымша ақпарат алу үшін мүмкіндік береді - ақпараттың бұл түрі зерттеуге айтарлықтай өз көмегін береді.

Тереңдетілген интервьюдің кемшіліктері:

Көптеген респонденттерден бір мезгілде интервью ала алмайсың;

Тереңдетілген сұхбаттың респондентке беретін әсері, оның жеке қасиеттеріне, беретін ақпаратқа;

Нәтижені анализдеу қиындығы;

Уақыт тиімсіздігі; Тереңдетілген сұхбат уақытты көп алады, огның себебі бір мезгілде бірнеше респонденттен интервью ала алмау және сұрақтарды дайындау ұзақтығы

Әлеуметтік жұмыстағы тереңдетілген интервьюдің қолданылуы. Әлеуметтік жұмыста тереңдетілген интервью кеңінен қолданылады. Себебі, бұл сұхбаттың түрі арқылы белгілі бір мәселені зерттеу өте тиімді. Оны толығымен ашып, керекті мағлұматтарды жеткілікті түрде ала алуға мүкіндік бар. мысалға, қарттар мәселесі бойынша тереңдетілген интервью жүргізді делік. Сен тереңдетілген интервью арқылы , тереңдетілген сұрақтар арқылы қазіргі жас отбасылар мен егде жастағы отбасылардан қарттар туралы олардың ойын тереі біліп, қарттар толық мағлұмат ала аласың.

Фокус-топ топтық пікірталастың түрі ретінде.  -

Фокус топ - XX ғасырдың 60-жылдарының соңында пайда болған саяси әлеуметтану ғылымының сапалық әдісі. Қазіргі кезде маркетингтік зерттеулерде кеңінен беру қажет жағдайда қолданылады (мысалы, сайлау стратегиясын таңдауда, аймақтың, ауданның тұрғындарымен кездесу барысында кездесетін сұрақтарды анықтауда және тағы басқа). Мәні жағынан фокус топтар - талқыланып отырған сала бойынша сарапшы болып танатын адамдардан сұхбат алу. Кез келген сұхбат түрі сияқты мұнда да, алдын ала жоспар құрып, пікір алмасуға қажетті сұрақтарды әзірлеп алу қажет. Бүл әдіс фокус-топ модераторының суырып салмалығына жол береді. Фокус-топтық зерттеулер мақсаты қандай да бір мәселе бойынша пікір алуандығын анықтау болып табылатын бірнеше пікір алмасудан тұрады. Оның пікірталастық түріне пікірталас, белгілі бір көп адамдар бар ортадағы әңгіме жатады. Бірнәрсені талдау, ол туралы түрлі ойлар, және қорытынды - оның негізгі мақсаты.

20.Әлеуметтік болжаудың ұғымдық аппараттары мен әдіснамалық негіздеріне әлеуметтік жұмыскер ретінде баға беріңіз

Әлеуметтік болжау деп - қоғамда қандай да бір әлеуметтік мәселеге қатысты талдау бірлігі ретінде ғылыми тұрғыда негізделген бағалау көрсеткіштерін айтамыз. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік божаудың негізгі мақсаты - әлеуметтік объектінің қай бағытта дамуын айқындайтын ғылыми негізделген ұсынысты дайындау.

Болжаудың негізгі міндеттері:

1. объектінің болашақта даму мүмкіндігі, болашағы туралы мақсат міндеттер қояды;

2. мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді.

Болжаудың негізгі функциялары:

1. ориентирлік

2. нормативтік

3. ескерту функциялары

Болжаудың негізгі қағидалары:

1. жүйелілік

2. келісімге келу

3. қосалқы варианттардың болуы

4. үздіксіз даму

5. шынайы болу (верификация)

6. нәтижелі болу.

Әлеуметтік болжаудың әдістері:

1. Экстрополяция

2. Модельдеу

3. Экспертті бағалау әдісі

Болжаудың көріпкелдік, интуиция, гипотезадан айырмашылығы - әлеуметтік объектілердің нәтижелеріне сүйене отырып, жүзеге асырады.

Әлеуметтік болжаудың объектісі ретінде - қоғамда орын алған құбылыс, процесс, әлеуметтік жүйені айтамыз.

Прогностиканың негізгі немесе базисті ұғымдары мыналар (келесілер) болып табылады.

1) Болжам нұсқасы – болжау объектісін болуы мүмкін болжамдар тобы құрайтын, болжамдардың бірі.

2) Болжау әдісі – болжам жасауға бағытталған, болжау объектісін зерттеу тәсілі.

3) Болжау әдістемесі – нақты объектілердің болжамдарын өңдеу әдістері мен ережелер жиынтығы.

4) Болжау объектісі – болжау субъектісінің іс-әрекеті бағытталған процесстер, құбылыстар және оқиғалар. Объектінің табиғатына қарай әлеуметтік ғылыми-техникалық экономикалық- экологиялық және басқа объектілерді бөлуге болады: Болжау субъектісінің оған әсер ету мүмкіндігіне байланысты басқарылатын және басқарылмайтын объектілер.

5) Болжам тұтынушысы – ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе болжамның нәтижелерін қолданушы жеке тұлға, ол кейбір жағдайларда болжамға деген тапсырманы беруші. Кейде тұтынушы тапсырыс беруші болуы мүмкін.

6) Болжаудың амалы (тәсілі) – болжам жасау процесінде нақты нәтиже алуға бағытталған бір немесе бірнеше матеметикалық, логикалық және басқа операциялар мысалы: а) Сарапшылардың баға беруінің орташа өлшенген мәнін есептеу: б) Сарапшының біліктілігін анықтау в) Қозғалыс ретін теңестіру және т.б.

7) Болжамдық үлгі – болжау объектісінің үлгісі оны зерттеу болашақта және оларды іске асыру мерзімдері мен жолдарында объектінің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Кесте түріндегі болжамдық үлгі «болжау объектісінің кесте — үлгісі» немесе «кесте үлгі» деп аталады.

8) Болжамдық қабат, астар (фон) – болжам тапсырмасын шешу үшін маңызды болжау объетісіне қатысты сыртқы жағдайлар (факторлар) жиынтығы.

9) Болжау жүйесі – болжау әдістерінің және оларды жүзеге асыру жолдарының жүйесі, ол болжаудың негізгі принциптерімен сәйкес қызмет етуші.

10)Іске асыру құралдары – Сарапшы топтары, ұйымдастыру іс-шаралары техникалық құралдар және т.б. табылады. Болжау жүйелері автоматталған және автоматталмаған болуы және басқарудың түрлі деңгейлерде өңделуі мүмкін.

11)Болжау субъектілері – осы болжамды жасаушы ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе жеке тұлға.

12)Болжау кезеңі — өзінің міндеттері әдістері мен нәтижелерін сипаттайтын болжамдарды жасау процесінің бөлігі. Кезеңдерге бөлу, болжау субъектілерін жүйелі сипатының құрылу ерекшелігімен болжам фонының деректерін жинау, іздеу және нормативті үлгілерін құру, болжам верификациясымен байланысты. Болжауға қатысты операциялардың алдында болжамдық бағдар ерекше орын алады.

Болжау аппараты 

Болжаудың фактографиялық әдістері.

Болжаудың фактографиялық әдісі – бұл фактографиялық ақпаратқа негізделген әдіс. Әлеуметтік және экономикалық болжауда қолданылатын негізгі фактографиялық әдістер, осы әдістердің қысқаша сипаттамалары 2-кестеде келтірілген.

Болжаудың фактографиялық әдістері.

Әдіс

Әдістің қысқаша сипаттамасы

1

2

3

1

Авторегрессионды

Талдауға және динамикалық қатардың мәндерінің корреляциясын олардың арасындағы уақытша интервалды қолдануға негізделген стационарлы кездейсоқ процестерінің болжау әдісі.

2

Үйлесімді таразылар

Үйлесімді таразылар көмегімен осы сызықтың нүктелерін аппроксимилденген сызық кесінділерін өлшеу.

3

Аргументтерді топтық есептеу

Бастапқы динамикалық қатардың бөлшектік аппроксимациясының болжаушы қызметінің түрлері немесе өлшемдері.

4

Интерполяциялар (болжамдық)

Болжау объектісінің дамуының шарттарын және шектеулерін есепке алу арқылы іске асатын аппроксимирлі қызметті таңдау болатын, математикалық интерполяциясы.

5

Тарихи аналогия

Болжау объектісінің аналогиясы оның дамыған табиғаты бойынша онымен бірдей объектіні орнату және қолдану.

6

Математикалық аналогия

Табиғаты әртүрлі объектілердің даму процесінің математикалық сипатының аналогиясын орнату.

7

Озық ақпарат

Ғылыми-техникалық ақпараттың қасиеттерін қолдану қоғамдық практикадағы ғылыми-техникалық жетістіктерін іске асырудан озық болу.

8

Патентті

Өнер табуды (жаңалықты) және ашылуларды бағалау (қабылданған критерийлер жүйесі бойынша) және олардың динамикасын зерттеу.

9

Икемді құрылым қызметі бойынша болжаулар

Экстрополяциялық қызметті қолдану, оның түрі мен өлшемдері көптеген ықтимал қызметтердің бастапқы динамикалық қатарын ретроспективті талдау процесінде таңдалады.

10

Жарияланымдық

Болжау объектісі туралы жарияланымдарды бағалау және оларды жариялаудың қозғалысын зерттеу.

11

Регрессионды

Ауыспалы – аргументтер мен болжанушы ауыспалы-қызметтің жиынтығы арасында тұрақты статистикалық байланыстарды талдау және қолдану.

12

Санақтық

Болжау объектісінің сипаттамаларының және олардың санақтық өзара байланыстарының динамикалық қатарларын құру және талдау.

13

Факторлы

Факторлы санақтық талдау аппаратын немесе оның түрлерін қолдану динамикасында объект туралы ақпараттардың көпөлшемді аумақтарды өлшеу.

14

Марков шынжырлары

Болжау объектісінің бір жағдайдан басқаға өту ықтималдығын талдау және қолдану.

15

Дәйектемелік-көрсеткішті

Болжау объектісі туралы жарияланым авторларын дәйектеу динамикасын бағалау және талдау.

16

Экспоненциалды жұмсарту, жұқалау(сглаживание).

Таразылардың және оның коэфиценттерінің экспоненциалды азаюын қолдану арқылы экстраполяциялық қызметті құру.

17

Экстраполяциялар

Апроксимиляциялық қызметті таңдау болжау объектісінің даму шарттары мен шектеулерін есепке ала отырып математикалық экстраполяцияда іске асады.